Парламент депутаттарының мәртебесі.

1. Парламент депутатының өкiлеттiгi оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретiнде тiркеген сәттен басталады. Парламенттiң бiрiншi сессиясында оның Палаталарының бiрлескен отырысында депутаттар Қазақстан халқына мынадай ант бередi: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсiздiгiн нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, өзiме жүктелген депутаттың мәртебелi мiндетiн абыроймен атқаруға ант етемiн». Антты Президент қабылдайды және ант беру Республика Үкiметi, Конституциялық Кеңесi мүшелерiнiң, Жоғарғы Соты судьяларының, экс-Президенттерiнiң қатысуымен салтанатты жағдайда өткiзiледi.2. Парламент депутатының басқа өкiлдi органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге де жұмысты атқаруға, кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге құқығы жоқ. Осы ереженiң бұзылуы Республика Орталық сайлау комиссиясының ұсынуымен депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соғады.3. Парламент депутатының өкiлеттiгi орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшiне енген шешiмi бойынша депутат iс-әрекетке қабiлетсiз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен осы Конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.4. Парламент Мәжiлiсiнiң Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған депутаттарының өкiлеттiгi оның шешiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.5. Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкiлеттiгi Республика Президентiнiң шешiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.Тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық мәслихаттары атынан өкiлдiк ететiн депутаттар болып табылатын таңдаушылардың бiрлескен отырысында сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкiлеттiгi осы таңдаушылардың шешiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.

6. Парламент депутаты:

1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;

2) оған қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген;

3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.

7. Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты:

1) депутат конституциялық заңға сәйкес өзiн сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;

2) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметiн тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.

8. Парламент депутатының өкiлеттiгi осы баптың 3 және 6-тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылған кезде Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутатының өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соғатын негiздердiң басталу фактiсiн көрсетiп қаулы қабылдайды және Парламенттiң тиiстi Палатасына Парламент депутатының өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы ұсыну енгiзу туралы шешiм қабылдайды.Орталық сайлау комиссиясының ұсынуы негiзiнде Парламент Палатасы тиiстi Парламент депутатының өкiлеттiгiн тоқтатады.9. Парламент депутатының өкiлеттiгi осы баптың 4, 5 және 7-тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылған кезде Орталық сайлау комиссиясы тиiстi адамның Парламент депутатының өкiлеттiгiн жоғалтқаны жөнiндегi фактiнi көрсетiп қаулы қабылдайды.10. Парламент және Парламент Мәжiлiсi депутаттарының өкiлеттiгi тиiсiнше Парламент немесе Парламент Мәжiлiсi таратылған жағдайларда тоқтатылады.