Тесттілік тапсырмалар.

1.Төмендегi пiкiрлердiң қайсысы экономикалық емес байлыққа жатады:

a) су асты қайығы; c) жел энергиясы;

b) демалыс және қыдыру; d) бiлiм

2.Төмендегi өндiрiс факторларының қай тiзiмi дұрыс:

a) жер, еңбек, капитал, жұмыс күшi, басқару; c) ресурстар, технология, кәсiпкерлiк.

b) жер, еңбек, капитал, кәсiпкерлiк, ақпарат; d) жер, еңбек, капитал, технология.

3.Өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығының iшiнде орналысқан нүкте:

a) тиiмдi; b) тиiмсiз; c)бiр технология мен ресурстар көлемiнде мүмкiн емес;

d) тиiмдi, бiрақ оптималды емес.

4.Студенттер үшін институтта оқудың баламалы құны:

a) стипендия көлемі; b)мемлекеттің орташа санақтық маманға жұмсайтын шығын;

c) оқуды тастап ,басқа жерде максималды табыс; d) студентті оқытуға жұмсайтын ата-анасының шығыны.

5.Өндірістік мүмкіндіктер сызығында бір өнімді өндірудің өсуі төмендегімен сәйкес келеді:

a) басқа бір өнімді өндірудің төмендеуімен; b) басқа бір өнімді өндірудің өсуімен;

c) басқа бір өнімнің тұрақты көлемімен; d) айтылғандардың кез келгенімен.

Есептер:

1-есеп.Фирма 2 түрлi теннистiк доп өндiрiледi. Бiр дана доп өндiруге 3 доллар және 2 доллар шығын жұмсайды. Фирманың доп өндiруге 90 доллар шығын жұмсағандағы фирманың өндiрiстiк мүмкiндiгiнiң қисығын көрсетiнiз.

2-есеп.Қазақстанда бiр жұмысшы 1 тонна ет немесе 20 ц. бидай өндiредi. Қырғызстанда 2 тонна немесе 10 ц. бидай өндiрiледi. Қазақстанда барлығы 400 мың адам бидаймен ет өндiруге мамандырылған , ал Қырғызстанда 100 мың адам.

Екi елдiң ет пен бидай өндiрудегi өндiрiстiк мүмкiндiктерiн қисығы қандай болады.