Сот төрелігі және оның қағидалары.

Сот — әділеттілікті жүзеге асырушы орган. Сот әділдігі — қылмыстық және азаматтық істерді қатаң түрде заңға сәйкес қарау жене шешу жөніндегі құқық қорғау қызметінің бір түрі.

Сот әділдігі мынадай белгілермен сипатталады:

— Сот әділдігін тек қана сот жүзеге асырады.

— Сот әділдігі қатаң түрде заңға сәйкес қылмыстық және азаматтық істерді қарайды және шешеді. Сот әділдігінің барлық маңызды мәселелерін тек қана заң анықтайды.

Сот шешімі жалпыға міндеттілік күшіне ие. Бұл Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық ұйымдар,лауазымды тұлғалар мен заңды және жеке тұлғалардың міндетті сот шешімінің заңды күшіне енгенін көрсетеді. Сот шешімін орындамау мемлеттік мәжбүрлеу, тіптен бостандығынан айыру шарасын қолдануға алып келеді. Қазақстан Республикасында сот әділдігі соттар арқылы ғана жүзеге асырылады. Ешқандай басқа мемлекеттік немесе мемлекеттік емес органдар сот әділдігін жүзеге асыра алмайды. Соттың шығарған шешімдерін бұзуға немесе өзгертуге тек қана соттардың ғана құқығы бар.

Сот билігін жүргізуші — судья. Судья сот әділдігін жүзеге асыруды айыпталушының кінәсіздігін дәлелдеу қағидасына сүйене отырып атқаруы тиіс. Кінәсіздігін дәлелдеу азаматты жазықсыз соттап жіберуден қорғайды. Әр азамат заң жүзінде кінәлілігі дәлелденгенше кінәлі емес деп есептеледі. Тек сот үкім шығарғаннан кейін ғана оны қылмыскер деп айта аламыз.

Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.

Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді, және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.

Заңды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс:

1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;

2) бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;

3) өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;

4) сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;

5) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;

6) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;

7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;

8) адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;

9) заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;

10) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.

Конституциямен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады

54.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі. Әділет органдарының жүйесі.

1920 ж. ҚАКСР Әділет халық комиссариаты ретінде құрылды. 1946 ж. 28 наурызда Қазақ КСР Әділет министрлігі болып қайта аталды. 1960 ж. 26 наурызда таратылды. 1970 ж. 25 қыркүйекте қайта құрылды. [1]

ҚР Үкіметінің 2001 ж. 30 қаңтардағы қаулысымен [2]министрліктің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті құрылды. Министрлік туралы ережеге қосымша енгізілді: Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті министрлік ведомстволарының қатарына енгізілді.

Министрліктің негізгі міндеттеріне қосымша мыналар жатқызылды: есірткі құралдары, психотротық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы, сондай-ақ нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссиялардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласындағыхалықаралық ынтымақтастықты үйлестіру және жүзеге асыру.

ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы Жарлығына [3]сәйкес ҚР Үкіметінің 2001 ж. 29 наурыздағы қаулысымен4 [4]министрліктің Интеллектуалды меншік қүқықтары жөніндегі комитеті құрылды, оған таратылған Авторлық құқықтар жөніндегі комитетінің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге өзгерту енгізілді: Авторлық құқықтар жөніндегі комитетінің орнына министрлік ведомстволарының қатарына Интеллектуалды меншік құқықтары жөніндегі комитеті енгізілді.

ҚР Президентінің 2001 ж. 22 қаңтардағы Жарлығына [5]сәйкес ҚР Үкіметінің 2001 ж. 14 сәуірдегі қаулысымен [6]министрліктің Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеті таратылды, атқарушы құжаттарды орындау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ штат сандары мен мүлкі ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттық әкімшіліктеу жөніндегі комитетіне және оның Астана,Алматы қалаларындағы әкімшіліктеріне берілді.

Осыған сәйкес министрлік туралыы ережеге өзгерту енгізілді: Министрлік ведомстволарының қатарынан Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеті шығарылды. Министрліктің негізгі міндеттерінен сот приставтары мен орындаушыларының қызметін ұйымдастырушылық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ сот қаулыларының атқарылуын қамтамасыз ету міндеттері шығарылды.

ҚР Үкіметінің 2001 ж. 2 қарашадағы қаулысымен[7]министрліктің лицензиялауға қатысты міндеті басқа редакцияда мазмұндалды: нотариалдық және адвокаттық қызметті, соттық-сараптау қызметін және оның құзіретіне жатқызылған қызметтің барлық түрлерін лицензиялау.

ҚР Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы қаулысымен [8]министрліктің негізгі міндеттеріне қосымша енгізілді: қаржы лизингі шарттарын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ өз құзіретінің шегінде бағалау қызметі саласындағы бақылау және қадағалау функцияларыын жүзеге асыру.

КР Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы қаулысымен [9]министрліктің Қылмыстық-атқару жүйелері комитеті құрылды, оған таратылған ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйелері комитетінің мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді.

Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге өзгерту енгізілді: Министрлік ведомстволарының қатарына қосымша қылмыстық - атқару жүйелері комитеті енгізілді. Министрліктің негізгі міндеттеріне де қылмыстық жазаларды орындау жатқызылды.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 23 сәуірдегі қаулысымен [10]министрлік туралы ережеге министрліктің облыстарда, Астана және Алматықалаларында аумақтық органдары бар екендігін көрсеткен толықтыру енгізілді.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 тамыздағы қаулысымен [11]министрлік туралы ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізілді: министрліктің негізгі міндеттерінен заңнаманы кодтау шығарылды; нормативтік құқықтық кесімдерді құқықтық сараптау нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын заңды сараптаумен ауыстырылды; министрліктің негізгі міндеттері заңға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері жөніндегі өндірісті жүзеге асыру, сондай-ақ соттық-сараптау қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру міндеттерімен толықтырылды.

ҚР Президентінің 2003 ж. 23 желтоқсандағы Жарлығымен [12]министрлік қайта ұйымдастырылды, есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымыы және олардың заңсыз айнатуымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Ішкі істер министрлігіне берілді.

ҚР Үкіметінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы қаулысымен [13]министрліктің мемлекеттік мекемелері-аумақтық органдары (әділет басқармалары) министрліктің Астана және Алматы қалаларындағы әділет департаменттері болып қайта аталды.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы қаулысымен[14]министрліктің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті таратылды. Осыған сәйкес, министрліктің негізгі міндеттерінен есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысты міндеттері алынып тасталынды.

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен[15]министрлік туралы жаңа ереже бекітілді және министрліктің Халыққа қүқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті құрылды. Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде оның құзіретіне жатқызылған қызмет саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылады.

Министрліктің негізгі міндеті мемлекеттік қызметін құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдау, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары және ведомстволары бар: Тіркеу қызметі комитеті, Зияткерлік меншік құқығы комитеті, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті.

Министрлік, оның органдары және ведомстволық ұйымдары әділет органдарының біртұтас жүйесін құрады.

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 8 ақпандағы қаулысымен[16]министрліктің аудандарда, қалаларда және қала аудандарында мемлекеттік мекемелері-аумақтық органдары құрылды. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге министрліктің осы аумақтық органдары бар екеңдігін көрсеткен өзгерту енгізілді.

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 30 желтоқсандағы қаулысымен[17] ҚР Әділет министрлігінің Діни істер комитеті құрылды, ереже және оның құрылымы бекітілді. Дін істері жөніндегі комитеті министрлік ведомстволарының қатарына енгізілді.

 

 

 


55.ҚР ішкі істер органдары.

Құқық қорғау органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

Ішкі істер органдарының міндеттері:

қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

қылмыстарды және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жою;

кәмелеттік жасқа толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылықтардың жолын ашу;

өрт қауіпсіздігі жағдайын қадағалауды қамтамасыз ету, өрт сөндіру;

жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және оны қамтамасіз етуді бақылау;

мемлекеттік және өзге де нысандарды, жеке тұлғаларды қорғау, тұтқындалғандар мен сотталғандарды айдауылдау;

Ішкі істер органдарының қарамағына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Ішкі істер органдарының қызметі — заңдылық, дара басшылық, Ішкі істер органдарының тұтастығы, жариялылық, құқық қорғау, мемлекеттік органдар мен және азаматтармен өзара әрекеттестік қағидаттары негізінде құрылады. [1