Тақырып. Өндіріс нәтижесінің статистикасы

Мақсаты:Өндіріс нәтижесінің статистикасының мәні мен қажеттілігін анықтау.

Міндеттері:

1.Тауар мен қызметтің өзіндік құнының статистикасы.

2.Экономикалық қызметтің нәтижесін статистикалық зерттеу.

3. Экономикалық қызметтің тиімділігін статистикалық зерттеу.

 

Өндіріс нәтижелерінің статистикасының міндеттеріне мыналар жатады:

1.Ақпараттар жинау және ҚР тауарлар мен қызметтер өндірісінінің микро және макроэкономикалық көрсеткіштерін анықтау;

2.Өндіріс нәтижелерін ұлттық шот, баланстық құрылым түрінде құрылған өзара байланысты статистикалық көрсеткіштерін әзірлеу және жинау.

2. Туарлар мен қызметтер өндірісінің құрылымын, динамикасын мына белгілер бойынша талдау: табиғи заттық құрамы бойынша; құндық, экономикалық қызметтің түрлері мен секторлары бойынша; республикалық өңірлер бойынша; меншік нысаны бойынша.

3. Тауарлар мен қызметтер өндірісінің өсу факторларын статистикалық талдау әдісінің көмегімен зерттеу.

4. Өндіріс көрсеткіштерін есептеу әдістемемсін ҰШЖ ұсынымдары бойынша жетілдіру.

Өндіріс нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштеріне мыналар жатады:

- Шығарылым;

- Экономикалық жалпы қосылған құн;

- Таза қосылған құн;

- Жалпы ішкі өнім;

ЖІӨ мынандай үш әдіспен есептеледі:

- Өндірістік әдіс;

- Бөлу әдісі;

- Түпкілікті пайдалану.