Мазмұны

1.Бағалар мен инфляция ұғымы мен мәні, бағалар статистикасы міндеттері

2.Бағалар көрсеткіштері статистикасы

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: нарықтық баға, көтерме бағалар, бөлшек бағалар, сатып алу, қызметтерге бағалар мен тарифтер, франко-кету бағалары, франко-кету бағалары, контракттік бағалар, биржалық котировкалар, ұсыныс бағалары, Сұраныс бағалары, т.б.

 

1. Баға –бұл көпфункциональды экономикалық құбылыс, жетекші нарықтық категория. Баға – бұл тауар бірлігіне төленетін ақша сомасы. Бағалар статистикасы – қаржы статистикасының құрамдас бөлігі. Сондықтан статистика органдарында бағалар статистикасының жеке қызметі қалыптасқан.

Нарықтық баға әр түрлі функциялар атқарады. Баға — бұл тауарды ақшаға алмастыру барысындағы өлшем және делдал. Баға — бұл тауарды ақшаға алмастыру барысындағы өлшем және делдал. Баға – нарық конъюнктурасының маңызды көрсеткіші, факторы, ұсыныс пен сұраныстың құрылымы мен қатынасы, өндірісті территориялық орналастыру. Баға — пайданы қалыптастыру және тиімділікті басқару құралы, салық салудың факторы. Баға- бұл инфляциялық процестердің, инвестициялық саясатқа (баға жоғарылауы жиі инвестициялық тартымдылықтың өсуіне әкеледі) ықпал етудің басты құраушысы. Баға—еңбек нарығына әсер етуші, тұтынудың көлемі мен құрылымына әсер етуші, әр түрлі әлеуметтік топтардың нақты табыстарының деңгейіне әсер етуші тұрғын халықтың өмір сүру деңгейінің маңызды факторы болып табылады. Баға- бұл бәсекелестік күрестің қуатты құралы болып табылады.

Бағалар әр түрлі бағыттарда жіктеледі.

Тауарлық қызмет көрсету сферасы бойынша:

− көтерме бағалар – кәсіпорындар бұл бағалар бойынша өнеркәсіптік-техникалық және тұтынушылық бағыттағы өнімнің үлкен көлемде өткізеді;

− бөлшек бағалар бойынша тауарлар соңғы тұтынушыға шектеулі көлемде өткізіледі;

− сатып алу (закупочные цены) бағалары бойынша мемлекет ауылшаруашылық кәсіпорындарынан өнімді сатып алады;

− қызметтерге бағалар мен тарифтер. Тарифтер көтерме сауда (жүк тасымалдау транспортының тарифтері) және бөлшек сауда (жолаушы тасымалдау тарифтері) сфераларына жатады.

Транспорттық шығындарды бейнелеу тәсілі бойынша:

− Франко-кету бағалары (франко-отправления) (шектеулі өндірістің тауарлары үшін) құрамына магистралды транспорттың нүктесіне дейінгі транспорттық шығындар (порттар, темір жол станциялары) кіреді, ал қалған жолдың шығындарын сатып алушы жабады;

− Франко-тағайындау бағалары (цены франко-назначения) құрамына тағайындалу нүктесіне дейінгі барлық танспорттық шығындар кіреді.

Сату нысандары бойынша:

− Контракттік бағалар (келісім) — сатушы мен сатып алушы арасындағы нақты келісім бағалары;

− Биржалық котировкалар — бұл биржа арқылы өткізілетін тауарлардың бағалары деңгейі. Биржалық тауардың бағасы құрамына биржалық котировка мен сапа үшін үстеме (жеңілдік) бағалар, жабдықтау орнынан алыстығы үшін үстеме (жеңілдік) бағалар кіреді;

− Көрмелер мен ярмаркалар бағалары (цены ярмарок и выставок) (жиі жеңілдік бағалар);

− Аукциондық бағалар аукциондарда сату жүрісін бейнелейді (старттық және сату бағалары).

Сату кезеңдері бойынша:

− Ұсыныс бағалары (сатушы немесе старттық бағалар) бойынша сатушы тауарды сатқысы келетін баға. Бұл көбіне осы тауардың мүмкінді бағалар диапазонының жоғарғы шектеуі (аукциондық және мердігерлік бағалардан басқасы). Ол сатып алушымен келісу барысында түзетіліп отырады. Кейбір тауарлар үшін (машиналар, жабдықтар) ұсыныс бағалары –бұл нарықтағы бағалар деңгейі жөнінде ақпараттың бірден бір көзі болып табылады;

− Сұраныс бағалары бойынша сатып алушы тауарды сатып алғысы келетін баға;

− Өткізу бағалары (мәміле, сату, сатып алу)— нақты немесе номиналдық бағалар.

Реттеу деңгейі бойынша:

− Қатаң белгіленген (әкімшілік-командалық экономика жағдайында бағалардың негізгі типі);

− Реттелуші (мемлекетпен бекітілетін шектеулі деңгейде өзгерістер енгізуге болатын бағалар. Бұл көбіне жоғарғы әлеуметтік тағайындалуы бар өнімдерге бағалар);

− Еркін (нарық конъюнктурасына сәйкес қалыптасатын бағалар).

Уақыт байланысты тұрақтылық деңгейі бойынша:

− қатаң: барлық қызмет ету мерзіміне келісім жасау барысында бекітіледі;

− қозғалмалы (подвижные): мұнда егер тауардың нарықтық бағасы өзгерсе, онда контрактіде алдын ала көрсетілген келісім бойынша келісімде белгіленген баға жабдықтау барысында өзгереді;

− жылжымалы (скользящие): келісімде бастапқы баға бекітіледі және баға құраушы факторлардың құнының өзгеруі жағдайында түзетулер енгізу тәртібі (формуласы) анықталады. Жылжымалы бағалар ұзақ дайындау мерзімін талап етуші тауарларға қатысты пайдаланылады;

− келесі бекіту бағалары (с последующей фиксацией): келісімде бекіту шарттары және бағаны анықтау принципі анықталады: бекіту мерзімділігі, базасы, келісу мен бекітуді жүзеге асыру мерзімдері.

Мәміле жасау барысында бағалар деңгейін бекіту немесе түзетулер енгізу үшін базалық баға ретінде пайдаланылады:

− есептеу бағалару (расчетные цены) жабдықтаушымен әрбір тапсырыс оның техникалық және коммерциялық жағдайларын ескере отырып негізделеді;

− Анықтамалық бағалар – бұл анықтамаларда, мерзімдік басылымдарда жарияланатын бағалар. Бұл белгілі мерзімдегі нақты мәміленің орташа бағалары, эксперттік бағалаулар, биржалық котировкалар, ірі фирмалардың ұсыну бағалары и т. д.;

− Прейскуранттық бағалар мен ценников. Прейскуранттар дайын өнімді өндірушілермен шығарылады, клиенттерге таратылады, құрамына соңғы тұтынушылар үшін бағалар, фирманың тауарлық номенклатурасының барлығына немесе бір бөлігіне пайдаланылатын тұрақты жеңілдіктер.

Аталған бағалардан басқаларын да бөліп айтамыз:

− трансферттік (бір кәсіпорынның цехтары арасында, еншілес фирмалар арасында, шетелдік филиалдары арасында алмасу үшін қызмет ететін ішкіфирмалық бағалар);

− әлемдік (олар бірнеше елдерде өткізілетін тауарлардың шартты орташа құны ретінде пайдаланылады).

Базалық немесе бекітілген баға деңгейі әр түрлі жеңілдіктер, үстемелермен түзетілуі мүмкін. Олардың ішінде кең тарағаны:

o Нақты қолма қол ақшамен төлегені үшін жеңілдіктер;

o Мерзімнен тыс (вне сезона) уақытта сатып алғаны үшін мерзімдік жеңілдіктер (сезонные скидки за покупку вне сезона);

o Саны үшін жеңілдік немесе тауарды алдындағы анықталған көлемімен салыстырғанда артығырақ сатып алу барысындағы сериялылық үшін жеңілдік;

− Айналымға байланысты белгілі бір шкала бойынша бонустық жеңілдіктер;

− өткізу бойынша тұрақты делдалдарға дистрибьюторлық және дилерлік жеңілдіктер;

− тұрақтылық үшін клиенттерге жеңілдіктер;

− сынақты партияларға және тапсырыстарға арнайы жеңілдіктер;

− фирмадан бұрын сатып алынған ескірген модельді жаңасына алмастыру барысындағы жеңілдіктер;

− ұсталған тауарды сату барысындағы жеңілдіктер;

− ішкі нарықтағы жеңілдіктен жоғары шетел сатып алушыларына экспорттық жеңілдіктер;

− жеке тапсырыс үшін үстеме;

− сапа үшін үстеме;

− төлемді кешіктіргені үшін үстеме;

− қосымша қызметтер үшін үстеме;

− ыдыс, қорапталу үшін үстеме.