Мемлекеттің мәні және әлеуметтік функциясы.

Мемлекеттің мәні – мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстың басты өзегі, яғни басты жемісі.

Мемлекеттің мәні оның мазмұнын, мақсатын, қызметінің бағыттарын анықтайды. Басқаша айтқанда мемлекеттегі билік пен оның құрамында болатындардың бәрі.

Кез келген мемлекетте қарама-қарсы қайшы болып келетін екі мән – таптық және жалпы әлеуметтік мән болады.

Мемлекеттің таптық мәні- Мемлекет бұқара (көпшіліктің) билігі ретінде өзін өзі басқарудың бұрыңғы органдары қауымдық құрылыста басқару қызметтерін атқаруды тоқтатқаннан бастап пайда болады. Қоғам әлеуметтік жіктелуге аяқ басады, бұрынырақта қоғамның (қауымның) барлық мүшелеріне тиісті болған билік саяси сипатқа ие болады, сөйтіп ол ең алдымен қуатты әлеуметтік топтардың таптардың мүддесіне бейімділік танысу түрінде жүзеге асырылады. Сонымен мемлекеттің таптық мәні қашанда болсын билікте қоғамның қуатты тобының мүддесін жақтау және оны жүзеге асыру арқылы білдіріледі.

Мемлекеттің кайсысы болса да қанаудың, қандай бір әлеуметтік топтың, таптың үстемдік құруының машинасы, құралы ғана емес, сонымен бірге ол бүкіл қоғамның мүддесін де білдіреді, оны біріктіру кұралы, оны интеграциялайтын тетік болып табылады.

Мемлекетте әрқашанда бір жақты таптық немесе топтық үстемдік құрушы билеуші басшы тобы мүдделерімен бүкіл қоғамның мүдделері үштастырылады, үйлестіріледі.

Әртүрлі тарихи жағдайларда осы екі мәністік (мәндік) жақтардың арақатыстылығы әртүрлі мемлекеттерде бірдей емес, яғни әрқилы болып келеді, бір жағының күшеюі басқа жағының нашарлауына апарып соғады.

Мемлекеттің таптық мәні жоғары дәрежеде құл иеленуші мемлекетте байқалады, онда құл (күң) құқықтың субъектісі емес, құқықтың объектісі (заты) – мүлік яғни жанды мүлік есебінде құл иеленушінің меншігі болып табылады.

Қандай да болсын қоғам түрлі таптар мен әлеуметтік топтардан тұрады. Кейбір елдерде, мысалы Қазақстанда, көптеген ұлттар тұрады. Олардың арақатысын реттеу – негізінен, мемлекеттің міндеті. Оларға қамқорлық жасауды, олардың арасындағы қатынастарды, пайда болатын қайшылықтарды реттеу, шешу, жөнге салу, тек қана мемлекеттің


қолынан келетін іс. Ол ұшін мемлекетте күш те, қаражат та, басқа да мүмкіндіктер бар. Осыған сәйкес мемлекет әлеуметтік функция атқарады. Егер де мемлекеттің осы қызметі кең өріс алып, үздіксіз жүргізілетін болса, оны әлеуметтік мемлекет дейді.