Жалпы ережелер

 

«Жалпы түрдегі сызбаларды оқу және тетіктеу» курстық жұмысының орындалуы студенттің дербес жұмысы болып табылады. Тетіктеу процесі бұйымдар тетіктерінің конструкциялық пішіндерін талдай білуді және олардың өзара әрекеттестігін анықтай білуге, жалпы түрдегі сызбаны оқи білуге және сол бойынша тетік сызбасын орындай білуге бағытталған. Сондықтан курстық жұмыс «Сызба геометрия және инженерлік графика» пәнін оқудың аяқтаушы кезеңі болып табылады. Курстық жұмыстың мақсаты алдында алынған білімді тереңдету мен бекіту, студенттерді анықтамалық әдебиеттерді, КҚБЖ стандарттарын пайдалана білуге, сондай-ақ конструкциялық құжаттаманы құрастыра білу дағдысын иеленуге үйрету керек.