Тақырып. Ұлттық байлық статистикасы

Мақсаты:Ұлттық байлық статистикасының мәнін ашу

 

Мазмұны

1. Ұлттық байлық түсінігі

2. ҰБ жіктемесі

3. ҰБ көрсеткіштері

Ұлттық байлық дегеніміз-қоғамда белгілі уақыт кезеңінде қолданатын және де экономикалық айналымға енетін материалдық ресурстар, өткен еңбекпен жиналған өнім және табиғи ресурстар жиынтығы.

Анализде қолданылатын ұлттық байлық статистиканың көрсеткіштер жүйесі негізгі келесі мінездемелерден тұрады:

- Байлық құрылымы мен көлемінің болуы.

- Оның маңызды бөліктерін қайта жаңарту.

- Барлық байлықтың және оның құрамды элементтерінің динамикасы.

- Байлықты ел территориясына тарату.

- Табиғи ресурстарды қорғау және оны толықтыру.

Ұлттық байлық статистикасы:

А) жиналған байлық статистикасынан

Б) табиғи ресурстар статистикасынан тұрады.

Жиналған байлық статистикасы әртүрлі ұсыныстармен пайдаланудағы материалдық игіліктер жиынтығының формасы ретінде болады. Ол категориямен тығыз байланыстағы көрсеткіштер — қоғамдық өнім. Жиналған байлық құрамымен оның көлемі статистикада натуралды және ақшалай түрде өлшенеді.

Ұлттық байлықтың басты элементтері:

1) Негізгі қорлар – халық шаруашылығы мен ұзақ уақыт бойы қолданылатын қоғамдық еңбекпен өндірілген материалды заттай құндылықтардың жиынтығы болып табылады.

2) Айналыс қоры – өндірілген өнімге тасымалданатын толық құнды әр өндірістік циклде тұтастай қолданатын еңбек заты.

3) Халықтың жеке мүлкі – халықтың есепшісіндегі және олардың қажеттілігін қанағаттандыруға арналған ұлттық байлықтың бір бөлігі.

4) Табиғи ресурстар – қоғамдық өндіріс процесіне енетін қоғам өміріндегі табиғи шарттар жиынтығының бір бөлігі.

Әр өндіріс процесі еңбек құралдары көмегімен жиналатын еңбек затын қайта құру процесі болып табылады. Еңбек құралдарының жиынтығы бірнеше өғндірістік циклде қолданылатын біртіндеп тозатын және өз құнын өнімге аударатын, сөйтіп өзінің табиғи формасын жоғалтпайтын негізгі өндірістік қорды құрайды