Тақырып. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері

Мақсаты:Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздерінің мәнін ашу.

Міндеттері:

1.Қазіргі заманғы статистикалық жүйенің жағдайы.

2.ӘЭС түсінігі және міндеттері.

3. Статистикалық көрсеткіштер. ӘЭС көрсеткіштер жүйесі.

4. ӘЭС маңызды жіктеулер мен топтастырулар.

 

Әлеуметтік экономикалық статистика сапасы анықталған жалпы әлеуметтік экономикалық құбылыстарды санлық жағынан зерттейді, олардың үйлесімін, экономикадағы және әлеуметтік салалардағы даму зөаңдылықтарын көрсетеді. Зерттеу объектісі барлық деңгейлерде орын алған жаппай әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процестер:

- микродеңгей – шаруашылық субъектісі, үй шаруашылығы;

- мезодеңгей – экономика саласы, секторы, өңірі;

- макродеңгей – жалпы елдің экономикасы.

Әлеуметтік экономикалық статистика ұлттық экономиканың жай күйі мен оның дамуын көрететін статистикалық көрсеткіштер жүйесінің қалыптасуын зерттейді. Әлеуметтік статистикалық көрсеткіштерге сыналар жатады:

- еңбек және халық туралы көрсеткіштер;

- ұлттық байлық көрсеткіштері;

- шығын және аралық тұтыну көрсеткіштері;

- өндіріс нәтижелерінің көрсеткіштері;

- баға, тауар және ақшалай айналыс көрсеткіштері;

- экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділігінің көрсеткіштері;

- ҰШЖ баланстық құрылымдарының көрсеткіштері;

- әлеуметтік статистика көрсеткіштері.

Көрсеткіштер жүйесі:

- зерттелетін әлеуметтік экономикалық құбылыстың деңгейін, құрылымы мен динамикасын;

- еңбек, материалдық, қаржы ресурстарының факторлары мен олардың тиімді пайдаланылуын;

өндіріс пен тұтыну арасындағы, тұтыну мен жинақтаудың әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар арасындағы, экономикалық секторлардың арасындағы пропорциялар;

- жалпы ұдайы өндіріс процесі мен оның жекелеген сатыларының заңдылықтары мен байланыстары;

экономиканың барлық салаларындағы байланыстарды жеке қарастырып, статистикалық баға беру.