Алименттік қатынастар.

Алимент төлеу (алименттің мөлшері, оны төлеуді шарттарымен тәртібі) туралы келісім алиментті төлеуге міндетті адам мен оны алушы адам арасында, ал алиментті төлеуге міндетті адам және (немесе) алимент алушы әрекетке қабілетсіз болған жағдайда осы адамдардың заңды өкілдері арасында жасалады.

1. Алимент төлеу туралы келісім жазбаша түрде жасалады және оны нотариат куәландыруға тиіс.
Алимент төлеу туралы келісімнің заңда белгіленген нысанының сақталмауы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 157-бабында көзделген салдарларға әкеп соғады.
2. Алимент төлеу туралы нотариат куәландырған келісім атқару парағының күшіне ие болады.

1. Алимент төлеу тәртібі туралы келісімді жасасуға, атқаруға, бұзуға және жарамсыз деп тануға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасасуды, атқаруды, бұзуды және жарамсыз деп тануды реттейтін нормалары қолданылады.
2. Алимент төлеу туралы келісім екі жақтың өзара келісімі бойынша кез келген уақытта өзгерт

ілуі немесе бұзылуы мүмкін. Алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу алимент төлеу туралы келісімнің өзі сияқты нысанда жасалуға тиіс.
3. Алимент төлеу туралы келісімді орындаудан біржақты бас тартуға немесе оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.
4. Тараптардың материалдық немесе отбасы жағдайлары елеулі өзгеріске ұшыраған жағдайда және алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу жөніндегі келісімге қол жетпеген кезде мүдделі тарап осы келісімді өзгерту туралы немесе бұзу туралы сотқа талап беруге құқылы. Алимент төлеу туралы келісімді өзгерту немесе бұзу туралы мәселені шешкен кезде сот тараптардың назар аударарлық кез келген мүддесін ескеруге құқылы.

 

1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшерін тараптар сол келісімде белгілейді.
2. Кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеу жөніндегі келісім бойынша белгіленетін алименттің мөлшері олардың сот тәртібімен алимент өндіріп алған жағдайда алатын алименттің мөлшерінен төмен болмауы керек

1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеудің әдістері мен тәртібі сол келісіммен белгіленеді.
2. Алименттің алимент төлеуге міндетті адам табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлес есебімен; дүркін-дүркін төленіп тұратын тұрақты ақша сомасымен; бір жолғы төленетін тұрақты ақша сомасымен; мүлік беру жолымен, сондай-ақ келісімде қол жеткеніне қарай өзге де әдістермен төленуі мүмкін.
Алимент төлеу туралы келісімде алимент төлеудің түрлі әдістерін ұштастыру көзделуі мүмкін.

50.Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі.

Заңдылықпен құқық тәртібін қорғаштау, адамның құқығы мен бостандығын қорғау, қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықтармен күресу негізгі (арнайы) міндеті болып табылатын мемлекеттік органдар. Құқық қорғау органдарына: сот, гөрелік сот, конституциялық сот, прокуратура, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, әділет, төрелік, кедендік бақылау, қаржы полициясыоргандары және т.б. жатады.[1]

Құқық қорғау органдары – заңдылықты және құқық тәртібін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қылмысқа қарсы күрес міндеттерін атқаратын мемлекеттік органдар. Құқық қорғау органдарына сот, төрелік сот, Конституциялық сот (Қазақстанда Конституц. кеңес), прокуратура, ішкі істер органдары, мемлекеттік қауіпсіздік (Қазақстанда өлттық қауіпсіздік), кедендік бақылау, әділет органдары жатады. Кең мағынада алғанда, Құқық қорғау органдары ұғымы бірқатар беймемл. институттарды да: адвокатураны, аралық сотты, т.б. қамтиды. Күшейтілген қылмыстық-құқықтық қорғау жүйесіне қауіпсіздік шаралары мен әлеум. шаралар да кіреді.

Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарына: сот, прокуратура, Ішкі істері органдары, Ұлттық қауіпсіздік, Әділет органдары, Кедендік бақылау органдары, жемқорлық және басқа кәсіби қылмыстармен күрес органдары жатады.

Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет етеді. Заңдылық — бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі. Заңдылықтың мәні — құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде. Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң негізінде және оның шеңберінде мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға белсенді қатысуларын көздейді.

Заңдылық табиғатын түсіну үшін оның негізгі қағидаттарын анықтап алу қажет. Заңдылық қағидаттары — бұл заңдылықтың мазмұнын бейнелейтін негізгі идеялар, бастаулар. Оларға жататындар:

— Жалпыға бірдейлік қағидаты. Заңдылықтың жалпыға бірдейлігі жағдайына, шеніне және дәрежесіне қарамай, жалпы жұртқа және әрбір адамға бірдей міндеттілігі. Заң алдында жұрттың бәрі бірдей жәнө бәрі де оған бағынуы тиіс, керісінше болған жағдайда жауапкершіліктен ешкім кашып құтыла алмайды.

— Бірлік қағидаты. Заңдылық бірлігінің мәні. Бұл талап елдің бүкіл аумағына таралады.

— Заңның үстемдік қағидаты. Ол дегеніміз — мемлекеттің өмір сүруі лауазым иелерінің өздерінің міндеттері мен құқықтарын қатаң іске асыруы арқылы тек заң негізінде ғана жүзеге асырылуы тиістігін білдіреді. Мемлекет құқық Корғау органдарының қызметкерлеріне өз ұйғарымы бойынша еркін әрекет етуге, өз дегенімен шешім шығаруға, қандай да бір себептермен заңды орындап не орындамауына жол бермейді.

— заңдылықты іске асырудың тұрақтылық қағидаты. Заңдылықты іске асырудың тұрақтылығы кез келген заң бұзушылықтың кімнің тарапынан болғандығына қарамастан оның жолы кесілетіндігін, заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктен құтылмайтындығын білдіреді.