Философия оның тарихи «өлшемінде». Ежелгі Қытай, Ежелгі Үндістанның философиялық ойлары.

 

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Қытай философиясы өзінің даму барысында үш негізгі кезеңнен өтті:

Ø Б.з.д. VIIғ.-б.з.ІІІғ.- ежелгі ұлттық философиялық мектептердің пайда болуы мен қалыптасуы;

Ø ІІІ-ХІХ ғ.ғ. Үндістаннан Қытайға буддизмнің (б.з.ІІІғ.)енуі және оның ұлттық философиялық мектептерге ықпалы;

Ø ХХІ ғ.-қазіргі заманғы кезең- Қытай қоғамының біртіндеп ашыла бастауы, қытай философиясының еуропалық және дүние жүзілік философия жетістіктерімен сусындауы.

Қытайдағы ежелгі ұлттық философиялық ілімдер:

Ø даосизм;

Ø конфуцийшілдік;

Ø легизм.

Онша көп таралмаған ілімдер:

Ø моизм;

Ø натурфилософия;

Ø номинализм.

Қытайға буддизм (ІІІ ғ.) енгеннен кейінгі және ХІХ ғ. соңына (екінші кезең) дейінгі қытай философиясының негізін қалаған ілімдер:

Ø чань-буддизм (ұлттық қытай буддизмі);

Ø неодаосизм;

Ø неоконфуцийшілдік.

ХХ ғасырда қытай ұлттық философиясы мына әлемдік философиялық идеялармен байыды:

Ø христиандық діни философия;

Ø марксизм;

Ø еуропаның көрнекті философтарының идеялары;

Ø американдық прагматизм философиясы.

§3.Дүние мен қоршаған ортаны бейнелеудегі қытайлық көзқарасқа тән қасиеттер:

Ø өз елі Қытайды-шындықтағы дүниенің орталығы деп қабылдау;

Ø жеке оқиғаларды, тарихты жалпы циклдік процестер ретінде ұғыну;

Ø жердегі ғарыштық циклдердің дұрыс жүруіне, Аспан мен Жер алдында адамның өзіндік жауапкершілігін сезінуі;

Ø адам, табиғат және ғарышты бірыңғай тұтастық деп қабылдау;

Ø сананың консерватизмі, өткенге оралу, өзгерісті қаламау;

Ø жеке адам, тұлғаның ұжымнан бөлінбеуі, дараланбауы;

Ø табиғат апаттарымен күресте жеке адамның дәрменсіздігін сезіну;

Ø еңбектің жаппай (ұжымдық) формаларына басымдылық беру (Ұлы Қытай дуалын салу, каналдар қазу, бөгеттер тұрғызу, су тасқынымен күресу және т.б.);

Ø жеке адам, ұжым, мемлекет пен қоғамды бөлінбес тұтастық деп қабылдау;

Ø қоғамда вертикалдық байланыстарды (билік пен бағыну), субординацияны, бастықты сыйлауды, мемлекет басшысын ( императорды) ең жоғарғы мәртебе, мемлекетті біріктіруші күш ретінде ұғынуды қалыптастыру;

Ø қарым-қатынаста конформизмді, келісімпаздықты, мәмлегерлікті, тыныштық пен жайбарақаттылықты қалау;

Ø өмірді ең алдымен тән қабығындағы рух өмірі деп ұғыну; фәни өмірді бақи дүниеден жоғары қою; ұзақ өмір сүруге әрекет жасау (дене шынықтыру, шөп дәрілерін ішу және т.б.)

Ø о дүниелік күштердің болуын мойындау, өлгендердің жандануы;

Ø ата-аналарды, үлкендерді сыйлау, ата-баба, аруақтарды("шэн") қастерлеу.