Тетіктердің жұмыс сызбасына қойылатын талаптар

 

2.109-73* [A11] МЕСТ-пен белгіленген тетіктердің жұмыс сызбасына қойылатын негізгі талаптар мыналарға келтіріледі:

1. Әрбір тетіктің сызбасы жеке пішімде орындалады (2.301-68* МЕСТ). 2.104-68* МЕСТ-қа сәйкес негізгі жазбаны қамтуы тиіс [A1, A25]. Негізгі жазбаның 1-бағанында берілген бұйымдардың атаулары мүмкіндік бойынша қысқа және қабылданған терминологияға сәйкес болуы тиіс. Атаулар жекеше түрдегі атау септігінде жазылады, мысалы, «Доңғалақ тісті», яғни бірінші орынға зат есім орналасады.

2. 3-бағандағы негізгі жазбаларда аталған материалға деген стандартқа сәйкес тетік материалын шартты белгілеу көрсетіледі. Материалды белгілеу-де оның атауы, маркасы және стандарт номері [A7] көрсетілуі тиіс, мысалы:

«Болат 45 1050-74 МЕСТ».

Егер материалдың шартты белгілеріне оның қысқартылған атаулары кірсе, мысалы, «БЛ», «СШ», «Қо» және т.б., онда «Болат», «Сұр шойын», «Қола» және т.б. толық атаулары көрсетілмейді, мысалы:

«БЛ 3 535-79 МЕСТ».

3. 2-бағанда 2.202-68* [A2] МЕСТ бойынша құжатты белгілеу жазылады, мысалы: «МС 27. 000.000.006», мұндағы «МС» әріптері, пән тарауларын – машина жасаудағы сызу, ал цифрлар тапсырма нұсқасына (27 нұсқа) және ҚҰ немесе ЖТ тетіктер позициясының номеріне (6-поз.) сәйкес белгілейді; 4-бағанда – бұл 180º немесе 90º бұрылған белгілеу пішімнің орналасуына байланысты болады.

4. Сызбадағы кескіндеу масштабы 2.302-68* [A3] МЕСТ-қа сәйкес таңдап алынады.

5. Жұмыс сызбалары бұйымның құрамына енетін барлық бірегей, түп нұсқалықты тетіктерде әзірленеді.

6. Тетік сызбаларында тетіктердің конструкциялық элементтерінің (қиық жиектер, бунақтар, жонулар және т.б.). пішіндерін және өлшемдерін анықтайтын стандарттарға сілтеме жасауға жол берілмейді. Оларды дайын-дауға арналған барлық деректер сызбада келтірілуі тиіс (Ж қосымшасы).