рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

МОДУЛЬДЕГІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

МОДУЛЬДЕГІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ - раздел Образование, Азақстан Республикасының Білім Және &...

Азақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Азақ гуманитарлық заң университеті

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ КАФЕДРАСЫ

 

 

«БЕКІТЕМІН»

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің

Директоры А.С.Сабыров

 

_____________________________

Ж.

 

 

МОДУЛЬДЕГІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Философиялық-мәдени пәндер   _____________fil 1111___________

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасының ф.ғ.д., профессор Иманқұл Н.Н., ф.ғ.к., ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н. дайындады.

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедра отырысында талқыланды

Хаттама № ____ «_____» ______________________________ ___________ж.   Кафедра меңгерушісі Құсайынова Ж.Д.

Азақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Азақ гуманитарлық заң университеті

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

 

«БЕКІТЕМІН»

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің

Директоры А.С.Сабыров

_____________________________

Ж.

 

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

  Модуль пәнінің атауы: «Философия. Антропосоциогенездің…  

Дәріс пен семинар сабақтарының тақырыптық жоспары

Модульдің атауы: Философиялық-мәдени пәндер   Модуль пәннің атауы: Философия.…  

СӨЖ және СӨОЖ тапсырмаларын орындау мен тапсырудың тақырыптық жоспары

        9 және 10-шы апта, 8 сағат …

Негізгі әдебиеттер

2. Иманқұл Н.Н. Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия Астана, 2009. 3. Әбішев. Философия. Оқулык. Алматы, 2005. 4. Есім. Фалсафа тарихы. Алматы, 2004.

Осымша әдебиеттер

5. Алексеев П.В., Панин А.В. Философия М., 1996 г, 2003 г. 6. Алексеев П.В., Панин А.В. Хрестоматия по философии М., 2005 г. 7. Канке А.В. «Философия» Ростов, 2006 г.

Білімдер бағалау жалпы шкаласы

Пайызды мазмұныңда натижелі баға анықталады:   Р1 + Р2

Дәріс.

Философия социомәдени феномен ретінде

Дүниеге көзқарас -объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым… Дүниеге көзқарас түрлері- Ø Әдеттегі, қарапайым, күнделікті өмірлік көзқарас;

Философия – бұл дүниеге көзқарас формасы ретінде төмендегі қай ұғымға сүйенеді?

В) Ақыл мен ойлауға. С) Жоғары табиғи көштерге сену. D) Эмоция мен түйсікке.

Философия қай елде пайда болды?

В) Ежелгі Қытайда. С) Ежелгі Үндістанда. D) Ежелгі Грекияда.

Дәріс.

Философия оның тарихи «өлшемінде». Ежелгі Қытай, Ежелгі Үндістанның философиялық ойлары.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Қытай философиясы өзінің даму барысында үш негізгі… Ø Б.з.д. VIIғ.-б.з.ІІІғ.- ежелгі ұлттық философиялық мектептердің пайда…

БУДДИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫ.

Буддизм негізін Гаутама Будда (Сидхардха Шакьямуни) (б.з.д. 563-483 ж.ж.) салды. Ол қиыншылыққа толы, күрделі өмір… Буддизмнің басты идеясы- "Орта жолды" ұстау, яғни… "Орта жол" - білім, даналық, ақылмен шектеу, зерделеу, нұрлану, өзіндік кемелдену…

Конфуций шығармасы:.

В) Дао-сюэ. С) Лунь-юй D) Мэн-цзы.

Дәріс.

Ежелгі грек өркениетінің сипаты және антикалық философиялық дәстүрдің ерекшелігі

Ежелгі Грек философиясы (ілімі, мектебі) деп қазіргі заман Грекия территориясындағы, Кіші Азия грек полистеріндегі, Жеророта… Антикалық философия өз дамуында төрт кезеңнен… ü демократиялық - ( б.з.д. VII-V ғ.ғ.);

Дәріс №4.

Ортағасырлық (батысеуропалық және араб-мұсылмандық) мәдениетіндегі философияның мәртебесі және функциялары

Дәрістің қысқаша мазмұны:

ü Абсолюттік тұлға қағидасы; Монотеизм;

ü Теоцентризм (бүкіл дүние, адамзатты Құдай жаратты, Құдай философиялық ойлаудың негізгі тақырыбына айналды);

ü Креационизм-Құдай дүниені жоқтан бар етті және мәңгі жаратуда;

ü Провиденциализм-Құдай адам мен адамзатты құтқаруын, жарылқауын алдын ала біледі;

ü ғарышты, табиғатты, қоршаған дүние құбылыстарын зерттеуге көп көңіл бөлінбеді, өйткені олар Құдайдың жаратқаны;

ü философияда екі дәстүрдің синтезі-антикалық философия мен христиандық аян ілімінің қабысуы;

ü мән мен тіршілік, ерік пен парасат, сенім мен білім арақатынасы;

ü жаратылу догматы мен аян догматы (Інжілде) үстем болды;

ü Құдай тағылымы шеңберінде адамның ерік еркіндігі принципі сақталды;

ü Құдайға құлшылық еткен жағдайда келешекте қайта тірілу (жан мен тән) идеясы дәріптелді;

ü адам мен адамзатты Иса пайғамбар құтқарады, әрі ол бүкіл адамзаттың күнәсін мойына алып кешірімділік жасайды (арылу идеясы);

ü дүниені тану Құдайды тану, Құдайға сену арқылы жүзеге асады.

Жаратылу догматы:

ü Құдай дүниені жоқтан жаратты;

ü дүниенің жаратылуы Құдайдың қалауының, ерігінің нәтижесі;

ü дүние Құдайдың құдіретімен тұр;

ü табиғат өздігінен өзін жарата алмайды;

ü Әлемдегі жалғыз жасампаздық бастама-Құдай;

ü Құдай мәңгі, тұрақты және бәрін білуші;

ü нағыз болмыс тек Құдай болып табылады;

ü Құдай жаратқан дүние нағыз болмыс емес, ол Құдайдан пайда болған, туынды;

ü дүниені Құдай жаратқандықтан, дүние өзіне-өзі ие емес, тұрақсыз, өзгермелі және уақытша;

ü Құдай мен Оның жаратқанының арасында шек жоқ, шекара жоқ.

Аян догматы:

ü дүниені тек Құдайды тану арқылы тануға болады;

ü таным үшін Құдай тылсым (Құдайға біліммен жете алмайсың);

ü Құдайды тануға болмаса да, Ол Өзін аян арқылы - Інжілде (өзі туралы ізгі хабар) Өзін тануға мұрсат берді;

ü Құдайды және барлық мәнділікті танудың жалғыз жолы -Інжілді ұғу;

ü Құдайды тек сенім арқылы тануға болады.

Ортағасырлық философияда қайырымдылық пен зұлымдылық (жамандық пен жақсылық) мәселесі де қарастырылды;

Қайырымдылық пен зұлымдық мәселесінің шешімі жаратылу идеясынан туындайды:

ü дүниедегі барлық шарапат Құдайдан;

ü Құдай қайырымдылық пен әділетілікті беруші, демек қоршаған дүние басталуынан қайырымды;

ü дүниеге залымдықты күнәқар періште-ібіліс әкелді, ол Құдайға қарсы шықты;

ü бастапқы дүниеде зұлымдылық болмағандықтан, ол жиі қайырымдылықты бүркініп өзінің қара мақсатарына жетеді;

ü дүниеде қайырымдылық пен зұлымдықтың күресі толастамайды, бірақ дүниені Құдай жаратқан, Құдай мейірімді, сондықтан түбінде қайырымдылық зұлымдықты жеңеді.

Патристика(лат.patres -әке)-II-VIIIғ.ғ. алғашқы христиан философиясының негізін салушы шіркеу әкелерінің мектебі, ілімі.

Патристика шеңберінде мына кезеңдерді атап өтуге болады:

ü Апологетика (грек. апологемай-қорғаймын, ақтаймын)-II-IIIғ.ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздан ілім;

ü Классикалық патристика-(IV-Vғ.ғ.)-тринитарлық мәселе, яғни әке, ұл және қасиетті рух мәртебесі арақатынасы туралы ілім; христологиялықмәселе, яғни Исадағы (Христос) екіұдайлық, яғни құдаи және адами екі бастама туралы; антропологиялық мәселе, яғни құтқару мен арылу барысындағы Құдайдың мейірімі мен адамның күнәқарлық табиғаты жөніндегі ілім;

ü соңғы кезең (VI-VIIIғ.ғ.) - христиандық догматиканың орнығуы, теология мен ғылымның энциклопедиялық кодификациялануы.

Схоластика (лат.схолиа-мектеп)-ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы. Схоластиканың үш кезеңі болды:

ü ерте схоластика (IX-XIIғ.ғ.);

ü кемелденген схоластика (XIIIғ.);

ü соңғы схоластика (XIV-XVғ.ғ.).

Схоластикалық философияның негізгі мәселесі:

ü құдайдың бар екенін рационалды (ақылмен) дәлелдеу;

ü білім мен сенім, парасат пен ерік қатынасы;

ü креационизм, провиденциализм;

ü пантеизм мен аввероизммен күрес;

ü сенімнің парасаттан үстемдігі;

ü жалпылықтың жекелікке қатынасы немесе "универсалий", яғни жалпылық ұғым мәселесі.

Осы сұрақтарға жауап бере келе схоластикада екі бағыт пайда болды:

ü Реализм-нағыз болмысқа заттар емес, керісінше олардың жалпы ұғымы-универсалийлер ие дейтін ағым. Бұл Платонның "таза идеяларын" еске түсіреді. Реалистерге Эриугена (Иоан Скот), Ансельм Кентерберийскийді, Шамполық Гильомды және т.б. жатқызуға болады.

ü Номинализм (лат. nomo-атау, есім)-шындықта тек жеке, нақты заттар ғана өмір сүреді, ал жалпы ұғымдар (универсалий) олардың атауы, аталуы болады дейтін схоластикалық философияның ағымы. "Адам-тек жалпы атау, ал әрбір жеке адам осы осы атаумен аталады".

Номинализм өкілдері- Пьер Абельяр (1079-1142), Росцелин, Дунс Скот, Роджер Бэкон, Жан Буридан;

Альберт Больштедский реалистер мен номиналистерді ымыраға келтіруге тырысты. Оның уәжі:

ü универсалийлер заттарға дейін Құдайда өмір сүреді;

ü олар көптіктегі бірлік түрінде заттарда өмір сүреді;

ü адам ойында заттар туралы ұғым ретінде заттардан кейін өмір сүреді.

 

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар:Монотеизм, креционизм, провинденциализм, догматизм, патристика, апологетика, схолостика, реализм, номинализм, концептуализм, универсалий, томизм, суннизм, шиизм, суфизм, шығыстық перипатетизм т.б.

 

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Ортағасырға тән дүниетаным:

А. Космоцентризм

В. Гелеоцентризм

С. Антропоцентризм

D.Теоцентризм

Е. Натурфилософия

2. «Неге сенемін, соны танимын» пайымдауының авторы:

А.Фома Аквинский

В.Августин

С.Эриуген

D.Боэций

Е.Тертуллиан

3. Теоцентризм дүниетаным тән кезең:

А. Антика кезеңі

В. Жаңа заман

С. Ортағасыр

D. Қайта өрлеу дәуірі

Е. Ағартушылық кезең

4. Қазақстандағы суфизм философиясының өкілі:

А. Махмұд Қашқари

В. Аль-Фараби

С. Абай

D. Хайдар Дулати

Е. Қожа Ахмет Яссауи

5. «Сену үшін түсінемін» тезисінің авторы:

А. П.Абеляр

В. У.Оккам

С. Бонавентура

D. Эриуген Лаертцский

Е. Августин

6. «Суфизм» араб тілінен аударғанда мынаны білдіреді:

А. Мақта

В. Жүн

С. Алтын

D. Тас

Е. Мата

7. Ортағасырда бұл термин шынайы түрде тек қана жалпы ұғымдар немесе универсалийлер өмір сүреді деген ілімді білдіреді:

А. Дуализм

В. Материализм

С. Монизм

D. Реализм

Е. Номинализм

8. «Қос ақиқат» теориясының авторы:

А. Августин

В. Фома Аквинский

С. Авиценна

D. П.Абеляр

Е. Аверроэс

9. Ортағасырлық Батыс Еуропа философиясындағы абсолюттік бастама:

А) Адам.

В) Космос.

С) Құдай.

D) Махаббат.

Е) Білім.

10. Құдайдың үштік сипатының мәні (тринитарлық мәселе):

А) Құдай-табиғаты, құдай-рухы, құдай-жаны.

В) Құдай-құдіреттілік, құдай-даналық, құдай-игілік.

С) Құдай-әке, құдай-ұл, құдай-рух.

D) Құдай-ғарыш, құдай-рух, құдай-жаратқан.

Е) Құдай-ақыл, құдай-сенім, құдай-рухы.

 

 

Дәріс № 5.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Қайта Өрлеу Заманы философиясы деп XIV ғ. аяғы-XVI… Қайта өрлеу италиянша Реначименто, французша Ренессанс, немісше Реформацион, орысша Возрождение деп…

Айта өрлеу дәуіріне қандай сипат тән?

А) Космоцентризм.

В) Геоцентризм.

С) Антроцентризм.

D) Теоцентризм.

Е) Гелиоцентризм.

Айта өрлеу философиясының антикаға қатнасы неге сүйенеді?

А) Авторитетке.

В) Үлгіге.

С) Мұратқа.

D) Нағыз мәдениетке.

Е) Зерттеулер орталығына.

Ай дәуірде адам мәселесіне бетбұрыс жасалды?

А) Антикалық.

В) Орта ғасырлық.

С) Қайта өрлеу.

D) Жаңа дәуір.

Е) 20 ғасыр.

Астрономиядағы Коперниктің революциясы неге сүйенеді?

А) Антропоцентристік іліміне.

В) Космоцентристік іліміне.

С) Геоцентристік іліміне.

D) Гелиоцентристік іліміне.

Е) Теоцентристік іліміне.

5. “Күн қаласы” еңбегінің авторы:

А) Т.Мор.

В) Н.Кузанский.

C) Т.Компанелла.

D) Дж.Бруно.

Е) Н.Коперник.

Айта өрлеу дәуірінің негізгі тақырыбы не?

А) Қоғам.

В) Табиғат.

С) Мемлекет.

D) Космос.

Е) Жеке тұлға.

Төмендегі бағыттардың қайсысы Қайта өрлеу дәуіріне жатпайды?

А) Натурфилософия.

В) Реализм.

С) Неоплатонизм.

D) Гуманизм.

Е) Реформизм.

Дж. Бруно, Г.Галилей Қайта өрлеу дәуірінің қандай бағытының өкілдері?

В) Реализм. С) Неоплатонизм. D) Гуманизм.

Дәріс №6.

Жаңа еуропалық мәдениетіндегі философияның өз тағдырын өзі шешу мәселесі

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Жаңа заман дәуірінің жалпы сипаты.

Механика, Ньютон физикасы, жаратылыстану ғылымдары, эксперименталды- математикалық зерттеу дамыды. Ағартушылық, яғни… Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері: ü метафизикалық немесе механикалық ойлау әдісі үстем болды;

Декарттың рационалдық философиясы.

Картезийдіңфилософиялық идеялары: ü философияда тұңғыш рет сана мәселесін… ü ойлап тұрған субъект "Меннің" болуы, танымдағы ақыл, парасаттың…

Жаңа заман дәуіріндегі нидерландтар (Голландия) философиясы.

ü сауда мен кәсіпкерліктегі Нидерландықтардың жетістігі (жаңа техникалық құралдарды қолдану,… ü өзге Еуропалық елдерге қарағанда… ü Еуропадағы ең алғашқы буржуазиялық - демократиялық революцияның…

Дәріс №7.

Еуропалық философиялық дәстүрді дамытуындағы неміс классикалық философиясы және оның рөлі.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

XIXғ. неміс философиясы-әлем философиясы тарихындағы тендесі жоқ құбылыс болды. Оның кейбір маңызды ерекшеліктері:

· адамзаттың ғасырлар бойы сақтап келген ойлау бітімі мәселелерін терең зерттеп, болашақтағы философияның даму бағытын анықтады;

· сол кезеңдегі белгілі барлық философиялық идеяларды зерделеп дүниеге жаңа көзқарас, тарихилық пен логикалықтың бірлігі диалектикасын қалыптастырды;

· әлемдік философияның, "алтын қорына" ондаған данышпан көрнекті философтарды (Гегель, Кант, Маркс, Ницшежәне т.б.) қосты.

XIXғ. неміс философиясындағы негізгі бағыттар:

· неміс классикалық философиясы (XIXғ. бірінші жартысы);

· материализм (XIXғ. ортасы және екінші жартысы);

· иррационализм, "өмір философиясы" (XIXғ. екінші жартысы, соңы).

§1. "Классикалық неміс философиясы" терминін Ф. Энгельс айналымға енгізді. Бұл заңғар философия XVIIIғ. аяғы-XIXғ. бірінші жартысында (30-шы жылдар) кең тарады. Капиталистік өндіріс әдісі дамыған Еуропа елдерінің ішінде Алмания экономикалық тұрғыда мешеу қалған ел еді. Бірақ осыған қарамай немістерде рухани төңкеріс болды. Осы жағдайды сипаттай келе К.Маркс:"Француз буржуазиялық революциясының немістік теориясы болды" деген баға берді.

Неміс классикалық философиясының маңызы:

· диалектикалық дәстүрді жаңғыртып, дүниеге диалектикалық логика ілімін әкелді;

· философияның логикалық-теориялық аппаратын мейлінше дамытты;

· философияның дәстүрлі мәселелерін (болмыс, ойлау, таным және т.б.) зерттеуді адам болмысын зерттеуге аударды;

· субъективтік және трансценденталдық идеализмнен объективтік идеализмге өту;

· философияны ғылыми білімдер жүйесі ретінде ұғынды;

· тарихилық принципті негізге алды;

· тарихты, қоғам дамуын философиялық мәселе тұрғысында қарастырды.

КНФ-да үш басты философиялық бағыт болды:

· объективтік идеализм (Кант, Шеллинг, Гегель);

· субъективтік идеализм (Фихте, Кант);

· материализм (Фейербех).

НКФ негізін қалаған Иммануил Кант (1724-1804) болды:

ü Күн жүйесінің кеңістікте жай бөлшектердің құйынды айналуы нәтижесінде Ньютон физикасының заңдылықтарына сай табиғи себептерден пайда болғанын түсіндірді;

ü адам баласының танымдық қабілетінің шекарасы барлығы туралы және қоршаған дүние ("өзіндік зат") мен құбылыстардың ішкі мәнін тануға болмайтыны туралы теорияны ашты.

ü категориялар туралы ілімді, яғни диалектикада негіз құрайтын, мейлінше жалпы ұғымдарды қарастырды;

ü моральдік заңды ("категориялық императив") тұжырымдады;

ü болашақта "мәңгі бейбітшілік болатыны" туралы идеяны, яғни соғыстың экономикалық жағынан тиімсіздігі және оған құқықтық тыйым салынатынын болжады.

Иоганн Фихте(1762-1814)-субъективтік идеализм өкілі, антитетикалық әдістің, яғни "Мен" және "Мен-емес" диалектикасын қарастырды.

Георг Гегель(1770-1831)-адамзаттың ойлау әлеміндегі теңдесі жоқ данышпаны, диалектикалық логиканың, яғни ойлау туралы ойлаудың негізін салды. Біз Гегельді Жаңа дәуірдің Аристотелі деп айтқан Ф.Энгельстің пікіріне қосыламыз.

Фридрих Шеллинг(1775-1854) - объективтік идеализм өкілі, табиғат философиясы, барабарлық, трансценденталдық идеализм философиясын зерттеді.

Людвиг Фейербах(1804-1872) - КНФ -ның антропологиялық материализм өкілі. Ол идеализмді қатты сынға алып, атеизм, дүниеге материалистік көзқарасты қалыптастырды.

XIXғ. неміс философиясының КНФ-мен бірге кең тараған бағыты материализм болды:

ü Людвиг Фейербах философиясы;

ü Маркстік философия;

ü тұрпайы материалистер.

Людвиг Фейербахтыңатеистік және материалистік философиясын неміс классикалық философиясына да және материализмге де жатқызуға болады. Өйткені Фейербах философиясы КНФ-ді аяқтайды және сонымен бірге XIXғ. неміс материализмнің негізін қалады.

Классикалық (диалектикалық) материализмнің үш құрамдас бөлігі:

v маркстік философия;

v саяси экономия (экономикалық ілім);

v ғылыми коммунизм (әлеуметтік-саяси теория).

Марксизм философиясының көрнекті өкілдері Карл Маркс (1818-1883) пен Фридрих Энгельс (1820-1895) болды.

Маркстік философия:

ü бірізділікті материалистік дүние бейнесін қалыптастырды;

ü материалдық және қоғамдық болмыс үшін өндіріс пен экономиканың рөлін көрсетті;

ü қоғами болмыс қоғами сананы билейді, тарих пен қоғам дамуының негізінде материалдық өндіріс жатытынын дәлелдеді;

ü философиялық мәселелерді диалектика тұрғысынан (диалектикалық материализм) қарастырды;

ü тарихты, қоғам дамуын табиғи-тарихи, заңды (тарихи материализм) процесс деп қарастырды;

ü адам, қоғам, мемлекеттің пайда болып қалыптасуының дәйекті логикалық бейнесін берді;

ü атеистік тұрғыдағы көзқарас басым болды.

Неміс философиясының өзге түрі-тұрпайы материализм. Оның өкілдері-Фохт, Бюхнер, Молешотт адам, қоршаған дүние мәселелеріне тек жаратылыстану ғылымдары (физика, химия, биология) тұрғысынан қарастыруға тырысты:

ü табиғат заңдарын (жануарлар дүниесінің, табиғи сұрыптау, тіршілік үшін күрес) адами қоғамға (әлеуметтік дарвинизм) механикалық тели салу;

ü идеалдықты терістеу, сананың идеалдығын мойындамау;

ü сананың қызметін физиологиялық процесс деп қарастыру (бауыр өтті қалай бөліп шығарса, мида ойды солай шығарады).

3. XIXғ. екінші жартысында Алманияда иррационализм идеясы да көрініс тапты. Иррационализм- болмыс пен танымның объективтік заңдылықтарын, диалектиканы терістейтін, қоршаған дүние мен тарихты хаос, кездейсоқтық тізбегі деп қарастыратын, жалпы бірізділікті, дәйекті логикалық дамуды мойындамайтын философиялық бағыт.

Иррационализм негізін Артур Шопенгауэр (1788-1860) салған деп саналады. Жалпы Шопэнгауэр философиясы пессимистік рухта өрбиді, адамның қоршаған дүниеге, өзінің өмірін өзгертуі мүмкіндігінің, қабілеттілігінің пәрменіне сенімсіздікпен қарайды. Иррационализмге жақын философиялық ағым-"Өмір философиясы". Бұл философияның негізгі мәселесі-дүниедегі адам болмысы, оның өмір сүруінің мәні, өмірді өз бітімінде, өзінде зерделеу. "Өмір философиясының" көрнекті өкілдерінің бірі - Фридрих Ницше (1844-1900).

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: Өзіндік зат, категориялық императив, Мен және мен емес, аналитикалық пікірлер, синтетикалық пікірлер, Рух феноменологиясы, панлогизм, тезис антитезиз синтез, антропологиялық материализм т.б.

 

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Кант антиномиялары-ол:

А. Шешілмейтін қарама-қайшылықтар

В. Пайымдаулар

С. Ұғымдар

D. Аксиомалар

Е. Болжамдар

2. Кант этикасының орталық идеясы:

А. Гипотетикалық императив

В. Индивидуалды пайда принципі

С. Категориялық императив

D. Ақылды эгоизм

Е. Қоғамдық пайда принципі

3. Кант философиясындағы адам жүріс-тұрысының бастапқы принципі:

А. Гедонизм

В. Прагматизм

С. Эгоизм

D. Категориялық императив

Е. Альтруизм

4. Кант бойынша, категориялық императив дегеніміз:

А. Себеп-салдарлық

В. Табиғат заңы

С. Адамның субъективті көзқарасы

D. Әлемді эстетикалық қабылдау

Е. Моральдік заң

5. Неміс философиясының өкілі, агностик:

А. И. Кант

В. Й.Г.Фихте

С. Ф.В.Шеллинг

D. Г.Гегель

E. Л.Фейербах

6. Гегель философиясын сипаттайтын негізгі ұғымды көрсетіңіз:

А) «Өзіндік зат»

В) Апейрон

С) Монада

D) Абсолютті идея

E) Табиғат философиясы

7. Л.Фейербах өз философиясындағы негізгі көңіл аударатын мәселесі:

А) Гносеология.

В) Онтология.

С) Антропология.

D) Социология.

Е) Аксиология.

И.Кант бойынша тәжірибенің қай түрі тәжірибеге дейінгі білімді көрсетті?

A) Трансцендентальды

B) Апостериорлық

С) Аналитикалық

Д) Синтетикалық

Е) Априорлық

И.Кант бойынша тәжірибенің қай түрі тәжірибеге кейінгі білімді көрсетті?

A) Трансцендентальды

B) Апостериорлық

С) Аналитикалық

Д) Синтетикалық

Е) Априорлық

10. Ф.Шеллинг бойынша объективті идеяның, әлемдік рухтың нақты бейнесі дегеніміз:

A) Сана

B) Жан

С) Табиғат

Д) Адам

Е) Дүние

 

 

Дәріс№ 8.

XIX ғ. - XX ғ. және XXI ғ.басы. мәдениетіндегі батыс Еуропалық философия

Классикалық неміс философиясы әлемдік философияның дамуына зор ықпал етті. Ол онтологиялық және… Алайда, XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап классикалық… Сол жақтан сынау материалистік философия өкілдері

Дәріс №9.

Азақ мәдениетіндегі философия феномені.

Қазақ философиясы тарихын мына кезеңдерге бөлеміз: Көне қазақ философиясы (б.з.д. VII – б.з.V… Орта ғасырлық түркі кезеңі философиясы (VI – XIV ғ.ғ.);

Адам бол” - бұл принципті алғаш жариялаған кім?

В) А.Байтұрсынұлы. С) Ш.Уәлиханов. D) Ә.Бөкейханов.

Май ана” түркі ұғымында қандай қасиетке ие?

В) Жер мен аспан қорғаушысы. С) Күн мен түн қорғаушысы. D) Өлім мен өмір қорғаушысы.

Дәріс№10

Философияның теориялық негіздері. Болмыс философиясы. Философиялық білім жүйесіндегі гносеология.Эпистемология

Болмыс мәселесін қарастыратын философия бөлімін онтология деп атайды. Философияның қалыптасуының өзі… «Бұл таза болмыс дегеніміз таза абстракция, демек, абсолюттік… - қоршаған дүние, заттар, құбылыстар, шындықта өмір сүреді, ол…

Эмпирикалық таным формасы

В) Ойқорытынды С) Гипотеза D) Пайымдау

Антропосоциогенездің философиялық-құқықтық аспектілері

 

Дәріс№11.

Антропосоциогенездің мәні мен ерекшелік белгілері

Адам мәселесі сана мәселесі сияқты философиядағы ең күрделі, шешімін таппай келе жатқан, әрі шешімі… Философиялық антропология– кең мағынада, - адам… Антропология(грек., antropos – адам, логос – ілім) – адамның шығу тегі мен эволюциясы туралы ілім;

Адам – барлық заттың өлшемі» сөзінің авторы кім?

В) Протагор С) Аристотель D) Сенека

Дәріс№12.

Адам және оның болмысы философиялық және психологиялық антропологияның орталық мәселесі ретінде

Философиялық әдебиетте адам баласының мынадай атаулары кездеседі: «саналы пенде», «саяси хайуан» (Аристотель), «табиғат… Адам мәні, оның шығу тегі туралы негізгі… - космоцентрлік (табиғат, Ғарыштан келген);

Адам дегеніміз-еңбек құралдарын жасай білетін қабілеті бар жануар деді

А. Франклин

В. Тейяр-де Шарден

С. Швейцер

Д. Аристотель

Е. Федоров

Адамдардың өмірін – сана емес, болмыс бейнелейді, айқындайды» – деген тұжырымдаманы айтқан

А. Декарт

В. Гегель

С. Кант

Д. Витгенштейн

Е. Маркс

Күнделікті сана – бұл

А. бұл көңіл – күйлердің жиынтығы

В. бұл нанымдар мен сенімдер, болмысты әсерлеп түсіну

С. адамдардың әртүрлі қоғамдық құбылыстарды күнделікті өмірдегі түсінуі

Д. жоғарыдағының бәрі

Е. бұл сезімдердің жиынтығы

Адамның өзіндік құндылығын мойындайтын көзқарас жүйесі

А. рационализм

В. гуманизм

С. сенсуализм

Д. космологизм

Е. сциентизм

Адамды қоғамдық, мемлекеттік, саяси жаратылыс деп есептеген ойшыл

А. Платон

В. Левкипп

С. Анаксимен

Д. Демокрит

Е. Аристотель

10. Ақыр заман туралы ілім:

A. эвтаназия

B. эсхатология

C. гедонизм

D. эвдемонизм

E. футурология

 

Дәріс№ 13. Адам санасы философиялық анализдің пәні ретінде.

· сана бар, ол шындық; · сана ерекше, идеалды мәнге ие. Сана мәселесін зерттеуде философияда мына әдістер бар:

САНА ФОРМАЛАРЫ.

1. Жеке сана, 2. Қоғамдық сана. Жеке сана: · сезімдік таным – түйсік, елестету, қабылдау, қиял;

САНАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ

Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық, бір-лікте — болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана… Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана… Демек, адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде…

ЗІНДІК САНА-СЕЗІМ

Өзіндік сана-сезім — сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір… Басқаларды тану арқылы өзіңді тану.Жас бала… Қарым-қатынас процесінде адамдар бірін-бірі біліп, біріне-, бірі баға береді. Өзгенің…

Сана дегеніміз не?

А) дүниені жинақтап және мақсатқа сәйкес бейнелеумен, тілмен байланысты, жоғарғы, тек адамдарға тән мидың қызметі

В) инстинкт

С) ерік

Д) мидың сұйықтығы

Е) психика

Сана абсолюттi идеяның дамуы мен эволюцияның жемiсi»,- деген ойда қай ойшылдың позициясы байқалады.

А) Фейербах

В) Гегель

С) Шеллинг

Д) Лейбниц

Е) Кантт

Адамның iс-әрекетiнде сананың алатын орны қандай? Дұрыс пiкiрдi көрсет

А) сана адамның идеалдылық жоспары

В) сана - адамның қасиет идеясы

С) ойлау қоғамдық тарихтың көрінісі

Д) сана ойлаумен қоса сөйлеу қызметi де атқарылады

Е) адамда рационалдық саналы бастамасы бар

Көрсетiлген пiкiрдiң дұрысын белгіле

А)адамның еңбегiнiң қоғамдық сипатын талдау - сананың мәнi түсініледі

В)миды зерттеу арқылы сананы түсiнуге болады

С)кибернетикалық сана ойлайды

Д) адамның психикасы миға тәуелсіз

Е) сана қоғамдық жағдайларға тәуелсiз

Сананың қоғамдық тарихи мәнiн көрсет

А)қоғамдық өмiр әсерiн тигiзбейдi

В)сана қоғамдық өмiрден тыс қалыптаспайды

С)қоғамдық сана тәуелсіз

Д) қоғамдық сана алғашқы

Е) қоғамдық өмiрге себепшi

Сананың пайда болуы қандай құбылысқа байланысты

А)сана биологиялық эволюцияның табиғи жалғасы

В)сана бас миының қызметi

С)сана еңбектің нәтижесі

Д) сана болмыстан келген құбылыс

Е) сана шындықтың идеалдылық бейнесi

Сананың қоғамдық – тарихи мәнін көрсет

А)сана субьективтік құбылыс

В)сана табиғи құбылыс

С)адамның санасы қоғамдық өмірге себепші

Д) сана қоғамдық өмірден тыс қалыптаспайды

Е) қоғамдық өмір адамның санасына әсерін тигізбейді

Дұрыс пікірді көрсет

А)сана психологияға қарағанда кең көлемде болады

В)психология мен сана тең

С)сана және психология – бұл қоғамның әртүрлі құрылымдық элементтері

Д) психология өзіне сананы қосып алады

Е) сана – бұл дүниені қабылдаудың деңгейі

Оғамдық сана – бұл

А)қоғамдық болмыстың рухани және психикалық бейнеленуі

В)қоғамдық болмыстың саяси бейнеленуі

С)парасаттылықтың бейнеленуі

Д) болмыстың эстетикалық бейнеленуі

Е) дұрыс жауабы жоқ

 

Дәріс№ 14.

Оғам: анализдің философиялық негізі

К.Марксқоғам дамуын материалистік тұрғыда ұғынып, оның дамуы – табиғи – тарихи процесс деп,… Адамзат тарихында үш ірі қоғамдық еңбек… · егін шаруашылығының мал шаруашылығынан бөлінуі;

Экофилософия; экоэтика; экоқұқық; экоаксиология.

· «экологиялық пессимистер»(Дж. Форрестер, Д.Медоус, Р.Хейлбронер, П.Эрлих) – халық санының өсуін шектемей, адамзат… · Экологиялық императив– «Зиян етпе!» - табиғатқа… · Биотика– адамның өмір мен өлімге қатынасы.

Мәдениет феноменін зерттеуде антропологиялық негіздемесі. Құқықтық мәдениет

«Культура» (латын., cultio, cultura - өңдеу, яғни жерді, топырақты өңдеу, оны шабу дегенді білдіреді) –… Мәдениет – философияның санаға, ақылға, оны… Философия тек қана ақылды «өңдеу» немесе ұйымдастыру емес, сонымен бірге оны…

ГЛОССАРИЙ

Дін –жаратылыстан, адам мен адамзаттантыс трансценденталдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі… Философия –(грекше филео- махаббат, құштарлық; софия-… Диалектика– болмыс пен танымның, заттар мен құбылыстардың, ойлаудың жалпы даму…

Кейстің тақырыбы: «Элейлік Зенонның «Ахилес пен тасбақа» апориясының мәні».

Сағат саны – 2 сағ. Құрастырушы: ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н.

  Тарихи анықтама: Зенон (б.з.д. 490-430 ж.ж.).

Кейс-есептің тақырыбы: «Философия тарихындағы софистикалық танымның маңызы».

Сағат саны – 1 сағ. Құрастырушы: ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н.

   

Кейстің тақырыбы: «И. Канттың категориялық императиві. Прыз бен ар-ұждан».

Сағат саны – 2 сағ. Құрастырушылар: ф.ғ.к., доцент Өмірзақова Л.А.

Ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н.

Иммануил Кант (22 сәуір 1724, Кёнигсберг, Пруссия - 12 ақпан 1804) — классикалық неміс философиясын негізін салушы. Негізгі философиялық шығармалары: «Таза парасатқа сын»,… Өнегеліліктің алтын ережесі: «Өзіңе қалағаныңды өзгеге жаса,…

И. КАНТ

Қарастырылу пәні: Канттың категориялық императиві Өткізу нысаны: ойын Кейспен жұмыс 3 кезеңнен тұрады: 1. Студенттердің кейс материалымен жеке жұмысы 2.…

Кейс.

Жағдайдың сипаттамасы:

Жеке фирманың жоғары мамандырылған қызметкері биоқоспалар негізінде медициналық дәрілерді таратуымен айналысушы, бұқаралық ақпарат құралдарында мақала жариялады. Онда фирма өнімі туралы жағымсыз ақпарат берілген. Бұл мақалада кейбір биоқоспалардың пайдасыз және жүрек ауруына шалдыққандар үшін бұл биоқоспалардың кейбір категориясы зияны туралы айтылған. Ол: "Бұл дәрі дәрмектер өте қымбат және олар еш пайда әкелмейді. Сонымен қатар, "Plus" биоқоспасын қабылдаған адам, жай аурудан асқынып кеткен ауруға айналады» деп жазды. Қызметкер өзінің жеке тәжірибесі негізінде (биоқоспаларды оның туған апасы қабылдады) және дәрігердің биоқоспаның пайдасыз екені туралы тұжырымдамасы негізінде мақалада атап өтті. Бұрын қызметкер басшысына бұл дәріні басқа дәрілер тізімінен алып тастауды ұсыныс берді, бірақ басшы бұған назар аудармай, бұл компания тек лицензиясы бар тауарларды жеткізетіндігін және тауар сапасына жауапты еместігін айтты. Басшы қызметкерді жұмысқа алар алдында, фирманың жұмысы қоғамға мәлім болмауы керек туралы айтқан болатын. Бірақ оған қарамастан қызметкер бұл мақаланы жариялады. Ол мақаланы мына сөздермен аяқтады:"Басқа адамдар менің апам сияқты бұл қатені қайталанбасын. Өзімнің жеке пікірім негізінде бұл дәріні пайдалануы пайдасыз екенін адамдарға айтуым парыз деп есептеймін. Бұл ақпаратты өзінің және жақын адамдарының тағдыры немқұрайлы емес адамдар оқиды деп сенемін. Бұл газеттің оқырмандары арасында бұндай жағдайға түскен адамдар бар деп ойлаймын. Үндесіңіздер».

Мәселенің қойылымы:

1. Фирманың жарғысын бұза отырып, қызметкер нені көздеді? Ол дұрыс істеді ме?

2. Қызметкердің әрекеті қай жағдайда И.Канттың этикасы бойынша еркін деп есептуге болады?

Кейс

Жағдайдың сипаттамасы. Мақаланың авторы жұмыстан шығу үшін өзінің жеке заттарын жинастырғанда, басшы оны жұмыстан шығармады, оны бұдан да жоғары лауазымға тағайындады. Енді оның міндетінде дәрі-дәрмектерді тек тарату ғана емес, сонымен оларды жарнамалаумен қамтамасыз ету, соның ішінде мақалада сынға алған дәріні де жарнамалау керек болды. Осы қызметтерді жақсы атқара отырып фирмаға және жеке өзіне үлкен кіріс әкеледі. Басшы осындай шешімге не үшін келгенін түсіндіріп өтті, фирмаға бұндай адал, ұстанымды және де жоғары кәсіби адам пайдалы болатынын атап өтті. Басшы мақаланың авторына егер сатылымнан бұл дәріні алып тастаса, онда басқа бір фирма сол дәріні таратуымен айналысады, себебі газеттік антижарнама назарынан тыс қалды, бұл тауар мақаладан да бұрын сұраныста болды. Қызметкер шешім қабылдар алдында, өзінің биоқоспа қабылдаған апасымен кеңесті. Ол ағасына күмән тұғызатындай сұрақ қойды: «Егер сен келісім беріп және сол фирмада қалсан, онда сен менің және басқа адамдардың алдында кінәлі сезінбейсін бе, ал егер бас тартсан, онда жоғары жалақысы бар жұмысты жоғалтуын мүмкін». Қызметкер ұл шешімді қабылдады, себебі адамдар алдында өз парызын өтеді, енді өзінің жағдайын жақсарту үшін жұмыс істеу керек.

Мәселенің қойылымы: Басшының орнында болғанда сіз не істер едіңіз? Ал қызметкедің орнында боғанда?

1. Қызметкердің апасы қандай әдептілік мәселені қозғады?

2. Канттың көзқарасы бойынша, қызметкердің әрекетін әдепті деп есептеуге бола ма? Қызметкердің (немесе сіздің) әрекеті жалпы ережеге сай болғанын қалайсы ба?

 

Әдебиет тізімі:

1. Кант И. Лекции по этике. М., 2005.

2. Кант И. О мнимом праве лгать из человеколюбия // Трактаты и письма / Ред. А.В.Гулыга. М.: Наука, 1980. С. 292–297.

3. Кант И. Метафизика нравов // Кант И. Соч в 6 т. Т. 4 (2).

4. См. Мясников А.Г. Современные социально-этические трактовки кантовского запрета лжи // Этическая мысль. Вып. 7. М.: ИФРАН. 2006; Он же. Проблема права на ложь (прав ли был Кант) // Вопросы философии, 2007, № 6.

5. Соловьев Э.Ю. Категорический императив нравственности и права. М.: Прогресс-Традиция, 2005. С. 79.

 

Студенттердің өзіндік жұмыс орындау үшін таратпа материалдары

Тапсырма

 

1. Философиялық білімнің ерекшеліктерін анықтап беріңіз (ауызша)

2. Дүниеге көзқарас ұғымы, түрлері.

3. .Мифология. Мифологияның формаларына анықтама беріңіз:

- фетишизм-……….

- тотемизм-………

- анимизм………...

4. Философияның негізгі функцияларын атап шығыңыз.

 

Тапсырма

2. Ежелгі Қытай мен ежелгі Үнді философияларын салыстырмалы талдау жасау, кестені толтыру:   Шығыс философия Жалпы сипаттама Ерекше…  

Тапсырма

2. Сократтың Майевтика ілімін талдау. Сократтың атақты афоризмдерін талдау   3. Келесі тест сұрақтарына жауап беру:

Грек тілінен «атом» сөзінің аудармасы қандай?

В. Білім, таным С. Бөлінбейтін, мәңгі D. Еркін қозғалыс

Платон маған дос, бірақ ақиқат қымбат» пікірінің авторы кім?

А. Пифагор

В. Гераклит

С. Эпикур

D. Аристотель

Е. Сократ

8. Дүниенің негізі сан, - деп есептейтін Антик мектебін атаңыз:

А. Милет мектебі

В. Киниктер мектебі

С. Элей мектебі

D. Киренаиктер мектебі

Е. Пифагоршылар мектебі

Антик философиясындағы атомистік теорияның авторы кім?

А. Сенека

В. Эмпидокл

С. Демокрит

D. Фалес

Е. Аристотель

Екі дүние бар: жеке заттар дүниесі және жалпы ұғымдар дүниесі, идеялар дүниесі». Осы пікірді кім айтты?

А. Аристотель

В. Сократ

С. Сенека

D. Анаксимен

Е. Платон

 

 

Тапсырма

   

Тапсырма

   

Тапсырма

  Эмпиризм және сенсуализм Бэкон, Гоббс, Локк   Рационализм Декарт, Ньютон, Лейбниц, Спиноза …   2. Жаңа заман философиясынның өкілдеріне байланысты қосымша материал іздеп, талқылау. …

Тапсырма

1. Неміс классикалық философиясына сипаттама беру. 2. НКФ басты ерекшеліктерін қарастыру  

Тапсырма

 

1. Сократ айтты: «Мен өзімнің ештене білмейтінімді білемін». Что это-проявление ума, или опыта?

  1. Марксизм философиясының негізгі идеялары.
  2. «Түсіну үшін сенім керек» деген А.Августиннің сөздің мағынасын қалай

түсінесіз?

Тапсырма

1. Марксизм философиясы

Диалектикалық материализм сипаты, ерекшеліктері Тарихи материалаизм сипаты, ерекшеліктері.
1.  
 

 

2 Бейклассикалық философиясы. Бағыттарын атап шығыңыз.

3 Өмір философиясының мәні.

 

Тапсырма

2. Мына терминдерге түсініктеме беру: Иррационализм Волюнтаризм

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН ӨЗІ БАҚЫЛАУ ҮШІН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

А. Мифология, дін, философия В. Аңыздар, ертегілер С. Мифтер, эпостар, аңыздар

Философия» пәнінен 1-ші аралық бақылау сұрақтары

2. Философия пәні және әдістері. 3. Философия функциялары. 4. Философияның негізгі мәселелері және бағыттары.

Философия» пәнінен II аралық бақылау сұрақтары

2. Иммануил Кант философиясы. 3. И. Канттың категориялық императиві. 4. Фихтенің «Мен» және «Мен емес» диалектикасы.

Оқу жылына арналған

ФИЛОСОФИЯ» пәнінен қорытынды емтихан сұрақтары

Кредит

1. Философия грек тілінен аудармасы.

2. Философия дегеніз не?

3. Дүниеге көзқарас.

4. Дүниетанымның тарихи типтері.

5. Филосфияның эволюциялық даму кезеңдері. Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.

6. Объективтік идеализм.

7. Субъективтік идеализм.

8. Философиялық көзқарас ерекшеліктері. Монизм. Дуализм.

9. Философияның негізгі мәселесінің екі жағын көрсету.

10. Алғашқы қауымдық қоғамға тән қияли ғажайып қоғамдық сана формасы

11. Мифологияның формалары.

12. Сенімге негізделген көзқарас.

13. Білімге, ғылымға негізделген көзқарас

14. Материализм, идеализм

15. Құндылық туралы ілім

16. Болмыс мәселесін қарастыратын философиялық бөлім.

17. Таным мәселесін қарстыратын философиялық бөлім.

18. Философияның методологиялық функциясы

19. Философияның эклектикалық әдісі.

20. Философияның диалектикалық әдісі.

21. Гностицизм дегеніміз не?

22. Агностицизм дегеніміз не?

23. Ежелгі Шығыс философиясы. Ежелгі Қытайдың ұлттық ілімдері: доасизм. конфуцийшілдік. легизм.

24. Еж.Қытай философиясындағы У-вей дегеніміз не?

25. Лун Юй кімнің шығармасы?

26. Еж.Қытайдағы адамның ғарыштық энергиялары

27. Даосизмдегі "табиғилық" принцип деген не?

28. Даосизм ілімін негізін салушы.

29. Конфуцийшілдік ілімінің негізгі идеясы.

30. Конфуцийдің алтын ережесі.

31. Легизм. Легизмнің негізгі қағидасы.

32. Легизм ілімін негізін салушылар.

33. Ежелгі Үнді философиясының мектептері.

34. Упанишада.

35. Ведалар дегеніміз не?

36. Үнді фил.ежелгі эпос жырларды атаңыз.

37. Жайнизм деген не?

38. Үнді фил. адам өмірінің, тағдырының алдын ала мәлім болуы.

39. Үнді фил.материалдық түпнегіз, сана.

40. Үнді фил.буддизмнің негізін салушы және оның негізгі идеясы.

41. Философиядағы идеалистік бағытының негізін салушыкім?

42. Майевтика – диалектикалық әдіс. Негізін салушы еж.грек философы.

43. Платон ақиқат болмысы деп нені түсінді?

44. Милет мектебін негізін салушы.

45. Милет мектебінің қарастырған ең басты мәселесі.

46. Дүниенің бастамасы су, ауа, сан деп қарастырған ежелгі грек ойшылдары.

47. Антикалық ойшылдарының қайсысы этиканы "жан дәрісі", яғни қасіреттен құтылу және жанның ләззаты деп ұғынған ойшыл.

48. Panta rei – барлығы өзгереді, барлығы қозғалыста деп қарастырған ойшыл.

49. Элейлік Зенонның апориялары деген не?

50. Еж.грек философиясының атомисттер мектебі. Өкілдері.

51. Софисттер деген кімдер?

52. Адам барлық тіршіліктің, нәрсенің өлшемі деген ойшыл.

53. Өзіңді өзі таны. Мен өзімнің ештене білмейтінімді білемін.

54. Антикалық мағынадағы диалектиканың негізін салған грек ойшыл.

55. Киниктер мектебі.

56. Қай философиялық мектепте қозғалысты ойлауға болмайтынын мәселе қойылды?

57. Ортағасырлық арабтілдік фил.қай бағыты рационализм принципі негізделген?

58. Ортағасырлық арабтілдік фил.қай бағыты мистикалық бағытты ұстанды?

59. Ортағасырлық батысеуропалық креационизм идеясы

60. Ортағасырлық батысеуропалық проведенциализм принципі.

61. Ортағасырлық батысеуропалық патристика идеясы.

62. Ортағасырлық батысеуропалық апологетика.

63. Ортағасырлық батысеуропалық тринитарлық мәселесі.

64. Ортағасырлық батысеуропалық схоластика дегеніміз не?

65. Схоластиканың екі бағыты: реализм және номенализм.

66. Ортағасырлық араб филсофиясының теориялық қайнар көзі.

67. Әл Фараби атақты еңбегі.

68. Қожа Ахмет Яссауи қай бағытының өкілі?

69. Суфизм ілімі.

70. Мұтазалиттер деген кімдер?

71. Шығыстық перипатетизм. Өкілдері.

72. Платон менің досым, бірақ ақиқат қымбаттырақ деген кім?

73. Апейрон дүниенің бастамасы деп кім қарастырды?

74. Мемлекетті философ басқару керек деп кім айтты?

75. Суфизм араб тілінен аудармасы.

76. Неге сенемін, соны танимын деген кім?

77. Қос ақиқат немесе ақиқаттың екіұдайлылығы теориясның авторы?

78. Шариғат деген не?

79. Суннизм.

80. Шығыстық перипатетизм бағытын негізін салушы кім?

81. Қалам мектебі

82. Антропоцентризм дүниетанымы қай кезеңге тән?

83. Т.Мор. утопиялық социализм.

84. Қайта өрлеу заманы қай ойшылы дүниенің шексіздігі мен әлемнің түрлілігі туралы қағиданы негіздеді?

85. Гелиоцентризм теориясын негізін салған.

86. Гуманистік бағытының негізгі идеясы қандай?

87. Құдіретті комедия еңбегінің авторы

88. Реформациялық бағытың сипаттамасы.

89. Құдай мен сенушілердің қауымын тікелей өту керек деген реформациялық бағытының өкілі.

90. Күн қаласы еңбегінің авторы.

91. Дуалистік метафизиканың негізін салушы.

92. Рационализм бағытына сипаттама.

93. Рационализм бағытын негізін салушы.

94. Индуктивтік әдісті пайдаланған жаңа заман ойшылы.

95. Декарттың негізгі таным әдісі қандай?

96. Мен ойлаймын, демек мен өмір сүремін.

97. Күмәндану принципі, интуиция мен дедукцияны қарастырған кім?

98. Жаңа заман философы табиғи құқық теориясын негін салған.

99. Спиноза философиясының негізгі арқауы.

100. Күлме, жылама, тек түсін.

101. Білім – күш деген кім?

102. Ф.Бэконның негізгі таным әдісі.

103. Индуктивтік арқылы болыматын танымдық әрекет. жолдарын көрсеткен кім?

104. Өрмекші жолы.

105. Жаңа заман философиясының негізгі белгісін көрсетіңіз

106. Барлық білімдердің шығу тегі сезімдік қабылдаудан болады.

107. Д.Локктың сенсуализмі.

108. Лейбниц. Монадология.

109. Географиялық детерминизм негізін салған

110. Адам – машина кім айтты?

111. Француз ағартушылық философияның уөрнекті өкілдері.

112. Энциклопедияның бас редакторы.

113. Классикалық неміс филос.терминін кім енгізді?

114. КНФ негізін салған кім?

115. Гегельдің философиялық жүйесіндегі негізгі қайшылық.

116. КНФ идеалистік бағытының өкілдері:

117. Канттың пікірлер теориясы

118. Канттың антиномиялары.

119. Канттың Тәжірибеге дейінгі білімі қалай аталады?

120. Канттың тәжірибеден кейінгі білім

121. Кант білімдер жүйесін бөлді

122. Категориялық императив дегеніміз не?

123. Таза парасатқа сын еңбегі

124. Гегельдің абсолюттік идеясы негізі неден басталады?

125. КНФ жоғары жетістігі бұл:

126. Панлогизм. Рух феноменологиясы.

127. Гегель бойынша дамудағы ішкі қайнар көзді, қозғаушы күшті ашатын заң?

128. Гегельдің триадасы.

129. Гегель бойынша дамудың жалпы нәтижесі мен тенденциясын көрсететін заң

130. Гегельдің философиялық жүйесі.

131. Шопенгауэр философиясындағы иррационализм бір формасы.

132. Гегель философиясын материалистік тұрғыда сыңға алған неміс философы

133. Антропологиялық материализм.

134. Мен және Мен емес принципі.

135. Капитал еңбегі.

136. Қосымша құн теориясының авторы.

137. Материалдық экономикалық фактор маңызының басымдылығын айқындаған кім?

138. Тарихи материализм

139. Диалектикалық материализм

140. Орыс космизмі көрнекті өкілдері.

141. Орыс философиясындағы Соборлық деген не?

 

142. Орыс философиясындағы батысшылдар бағыты.

143. Орыс философиясындағы славянофильшілдер бағыты

144. Бүткілбірлік теориясының авторы.

145. Еркіндік және бостандық туралы идеяны қарастырған орыс экзистенциалист.

146. Шәкәрім бойынша адамның мәні.

147. Формальдық логиканың негізін салушы антика философы

148. Экзистенциализм үшін басты мәселе не болып табылады?

149. Агностицизм өкілі.

150. Волюнтаризм негізін салған

151. Өмір философиясының өкілдері

152. Неокантшылдық бағытының мектептері

153. Философиядағы инструменталистік әдісті қолданған кім, прагматист.

154. Экзистенциализмнің негізін салушы, дат.

155. Прагматизм, өкілдері.

156. Феноменология дегеніміз не?

157. Феноменоллогияның өкілдері.

158. Герменевтика деген не?

159. Герменевтикалық шеңбердің авторы.

160. Материяның өмір сүру тәсілі.

161. Субстанция ілімі.

162. Диалектиканың мәні неде?

163. Психоанализ теориясының негізін салушы.

164. Фрей бойынша жыныстық үнемі немен қақтығыста болады?

165. Ұжымдық санасыздық теорисының авторы

166. Архетипттер деген не?

167. Иррационализм өкілдері.

168. Ғылыми танымның құрылымы

169. Бейсаналық дегеніміз не?

170. Қозғалыс деген не?

171. Материадық жүйелердың өмір сүру тәсілі

172. Диалектикаға қарама қарсы бағыт

173. Гедонизм түсінігі өмірдің мәні не?

174. Өмір мәнінің утилитаристік концепциясы.

175. О.Шпенглердің атақты шығармасы

176. Позитивизм бағытын негізін салушы.

177. Позитивисттер бөліп қарастырған ғылыми тыным.

178. Ойлау қабілеттерін, заңдары мен формалырын туралы ілім.

179. Гегель философиядығы әдісі

180. Санасыздықтың психикалық себептерін ашқан философ.

181. Даму сабақтастығы, дамудың бірлігі диалектика заңы қалай аталады?

182. Даму себебін қарастыратын диалектика заңы

183. Диалектика бұл:

184. Позитивизм бойынша позитивті ғылымдар мынаған тәуілді

185. Қоғамдық экономикалық формация ұғым енгізген

186. Фальсификация., фаллибализм принципттері.

187. Камю бойынша адам үшін абсурдтан шығатын жол.

188. Тіл – болмыс тұрағы.

189. Сартрдың экзистенциалды философияның пәні.

190. Ақыр заман туралы ілім қалай аталады?

191. Болашақты, келешекті зерттеу ілім қалай аталады?

192. Гносеология

193. Онтология.

194. Структурализм. Структурализм өкілдері.

195. Эрос пен танатос

196. Әлеуметтік философияның сипаты.

197. Антропогенез деген не?

198. Дедукция мен индукция.

199. Сезімдік таным формалары

200. Рационалдық таным формалары.

201. Философия тарихында диалектикалық логика категориларының, принциптерінің және заңдарының жүйесін алғаш болып негіздеген кім?

202. Объективтік шындықты білдіретін концепция

203. Адам болмысы бұл

204. Қарапайым сана деген не?

205. Ортағасырлық батысеуропалық философиясының концептуализм өкілі кім?

206. Верификация принципінің авторы

207. Әлеуметтік философия.

208. Синергетика деген не?

209. Даму деген не?

210. Мәдениет философиясының сипатын көрсет

211. Орыс космизм негізін салушы кім?

212. Сана әдістері: физикализм мен солипсизм

213. Қоғамдық болмыс анықтамасы.

214. Әлеуметтік сфера деген не?

215. Ноосфера. Негізін салушы кім?

216. Этика. Эстетика.

217. Табиғат туралы ілім

218. Қоғам деген не?

219. Дін, мифология, философия.

220. Философиялық білім ерекшелігі.

 

– Конец работы –

Используемые теги: модульдегі, нні, дістемелік, кешені0.061

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: МОДУЛЬДЕГІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным для Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Еще рефераты, курсовые, дипломные работы на эту тему:

ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ
Та ырып Ж йке ж йесіні рылысы ызметі Мен дамуы... Та ырып Жо ары ж йке рекеті... Та ырып Сенсорлы ж йелер Сезім м шелеріні гигиенасы Анализаторларды...

ННІ МЕНЕДЖМЕНТУ, АДМІНІСТРУВАННЯ ТА ПРАВА
ВІННИЦЬКИЙ НАЦІОНАЛЬНИЙ АГРАРНИЙ УНІВЕРСИТЕТ ННІ МЕНЕДЖМЕНТУ АДМІНІСТРУВАННЯ ТА ПРАВА... Методичні вказівки для проведення лабораторних робіт з курсу Економетрія... Методичні вказівки розраховані для студентів напрямку підготовки Економіка та підприємництво...

0.023
Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • По категориям
  • По работам