Жер құқық қатынастарының түсінігі.

Жер құқық қатынастары(ЖҚҚ). Жер құқығы дегеніміз-жер қатынастарын реттейтін, мемлекет орнатқан, құқықтығ бір саласы болып табылатын құқықтық нормалардың жиынтығы. ЖҚҚ дегеніміз-жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарын жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға жекеленген субъектілеріне жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді қорғау мен пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады. ЖҚҚ объектісі-Қ.Р-дағы бүкіл жер болып табылады және субъектілерге бекітіліп берілген жер учаскелері, жер үлестері болып табылады.ЖҚҚ субъектілері-жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылады және сол қатысушыларға байланысты белгілі бір құқықтар мен міндеттер белгіленген тұлғалар болып табылады. Олар: жеке, заңды тұлғалар мен мемлекет. ҚР-ның жер заңдары мына принципке негізделеді: -ҚР аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;

- жерді, ҚР халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;

- Жерді қорғау және ұтымды пайдалану;

-Жерді нысанды пайдалану;

- ауыл шаруашылығына арналған жердің басымдылығы;

- жерді ақы төлеп пайдалану.

Жер иелену құқығы – жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.Жер пайдалану құқығы – тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізге шектеусіз мерзімге немесе белгілі бір мерзім ішінде иелену және пайдалану құқығы.Жерге билік ету құқығы – мемлекеттің ҚР аумағындағы жердің заңдық тағдырын айқындаудағы заңмен қамтамасыз етілген құқығы, сондай-ақ жердің жеке меншік иесінің өз жер учаскесіне қатысты ҚР-ның заң актілерінде тыйым салынбаған мәмілелер жасауға құқығы.

Жерге меншік құқығының түсінігі ҚР Жер кодексінің 3-бабында берілген. ҚР-да жер мемлекеттік меншікте болады. Жер учаскілері Жер кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.Жер, оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікте болады.Жер учаскілеріне меншік құқығы мына жолдар арқылы туындайды:меншік құқығын табыстау;меншік құқығын беру;меншік құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) тәртібі б/а ауыстыру.Жер учаскесіне меншік құқығы келесі негіздерде туындайды:

мемлекеттік органдар актілер негізінде;

азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде;

ҚР-ның заңдарында көзделген өзге де негіздерде (ҚР ЖК 22-бабы).

ҚР Жер кодексінің 27-бабына сәйкес, мемлекеттік меншік құқығын жүзеге асыру мынаны білдіреді: мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскелері:

жеке меншікке сатылу немесе ақысыз білдіру;

тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берілуі;

Жер кодексінде, ҚР-ның өзге де заң актілерінде н/е халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де құқықтық нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін