Тақырып. Ақша айналымының статистикасы

Мақсаты:ақшалай айналыс ұғымына анықтама беру, ақшалай айналыс мәнін анықтау, ақшалай айналыс статистикасын зерттеу міндеттерімен және көрсеткіштерін есептеу әдістемесімен танысу.

Мазмұны

1.Ақшалай айналыс ұғымы және оның статистикасы міндеттері

2.Ақшалай айналысты сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі

 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:ақшалай айналыс нақыты және нақты емес ақшалай нысандар, ақшалай агрегат, ақша база, ақша массасы, құрылымы, ақшалай мультипликатор, айналыстағы ақша массасы, айналыс жылдамдығы, ЖҰӨ-нің баға дефляторы индексі, бағалар деңгейі, т.б.

1. Ақшалай қатынастар тұрғын халық, кәсіпорындар, ұйымдар арасында қалыптасады. Олардың ауқымы ақшалай айналыс мөлшерімен сипатталады. Ал ол өз кезегінде айналыс процесінде ақшалай массаның қозғалысы жүзеге асырылатын операциялар жиынтығы болып табылады. Ақшалай айналыс нақыты және нақты емес ақшалай нысандармен жүзеге асырылады. Соңғысы ақшалай айналыстың негізгі бөлігін құрайды.

Нақты емес ақшалай айналым банктер шоттарында жазылу арқылы және өзара талаптарды есепке алу арқылы (путем зачета взаимных требований) жүргізілетін ақшалай есептесулердің жиынтығы болып табылады. Бұл жағдайда ақша төлем құралы ретінде функция атқарады.

Нақты ақшалай айналым мемлекет, кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғын халықтың өзара қарым-қатынастарында қолданылатын нақты ақшалай нысандағы ақшалай есептесулардің жиынтығы болып табылады.

Ақшалай айналыстың маңызды сипаттамасы ретінде айналыстағы ақшаның жалпы массасы ұғымы есептеледі.

Ақшалай айналыс статистикасының маңыды міндеті ретінде айналыстағы ақша массасын өлшеу, олардың санын бақылау есептеледі. Себебі бұл елдегі экономикалық тұрақтылықты анықтайды.

Ақшалай масса келесі параметрлерден тұрады:

Ақшалай агрегат Мо – ол айналыстағы нақты ақшаны қамтиды (кәсіпорындар кассаларындағы және тұрғын халық қолындағы ақша).

Ақшалай агрегат М 1 – құрамына параметр Мо және талап еткенге дейінгі шоттардағы қаражат қалдығы (Ұлттық Банктің мерзімсіз салымдары) мен кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғын халық шоттарындағы қаражаттар қалдығынан тұратын талап еткенге дейінгі депозиттер кіреді.

Ақшалай агрегат М 2 – құрамына параметр М1 және жедел депозиттер (жедел, 3 жылға дейінгі, тұрғын халықтың салымдары бойынша есеп шоттарындағы қаражат қалдықтары; коммерциялық банктердің есеп шоттарындағы кәсіпорындар мен тұрғын халықтың депозиттері) кіреді. Сонымен қатар оның құрамына мемлекеттік ұтымды займдардың облигациялары бойынша қарыздары, Ұлттық Банктің корр шоттарындағы банк қаражаттары кіреді.

Ақшалай агрегат М 3 – құрамына параметр М2 және тұрғын халық пен кәсіпорындардың басқа банктік депозиттері, сертификаттары, мақсаттық займдары, сақтандыру полистері, банк резервтері жатады. Басқа банктік депозиттерге тұрғын халықтың 3 жылдан жоғары басқа салымдары (сертификатсыз), арнайы есеп шоттардағы қаражаттар жатады.

Егер М3 ақшалай агрегатқа кейбір бағалы қағаздар түрлерін (акциялар, вексельдер, облигациялар) қосса, онда алынған сумма термин L деп аталады.

Бұл агрегаттар өтімділік деңгейімен сипатталады. Абсолютті өтімді деп ақшалай параметрді М1 айтамыз. Бұл параметрді «ыстық ақша» деп атаймыз. Жоғарғы өтімдігі ақшалай агрегат М 2 жатады.

Ақшалай айналыс статистикасының міндеттеріне ақшалай массаның құрамы, оның динамикасы кіреді. Ақшалай массаның құрамы оның жалпы көлеміндегі оның жеке параметрлерінің үлес салмағын сипаттайтын құрымының қатысты шамалары көмегімен өлшенеді. Ақшалай массаны жалпы түрде және оның жеке параметрлері бойынша зерттеген маңызды.

Ақшалай айналыс статистикасының міндеті тек болған жайтты баяндау ғана емес, оның себептерін және экономикалық өмірдің басқа жақтарына ықпалын анықтау болып табылады.

Ақшалай айналыс процесстерін басқару үшін ақшалай айналыс шамасы жөнінде, оның құрамы мен динамикасы жөнінде статистикалық ақпараты болуы тиіс.

Ақшалай айналыс статистикасының негізгі міндеті болып ақшалай айналыс заңдылықтарын, яғни ақша массасының айналымындағы, ақшалай айналым құрамындағы, банктердің есептесу операцияларындағы заңдылықтарды анықтау болып табылады.

2.Ақша айналымын сипаттау үшін статистикалық көрсеткіштер жүйесі қолданылады: абсолютті, қатысты және орташа шамалар.

Ақшалай айналыстың абсолютті шамалар көрсеткіштері болып ақша массасының агрегаттары (Мо, М1, М2, М3) аталады.

Ақшалай айналыстың қатысты және орташа шамалары көрсеткіштері:

1. ақша базасының және ақша массасының құрылымы

2. ақшалай мультипликатор (m) – бұл коэффициент ақша массасы (М) өзгерісі мен ақша базасы (Б) өзгерісі арасындағы қатынасты анықтайды.