Негізгі ережелер

 

2.101-68 [A12] МЕСТ-қа сәйкес кәсіпорында дайындауға жататын өндірістің кез келген құралы немесе жинағын бұйымдеп атау қабылданған. Бұйымдардың келесі түрлері белгіленген: тетіктер, құрастыру бірліктері, кешендер, жинақтар.

Әрбір бұйым үшін өзіне графикалық және мәтіндік құжаттарды енгізетін, бұйымдардың құрылғылары, құрамын анықтайтын және оны әзірлеу немесе дайындау, бақылау, қабылдап алу, пайдалану, жөндеу үшін қажетті деректерді қамтитын конструкциялық құжаттардың кешені әзірленеді. Конструкциялық құжаттаманы әзірлеудің соңғы сатысы болып тәжірибелі үлгіні дайындау немесе бұйымдардың тәжірибелі партиясын және оларды сынақтан өткізу үшін арналған жұмыс құжаттамасын әзірлеу болып табылады. Сынақтан өткізу нәтижелері бойынша құжаттаманы түзейді және сол бойынша бұйымдардың дайындалған сериясын дайындай-ды. Жұмыс конструкциялық құжаттамасын жобалық конструкциялық құжаттама негізінде әзірлейді. Жоба құжаттамасына жалпы түрдегі бұйым-дардың конструкциялық сызбасы жатады (А қосымшасы).

Жалпы түрдегі конструкциялық сызба (А қосымшасы) бойынша бұйым-дарға енетін тетіктердің сызбасын (Д қосымшасы) әзірлеу процесін әдетте тетіктеудеп атайды.

Өндірісте тетіктеу мақсаты оларды дайындау үшін тетіктердің жұмыс сызбасын алу болып табылады. Оқу процесінде тетіктеу мақсаты тапсырма-ларда берілген нақты шартты жағдайларды қолдану үшін КҚБЖ стандарт-тарының талаптарына сәйкес тетіктер сызбасын әзірлеу дағдыларын меңгеру және бекіту болып табылады.

2.102-68 [A13] МЕСТ конструкциялық құжаттама түрлерін белгілейді.

Сызба– бұл проекция жазықтығында тікбұрышты параллель проекциялау құралы болып алынған кескін. Сызбаға жалпы жағдайда кескіннің бір мағыналығы, қайтымдылығы, қарапайымдылығы және көрнекілігіне қойылатын талаптар ұсынылады. Сызба тетігі– тетік кескінін және оны дайындау мен бақылау үшін қажетті басқа деректерді қамтитын конструкторлық құжат. «Басқа деректерді» екінші дәрежелі немесе қосымша деп түсіну қажет емес, себебі олардың кез келген біреуінің болмауы немесе есепке алынбауы тетіктерді сапалы дайындау мүмкіндігін жоққа шығарады. Бұған жалпы жағдайда мыналар енеді:

1) өлшемдер және олардың шекті ауытқушылықтары;

2) беттің кедір-бұдырлығы туралы нұсқаулар;

3) термиялық өңдеу және жабындар туралы нұсқаулар;

4) тетік дайындалатын материалдар туралы нұсқаулар.

Құрастыру сызбасы(ҚС) құрастыру (дайындау) және бақылау үшін қажетті құрастыру бірліктері мен басқа деректердің кескінін қамтиды. А4 пішіміндегі бір немесе бірнеше қағаздарда орындалатын ҚБ-не сипат тізім ұсынылады. Сипаттізім– құрастыру бірліктерінің құрамын, кешенді және жинақты анықтайтын негізгі конструкциялық құжат. Ол конструкциялық құжаттарды жинақтау, дайындау үшін және өндірісте оны іске қосу үшін қажет.

Жалпы түрдегі сызба(ЖТ – қысқартылған) – бұйымдардың конструкциясын анықтайтын, оның негізгі құрамдас бөлімдерінің өзара әрекеті және бұйымдардың жұмыстарын түсіндіретін принципті конструк-торлық құжат. ЖТ ҚС-мен салыстырғанда асқан неғұрлым ақпараттанған болып табылады, өйткені барлық тетіктер мен құрастыру бірліктерінің пішіндерін және өлшемдерін анықтау үшін түрлерін, тіліктерін, қималарын және шығару элементтерінің қажетті санын қамтиды. Күрделі емес құрастыру бірліктерінің ЖТ орнына бұйымдарды дайындау үшін тағайындалған ҚС әзірленуі мүмкін.

А4 пішіміндегі бір немесе бірнеше қағаздардағы ЖТ-ге позиция нөмірлері, белгілері, атаулары, түпнұсқалықтардың сандары, кірме, стандартты бұйымдар туралы, сондай-ақ бұйымдар туралы, олардың неден дайындалатыны және басқа деректер (қажеттілік кезінде) туралы мәлімет-терді қамтитын жиынтық кесте ұсынылады.