Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.

Заң алдындағы жауаптылық - құқық бұзушылыққа барған жағдайда оны жасаған адамның мемлекеттік мәжбүрлеу шараларына тартуының қажеттілігі.

Заң алдындағы жауаптылық белгілері:

а) құқықтық ұйғарымдар түрінде мемлекет белгілейді;

ә) құқық нормасының санкциясын жүзеге асыру түрінде көрінеді;

б) мемлекеттің мәжбүрлеуіне негізделеді;

в) құқық бұзушылықтың жасалуын нәтижесінде ғана туындайды;

г) құқық бұзушылық жасаған адамға қолайсыз салдар – жаза түрінде қолданылады;

д) міндет жүктеумен байланысты болады;

е) іс жүргізу нысанында (түрінде) жүзеге асырылады;

ж) мемлекеттің құзырлы органдары арқылы ғана қолданылады.

5. Заң алдындағы жауаптылық қай салаға жататындығына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді.

- әкімшілік – әкімшілік сипаттағы теріс қылық жасалған жағдайда туындайды және шара қолдану (жаза қолдану) немесе айыппұл салу түрінде болады;

- азаматтық — заң алдындағы жауаптылық міндеттеме шарттарының бұзылу нәтижесінде туындайды;

- қылмыстық – заң алдындағы жауаптылық қылмыс жасалуының нәтижесінде ғана қолданылады;

- материалдық (дүниемен байланысты) – қандай бір мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер ұйымдарға зиян немесе залал келтірілген жағдайда заң алдындағы жауаптылық туындайды;

- тәртіптік — заң алдындағы жауаптылық әскери, еңбек, оқу орнындағы тәртіптер бұзылған жағдайда туындайды, бұлар шара қолдану, сөгіс жариялау, ескерту жасау түрлерінде болады.

Заң алдындағы жауаптылықты, оны анықтап жүктейтін органдарға байланысты мынадай түрлерге бөлуге болады:

- сот арқылы анықталып жүктелетіндері;

- мемлекеттік басқару органдары арқылы анықталып жүктелетіндері;

- басқа құрылымдар арқылы жүктелетіндері.

Заңды жауапкершіліктің мақсаты осы құқықтық амал, тәсіл арқылы кайсындай нәтижелерге қол жеткізуге болатынын көрсетеді, анықтайды. Және де осы нәтижелердің қандай болатынын анықтайды. Сөйтіп олардың мәнін терең ұғынуға мүмкіндік береді. Заңдық жауапкершіліктің негізгі мақсаты субъектілердің құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау әрі қорғау болып табылады. Атап айтқанда осы заңдық жауапкершілік аспабы құқық субъектілерінің мүдделерін қанағаттандыру және әлеуметтік байланыстардың әділетті түрде реттелінуіне бола белгіленеді.

Заңды жауаптылықтың қызметтерін оның алдына қойылған мақсаттар анықтайды, әрі содан

, шеккен залалды өткізуге, жоғалған мүліктің орнын толтыртқызуға туындайды.

Жазалау қызметі (функциясы) - орын алып отырған құқық бұзушылыққа мемлекеттік жаза қолдану түріндегі жауабы. Бұл жаза түріндегі жауап кінәлі адамға, оның жеке басына мүліктік немесе ұйымдық тауқымет тартқызу немесе мұқтаждыққа ұшырату, сөйтіп қолайсыз зардаптар шектіру арқылы сазайын беру түрінде білдіріледі.

Құқықты қалпыңа келтіру қызметі (функциясы) - құқыққа өкілетті субъектінің мүддесін қамтамасыз етудің барысында кінәліден келтірілген зиянды өндіріп алуға, шыққан шығындымүмкіндік береді.

Тәрбиелік қызметі (функциясын) – заңға теріс жүріс-тұрыстардың, құқық бұзушылықтардың алдын алудың, ондайларды болдырмаудың қажеттілігі дәлелдерін субъектілердің саналарында қалыптастыру, күнделікті болмыстағы қызметтерінде әдетке айналуын қамтамасыз етуге күш салу болып табылады.

Осы қызметтер заңдық жауапкершілік белгілеген мақсаттарға жетуге қолғабыс етіп көмектеседі.