Реферат Курсовая Конспект
Экономика - раздел Философия, Азақстан Республикасының Білім Және &...
|
Азақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК
Экономикалық теория кафедрасы
БЕКІТЕМІН
«Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық
университеті» ШЖҚ РМК
Экономика
факультетінің деканы
э.ғ.к., доцент Б.А.Алибекова
_______________________
________________2013 ж.
Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша
Экономика факультеті 5В090200 - Туризм
(бакалавриат)мамандықтарына арналған
ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Астана 2013
Силлабус
Ауелбекова Айгүл Құрманбайқызы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, «Экономикалық теория» кафедрасының доценті, э.ғ.к.
Ғылыми қызығушылығы: Қазақстан Республикасын мемлекеттік реттеу, ақша-несие саясаты, бюджет-салық саясаты, шағын бизнестің дамуы, халықаралық сауда принциптері.
Ғылыми мектебі: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, ғылыми жетекші – э.ғ.д., профессор М.Р.Расулов.
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
Аудиториялық сабақ барысында ағымдық бақылау, ОӨЖ орындағанының сапасын бақылау; коллоквиум және тест түрінде алынатын екі рубеждік бақылау; компьютерлік тест формасындағы емтихан жоспарланады.
Ағымдық бақылау -20%
ООӨЖ және ОӨЖ бақылау -20%
Рубеждік бақылау:
Коллоквиум -10%
Тестілеу -10%
Ағымдық және рубеждік бақылаулар -60% төмен емес
Қорытынды бақылау -40% төмен емес
Оқу пәнінің талаптары
«Экономикалық теория» пәні міндетті пән болып табылады. Оқу жүктемесінің көлемі 2 кредит құрайды, оның ішінде 15 сағат – дәріс, 15 сағат – практика, 30 сағат – ОСӨЖ және СӨЖ
Пәннің талаптары: аудиториялық сабақтарға міндетті қатысу, сұрақтарды талқылауға белсенді қатысу, оқу-әдістемелік құрал мен негізгі әдебиеттер бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарға алдын-ала дайындалу, ОӨЖ тапсырмаларын уақтылы және сапалы дайындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдық бақылау, ОӨЖ бақылау, рубеждік бақылау, қорытынды бақылау).
Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар
Абсолютті рента - жер иелерінің жердің құнарлы не құнарсыздығына қарамастан барлық учаскеден бірдей алатын жер рентасы (табысы).
Абстрактылы еңбек - тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам еңбегі (еңбек шығыны), яғни құн жасайтын еңбек.
Акционерлік қоғам - бірнеше жеке капиталдың бірігуі арқылы акция шығарып, оны сатудан түскен қаражат арқылы шаруашылық ұйымдастыру формасы
Акция - иесінің акционерлік қоғам капиталына белгілі бір мөлшерде үлес қосқандығын куәландыратын құнды қағаз. Ол дивиденд түріндегі пайданың бір бөлігін алуға құқық береді.
Актив - мүліктік құқықтар жиынтығы, бухгалтерлік баланстың бір бөлігі, онда осы кәсіпорынға тиесілі барлық материалдық құндылықтардың есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы жиынтығы.
Амортизация - негізгі қорлардың құнын солардың көмегімен өндірілетін тауарларға бірте-бірте көшіру; ақша қаражатын мақстаты түрде жинақтау және оны тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану.
Құнды қағаздар – иесіне мүліктік құқық және дивиденд, пайыз түрінде білгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжаттар (акциялар, облигациялар, вексельдер, депозиттік және инвестициялық сертификаттар, чектер, жинақ кітапшалары т.б.).
Баға индексі - тауар бағасының орташа деңгейінің уақытқа байланысты салыстырмалы өзгеруін білдіреді.
Баж – мемлекеттің кәсіпорындар мен мекемелерден, азаматтардан оларға көрсетілген қызметтің белгілі бір түрлері үшін алатын ақшалай алымы.
Банк пайызы - банктің қарызға ақша бергені үшін алатын төлемі. (проценті)
Банк активтері - банк балансының актив бөлігі онда қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, банктегі кассалық және валюталық қолма-қол ақша, акциялар, т.б. көрсетіледі.
Бәсеке- өнім өндіру мен өткізудің экономикалық бағынан неғұрлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасындағы жарыс.
Бизнес жоспар - кәсіпорынды (кәсіпкерлікті) белгілі бір кезеңде дамыту жоспары. Өндірісті жетілдіріп, дамытуға бағытталған инвестиция тарту үшін әзірленеді.
Бюджет тапшылығы - мемлекеттік бюджет бойынша шығындардың табыстан артып кетуі.
Валюта - 1. елдің ақша бірлігі; 2. шетелдің ақша белгісі, халықаралық есеп айырысуда қолданылатын төлем құжаттары
Валюталық бағам (курс) - екі валютаның айырбас кезіндегі құндық ара салмағы; бір елдің ақша өлшемінің – екінші бір елдің ақша өлшеміне шаққандағы бағасы.
Вексель – төлем және несие құралы; кәсіпкердің несиеге алған тауарларға белгілі бір уақыттан кейін ақша төлеуге берген міндеттемесі.
Венчур - өнімнің жаңа түрлерін жасауға өндірісті игеруге, енгізуге, жаңа технологияларды қолдануға маманданған шағын коммерциялық ғылыми-техникалық ұйым.
Дәстүрлі экономика - сирек кездесетін шектеулі табиғат ресурстарын кеңінен пайдалануды дәстүрлер мен ғұрыптар айқындайтын экономикалық жүйе.
Дебитор – кәсіпорынның біреуге қарыздар берешек болуы.
Девальвация - қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру; тұрақты валютамен немесе халықаралық шот өлшемдерімен салыстырғанда елдің валюта бағамының төмендеуі.
Демпинг - тауарларды ішкі нарықтағы бағаға қарағанда сыртқы нарықта неғұрлым төмен бағамен сатылуы.
Деноминация- ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген көрсеткішін кеміту арқылы өзгеріс жасау.
Депозит – белгілі бір шартты мерзімге сақтау орындарына сақтауға берілген ақша немесе құнды қағаз.
Дивиденд – акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін акционерлерге төленетін ақы.
Диверсификация - бұл жан-жақты даму; бір-біріне байланысты емес көптеген өндіріс түрлерінің қатар дамып отыруы, өндірілген өкімнің таңдаулы ассортиментінің ұлғайып отыруы.
І-ші дифференциалды рента- жер иесінің жердің табиғи құнарлығы мен жер учаскесінің жақсы орналасуына байланысты алатын рентасы (жол ақысы)
ІІ-ші дифференциалды рента - жер иесінің жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын қосымша пайдасы.
Еркін экономикалық аймақтар - ұлттық және шетелдік кәсіпкерлер үшін жеңілдікті экономикалық жағдайлар жасалған аймақтар.
Ең төмен деңгейдегі тұтыну - адамның физиологиялық және әлеуметтік бюджеті (минималды) мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұтыну тауарлары мен қызметтердің жиынтығын сатып алуға жұмсалатын шығын.
Ең төмен жалақы - мемлекеттің ресми белгілеген еңбек (минималды) ақысының ең төмені деңгейі.
Жабық акционерлік қоғам - акциялары тек құрылтайшылардың немесе күні бұрын айқындалған адамдар тобының арасында ғана сатылатын шаруашылық формасы.
Жалақы - еңбеккерлердің білгілі бір уақыт кезеңінде (күні, айы) алатын ақшалай табысы.
Жалпы ішкі өнім - статистиканың жинақтап қорытатын макроэкономикалық көрсеткіші; ел ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтердің белгілі бір кезеңдегі нарықтық құны.
Жалпы ұлттық өнім – статистиканың жинақтап қорытатын макроэкономикалық көрсеткіші, яғни ел ішінде және сондай-ақ басқа да шет елдерде белгілі бір мерзімде өндірілген тауарлар мен қызметтердің жиынтық нарықтық құны.
Жарғылық капитал - құрылатын кәсіпорынға құрылтайшы-лардың бірігіп салған салымдарының құны, яғни кәсіпорын капиталының бастапқы сомасы.
Жер - өндірісте пайдаланатын табиғи ресурстар мен байлықтар
Жекешелендіру- мемлекетке тиесілі объектілерді меншіктену құқығын жеке немесе заңды тұлғаның сатып алу процесі.
Жұмыссыздық - еңбекке жарамды халықтың бір бөлігі өзіне жұмыс, пайдалы еңбек қызметін таба алмай дағдаратын әлеуметтік = экономикалық құбылыс.
Жиынтық сұраныс (АD) - бұл графикте көрсетілген кисық сызық, оның мағынасы: қоғамдағы барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық көлемі, яғни тұтынушылардың, кәсіпорындардың және үкіметтің бағаның әрбір деңгейінде нақты жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі.
Жиынтық ұсыныс (АS) - бұл графикте көрсетілген модель, яғни бағаның әрбір мүмкіншілік деңгейінде өндірілген нақты жалпыұлттық өнімнің көрінісі.
Импорттық квота - шеттен тауарлар әкелуді бір кезеңге шектеу.
Инвестициялар - пайда немесе табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығы саласына, кәсіпорындарға, өнеркәсіпке, құрылысқа, т.б. ұзақ мерзімге күрделі қаржының (капиталдың) сатылуы немесе жұмсалуы.
Инвестициялық банктер- ұзақ мерзімді қаржыландырумен айналысатын банктер.
Инновация - жаңа техникаға, технологияға еңбекпен басқаруды ұйымдастырудың жаңа нысандарына қаражат жұмсау.
Инновациялық банктер - өнер, табысқа, ғылыми-техникалық талдамаларды кеңінен қолдануға жәрдемдесі үшін коммерциялық негізде құрылатын банктер.
Инфляция - айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы.
Ипотека - ақшалай қаражат алу мақсатымен жылжымайтын мүлікті (жерді, кәсіпорынды, ғимаратты, жермен тікелей байланысты басқа да объектілерді) кепілге салу түрі.
Кадастр - табиғат объектілері туралы негізгі мәліметтердің жүйелендірілген жинағы (су,жер,). Жер құбырларына сәйкес пайдалануға бөлінетін әрбір жер учаскесіне арнаулы ережелер бойынша кадастрлық нөмір, яғни жеке және қайталанбайтын код беріледі.
Капитал - тауар мен қызмет өндіруге пайдалану мақсатымен өндірілген құрал-жабдықтар.
Конвенция - халықаралық келісімшарт.
Конверсия - 1. өндірісті түбдірімен өзгерту; 2. бір валютаны екінші валютаға айырбастау.
Кондоминимум - біртұтас объектіні бірлесіп иелену, иемдену.
Консалтинг - кеңес беру (менеджмент, маркетинг, кеңес фирмалары).
Консорциум - бизнес саласындағы көп қаржы ресурстарын (қажет ететін нақты экономикалық мінддеттерді, күрделі жобаларды жүзеге асыру мақсатымен бірлескен қызмет туралы шарт негізінде уақытша берлестік (шаруашылық жағынан тәуелсіз фирмалар мен банктердің бірлестігі).
Концессия - ұлттық экономиканы қалпына келтіру мен дамыту, табиғат байлықтарын игеру мақсатымен кәсіпорындарды, жерді, жерқойнауын, т.б. белгілі бір талаптар негізінде жеке кәсіпкерлерге, шетелдік фирмаға пайдалануға беру жөніндегі мемлекетпен жасасқан шарт; осындай шарт негізінде құрылған кәсіпорынның өзі.
Кооператив - меншікті, жалға алынған немесе тегін пайдалануға берілген мүлік негізінде қандайда болсын қызметті бірлесіп жүргізу үші ерікті түрде біріккен азаматтардың ұйымы.
Корпорация - меншіктің акционерлік нысаны, меншікті (капиталды) келісіп иелену, кәсіпорынды басқару міндететрін кәсіпқой басқарушы-лардың (менеджерлердің)жоғары тұрған буындарының қолына шоғырландыру.
«Көгілдір фишкалар» («голубые фишки») - алынатын табыстары төленетін дивидендтерінің тұрақты көрсеткіштерімен жақсы танылған АҚШ-тың аты шулы ірі корпорацияларының жай акциялары. Елімізде негізінен өнеркәсіптік сектордағы шетелдік инвесторлардың басқаруына берілген неғұрлым акционерлік қоғамдар «көгілдір фишкалар» деп аталады.
Қаржы - ақшалай қаражаттың құралуы, бөлінуі, пайдалану барысында экономикалық қарым-қатынас жүйесі.
Қосымша құн - өнімді сатудан түскен түсімнен оны өндіру үшін басқа фирмалардан сатып алу шығындарының арасындағы айырмашылық құн, яғни фирманың осы өнімді өндіруге жұмсаған нақты өзіндік шығыны (жалақы, несие пайыз, жал төлемі, салықтар мен пайда сомасы).
Құн - тауардың бағасы немесе тауарларды, негізгі құрал-жабдықты сатып алуға, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге, игіліктерді сатып алуға жұмсалған ақшалай шығын.
Лаффердің қисығы - салық өсімі мен салық түсімі арасындағы байланыстың графиктегі көрінісі.
Лизинг - заңды (жеке) тұлғаның еңбек құралдарын меншігіне сатып алудың орнына басқа фирмалардың меншігін пайдалануы; ұзақ мерзімде пайдалануға құрал жабдықтарды несиеге беру.
Либерализация - бейтараптану; «бағаны либерализациялау» – бағаны босату, яғни әкімшілік жүйеде мемлекет бағаны бірқалыпта ұстап, нарықтық экономикаға өту кезеңінде оны босатып жібереді.
Лицензия - ұйымдардың немесе жеке адамдардың патенттермен қорғалған өнертабысты, техникалық білімді, тәжірибені, өндірістік құпияларды және т.б. пайдалануына арнаулы рұқсат (келісім).
Лоренц қисығы - қоғамда табыстардың графикте нақты бөліну көрінісі.
Макроэкономика - экономиканы тұтас алып зерттейтін экономикалық ғылым бөлімі. Макроэкономикада зерттелінетін негізгі мәселелер: жиынтық өндіріс, жұмыссыздық, бағаның жалпы деңгейі (инфляция), экономикалық саясаттың басты мақсаттары.
Мемлекеттік қарыз - өткен жылдардағы бюджет тапшылығының жиынтық сомасы.
Меншік - өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өкімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын экономикалық қатынастар.
Микроэкономика - экономика ғылымының кәсіпорын (фирма) мен саланы, үй шаруашылығын, сондай-ақ жекелеген нарықтарды, нақты бағаны, тауарлар мен қызметтерді зерттейтін бөлімі.
Монетаризм - Макроэкономикалық талдау мен экономиканы реттеу теориясы, ол экономикалық дамуда ақшаның және экономиканы тұрақтандыруда ақша-несие саясатының рөлін бірінші орынға қояды.
Монополия - ерекше тауардың бір ғана сатушысының нарықта үстемдік жүргізуі.
Монополистік бәсеке - нарық көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әртекті өнімді сатуынан құралады.
Мультипликатор - ұлттық өнімнің, табыстың немесе ақша айналысының өсуі, немесе азаюының қанша есеге өзгергенін анықтайтын көрсеткіш.
Нақты еңбек - арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен, жұмыскерлердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінетін, яғни тауардың тұтыну құнын жасайтын еңбек.
Нақты жалақы – Жұмысшының номинальды жалақысына өзі мен отбасы үшін қанша және күнкөріс заттарын сатып алуға болатынын көрсетеді.
Нақты пайыздық - номинальды пайыздық мөлшерлемеден мөлшерлеме инфляция ықпалын тазартқандағы мөлшерлеме.
Несие - бір тұлғаның екінші тұлғаға қарыз түрінде ақша немесе тауар – материалдық беруі туралы келісім.
Номиналдық жалақы - жалақының ақшалай сомасы
Номиналды пайыздық - ағымдағы нарықтық пайыздық мөлшерлеме мөлшерлеме.
«НОУ-ХАУ» - патенттілік құқы жоқ қандай да болсын міндетті шешу үшін қажетті техникалық білімдер, тәжірибе, технологиялардың құпиялары.
Облигация - құнды қағаз, ол иесінің ақшалай қаражат салғанын куәландырады.
Олигополия - нарықта аздаған ірі компаниялар үстемдік жүргізеді. Өнім біркелкі (біртектес) болып келеді. Бұл нарыққа басқа фирмалардың кіруі қиын болады. Бағаны бақылау бір біріне тәуелді болады.
Онкольдық несие - қарыз алушы несие берушінің талап етуі бойынша өтейтін қысқа мерзімді коммерциялық несие. Тауарлар мен құнды қағаздар кепілдікке жүреді.
Өнімнің өзіндік құны - өнімді өндіру процесінде пайдаланатын табиғат ресурстарының, шикізаттың, метариалдардың, отынның, энергияның негізгі құралдардың, оларды дайындау мен өткізуде көрсетілетін қызметтер шығындарының ақшалай сомасы.
Өндіріс шығындары - материалдық заттар мен қажетті еңбек шығынының жиынтығы. Ақшалай тұлғада ол өнімнің өзіндік құны.
Пайда - табыстың шығыннан ақшалай есептегі артуы.
Пайда нормасы - пайданың барлық авансыланатын капиталға (немесе тиімділік) (барлық шығындарға) пайыз түріндегі қатынасы.
Пассив- бухгалтерлік баланстың бөлігі, оң жағы. Ол қаржының қайдан келіп түсетінін және қандай мақсатқа жұмсалатынын көрсетеді.
Патент - 1) өнертапқышқа ашқан жаңалығын пайдалануға құқық беретін куәлік қағаз; 2) саудамен, кәсіппен айналысуға құқық беретін рұқсат қағаз.
Протекционизм - мемлекеттің жергілікті өндірушілерді шетелдік бәсекеден қорғау саясаты.
Паритет - алтын мөлшеріне сай келетін валюталардың ара қатынасы.
Ревальвация - ұлттық валюта бағамын ресми түрде жоғарылату.
Резервтік валюта - ұлттық (доллар, фунт, стерлинг) және ұжымдық валюталар (ЭКЮ,СПЗ), оларды елдер халықаралық есеп шоттарындағы қарыздарын реттеп отыру үшін пайдаланады.
Резидент- белгілі бір мемлекеттің аумағында тұрақты мекендейтін жеке тұлға, сондай-ақ онда өзінің қызметін тұрақты түрде жүзеге асыратын заңды тұлға.
Рента - жерден, мүліктен, капиталдан т.б. заттардан меншік иесінің еңбексіз табыс алуы.
Реимпорт - шетелде өңделмеген отандық тауарларды қайтып әкелу.
Реэкспорт - шетелден әкелінген тауарды өңдемей елден қайтарып жіберу.
Рецессия - өндірістің құлдырауы.
Роялти -салық салу жүйесінде табиғат ресурстарын қазып алу құқығы үшін жер иесінің жерді пайдаланушыдан алатын төлемақысы және пайда үстемесіне салынатын салық.
Санация - банктер мен ірі өндіріс орындарын банкротқа ұшыратпау мақсатында жүргізетін шаралар жүйесі немесе кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыру шаралары.
Сальдо - табыс пен шығын арасындағы айырмашылық.
Серіктестік - жеке кәсіпкерлердің күш-жігер мен қаражатты біріктіру, мұнда екі не одан көп тұлға пайда табу мақсатымен кәсіпкерлікпен бірлесіп айналысады.
Стагфляция - өндірістің тоқырауымен, инфляцияның бір мерзімде өршуімен сипатталатын экономиканың жағдайы.
Синдикат - кәсіпорындар бірлестігі, бұл бірлестіктер барлық сауда қызметтерді (баға белгілеу, тауар өткізу, т.б.) жүзеге асырады, ал өнім өндіру жауапкершілігін кәсіпорындар өз мойнына алады.
Статистика - әлеуметтік – экономикалық құбылыстар дамуының сандық көрсеткіштері мен оларды есептеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Стратегия - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнер, оны жүргізудің қоғам дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары. Ол кәсіпорынның ұзақ мерзім кезеңінде алдына қойылған міндеттерін шешуді мақсат еткен ірі ауқымды жоспарлау.
Субвенция - мемлекеттің мақсатты жәрдемінің бір түрі.
Субсидия - мемлекеттің бір жолғы қайтарымсыз ақшалай көмегі.
Сұраныс - тауар сатып алуға жұмсалған және қызмет көрсеткені үшін төленетін ақының ақшалай сомасы.
Сұраныстың икемділігі - тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағасының өзгеруіне жауап ретінде сұраныстың мөлшерінде болатын өзгерістің деңгейі.
Сыртқы сауда айналымы - елдің белгілі бір кезеңдегі экспорты мен импорт құнының сомасы.
Табыс - жеке тұлғалардың, кәсіпорындардың белгілі бір уақатта қандай да болсын қызметтің нәтижесінде алатын ақшалай қаражаты.
Таза пайда - кәсіпорында салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен қалған қалдық пайда
Таза ұлттық өнім - өндірілген өнімнің өнім шығару барысында тозған өндіріс құрал-жабдығын ауыстыру (амортизация) үшін қажет бөлігін шегеріп тастағандағы жалпыұлттық өнім.
Трансферттік төлемдер- (лат. «тасу», «аудару») 1.төлемақыны бір шоттан екінші шотқа аудару. 2. мемлекеттік трансферттік төлемдерге жататындар: (зейнетақы, жәрдемақы,стипендия т.б.)
Төлем балансы - шетелдік мемлекеттерге төленген жалпы төлем сомасы мен белгілі бір уақыт аралығында олардан алынған сомалар арасындағы айырмашылық. Төлемдер мен түсімдерге алтын,тауарлар мен қызметтердің қүны, туристердің шығындары, капиталдың қозғалысы, пайыздар мен несиелердің негізгі сомасы кіреді.
Трансұлттық корпорация - штаб пәтері бір елде орналасқан және көптеген филиалдары дамыған елде, сондай-ақ дамушы елде орналасқан халықаралық корпорация.
Трестке қарсы заң - еркін бәсекеге бөгет жасайтын монополистік бірлестіктер құру жолы мен капиталды орталықтандыру процесін реттеу үшін мемлекетте қолданылатын заң актілері.
Тұйық валюта - бір елдің көлемінде пайдаланылады, дамушы елдердің көпшілігінің валютасы.
Ұлттық табыс - елдің әлеуметтік экономикалық дамуын қорытындылаушы көрсеткіш; қоғамдық жиынтық өнім құнының құрал-жабдық – еңбек заттары өтелгеннен кейін қалған бөлігі, яғни ұлттық табыс жалпы өнім жиынтығы мен өндірістік шығындар арасындағы айырмашылық; таза ұлттық өнімнен алынатын жанама салықтардың арасындағы айырмашылықпен есептеледі.
Ұлттық шоттар жүйесі - өндірісті макроэкономикалық есептеу, (ҰШЖҚ қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу және түпкілікті пайдалану жүйесі, ол бухгалтерлік есеп-шоттар нысанында жасалған. Ұлттық есеп-шоттар БҰҰ-ның халықаралық статистикасында кеңінен пайдаланылады.
Ұсыныс - нарықтағы немесе тауар өндірушіні қанағаттандыратын белгілі бір мерзімде тиісті баға бойынша сатуға дайындалған тауарлар жиынтығы.
«Үлкен сегіздік» - бірінші әлемнің алуыңғы қатарлы индустриалды мемлекеттері (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Германия, Жапония, Италия, Ресей). Әлемдік шаруашылық, тағы өзекті проблемаларды шешуді талқылайтын жыл сайын жоғары деңгейдегі кездесулерді ұйымдастыру-шылар.
Франчайзинг - ұсақ және ірі фирмалардың орналасуы; ірі компанияның өзінің фирмалық таңбасымен тауар өндіруге (қызмет көрсетуге) лицензиясын пайдалану құқығын ұсақ фирмаларға келісімшарт арқылы береді.
Фьючерстік келісім - тауар мен қор биржасындағы мәліме түрі, мерзімдік келісім; тауарды (қызметтерді) құнды қағаздарды келісім жасалғаннан кейін өзара шартта көрсетілген бағамен төлеу, сатып алу немесе сату жөніндегі биржа мәселесі. Оның мақсаты – акциялардың бағасындағы немесе бағамындағы мәміле аяқталған кезде пайда болатын айырманы алу.
Хайринг(ағыл.-жалға беру) - негізгі құрал жабдықты жалдаудың орта мерзімдік шарты. Қысқа мерзімдік жалгерлік – рентинг, ұзақ мерзімге арналған желгерлік – лизинг деп аталады.
Халықаралық валюта қоры - ерікті халықаралық қаржылық ұйым; оны құру жөніндегі шешім 1944 ж. Бреттон Вудстағы конференцияда қабылданған. Мақсаты – халықаралық ынтымақтастықа және дүниежүзілік сауданы дамытуға жәр-демдесу, елдердің валюталық қатынастарын реттеу.
Хедж - бағаның болашақта қолайсыз өзгеру қатерінен сақтандыруға арналған шарт.
Холдинг - тәуеліді және еншілес компаниялар акцияларының бақылау пакеттерін иеленуші басты компания, заңды тұлға.
Чартер- көлік құралын немесе оның бір бөлігін белгілі бір мерзімге не сапарға жалдау туралы шарт.
Шетелдік инвестициялар – шетелдік меншік иелерінің өнеркәсіпке, ауылшаруашылығына, көлікке және экономиканың басқа да салаларына ұзақ мерзімге капитал бөлуі.
Экстраполяция - құбылыстың бір бөлігін бақылаудан алынған қорытындыларды оның басқа бөлігіне қолдануға негізделген ғылыми –зерттеу әдісі; мысалы, экономикада өткен кезеңде болған тенденциялардың болашақта да дамуы туралы болжам болып табылады.
Экспорттық–импорттық – импорт пен экспортқа сан және құн квота шектеулері, жекелеген тауарлар мен қызметтер, жекелеген елдер бойынша белгілі бір мерзімге енгізіледі.
Эмбарго - тыйым салу, валюталарды, алтынды, тауарларды, құнды қағаздарды елге әкелуге немесе елден әкетуге мемлекеттің тыйым салуы.
Эмиссия - ақша белгілерін және құнды қағаздарды айналысқа шығару.
Экспансия - (лат. – «кеңейту», «тарату»); ықпал ету аумағын кеңейту, ол экономикалық әдістер мен де (капиталды сыртқа шығару, жоғары пайызбен қарыз беру, т.б.) және экономикадан тыс әдістермен де (дипломатиялық қысым) жүзеге асырылады.
Пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша әдістемелік нұсқаулар
1. Ұғымдардың анықтамаларын бірнеше рет қайталап оқу керек.
2. Егер анықтамада түсініксіз немесе күрделі терминдер кезедесіп қалса, бұл қиыншылықты жою үшін түсіндірмелік, энциклопедиялық немесе шетел сөздерінің сөздіктеріне жүгіну керек.
3. Ұғымдармен жұмыс барысында ең алдымен оның мазмұнын нақты меңгеруге, мәнін ашуға тырысып, содан кейін барып ерекше белгілерін көрсете алу керек.
ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТАРҒА БЕРІЛГЕН ДӘРІС КОНСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ДӘРІС КУРСТАРЫН ҚАРАСТЫРУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Бөлім-1. Негізгі бөлім
1-тақырып. Экономикалық теорияның орны мен рөлі, пәні және әдіс- тәсілдері.
1. Экономикалық теория пәні.
2. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.
3. Экономикалық теорияның функциялары.
Мақсаты: Экономикалың теорияның пәнін, әдістерін, қызметтерін қарастыру, оның Қазақстанда нарықтық жүйенің қалыптасуындағы және дамуындағы рөлін көрсету. Экономикалық теория пәнінің қалыптасуы мен дамуының тарихын қарастыру.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Меркантилизм, физиократизм, классикалық саяси экономия, марксизм, маржинализм, неоклассикалық теория, кейнсиандық мектеп, институционализм, экономикалық заңдылықтар, экономикалық игіліктер, экономикалық қажеттіліктер, экономикалық категориялар, экономикалық теория, экономикалық теорияның зерттеу әдістері.
Орытынды
Қорытындылай келсек, осы дәріс барысында студенттерге экономика ұғымымен алғаш таныстырылды, даму тарихының кезеңдерін қарастырылды, Сонымен қатар, қажеттілік және игілік ұғымдарының негізі ашып түсіндірілді, яғни дәріс өз мақсатына жетті.
Бөлім – 2. Қоғам дамуының жалпы экономикалық негіздері.
Тақырып. Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
1. Экономикалық ресурстар мен экономикалық факторлар.
2. Қоғамдық өндірістің құрылымы.
3. Өндіріс және ұдайы өндіріс.
Мақсаты: экономиканың негізгі түсініктерін, ұғымдарын жалпы түрде қарастыру арқылы, оның әр түрлі жүйелерде қалай ұйымдастырылатыңдығын, негізгі принциперін жан-жақты қарастыру болып табылады. Осы арқылы эконмиканың ең түпкі мақсаты – адамдардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін, шектеулі ресурстарды тиімді пайдаланудың мүмкіндіктеріне қалай жетуге болатындығын көрсету.
Орытынды
Осы бөлімді қорытындылай келсек, дәріс өндіріс және оның құрылымын ашуға арналған. Дәріс нәтижесінде өндірістің негізгі категорияларын студенттерге жетік түсіндірілді, оның экономикалық факторларының маңыздылығы ашылды. Сонымен қатар еңбек бөлінісі мағынасы толық ашылып түсіндірілді және дәріске қорытынды жасалды.
Дістемелік нұсқаулар
Қарастырылып отырған тақырыпты зерттей отырып, өндіріс және өндірістің түрлерінің мәнін толық аша білу керек. Өндіріске қажетті ресурстардың түрлерін, олардың мәнін, айырмашылығын ажырата білу қажет.
Тақырыпта өндірістің мәнін толық аша отырып, оған қажетті өндіріс фаторларын атаңыз. Әрбір өндіріс факторына қатысты жеке сипаттама беріңіз, олардың қазіргі индустриалды-инновациялық экономикада алатын орны қандай? Өндіріске кеткен шығындардың сызбасын анықтаңыз.
Олданылған әдебиеттер тізімі
1. Әубәкіров Я, Нәрібаев Қ және т.б Экономикалық теория негіздері. Оқулық, Алматы. «Санат», 1998 – 479 бет
2. Әубәкіров Ж. Ә, Байжұманов Б.Б, Жақыпова Ф. И, Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті 1999– 280 бет
3. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е. Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А - Полиграфия» 2004 - 453 бет
Тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері
1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
2. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері мен мәселелері.
3. Экономикалық жүйелердің мәні және типтері
4. Экономиканың негізгі проблемалары және оларды әртүрлі экономикалық жүйелерде шешу тәртібі
Мақсаты:Меншік институты ұғымын жан-жақты қарастыру, әсіресе жеке меншікті талдауға басты назар салу арқылы, оның нарықтық жүйедегі рөлін көрсету. Экономикалық жүйені және оның түрлерін қарастыру арқылы экономикалық дамудың қазіргі үлгілерін түсіндіру, әсіресе Қазақстандағы қалыптасқан нарықтық жүйенің ерекшеліктерін көрсету.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Жекешелендіру, иемдену, меншік, меншік объектілері, меншік субъектілері, меншікті мемлекет иелігінен алу, қоғамдастыру, өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі, табысты бөлу әдістері, Оноре тізімі, иемдену құқығы, пайдалану құқығы, басқару құқығы
Орытынды
Дәрісте экономикалық дамудың мәні анықталды, меншік ұғымымен таныстырылды. Меншіктің түрлері. Қазақстан Республикасында меншік қатынастарды қайта құру және т.б. меншіктік қатынастардың мәніне көңіл бөлініп. Кәсіпкерлік, оның ұйымдастыру формаларына талдау жасалды. Сонымен бірге Экономикалық жүйелер және оның типтері, заңдылықтарын дәрісте толық қамтылды.
Бөлім-3. Нарық және оны реттеу механизмдері.
Тақырып. Нарықтық шаруашылықтың қалыптасу алғы шарттары. Тауар-ақша қатынастары
1. Тауар: мәні, қасиеттері, формалары
2. Ақша: мәні, пайда болу тарихы, түрлері, жүйесі, қызметтері
3. Нарықтың пайда болуы: шарттары және қызметтері
4. Нарықтың инфрақұрылымы: мәні және негізгі элементтері
5. Нарықтың элементтері: сауда және коммерция
Мақсаты: Нарықтың жетілген бәсеке және жетілмеген бәсеке жағдайындағы қызмет ету ерекшеліктерін қарастыру арқылы, олардың негізгі тетіктерінің қалай қызмет атқаратының көрсету, айырмашылықтарына талдау жасау.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Тауар, ақша мәні, түрлері; нарық, атқаратын қызметтері, нарық инфрақұрылымы, негізгі элементтері, сауда, коммерция.
Орытынды
Қорытындылай келе осы тақырып бойынша қоғамдық шаруашылық формалары анықтап, тауарлық шаруашылықтың мәні түсіндірілді, тауар қасиеттерімен таныстырылды. Ақша ұғымына түсінік беріліп ақшаның айналым заңын қарастырылды. Нарық инфрақұрылымы нарық қатынастарынан туындайды. Ол нарық қатынастарының қатысушыларына, олардың қызығушылығының іске асуына және қызметтерінің өркениетті сипатын қамтамасыз етуді жеңілдетуге бейімделген.
Дістемелік нұсқаулар
Тауар дегеніміз не? Тауардың мәнін ашу үшін, оның қасиеттерімен танысып, тарихына үңілу керек. Тауардың пайда болуымен ақша қатынастары дами бастайды, осыған байланысты ақшаның тарихына тоқтала кету керек. Ақшаның атқаратын маңызды қызметтері, олардың қазіргі таңда алатын орны. Бүгінгі таңда ақшаға қандай қасиеттер тән?
Нарық дегеніміз не? Нарықпен тығыз байланысты ұғымдарға тоқталыңыз. Нарықтың атқаратын қызметтері және оның негізгі элементтеріне не кіреді? Қазіргі индустриалды-инновациялық экономикада нарық қандай рөл ойнайды? Нарықта жасалатын сауда мен коммерцияның айырмашылығын ажырата білу.
Дебиеттер тізімі
1. Женсхан Д. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы (экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша дәрістер жинағы). Астана-2008-140 бет.
2. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория, Оқу-әдістемелік кешен, 2006ж.
3. Әубәкіров Ж. Ә, Байжұманов Б.Б, Жақыпова Ф. И, Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті 1999– 280 бет
4. Крымова В. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы, Аркаим 2003ж – 117бет
5. Макконнелл К.Р, Брю С.Экономикс в 2 х томах. Таллин. 1995. – 400 и 400стр
Тақырып. сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері. нарықтық тепе-теңдік
1. Сұраныс заңы. Сұраныстың қисығы
2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы
3. Нарықтық тепе-теңдік. Икемділік түсінігі
Мақсаты: нарықтың негізгі элементтері сұраныс пен ұсыныстың мәнін ашу, оларға әсер ететін факторларды анықтау. Нарықтағы тепе-теңдіктің қалыптасу жағдайын қарастыру. Сұраныс және ұсыныс икемділіктерін түсіндіру.
Негізгі түсініктер мен терминдер:
Сұраныс, ұсыныс, баға, табыс, икемділік, тепе-теңдік, тапшылық, молшылық.
Орытынды
Тақырыпты қорытындылай отырып, студенттер нарықтың негізгі элементтері сұраныс пен ұсынысты талдады, оған әсер ететін факторларды анықтап, сұраныс және ұсыныс қисықтарының жылжуы қарастырылды. Нарықтың тепе-теңдігі қалыптасу жағдайы және оның ауытқуы туралы мағлұмат алынды. Тапшылық пен молшылықтың орнауы.
Дістемелік нұсқаулар
Сұраныс пен ұсыныс заңдарының теориялық мазмұнын ашып графикалық түрде түсініктемелер берілді. Сұраныс және ұсыныс теориясы, әсер етуші факторлары. Нарықтық тепе-теңдік мәселелері толығымен дәрісте қарастырылды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Әубәкіров Ж. Ә, Байжұманов Б.Б, Жақыпова Ф. И, Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті 1999– 280 бет
2. Крымова В. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы, Аркаим 2003ж – 117бет
3. Макконнелл К.Р, Брю С. Экономикс в 2 х томах. Таллин. 1995. – 400 стр
Тақырып. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымдар және олардың қызметтері.
1. Жетілген бәсеке, оның шарттары. Жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның негізгі түрлері.
2. Монополия және монополистiк бәсеке. Олигополия. Таза монополия. Табиғи монополия.
Мақсаты: Нарықтың жетілген бәсеке және жетілмеген бәсеке жағдайындағы қызмет ету ерекшеліктерін қарастыру арқылы, олардың негізгі тетіктерінің қалай қызмет атқаратының көрсету, айырмашылықтарына талдау жасау.
Негізгі түсініктер:Жетілген бәсеке, жетілмеген бәсеке,сұраныс көлемі, ұсыныс көлемі, сұраныс заңы, ұсыныс заңы, сұраныстың өзгерісі, ұсыныстың өзгерісі, бағаға және табысқа сұраныстың, ұсыныстың икемділігі (созымдылығы), жеке нарықтағы тепе-теңдік, тепе-теңдік баға, монополия, табиғи монополия, таза монополия, монополистік бәсеке, олигополия, дуаполия, монопсония, олигопсония.
Орытынды
Қорытындылайтын болсақ нарық ұғымы толығымен талдап қарастырылды. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайына сипаттама берілді, ерекшеліктері анықталды. Монополия, монополиялық бәсеке, таза монополия және олигополиялық нарық мәндері ашылып, қарастырылды.
Дістемелік нұсқаулар
Тақырыпты қарастыру барысында жетілген және жетілмеген бәсеке нарықтарының айырмашылықтарын ажыратып, нарықтардың ерекшеліктерін анықтау. Жетілмеген бәсеке нарығына жататын монополия, олигополия, дуополия нарықтарының белгілері мен сипаттарын қарастыру.
Дебиеттер тізімі
1. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е. Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А - Полиграфия» 2004 - 453 бет
2. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория, Оқу-әдістемелік кешен, 2006ж.
3. Назарбаев Н.А. Послание Президента народу Казахстана. Казахстан: 2030. –Астана.- 1997.- с. 20.
Тақырып. Фирма теориясы. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру негіздері
1. Кәсіпкерлік: экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері
2. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
3. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік: қалыптасуы және даму проблемалары
Мақсаты:Кәсіпкерліктің мазмұнын, белгілерін анықтау, кәсіпкерліктің түрлерін қарастыру, Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы және даму проблемаларын талқылау.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Кәсіпкерлік субъектісі, объектісі, өндірістік кәсіпкерлік, коммерциялық кәсіпкерлік, делдалдық кәсіпкерлік, қаржылық кәсіпкерлік, сақтандыру кәсіпкерлік, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Орытынды
Осы тақырып бойынша қорыта айтатынымыз: кәсіпорын, оның түрлері, қызметтері, кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары мен Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік: қалыптасуы және даму проблемалары қарастырылды.
Дістемелік нұсқаулар
Қазіргі индустриалды-инновациялық экономикада шағын бизнестің дамуы өте маңзды рөл ойнайды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму формалары, шағын бизнестің дамуына әсер ететін факторларды анықтап қарастыру. Франчайзинг мағынасын ашып, біздің елде франчайзинг қолданыла ма, зерттеу.
Дебиеттер тізімі
1. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е. Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А - Полиграфия» 2004 - 453 бет
2. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория, Оқу-әдістемелік кешен, 2006ж.
3. Назарбаев Н.А. Послание Президента народу Казахстана. Казахстан: 2030. –Астана.- 1997.- с. 20.
4. Назарбаев Н.А. Послание Президента страны народу Казахстана.– 2012
Тақырып. Фирманың өндіріс шығындары және табыстары
1. Шығындардың мәні, түрлері
2. Табыс және пайда.
3. Негізгі және айнымалы капитал.
4. Негізгі капиталдың физикалық және материалдық тозуы.
Мақсаты: Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігін көрсету. Шығындардың нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығыны, яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі туралы түсіндіру.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Өндіріс шығындары; Өзгермелі шығындар; Тұрақты шығындар; Шекті шығындар; Шекті табыс; Пайда; Жалпы табыс; Орташа шығындар; Орташа табыс; Масштаб эффектісі; Жалпы өнім; Орташа өнім; Шекті өнім.
Орытынды
Осы тақырып бойынша қорыта айтатынымыз: бухгалтерлік және экономикалық шығындар (тұрақты, өзгермелі, шығындар, орташа шығындар, шекті және қосымша шығындар) сонымен бірге фирманың табысы, бухгалтерлік, экономикалық пайда түсінктерінің мәні кеңінен ашылып көрсетілді. Сонымен бірге капитал түрлері мен айналымы және негізгі капиталдың тозу түрлері: материалдық және моральдық тозу толық қарастырлды.
Дістемелік нұсқаулар
Өндіріс барысында өнім өндіруге кеткен шығындарды анықтау қажет, сол себепті шығынның мәніне, оның түрлеріне, сипатына толық зерттеу жасау. Бір өнімге кеткен шығынды анықтау үшін қандай шығындарды есептеу қажет?
Пайда мен табыс арасындағы айырмашылықты ажырата білу. Пайда түрлері. Капиталдың түрлері, негізгі капиталдың тозуы, капитал айналымының шапшаңдығы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Крымова В. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы, Аркаим 2003ж – 117бет
2. Макконнелл К.Р, Брю С.Экономикс в 2 х томах. Таллин. 1995. – 400 стр
3. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е.Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А-Полиграфия» 2004 - 453 бет
Тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
1. Еңбек нарығы және жалақы.
2. Капитал және процент.
3. Жер нарығы және жер рентасы.
Мақсаты: Экономикада бөлу процесі өте маңызды рөл атқарады, ол өндірілген өнімдегі әрбір адамның үлесін, қоғам мүшелерінің табысы, әл-ауқат, тұрмыс дәрежесін сипаттайды. Бұл тақырыпта меншікке сәйкес өндіріс факторлары – еңбек, капитал, жер, сондай-ақ табыс нысаны – жалақы, пайда мен пайыз, жер рентасы. Бөлу баға арқылы жүзеге асады. Сондықтан табыстардың құрылуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны түсіну керек.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Абсолюттік рента; Дифференциальды рента; Еңбек нарығы; Жалақы; Лоренц қисығы; Нақтылы мөлшерліме жалақы; Несие пайызы; Номинальды мөлшерліме жалақы; Рента
Нақты тәжірибеде жалақының әр түрлі формалары кездеседі.
Жалақыны екі незгізгі формаға бөлуге болады:
- мерзімдік жалақы еңбектердің нақты атқарған жұмыс уақытының шамасына байланысты төленеді;
- келісімдік жалақы еңбеккердің қажетті сапада өндірген өнімінің мөлшеріне байланысты төленеді.
Осы көрсетілген жалақының формалары өз кезегінде бірнеше жүйеден құралады.
Оғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.
Лоренц қисығы. | |
табыс% 100 С В D отбасы% А 20 40 60 80 100 | АС - түзу сызықта абсолюттік теңдік көрсетілген, яғни 20% отбасы 20 % табыс алады. АВС - табыстың нақты бөлінуі. Табыстарды бөлудегі теңсіздіктің нақты деңгейі “Джинни коэффициентімен” есептеледі. Коэффициент өскен сайын табысты бөлу теңсіздігі де өседі. Кдж= АВС ауданы АДС ауданы |
Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі. Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады.
Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, капитал нарығы деген түсінікке анықтаманың екі түрлі болуы мүмкін.
- Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.
- Қаржы нарығында капитал деп ақша капиталы түсініледі. Сондықтан, капиталдар нарығы қарыз капиталдар нарығының құрамды бөлігі болып табылады.
Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді.
Капитал нарығындағы сұраныс – бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолнадуға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.
Несие проценті – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие проценті капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады. Капиталға деген сұраныс келесі факторларға тәуелді:
- инвестицияның пайдалылығына,
- экономиканың дамуына,
- мемлекеттің сұранысына,
- салым мерзіміне,
- салым салу саласына тәуекелге және басқа да факторларға.
Несие пайызы номиналды және нақтылы мөлшері болып бөлінеді. Номиналды процент ставкасы – инфляцияның өсімін есепке алмайтын, ағымдағы нарықтық пайыздың мөлшері.
3.Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз. Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді:
1. Жер құнарлылығы;
2. Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.
Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады.
Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.
Абсолюттік рента – бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді. Сондықтан нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді.
Дифференциалды рентаның қайнар көзі құнарлылығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме пайдасы болып табылады.
1. Жердің табиғи құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың төлемі ретінде жер иелеріне көшуін дифференциалдық І рента деп атайды.
2. Жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалдық ІІ рента деп атайды. Екінші дифференциалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және жердің құнарлығын өсіруді, прогрессивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды тілейді.
Орытынды
Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады. Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, капитал нарығы деген түсінікке анықтаманың екі түрлі болуы мүмкін.Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.
Бөлім-4. Ұлттық экономиканың қызмет ету заңдылықтары.
Тақырып. Макроэкономиканың қалыптасу заңдылықтары. Ұлттық экономика жүйе ретінде.
1.Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
2.Макроэкономикалық тепе-теңдік.
Мақсаты: Макроэкономиканың қалыптасу заңдалықтары мен макроэкономикалық қайшылықтардың туу себебін түсіндіре отырып, оның зардаптарын азайтудың жолдарын қарастыратын модельдерді терең талдау жасау.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Жалпы ішкі өнім; Жалпы ұлттық өнім; Жеке табыс; Жиынтық сұраныс; Жиынтық ұсыныс; ЖҰӨ-нің дефляторы; Қолда қалған табыс; Макроэкономика; Таза ұлттық өнім; Тұтыну бағаларының индексі; Ұлттық есеп жүйесі; Ұлттық табыс
Р АS
Q
Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
- Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі.
- Нарықтық құрырылымы.
- Өнімділік.
- Құқық заңдылық нормалардың өзгеруі.
Жиынтық сұраныстың ұлғаю нәтижелері жиынтық ұсыныс қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.
Орытынды
Ұлттық экономиканың маңыздылығы дәріс барысында ашып көрсетілді. Макроэкономикалық көрсеткіштерге тоқталып, оның мәні, сипаты дәрісте ашып көрсетілді. Ұлттық экономикалық жүйе ретінде қалыптасуымен макроэкономикалық келесідей көрсеткіштер: ҰЕЖ, ЖҰӨ, ЖІӨ, ҰЕШ талданып қарастырылды. ЖҰӨ-ді есептеп шығарудың әдістеріне сипаттамалар берілді.
Дістемелік нұсқаулар
Макроэкономика экономиканың қандай мәселелерін қарастырады? Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді дұрыс талдай білу. Оларды есептеу амалдарын анықтау. Макроэкономикалық тепе-теңдік дегеніміз не және ол бұзылған жағдайда қандай жағдай қалыптасады?
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Крымова В. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы, Аркаим 2003ж – 117бет
2. Макконнелл К.Р, Брю С.Экономикс в 2 х томах. Таллин. 1995. – 400 стр
3. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е. Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А-Полиграфия» 2004 - 453 бет
Тақырып. Экономикалық өсу және экономикалық цикл
1. Циклдық ауытқудың мәні, түрлері, себептері
2. Дағдарыс және оның түрлері
3. Экономикалық өсудің мәні, типтері, факторлары
4. Экономикалық өсудің модельдері
Мақсаты:Экономикалық өсудің мән-мағынасын, негізгі факторларын және модельдерін қарастыру арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік дамуының негізгі мәселелеріне басты назар салу керек.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Экономикалық өсу, Экономикалық өсудің типтері, Жандану, Рецессия (дағдарыс), Стагфляция, Өсу, Тоқырау, Экономикалық өсудің факторлары
1 3
Цикл төрт фазадан тұрады. Ең бастапқы фазасы – құлдырау. Бұл жағдайда экономикалық өсудің деңгейі мен қарқынының төмендеуі жүреді, одан әрі өнім шығару тоқтайды. Мұндай құбылыс тауардың артық өндірісімен байланысты. Бұл уақытта сатылмаған өнімдердің қорлары бірден ұлғаяды. Артық тауарларды сата алмайтын өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының жаппай банкроттығы жүреді. Өндірістің тоқтауынан жұмыссыздық өседі, жалақы қысқарады. Қоғамда несиелік байланыстар мен бағалы қағаздар нарығы бұзылып, акция бағамы құлдырайды. Барлық кәсіпкерлер қарыздарды өтеу үшін ақшаға деген қажеттілікті қатаң сезінеді. Сондықтан банктік сауда пайызының нормасы өседі.
Құлдыраудан кейінгі фаза – тоқырау. Бұл уақытта өндірістің құлдырауы, ал онымен бірге бағаның төмендеуі тоқтайды. Бірте-бірте тауар запастары азаяды. Аз ғана сұраныс салдарынан еркін ақша капиталының массасы ұлғаяды, ал банктік пайыз ставкасы төмендейді. Тоқырау кезеңінде тауарлар ұсынысы сұраныстан оза алмайды, сондықтан олардың арасында тепе-теңдік қалыптасады (тауар шығымының тоқтауы сұраныс деңгейіне дейін олардың ұсынысын азайтады). Сол уақытта дағдарыстан шығудың табиғи жағдайлары қалыптасады. Өндіріс құралдарына бағаның төмендеуі және несиенің арзандауы капиталдың қорлануын, жаңа техникалық негізде кеңейтілген ұдайы өндірістің қалпына келуін қамтамасыз етеді.
Келесі фаза – жандану – дағдарыс алдындағы деңгейге дейін өндірістің кеңеюін білдіреді. Тауар запастарының мөлшері нарықты үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейде белгіленеді. Тұтынушылық сұраныстың жандануымен туған бағаның азғана өсуі байқалады. Жұмыссыздық мөлшері қысқарады. Ақша капиталына сұраныс өседі және процент ставкасы ұлғаяды.
Келесі фаза - өрлеу. Бұл кезеңде өнім шығару көлемі дағдарыс алдындағы деңгейден асып түседі. Осымен байланысты жұмыссыздық қысқарады. Сұраныстың кеңеюімен тауарларға баға өседі. Өндірістің табыстылығы артады. Несие құралдарына сұраныс ұлғаяды және сәйкесінше банк пайызының нормасы өседі.
Өндірістің циклдық дамуының себептері неде? Артық өндіру дағдарысы тұтынушылық сұраныс пен тауарлар ұсынысы арасындағы арақатынастың бұзылу нәтижесінде пайда болады. Экономикалық теорияда циклдың себептері әртүрлі түсіндіріледі:
- неоклассикалық бағыт дағдарысты кездейсоқ, тез өтетін құбылыс ретінде қарастырған;
- толық тұтынбайтын концепция – экономикалық дағдарысты жұмысшылар массасының кедейлігімен түсіндіреді;
- ақша-несие концепциясы дағдарысты ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың бұзылу нәтижесі деп түсіндіреді;
- маркстік концепция дағдарыстың себебін капитализмнің қайшылықтарымен байланыстырады;
- кейнс теориясы дағдарысты нарық механизмінің әлсіздігімен түсіндіреді.
Қазіргі экономистер циклдың себептерін үш жағдаймен байланыстырады:
1. Сыртқы факторлар: халық санының өзгеруі, инновациялар, соғыс және басқа саяси жағдайлар. Халықтың өсуі өндіріс өсуіне, жұмысбастылық деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Технологияның өзгеруі іскерлік белсенділікті шақырады, инвестициялауға ынталандырады. Саяси жағдай іскерлік белсенділікке әртүрлі әсер етеді.
2. Ішкі факторлар: тұтыну, инвестициялау және үкімет саясаты. Тұтыну әсері: фирма тұтынушыны барлық тауарлармен қамтығысы келеді, нәтижесінде тұтыну шығындары өседі, жаңа жұмысшылар жалданады. Сондықтан өндіріс көлемі, жұмысбастылық пен сату көлемі өсіп, экономика өрлеу фазасына өтеді. Тұтыну шығыны қысқарғанда керісінше жағдай пайда болады және құлдырау кезеңі басталады. Инвестицияның әсері: негізгі қорға салынған салым жаңа жұмыс орнын ашады, тұтынушының сатып алу қабілетін жоғарылатады – бұл экономикалық өсуге мүмкіндік туғызады. Инвестициялау деңгейі төмендегенде экономикалық жағдай нашарлай түседі. Үкіметтің ықпалы фискалдық және монетарлық саясатпен жүзеге асырылады.
3. Ішкі және сыртқы факторлардың синтезі. Авторлардың пікірінше сыртқы факторлар циклды қозғаушы, ал ішкі факторлар фазалық ауытқуларға алып келеді.
Қазіргі теория Самуэльсон мен Хикстің іскерлік модель циклімен байланысты. Мұнда цикл ұлттық табыстың (ЖҰӨ), капиталдың қорлануымен, тұтынумен арақатынасының нәтижесі ретінде қарастырылады. Бұл байланыс мультипликатор және акселератор арқылы қарастырылады.
Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.
ЖҰӨ1
ЖҰӨ өсу қарқыны = ----------------- 100%
ЖҰӨ0
Орытынды
Қорытындылай келсек, экономикалық тепетеңдіктің мәні және оның түрлі ауытқулары қарастырылды. Экономикалық өсу ұғымымен терең таныстырылды. Осыған орай экономикалық өсудің факторларына сипаттама берілді.
Дістемелік нұсқаулар
Экономикалық циклға әсер етеін факторларды анықтап, дағдарысқа қарсы іс-шараларды уақтылы пайдалануды қарастыру. Циклдың фазаларына тән қасиеттер. Экономикалық өсу типтері, факторлары және модельдері. Қазақстан Республикасында экономикалық өсуді анықтайтын көрсеткіштерді талдап, анықтаңыз.
Дебиеттер тізімі
1. Крымова В. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы, Аркаим 2003ж – 117бет
2. Макконнелл К.Р, Брю С.Экономикс в 2 х томах. Таллин. 1995. – 400 стр
3. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е.Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А- Полиграфия» 2004 - 453 бет
Тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
1. Жұмыссыздықтың мәні және себептері
2. Жұмыссыздыққа ЖҰӨ әсері. Оукен заңы
3. Инфляцияның мәні, түрлері, себептері
4. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы
5. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары
Мақсаты:жұмыссыздықтың мәні мен себептерін анықтау, еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, Оукен заңын есептеу, инфляцияның түрлерін қарастыру, инфляция мен жұмыссыздық арасындағы байланысты қарастыру.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Жасырын жұмыссыздық, фрикциондық жұмыссыздық, маусымдық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, ұшқыр инфляция, баяу инфляция
Жұмыс күші= жұмыс істейтіндер саны+жұмыссыздар
Жұмыс күшіне жатпайтындар: 16 жасқа дейінгілер, арнаулы мекемедегілер, жұмыс күші құрамынан шыққандар. Жұмыссыздықты сандық сипаттау үшін оның деңгейінің көрсеткіші қолданылады:
Жұмыссыздар саны
Жұмыссыздық деңгейі = -----------------------------------*100%
Орытынды
Жалпы экономикалық цикл мағынасы оның фазалары студенттерге экономикалық әдістермен таныстырылды. Инфляция және жұмыссыздық категорияларының мәні оның формаларына сипаттамалар берілді. Жұмыссыздық: мәні, себептері және Оукен заңы қарастырылды.
Дістемелік нұсқаулар
Жұмыссыздықтың түрлерін анықтап біздің елде қай түрі басым екенін қарастыру. Мемлекетте жұмыссыздық деңгейін есептеу. Жұмыссыздықпен күресу үшін мемлекетте қандай іс-шаралар жүргізіліп жатыр? Оукен заңы арқылы нені анықтаймыз? Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланысты қарастырып, талдау. Инфляция деңгейін есептеп, оның зардаптарын қарастыру. Инфляцияның пайда болуына қандай факторлар әсер етеді?
Дебиеттер тізімі
1. Крымова В. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы, Аркаим 2003ж – 117бет
2. Макконнелл К.Р, Брю С.Экономикс в 2 х томах. Таллин. 1995. – 400 и 400стр
3. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е. Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А - Полиграфия» 2004 - 453 бет
Бөлім-5. Макроэкономикалық реттеу.
Тақырып. Ақша-несие саясаты. Банк жүйесі
Ақша жүйесі түсінігі мен типтері.
2. Несиенің мәні мен формалары.
3. Қазақстан Республикасының банктік жүйесі.
4. Мемлекеттің ақша-несие саясаты
Мақсаты: Экономикалық саясаттың қалыптасуының теориялық негіздері туралы білімді қалыптастыру. Сонымен қатар, ақша-несие, салық-бюджет сияқты экономикалық саясаттың негізгі тетіктерінигеру арқылы, оларды дұрыс қолданудың жолдарын көрсете білу.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Акция; Ақша массасы; Банк; Вексель; Инвестициялық банк; Ипотекалық банк; Коммерциялық банк;Құнды қағаз; Мультипликатор; Несие; Несиелік жүйе; Облигация; Эмиссия; Эмиссиялық банк
Азақстан Республикасы ақша-несие саясатының негізгі міндеттері
Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесі реформалаудың ұзақ та қиын жолынан өтті. Еліміздің егемендік алған алғашқы жылдарындағы қолайсыз макроэкономикалық жағдай (инфляцияның жоғары деңгейі, мемлекеттік бюджет тапшылығы, жоғары пайыз мөлшерлемесі, т.б.) тиімді ақша-несие саясатын құруға айтарлықтай кедергі жасады. Алайда уақыт өте келе бұл қиыншылықтарды жеңе отырып еліміздің қаржы жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізілді. Ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей, «Қазір шетелдік мамандардың бағалауы бойынша Қазақстанда ТМД елдерінің арасындағы ең үздік, бүгінгі заман талаптарына сай, жаңа банктік жүйе қалыптасты. Бұл реформалаудың маңызды жетістігі, өйткені рыноктық экономикаға өту кезеңінде Қазақстанның өзіндік дәстүрлі банктік мектебі болған жоқ».
Бүгінгі күні ақша-несие жүйесін одан әрі жетілдіру үрдісі жалғасуда және мемлекет алдында жаңа маңызды, ауқымы зор міндеттер тұр:
v Ақша-несие саясатының инфляциялық таргеттеупринципіне өту арқылы инфляция деңгейін төмен деңгейде (жылына 3-4 пайыз деңгейінде) ұстап тұру.
v Теңгенің шетел валютасына қатысты нақты бағамының өсуін тежеу арқылы әлемдік рынокта қазақстандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін көтеру.
v Нақты секторды несиелеуді өсіру және оның ресурстық базасын кеңейту арқылы банктік жүйе мен сақтандыру рыногының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
v Қаржы рыногына қатысушылардың бақылау қызметтерін Ұлттық Банкке жұмылдыру арқылы олардың мемлекеттік реттеудегі қызметін жетілдіру.
v Қазақстанның төлемдік жүйесін Еврокеңес стандарттарына жақындату арқылы ТМД елдері арасындағы жалпы төлемдік жүйені қалыптастыру. Мұнда Ұлттық банк электрондық ақшаларды енгізу мен дамытуды жоспарлайды.
Орытынды
Қорыта айтатын болсақ мемлекеттің экономиканы реттеу құралдарына дәріс барысында жеке тоқталып таныстырылды. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудегі мәселелер ашып көрсетілді. Қаржылық жүйе және Фиcкалдық саясаттың ролі, ақша жүйесімен толық таныстырылып, несие түрлерін, банк жүйесі, ақша жүйесінің мәні және несиенің мәні формалары терең қарастырылды.
Дістемелік нұсқаулар
Ақша жүйесінің мәнін ашып, оның қандай типтері бар екенін анықтау. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің қызметін талдау. Ақша массасына әсер ететін негізгі көрсеткіштерді атап, елдегі ақша массасын анықтау. Несиенің қандай функциялары ең маңызды? Қазақстандағы несие саясатына шолу жасап, несиенің қай түріне сұраныс көп екенін зерттеу. Мемлекетте ақша-несие саясатын жүзеге асыратын негізгі субъект – Ұлттық банк екенін білесіздер, осы банктің қазіргі кездегі қызметіне талдау жасау. Қазақстан Республикасында банктің көрсететін қызметіне қарай қандай банктер бар? Анықтау. Ислам Даму Банкі Қазақстанда қандай рөл ойнайды?
Дебиеттер тізімі
1. Крымова В. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы, Аркаим 2003ж – 117бет
2. Макконнелл К.Р, Брю С. Экономикс в 2 х томах.Таллин. 1995. – 400 стр
3. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е.Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе: «А-Полиграфия», 2004. - 453 бет
Тақырып. Мемлекеттің қаржы жүйесі.
Бюджет-салық саясаты
1. Қаржы жүйесінің мәні.
2. Мемлекеттік бюджет.
3. Салық жүйесі.
4. Әлеуметтік қорғау жүйесі
Мақсаты:Мемлекеттің нарықтық жүйедегі орнын және қызметтерін анықтау, экономикалық саясаттың калыптасуының теориялық негіздерін, оның негізгі тетіктерін жан-жақты қарастыру:
Қаржы жүйесінің мәні, мемлекеттік бюджет, салық жүйесі, мемлекеттің фискалды саясаты туралы шолу жүргізу, студентке өзіндік жұмысқа бағыт беру.
Негізігі түсініктер мен терминдер
Бюджет тапшылығы; Сыртқы қарыз; Ішкі қарыз; Мемлекеттік бюджет; Мемлекеттік қарыз; Лаффер қисығы; Салық; Салық салу; Қаржы жүйесі; Қаржылар; Фискалды саясат.
Орытынды
Қорыта айтатын болсақ мемлекеттің экономиканы реттеу құралдарына дәріс барысында жеке тоқталып таныстырылды. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудегі мәселелер ашып көрсетілді. Қаржы жүйесінің мәні, мемлекеттік бюджет, салық жүйесі, мемлекеттің фискалды саясаты туралы қарастырылды.
Дебиеттер тізімі
1. Крымова В. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы, Аркаим 2003ж – 117бет
2. Макконнелл К.Р, Брю С. Экономикс в 2 х томах. Таллин. 1995. – 400 стр
3. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е.Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе: «А- Полиграфия», 2004. - 453 бет
Тақырып. экономикалық теорияның халықаралық аспектілері
1. Дүниежүзілік шаруашылық.
2. Халықаралық қатынастар және оның негізгі көріну нысандары.
3. Қазақстанның әлемдік шаруашылықтағы рөлі
Мақсаты:халықаралық экономиканы қарастыру арқылы, оның ішкі ұлттық экономикаға әсерін, оның негізгі түрлерін көрсете білу. Әсіресе сыртқы сауданың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қалай әсер ететіндігін талдау.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Валюталық курс; Ғаламдық проблемалар;Еркін сауда (фритредерство); Еркін экономикалық зона; Әлемдік шаруашылық; Протекционизм; Сауда балансы; Халықаралық сауда; Халықаралық экономикалық интеграция.
Орытынды
Жалпы дәрісті қорытындылай келсек, халықаралық экономикалық қатынастардың маңыздылығы және теориялық мәні толығымен ашып қарастырылды. Халықаралық еңбек бөлінісі және елдің бәсекеге қабілеттілігі, абсолютті және салыстырмалы артықшылық теориясы сонымен бірге халықаралық экономикалық интеграция сұрақтары кеңінен ашып қарастырылды.
НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР
Тақырып: Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны
Тақырып. Экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері
Тест
1 Экономикалық жүйе шешетін мәселелер
а) нені, қалай, кім үшін
б) қалай, кім үшін, өсу қарқыны қандай
в) қашан, неге, қайда және кім
г) жұмыссыздық
д) инфляция
2. Әкімшіл-әміршіл экономианың сипаты
а) ресурстар мен капитал салымдарын жоспарлы үйлестіру
б) меншік формаларының көптүрлілігі
в) нарықтық реттеуіштер қызметі
г) бәсекелестік
д) жеке меншіктің басым болуы
3. Экономикалық мәселелерді жартылай нарық, жартылау үкімет шешкен кезде, экономика
а)басқарушылық
б) нарықтық
в) аралас
г) дәстүрлі
д) әкімшілік
4.Аралас экономикаға жатпайды
а) меншіктің көп түрлілігі
б) орталықтандырылған жоспарлау
в) меншіктің реттеуші ролі
г) кәсіпкерліктің кең дамуы
д) барлық жауап дұрыс
5. Экономикалық жүйе ол
а) саясат пен экономиканың бірлігі
б) экономиканы ұйымдастыру тәсілі
в) экономиканың қозғалысын реттеу
г) саяси процестердің жиынтығы
д) барлық жауап дұрыс
2) Экономикалық жүйелердің негізгі элементтерін анықтап кестені толтырыңыз:
Элементтер | Өндірістік күштер | ||
Табиғи | Қоғамдық | Жалпыға ортақ | |
Еңбектің ішкі өндірістік бөлінісі | |||
Табиғи орта | |||
Ғылыми білімдер | |||
Қоғамдық еңбек бөлінісі | |||
Еңбек құралдары | |||
Қазба байлықтары | |||
Еңбек жіктелімі | |||
Топырықтың өнімділігі | |||
Еңбек кооперациясы |
3) Төмендегі елдерді экономикалық жүйелер типтері бойынша жіктеңіз:
1.Куба 4.Қазақстан 7.Франция 10.Жапония
2.Албания 5.Швеция 8.Германия 11.АҚШ
3.Россия 6.Нидерланды 9.Англия 12.Гонконг
Төмендегі кестені толтырыңыз, нарықтық экономика модельдерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
Нарықтық модельдер
Модельдің атауы | Негізгі сипаттары |
Американдық моделі | |
Жапон моделі | |
Неміс моделі | |
Швед моделі | |
Оңтүстік Корей моделі | |
Қытай моделі |
Тақырып. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымдар және олардың қызметтері
1. Тестік тапсырмаларға жауап беріңіз:
1. Қандай жағдай жетiлген бәсекеге тән болады?
А) нарықта көп мөлшерде фирмалар қызмет етсе;
Ә) нақты тауардың баламалары жоқ болғанда;
С) нарық тосқауылдарымен қорғалса;
Д) өнiмге сұраныс қисығы терiс бағытталса;
Е) альтернативтi тауарлар мол болса.
Олигополия ... бар нарықтық құрылым.
А) бiр ғана сатып алушысы;
Ә) бiр тектi өнiм өндiретiн бәсекелес фирмалары;
С) сараланған өнiм өндiретiн көп фирмалары;
Д) азғантай ғана бәсекелес фирмалары;
Е) бiрнеше сатып алушысы.
8. Квазимонополияға қандай белгi тән:
А) квазимонополия – сұраныс жағындағы монополия;
Ә) бiрнеше iрi кәсiпорындар мен шағын фирмалары;
С) бiр ғана өндiрушi мен бiр сатып алушының болуы;
Д) А) және Ә) жауаптары.
Төмендегі мысалдарға талдау жасай отырып, еліміздегі монополиядан айыру қандай нәтижелерге алып келгендігін көрсету керек.
1-ші мысал. Қарағанды облыстық "Жеміс-көкөніс сауда бірлестігін монополиядан айыру. Оның кұрамында - 6 жеміс-көкөніс базасы бар (83 бөлшек сауда көкөніс дүкендері бар) облыстық сауда бірлестігі болатын. Ол жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін сатып алып, сақтап және облыс халқына сататын. Жаппай жекешелендіру бағытына сай аталған бірлестіктің құрылтайлық құжаттарын қараған Қарағандының антимонополиялық комитеті оның құрылымдық базаларының технологиялык, жағынан өзара байланысты еместіктерін анықтаған. Сондықтан, облыстағы қалалар халқын жеміс-жидек және көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ететін бәсекелестікті тудыру үшін, Қарағанды антимонополиялық комитеті осы сауда бірлестікпен заңды тұлғалық, құқықтары бар тәуелсіз 6 акционерлік компания құрып, дербестендіру туралы шешім қабылдап, олардың қолдарына тиісті қағаздарын берген. Сондай-ақ көкөніс бөлшек саудасы да ішінapa монополиядан айырылған. Ассоциацияның 83 дүкенінің 42-ci уақталып, шағын жекешелендіру түрінде ендірілген. Ол мынандай нәтиже берді:
• жеміс-жидектер мен көкөністерді тарату және бөлшек сауда деңгейіндегі бәсекелестік басталды;
• жсміс-жидектер мен көк-өністердің жеткілікті бола бастады;
• тұтынушылардың таңдап алуларына мүмкіндік туды;
• жеміс-жидектер мен көкөністер бағалары төмендей бастады;
• жеміс-көкөніс базаларында халықтың жұмыспен қамтылу жағы жақсарды;
• акционерлік қоғамдардың қаржылық жағдайлары жақсарды.
2-ші мысал. "Қарағанды нан өнімдері өндірістік бірлестігін (ӨБ) монополиясыздандыру.Бірлестік 17 кәсіпорыннан, астық қабылдау пункттерінен (АҚП), элеваторлардан және тарату базаларынан тұратын. Комитет ӨБ-тің құрылтайлық құжаттарын және монополиядан айыру жоспарларын қарап, осы ААҚ (ашық акционерлік қоғамды) уақтату мақсатында заңды тұлғалық мәртебесімен 17 АҚ құру туралы (бәсекелестікті дамыту туралы заң негізінде) тиісті қағазын берді. Нәтижесінде:
• құрылған АҚ-ньң шаруашылық қызметтерінің түрлері кеңейді. Кейбір АҚП өсімдіктер майларын шығаруды ұйымдастырды;
• облыс халқының жұмыспен мол қамтылуды мүмкін етті;
• құрылған АҚ-ның қаржы жағдайын жақсарта түсті.
• жеміс-жидектер мен көк-өністерді бөлшек саудамен сататын дүкендер мен тасымалдайтын автокөлік өндірістік бірлестігі құрылды.
• құрылған АҚ-дың қаржылық жағдайлары жақсарды.
3-ші мысал. Қарағандының автоөнеркәcіптiк және (ОБ) монополиядан айыру.Бірлестік дербес жеті кәсіпорын және автоөнеркәcіптік кешеннен тұратын. Комитет монополиядан айыру жоспарын қарап, 7 АҚ-ның құрылуына ықпал eттi. Сондай-ақ автокәсіпорынды акцияландыру үдерісі үстінде жекеменшік секторын дамытуды да назарға ала отырып, комитет шағын жекешелендіруді тездете жүргізу үшін, автокөлік ресурстарының (барлығының 20 пайызын) бөліну қажеттілігі туралы жазба түрде шешім шығарған. Бұл жекеменшік секторын және автокөлік аясындағы бәсекелестіктікті дамытуға ықпал еткен.
4-ші мысал. Қарағанды облыстық «Агроөнеркәсіпэнерго» кәсіпорнын монополиядан айыру. Бұл кәсіпорын ауыл шаруашылығы тұтынушыларының электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсететін 5 аудандық кәсіпорыннан тұратын ААҚ (ашық акционерлік қоғам) еді. Қарағанды облысындағы АСМК (антимонополиялык саясат жөніндегі мемлекеттік комитет) акциялау жөнінде құрылтайлық құжаттарды қарап, «Агроөнеркәсіпэнергодан» 5 Акционерлік қоғам құру туралы шешім шығарып берген. Қол жеткізілген негізгі оң нәтиже мынау:
• аудандық "Агроөнеркәсіпэнерго" өзінің шаруашылық қызметінде толық тәуелсіздікке ие болды;
• қызмет түрлерін көбейтті;
• осы саладағы рынокты дамыту үшін алғы шарттар жасалынды.
Қандай шынайы себеп болмасын (ал пайдакүнемдік жүйенің тез ыдырауы, cірә, оған қаншалықты барлық қалған факторлар саны сондайлық шамада ықпал еткен), жалпы құқық соты монополияға барған сайын жауыға түсті. 19-шы ғасырдың заңдары осы үpдісті жалғастырды және көптеген алпауыттардың өмір сүруінің заңдық негізін өзгертті. Осы мысалдармен қатар соңғы кездегі баспасөз материалдарын пайдалана отырып монополиялық іс-әрекеттер (мысалы «Петроказахстан»)жөніндегі басқа мысалдарды келтіру керек.
Тақырып. Фирма теориясы. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру негіздері
Тест сұрақтарына жауап беріңіз:
1. Тұтынушылар өз қаржысын алдымен қай нарықта жұмсайды:
А)еңбек; В) жер; С)капитал; Д) тауарлар; Е) ақиқат жауап жоқ
Тақырып. Фирманың өндіріс шығындары және табыстары
Есептерді орындаңыз.
1-есеп :
Фирманың тұрақты шығындары 45 доллар. Қысқа мерзім кезеңіндегі орташа өзгермелі шығындар төмендегі кестеде берілген.
Өндірс көлемі | SAVC |
Анықтау керек:
а) Қысқа мерзім кезеңіндегі орташа тұрақты шығындарды, орташа жалпы
шығындарды, шекті шығындарды анықтаңыз.
б) SAVC;SANC;SMC-қисықтарын сызып көрсетіңіз.
Есеп
Фирманың тұрақты шығындары 60 доллар деп есептейіміз, ал өзгермелі шығындар төмендегі кестеде берілген, кестелі толтырыңыз.
Q | FC | VC | TC | AC |
Есеп
Кестені толтырыңыз
Q | TC | FC | VC | AFC | AVC | MC |
Тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
Тест сұрақтарына жауап берініз
Тақырып. Экономикалық өсу және экономикалық цикл
Тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
Бақылау формасы: қысқаша конспект.
Төмендегі кестені толтырыңыз
Кесте - Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
Құралдар | Тоқырау фазасында | Өрлеу фазасында |
1. Ақша несие саясаты | Пайыз мөлшерлі жалақысын төмендету, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатып алуы. | ? |
2. Фискальдық саясат | ? | Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын өсіру. |
3. Жалақы мен тарифтер саясаты | ? | ? |
4. Мемлекеттік инвестициялар саясаты. | Инвестициялық бағдарламалардың жылдамдықпен орындалуы, мемлекеттік қолдау жасау. | ? |
Төмендегі пікірлер дұрыс па?
1.Мемлекеттік шығындар төмендейді,фискалды саясатты қолданғанда.
2.Мемлекеттік салықтардың өсуі сұраныс қисығын солға жылжытады.
3.Мемлекеттік шығындар салықтық төлемдерден жоғары болса, онда бюджеттік тапшылық пайда болады.
4.Мемлекеттік трансферттік төлемдердің өсуі ЖҰО-ң тепе- теңдік деңгейіне ешқандай әсерін тигізбейді.
Тақырып. экономикалық теорияның халықаралық аспектілері
БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР
1-тақырып. Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс-тәсілдері.
Студенттердің өзіндік жұмысы : 1.Экономикалық теоиядағы негізгі теориялар және мектеп өкілдері, олардың айырмашылығы.
2.Экономикалық теория және экономикалық саясат.
Тақырып. Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
Студенттердің өзіндік жұмысы.
Тапсырманың мақсаты:
1. Экономикалық тиімділік: мәні, өлшеу (көрсеткіштері), рөлі
3. Экономикалық сөздік жасау қажет;
Студенттердің оқытушылар мен өзіндік жұмысы.
Тапсырманың мақсаты:
1.Экономикалық жүйелердің модельдерін оқу.
2.Аралас экономиканың модельдеріне анықнама беру
Тақырып: Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны
Студенттердiң оқытушымен өзiндiк жұмысы.
Тапсырманың мақсаты.
1.Экономикалық игіліктер мен қажеттіліктерге сипаттама.
2.Меншік субьектілері мен обьектілері.
Студенттiң өзiндiк жұмысы:
З бетінше оқуға қажетті сұрақтар.
1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
2.Меншік формалары.
3.Қажеттіліктер мен игіліктердің түрлері.
Тақырып. Нарықтық шаруашылықтың қалыптасу алғы шарттары. Тауар-ақша қатынастары
Студенттердің оқытушылар мен өзіндік жұмысы.
Тапсырманың мақсаты:
1.Тақырып бойынша логикалық схема құрастыру керек;
2. Экономикалық сөздік жасау қажет;
3.Реферат: 1 Өркениетті нарықтық экономиканың негізгі белгілері;
Тақырып. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымдар және олардың қызметтері
1. Реферат тақырыптары:
1. Қазақстандағы монополияны реттеуге арналған заңдар және оларды қолдану тәжрибесі;
2. Жетілмеген бәсеке жағдайындағы фирманың тепе-теңдігі.
Тақырып. Фирма теориясы. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру негіздері
Студенттің өзіндік жұмысы:
Өз бетінше оқуға қажетті сұрақтар:
1. Әлеуметтік – экономикалық саясаттағы шағын және орта кәсіпкерліктің ролі мен орны:
2. Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері
Реферат:1. Несие капиталдарының халықаралық нарығы және халықаралық валюта жүйесі
Тақырып. Фирманың өндіріс шығындары және табыстары
Студенттің өзіндік жұмысы:
Өз бетінше оқуға қажетті сұрақтар:
1.Фирманың табысы.
2.Жерді экономикалық бағалау және нарықтық баға.
3.Өндірушінің шығындарын минималдау және пайдасын максималдау ұстанымы.
Тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
Студенттің өзіндік жұмысы:
1. Тақырып бойынша логикалық схема құрастыру керек;
2. Экономикалық сөздік жасау қажет;
Тақырып. Макроэкономиканың қалыптасу заңдылықтары. Ұлттық экономика жүйе ретінде
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы.
Тапсырманың мақсаты:
1.Экономикалық өрлеудің түрлеріне сипаттама.
2.Ұлттық есеп жүйесінің көрсеткіштерін оқу.
Бақылау түрлері:
1.Категориялар бойынша сұрау.
Категориялар бойынша сұрау
Студенттерге төмендегі негізгі экономикалық категориялар бойынша анықтама беру керек:
Ұлттық экономика; Экономикалық тиімділік; ҒТП; Мемлекеттік реттеу;
Шығындар мен кірістердің айналымы; Жалпы ішкі өнім; Жалпы ұлттық өнім дифляторы; Қосылған құн; Ұлттық шоттар жүйесі.
Студенттің өзіндік жұмысы.
З бетінше оқуға қажетті сұрақтар.
1.Экономикалық өрлеу түрлері (интенсивтік,экстенсивтік)
2.Экономикалық өрлеу қарқынын мәселелері.
3.ҰШЖ байланысты көрсеткіштер жүйесі ретінде.
4.Экономикадағы көлеңкелі сектор.
Тақырып. Экономикалық өсу және экономикалық цикл
Студенттердің оқытушылармен өзіндік жұмысы.
1. Қазақстан Республикасында экономикалық өсуге жетудегі міндеттер.
2. Экономикалық өсуге техникалық прогресстің әсерін талдаңыз
Тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
Студенттердің оқытушылармен өзіндік жұмысы.
Тапсырманың мақсаты :
Эканомикалық циклдардағы реттеудегі мемлекеттерді анықтау.
2. Инфляцияны болдырмаудың негізгі әдістері мен танысу.
3. Жұмыссыздықтарға көмектесу бағдарламаларын оқу.
Казақстан Республикасындағы жұмыссыздық пен инфляция қандай мәселелер туындатады
Студенттің өзіндік жұмысы.
Өз бетінше оқуға қажетті сұрақтар
1. Эканомикалық циклдарды реттеудегі мемлекеттін орны .
2. Инфляция мен күресудің мемлекеттік бағдарламасы .
3. Жұмыссыздарға жәрдемдердің активті және пасивті бағдарламалары
4. Қазақстандағы инфляция мен жұмыссыздық мәселелері.
Тақырып. Ақша-несие саясаты. Банк жүйесі
Студенттердің оқытушылар мен өзіндік жұмысы.
Тапсырманың мақсаты:
1. Ақша - несие саясатының құралдарын сипаттау.
2. Қазақстанның бiр немесе бiрнеше банктерiнiң банктiк жүйесiн оқу
Бақылау түрлерi:
1. текстiлiк тапсырмалар.
2. Қысқаша хабарлама.
Категориялар бойынша сұрау. Студенттерге төмендегі негізгі экономикалық категориялар бойынша анықтама беру керек
Ақша; Тауарлық ақша ; Өтiмдiлiк; Ақшаға сұраныс; Ақшаға ұсыныс;
Айырбас құралы; Қор жинау құралы; Төлем құралы; Вексель;
Ақша айналымы; Несие; I және II деңгейлi банктер;
Ақша массасы ақша агрегаттары М1, М2, М3; Ақша-несие саясаты
Хабарлама тақырыптары:
1. Қазiргi кездегi ақша теориялары және мемлекеттiң ақша-несие саясаты.
2. Қазiргi кездегi Қазақстанның ақша-несие саясатының ерекшелiктерi.
Студенттің өзіндік жұмысы:
Өз бетінше оқуға қажетті сұрақтар:
1. Ақша - нсие саясатының құралдары және басқа да мемлекеттердiң
пайдалану спецификасы.
2. Қазақстан банктерi.
Тақырып. мемлекеттің қаржы жүйесі. бюджет-салық саясаты
Студенттердің оқытушылар мен өзіндік жұмысы.
Тапсырманың мақсаты:
Мемлекеттік фискалды саясаттың механизмдері.
Бақылау түрлері:
1.Ауызша сұрау.
2.Категориялар бойынша сұрау.
3.Рефераттар.
Категориялар бойынша сұрау. Студенттерге төмендегі негізгі экономикалық категориялар бойынша анықтама беру керек
Фискалды саясат; Дискрециондық фискалды саясат;
Дискрециондық емес фискалды саясат; Мемлекеттік бюджет;
Бюджеттік экспансияның саясаты; Бюджеттік тапшылық;
Ығыстырып шығару эффектісі; Таза экспорттық көлемнің эффектісі;
Бюджеттік баланстың мультипликаторы.
Реферат тақырыптары:
1.Қ.Р.қаржылық жүйесі және оның құрылымы.
2.Салық салудың принциптері және концепциялары.
3.Макроэкономикалық бюджеттік тапшылықтың салдары және мемлекеттік қарыз.
Студенттің өзіндік жұмысы:
Өз бетінше оқуға қажетті сұрақтар:
1.Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және оны жеңу жолдары.
2.Бюджеттік баланстың мультипликаторы.
Бақылау формасы: қысқаша конспект.
Тақырып. экономикалық теорияның халықаралық аспектілері
Студенттердің оқытушы мен өзіндік жұмысы
1. Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялау бағыттары.
2. Ғаламдық проблемалар дегеніміз не?
3. Халықаралық сауданың тиімділігін бағалау қандай теориялар арқылы жүргізіледі
Тақырып. Экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері
Айталауға арналған сұрақтар
1. Экономикалық жүйе дегеніміз не?
2. Негізгі экономикалық проблемаларды атаңыз?
3. Әртүрлі экономикалық жүйелерде таңдау проблемасы қалай шешілуде?
4. Дәстүрлі жүйе дегеніміз не?
5. Әкімшіл-әміршіл жүйенің ерекшеліктері қандай?
6. Нарықтық экономиканың мәні неде? Неліктен Қазақстан нарықтық экономикаға бет бұрды?
7. Нарықтық экономикаға өтумен байланысты қандай реформалар жүзеге асырылды?
Тақырып. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымдар және олардың қызметтері
1.Тақырып бойынша логикалық схема құрастыру керек;
2. Экономикалық сөздік жасау қажет;
Тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
Сабақтың мақсаты:Өндіріс факторларының нарығының ерекшіліктерін қарастыру, олардағы қалыптасатын табыстардың бір бірімен айырмашылықтарын көрсету.
Семинар сабағы «дөгелек үстел» түрінде өткізіледі. Ол үшін 3- 5 топқа студенттерді бөлу керек. Әр топ бір немесе екі сұраққа дайындалуы қажет. Сонымен қатар барлық топ 4 пен 5 тапсырманы орындап, семинар кезінде талдауға даяр болулалары керек.
Талқыланатын сұрақтар:
1. Өндіріс факторлары және олардың ерекшеліктері. Еңбек рыногы және жалақы. Кәсіподақтардың міндеттері.
2. Экономикалық теорияның негізгі бағыттарының капитал туралы тұжырымдары. Капиталдың ауыспалы айналымы және айналымы. Инвестициялар.
3. Капитал рыногы және пайыз. Дисконтталау.
4. Пайда теориясы. Жер рыногы және жер рентасы.
Қайталауға арналған сұрақтар:
1. Өндіріс факторлары мен олардың жасайтын табыс түрлерін атаңыз.
2. Өндіріс факторларының рыноктарына ортақ қандай қағидат бар?
3. Еңбек рыногының қандай ерекшеліктері бар?
4. Еңбектің шекті өнімі деген не?
5. Жалақының мәнін түсіндіріңіз.
6. Еңбекақының қандай түрлерін ажыратуға болады?
7. Дамыған елдердегі еңбекақы төлеуде қандай ерекшеліктер бар?
8. Қазақстандағы еңбек рыногы жағдайын сипаттап беріңіз.
9. ҚР-ның әлеуметтік еңбек қатынастарын реттейтін заң актілерін атаңыз.
Тақырып. Макроэкономиканың қалыптасу заңдылықтары. Ұлттық экономика жүйе ретінде
Сабақтың мақсаты
- ұлттық экономиканың дамуының негізгі мақсаты.
- негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және оларды есептеу әдістерін оқу.
- экономикалық қрлеу мен экономикалық тұрақтылықты сипаттау.
Талдау сұрақтары:
1. Ұлттық экономиканың қалыптасу есебі және негізгі мақсаты.
2.Макроэкономикалық есептеу негізгі экономикалық тиімділік және өсу ретінде.
3.Тұрақты экономикалық өрлеуді анықтаудың шарттары.
4.Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және оларды өлшеу.
5.Жалпы ұлттық өнімді есептеу әдістері.
Тақырып. Экономикалық өсу және экономикалық цикл
Сабақтың мақсаты:Экономикалық өсудің мән-мағынасын, өлшемдерін, негізгі факторларын және модельдерін білу және түсіндіре алу.
Талдау сұрақтары
1. Экономикалық өсу түрлері және себептері.
2. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
3. Экономикалық өсудің критерийлері (өлшемдері) факторлары және көрсеткіштері
4. Экономикалық өсу мен ғылыми-техникалық революция (ҒТР) және ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП).
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз
1. Кез келген ұлттық табыстың көбейуін экономиканың өсуі деп санауға болама?
2. Экономиканың өсуінің негізгі өлшемдеріне нелер жатады?
3. Экономиканың өсудің негізгі көздерінің құрылымы қандай?
4. Әртүрлі елдерде экономиканың өсудің әркелкі болуы қандай факторлармен анықталады?
5. Солоудың экономикалық моделіндегі ҒТП-тің рөлі қандай?
Тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
Сабақтың мақсаты:
1. Жұмыссыздық және инфляцияның салдары және себептерін аңықтау.
2. Мемлекеттің тұрақтандырушы саясаттарының анықтау.
3. Инфляцияның қарқынын және жұмысқа байланысты ЖҰӨ-ді жоғалтуды есептей алу.
Төмендегi пiкiрлер дұрыс па ?
1. Ақша – қоғамның ақша деп жарияланатын заты.
2. Ақша мультипликаторын айналымға қажеттi ақша мөлшерiн көбейту
үшiн қолдануға болады.
3. Жазылған чектер ақша болып табылады.
4. Ақша нарығы бұл тауар ретiнде қолма-қол ақша және қолма қолсыз ақшалар жүретiн нарық.
5. Нарықтағы ақша ұсынымы оған сұранымға байланысты.
АҒЫМДЫҚ, АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР және оларды орындау бойынша әдістемелік нұақаулар.
Ағымдық және аралық бақылауға арналған тест тапсыралары
1. Қай мектеп өкілдері экономикалық теорияның тарихи даму жағынан бірінші:
A) Марксизм.
B) Меркантилизм.
C) Кейнсиандықтар.
D) Физиократтар.
E) Классикалық саяси экономиия.
2. Егер экономика бір жүйе ретінде зерттелетін болса , онда ол жүйе:
A) Микроэкономикалық.
B) Макроэкономикалық.
C) Позтивтік.
D) Нормативтік.
E) Сипаттамалық.
3. Экономикалық теория пәніне қатысты емес мәселелер:
A) Экономиканы біртұтас жүйе түрінде зерттеу.
B) Мемлекет экономикасындағы жұмыспен қамтылғандар санын.
C) Бағаның жалпы деңгейін.
D) Ресурстарды тиімді бөлу.
E) Жеке тұлғалардың іс-әрекетін.
7. Экономикалық теория төмендегілердің қайсысын оқу үшін тиімді?
A) Тек нарықты экономиканы.
B) Барлық экономикалық жүйелерді.
C) Экономикалық бағытты.
D) Экономиканың дамуын.
E) Барлық жауаптар дұрыс емес.
8.Физикраттардың негізгі қағидалары:
A) Ұлт байлығы-бұл ауыл шаруашылығы тауарлары.
B) Байлықтың көзі ауылшаруашылығы еңбегінде.
C) Экономиканың нарықпен реттелуі.
D) Экономика субьектілеріне еркідік беру.
E) Байлық тек ақшамен алтынды қорландыруда.
9. Позитивті экономика:
A) «Не бар».
B) «Не болу керек».
C) Экономика дамуындағы негізгі жағдайларды.
D) Бағалық талдау.
E) Экономика дамуындағы нақты деректер мен құбылыстарды.
10.Төменделілердің қайсысын макроэкономика зерттемейді:
A) Бағаның жалпы деңгейі.
B) Қызметтер мен тауарлардың жалпы деңгейін.
C) Қызметкерлерің жалақысын.
D) Инфляция қарқының.
E) Мемлекеттік бюджетті.
11. Кейнсиандық мектептің экономистері ақша-несие саясатын ең бірінші мынаған қолдану керек дейді:
A) Сыртқы саудаға енуі.
B) Мемлекеттік бюджетті тапшылық қаржыландыру.
C) Банктік жуйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
D) Ақша ұсынысы динамикасына бақылау орнату.
E) Кірістерді басқару.
12. Төмендегі түсініктердің қайсысы экономикалық теория пәнінің анықтамасына қатысты емес?
A) Ресурыстарды тимді қолдану.
B) Шектелмеген өндірістік ресурстар.
C) Қажеттіліктерді максималды қанағаттандыру.
D) Материялды және рухани қажеттіліктер.
E) Экономикалық қорлардың шектеулілігі.
13. Экономикалық заңдарға қатысты емес:
A) Құн заңы.
B) Ақша қатынастарының заңы.
C) Сұраныс және ұсыныс заңы.
D) Бәсеке заңы.
E) Салық заңы.
14.Жалпы баға деңгейі мен жұмыссыздық экономикалық жүйенің қай курсында оқытылады?
A) Макроэкономика.
B) Микроэкономика.
C) Менеджмент.
D) Халықаралық қаржы.
E) Маркетинг.
15. Экономикалық теорияның әдістеріне не жатады?
Оқу материалын жақсы ұғыну мен қабылдауға аналған оқу пәні бойынша үлестіру және көрнекі материалдар және олармен жұмыс істеу бойынша әдстемелік нұсқаулар
Әдістемелік нұсқаулар: Оқу пәні бойынша көрнекі құралдар мен үлестіру материалдарын пайдалану кезінде студент ең алдымен пәннің мазмұнына, негізгі ұғымдар мен анықтамаларға назар аударады. Сондықтан тақырыптар бойынша дайындалған карточкалар немесе қосымшалармен жұмыс істеген кезде студент қарастырылып отырған құбылыс бойынша жалпы логикалық көзқарас қалыптастырады. Логикалық схемалармен жұмыс істеген кезде талқыланатын тақырыптың басты орталығы мен негізгі мәселелерін ашып көрсету қажет.
1) Экономикалық жүйелердің негізгі элементтерін анықтап кестені толтырыңыз:
Элементтер | Өндірістік күштер | ||
Табиғи | Қоғамдық | Жалпыға ортақ | |
Еңбектің ішкі өндірістік бөлінісі | |||
Табиғи орта | |||
Ғылыми білімдер | |||
Қоғамдық еңбек бөлінісі | |||
Еңбек құралдары | |||
Қазба байлықтары | |||
Еңбек жіктелімі | |||
Топырықтың өнімділігі | |||
Еңбек кооперациясы |
Төмендегі кестені толтырыңыз, нарықтық экономика модельдерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
Нарықтық модельдер
Модельдің атауы | Негізгі сипаттары |
Американдық моделі | |
Жапон моделі | |
Неміс моделі | |
Швед моделі | |
Оңтүстік Корей моделі | |
Қытай моделі |
Есептерді орындаңыз.
1-есеп :
Фирманың тұрақты шығындары 45 доллар. Қысқа мерзім кезеңіндегі орташа өзгермелі шығындар төмендегі кестеде берілген.
Өндірс көлемі | SAVC |
Анықтау керек:
а) Қысқа мерзім кезеңіндегі орташа тұрақты шығындарды, орташа жалпы
шығындарды, шекті шығындарды анықтаңыз.
б) SAVC;SANC;SMC-қисықтарын сызып көрсетіңіз.
Есеп
Фирманың тұрақты шығындары 60 доллар деп есептейіміз, ал өзгермелі шығындар төмендегі кестеде берілген, кестелі толтырыңыз.
Q | FC | VC | TC | AC |
Есеп
Кестені толтырыңыз
Q | TC | FC | VC | AFC | AVC | MC |
|
– Конец работы –
Используемые теги: экономика0.035
Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Экономика
Если этот материал оказался полезным для Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:
Твитнуть |
Новости и инфо для студентов