Тақырып. Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы

Мақсаты:Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасының мәні мен мазмұнын анықтау.

Міндеттері:

1.Халық табысының статистикасы.

2.Халықтың тауарлар мен қызметті тұтыну статистикасы.

3.Халықтың өмір сүру деңгейінің жинақтаушы көрсеткіштері.

Табыстар халықтың тұтыну тауарлары мен қызметтерді тұтынуда жеке қажеттіліктерді қанағаттандырудың негізгі көзі болып табылады. «Халық табыстары» көрсеткіштері «Нарықты экономика жағдайындағы халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі көрсеткіштері» жүйесіне жатады. Табысқа келесі көрсеткіштер жатады: халықтың номиналды және нақты жалпы табыстар, қолда бар табыс, халықтың жинақ табыстары, халықтың жеке табыстары, халықтың қолда бар жеке табыстары, жұмыскерлердің орташа табысы және орташа еңбек ақысы, нақты еңбекақының орташа мөлшері, зейнетақы, жәрдемақы, стипендиялардың орташа көлемі. Жалпылама көрсеткіш ретінде жиынтық өнім алынады – ол барлық түсім көздері бойынша ақшалай және натуралды табыстар сомасы.

«Халықтың материалды игіліктер мен қызметтерді тұтыну» жүйесі келесі көрсеткіштерден тұрады: халықтың ақшалай шығындарды, халықтың тұтыну шығындары, халықтың негізгі азық-түлік тауарларын тұтыну, орташа еңбек ақының сатып алу қаблеттілігі.

Аймақтар мен түрлі тұтыну нарығының сегменттері бойынша жеке тауарлар бағасының сандық өзгеруін сипаттау үшін халықтың ақшалай табыстарының сатып алу қаблеттілігі деген көрсеткіш есептелінеді. Ол жан басына шыққандағы орташа ақшалай табысқа сатып алуға болатын түрлі тауарлар мен қызметтердің эквиваленті ретінде беріледі:

ПС = СДД / Pi (ср)

мұндағы, ПС- халықтың ақшалай табыстарының сатыпалу қаблеттілігі,

СДД – жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыс,

Pi (ср) – i-ші тауардың орташа бағасы.

Тұрмыс деңгейінің көрсеткіштер жүйесі әлеуметтік-экономикалық статистиканың көрсеткіштер жүйесінің қортындысы болып табылады. Тұрмыс деңгейі қиын экономикалық категория, оны бір ғана көрсеткіш көмегімен сипаттауға болмайды. БҰҰ статистикалық комиссия көрсеткіштердің бірнеше тобын ұсынады: демографиялық сипаттамалар (туу, өлу, аурулар саны, өмір ұзақтығы және т.б.), тұрмыстың санитарлық-гигиеналық жағдайы, азық-түлік тауарларын тұтыну, тұрғын үй жағдайы және ұзақ мерзімді пайдалану бұйымдарымен қамтамасыз болу, білім және мәдениет, жұмыс бастылық және еңбек жағдайы, халық табысы мен шығыстары, тұтыну бағалары, көлік құралдары, демалысты ұйымдастыру, денешынықтыру және спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, адам бостандығы.

Адам потенциалының даму индексі (АПДИ) – ол БҰҰ даму бағдарламасының мамандар тобымен ұсынылған көрсеткіш. АПДИ тұрмыс деңейінің негізгі аспектілерін сипаттайтын 3 көрсеткіштен тұратын құрама индекс болып табылады: күтілу өмір ұзақтығы, қол жеткен білім деңгейі, жан басына шаққандағы ЖІӨ нақты көлемі.