Тетіктердің конструкциялық элементтерін кескіндеу

Машинаның көптеген тетіктерінің пішіндерінде жалпы элементтер: ойық-тар, қиық жиектер, жонулар, бүрлеулер, бунақтар және т.б. болуы тиіс, бейне-леу белгілі бір стандарттар [A15-20] және ережелер бойынша орындалады (10-сурет).

Қиық жиек
Қиық жиектер
Жонулар
Кілтемелі ойықтар
Галтель
Бунақ
Қасқал

10-сурет – Тетіктердің конструкциялық элементтерінің атауы

 

Жазықтықтардың мұқалған жиектері, біліктердің соңы, бұрандалық өзекшелер, тесіктер қиық жиектердеп аталады. Қиық жиектердің өлшемдері жалпы ереже бойынша – сызықтық және бұрыштық өлшемдермен немесе екі сызықтық өлшеммен, егер көлбеу бұрышы 45 градустан ерекшеленсе көрсетеді (11-сурет). Қиық жиектердің өлшемі 2.307-68 МЕСТ бойынша с қиық жиегінен биіктікті көрсете отырып, бір өлшемдік сызықпен және көлбеу тәріздес бұрышпен немесе 45 градустағы жазықтық кесіндісінен белгіленеді (12-сурет).


11-сурет – Стандартты 12-сурет – Стандартты

емес қиық жиектер қиық жиектерді

өлшемдерін кескіндеу және белгілеу кескіндеу және белгілеу



Жонулардыбұранданы кесу кезінде кесетін құралдарды «шығару» үшін қолданылады (13-сурет). Егер тетіктің беті ажарланса, онда ажарлау кезіндегі (Д қосымшасын қараңыз, 12-кесте) ажарлағыш шарықтасқа шығу үшін арнайы бунақтарды, сондай-ақ оларға тоқтатқыш немесе тығыздағыш балдақ-тарды орнату үшін қарастыру қажет (15-сурет). Тығыздамалы тығындауларға арналған бунақтар өлшемдері Ж қосым-шасында берілген (13-кесте).


13-сурет – Сыртқы 14-сурет – Кескіш құралды

жонудың кескіні шығару үшін ішкі жонуды кескіндеу

 

 

15-сурет – Тығыздағыш балдақтар астындағы бунақтарды кескіндеу

Ажарлағыш шарықтасқа шығу үшін бунақты ҚҰ жиі көрсетпейді. Жалпы түрдегі сызбаларда және құрастыруда сыртқы жону әрдайым ықшамдалған түрде бейнеленеді, сондықтан тетіктің жұмыс сызбаларында тиісті стандарттар бойынша нақты пішіндері және өлшемдерін көрсететін шығару элементтері толтырады [A21]. Жону өлшемдерін (14-сурет) бұранданың қадамына байланысты таңдайды (Д қосымшасы, 2 және 8-кесте). Кілтекті ойықтар екі түйіскен тетікте: білікте және төлкеде орындалады. Осы ойықтарға орнатылған кілтек біліктен төлкеге дейінгі және керісінше бұрау моментін береді. Осьтік бағыттағы білікте кілтектің еніне сәйкес келетін тікбұрышты бунақ түріндегі ойық ойылып алынады. Ойықтың ұзындығы және тереңдігі кілтектің өлшемінен байланысты болады және стандарттармен анықталған [A20]. Ойық өлшемдері білікте призматикалық кілтектер үшін 23360-78 МЕСТ-қа (Д қосымшасы, 6-кесте), сегментті үшін –24071-80 МЕСТ-қа сәйкес белгіленеді. Анықтайтын өлшем болып, білік немесе d төлке диаметрі болады, сол бойынша кілтекті ойықтың b ені, t1 тереңдігін және r1 айналу радиусын таңдайды (Д қосымшасын қараңыз, 12-кесте). Бейнелеу үлгілері және кілтекті ойықтардың өлшемдерін салу 16-суретте берілген.

16-сурет – Кілтекті ойықтарды кескіндеу және өлшемдерін белгілеу:

а, б, д – біліктердегі призмалық кілтектің астында;

в – тесіктегі призмалық кілтектің астында;

г – біліктегі сегментті кілтектің астында

Бұранданы кесумен байланысты технологиялық элементтерге шығып кету, толық кесілмеу, жону және қиық жиек жатады (17-сурет), ал шығып кетуді немесе толық кесілмеуді жою үшін жонуды орындайды (17-сурет).

 

17-сурет – Сыртқы және ішкі бұрандалардың

технологиялық элементтері