Тақырып. Ұлттық есеп жүйесі

Мақсаты:Ұлттық есеп жүйесінің мәні мен мазмұнын ашу.

Міндеттері:

1.ҰШЖ түсінігі. ҰШЖ қолданылатын концепцияның негізі.

2.ҚР ҰШЖ шоттардың негізгі сипаты.

3. ЖІӨ түсінігі және оны есептеу әдістері. Тұрақты бағада ЖІӨ көрсеткіштерін есептеу.

4. МОБ. МОБ құру техникасы.

ҰЕЖ – макродеңгейде нарықты экономиканың дамуын сипаттау және зерттеу үшін барлық елдерде қолданылатын ақпараттар жүйесі. ҚР – ҰЕЖ-не 1993 ж. көшті. ҰЕЖ – бұл жыл ішіндегі табыстардың макроэкономикалық бухгалтерлік сандық көрініс алуы болып табылады.

ҰЕЖ маңызды элементі – ол шоттар. Шоттағы мәліметтер экономикалық операциялар топтарын (тұтыну, жинақ, экспорт және т.б.) ғана сипаттайтын жалпылама сандық сипаттама емес, сонымен қатар төтенше жағдайлар нәтижесінде активтердің өзгеруін көрсетеді. Шоттағы салалар баланстық әдіспен есептелінеді , яғни ресурстар бөлігіндегі (шоттың оң жағы) сомасынан пайдалану бөлігіндегі (шоттың сол жағы) сомасын шегеру арқылы.

Жалпы қосылған құн = Жалпы шығарылған өнім – аралық тұтыну.

Шот формасы Т – формалы келеді және баланстық статьясы келесі шоттың алғашқы статьясы болады.

ҚР келесі шоттар қолданылады:

- өндіріс шоты;

- табыстың пайда болу шоты;

- алғашқы табыстырды бөлу шоты;

- табыстарды қайта бөлу шоты (ақшалай формада);

- қолда бар табысты пайдалану шоты;

- капиталмен операциялар шоты;

- тауарлар мен қызметтер шоты;

- қаржылық шот.

Шоттар көрсеткіштерінің байланысы келесі мысалда көрсетілген:

Өндіріс шоты:

Пайдалану Ресурстар
2. Аралық тұтыну 1. Жалпы шығарылған өнім
3. Жалпы қосылған құн (1-2)  
Барлық пайдаланғаны Барлық ресурстар

Табыстың пайда болу шоты:

Пайдалану Ресурстар
2. Еңбекақы 1. Жалпы қосылған құн
3. Өндіріс салығы  
4. Негізгі капиталды тұтыну  
5. Пайда /аралас табыс (1-2-3-4)  
Барлық пайдаланғаны Барлық ресурстар

ҰЕЖ негізгі көрсеткіштерінің бірі ЖІӨ, бұл резидент өндіруші бірліктерінің өндірістік іс-әрекетінің ақырғы нәтижесі болып табылады.

ЖІӨ есептеу әдістері: 1) Өндірістік — өндіріс кезеңінде ЖІӨ есептеу. 2) Бөлу әдісі – табыстар негізінде есептелінеді. 3) Ақырғы тұтыну әдісі.

Салааралық баланс - макродеңгейде өндіріс және бөлу шоттарының құндық және табиғи көрсеткіштерінің өзара байланыс схемсы. Жан-жақты статистикалық бақылау: экономикалық санақтар және ішінара бақылау негізінде құрылады.

Салааралық баланс схемасында негізгі 3 бөлігін (квадранттар) бөледі.

1 квадрант (аралық тұтыну) 2 квадрант (ақырғы тұтыну)
3 квадрант (жалпы қосылған құн)  

Негізгі әдебиеттер: 4,5,7

Қосымша әдебиеттер:6,9,12