Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары

Меншік, шаруашылқ жүргізу немесе жедел басқарк құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болады. Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген ұйымның заңды тұлға ретінде таныла бермейтінін көрнміз. Ұйым заңды тұлғамәртебесін алу үшін мынадай белгілердің жиынтығы болуы қажет: ұйымдық бірлік; мүліктік оқшауланушылық; дербес мүліктік жауапкершілік; азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету. Ұйымдық бірлік.Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерінен емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға ретінде сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрылым заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек. Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі оның құрылтай құжатында көрсетіледі. АК бойынша заңды тұлғалар өз қызметін жарғының және құрылтай құжатының немесе жарғысының негізінде жүзеге асырады. Жарғыны кәсіпорын құрылтайшысы бекітеді, ал құрылтай шартын құрылтайшылар жасайды. Жарғыда заңды тұлғаның атауы, тұрғылықты жері, нысанасы, қызмет мақсаты және басқа да қажетті мағлұматтар болуы тиіс. Жарғының болуы заңды тұлғаның мемлекеттік кәсіпорынның қызмет етуінің міндетті шарты. Мүліктік оқшауланушылық заңды тұлғаның іргелі белгісі, бұдан оның дербес мүліктік жауапкершілігі туады. Заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы оған мүліктің бекітіліп берілуінен, бұл мүлікке билік жүргізе алуынан көрінеді. Заңды тұлғаның оқшаулану дәрежесі түрліше және сол мүлікке меншіктің түріне байланысты. Егер бұл мемлекеттік кәсіпорын болса, онда мүлік оған шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі және ол осы арқылы басқа кәсіпорындардың мүлкінен оқшауланады. Өзін өзі өтек және дербес бухгалтерлік баланстың болуы заңды тұлғалардың мүліктік оқшаулануының көрінісі. Дербес мүліктік жауапкершілік заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығына сүйенеді. Әрбір заңды тұлға өз міндеттемесі бойынша дербес азаматтық құықтық жауапкершілік атқарады, тұлғаның борыштары бойынша оның құрылтайшысы да, мемлекет те жауап бермейді. Сонымен бірге, кейбір жағдайларда несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ету үшін бұл жалпы ережеден кейбір ерекшеліетер көзделген. Заңды тұлғаның банкроттыққа ұшырауы оның құрылтайшысының немесе мүліктің меншік иесінің іс әрекеттерінен туындайтын кезде және заңды тұлғалардың кейбір түрлері құрылтайшыларыгың олардың борыштары бойынша ортақ жауаптылығы туатын жағдайларда заңды тұлғаның жауап беруінің жеке ережелері белгіленген. Бұған қоса, заңды тұлғалар құрылтайшыларының олардың борыштары бойынша қосымша жауаптылығы құрылтай құжаттарында көрсетілуі мүмкін. Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету, атап айтқанда, заңды тұлғаның өз атынан мүліктік және мүліутік емес өзіндік құқықтарды иелену, міндеттер атқару, сотта жауапкер де талапкер де болу мүмкіндігінен де көрінеді. Заңды тұлғаның атауы белгілі бір ұйымды құықтық қатынастардың субъектісі болып табуы үшін оны дараландыру және нақтыландыру құралы болып табылады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның міндетті түрде атауы болуы тиіс . Мұнда заңды тұлғаның бөтен фирманың атауын пайдаланғаны үшін кінәлі субъектілері материалдық жауаптылыққа тартуға дейінгі фирмалық атауды пайдалану ерекше құқығы бар. Басқа тұлғалар белгілі бір ақы үшін заңды тұлғаның фирмалық атауын пайдаланыла алады.