Аралық және қорытынды бақылауды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

Пән бойынша СОӨЖ тапсырмасын студенттер жеке зерттеу жұмысы ретінде тақырыптарды өз бетінше ұсынуға мүмкіндіктер беріледі, студентер мұғалім ұсынған тізім бойынша тақырыптар таңдап алуларына болады. Әрбір студент рейтингтік бақылауға дейін өз тапсырмасын мұғалімге баяндама жасап тапсыруы тиіс. Студенттерге қойылатын талаптар:

1. Таңдап алынған тапсырмаларын терең талдау жасау керек (түрлі әдістерді пайдалану:диаграммалар, түрлі коэффициенттер т.с.с.);

2. Әрбір студенттің қарастырып отырған мәселе бойынша өз пікірі қалыптасуы керек;

3. Презентация түрінде баяндама жасалуы қажет жәнеде әрбір студент ақпараттарды дұрыс ұсына білуі тиіс;

4. Әрбір мәселені қарастырғанда топ студенттері белсенділік көрсетуі тиіс.

Қорытынды бақылауға даярлық кезінде студент өткен тақырыптар бойынша жалпы шолу жасап шығуы керек, сондай-ақ тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтардың маңызды жақтарын терең зерделеуі керек. Негізгі ұғымдар мен терминдер аппараты бойынша көп жұмыс жасауы қажет. Сонымен бірге оқытушы белгілеген кеңес беру сабағына міндетті түрде қатысып, сол жерде қосымша сұрақтарын қойуы керек.