Жаңа заман дәуірінің жалпы сипаты.

XVII-XVIIIғ.ғ. батыс Еуропа елдерінде капитализм қалыптасты, мануфактура дамыды. Бұл заманды ерте буржуазиялық революция дәуірі деп те атайды. Материалдық өндіріс практикасы ғылымға сүйенді.

Механика, Ньютон физикасы, жаратылыстану ғылымдары, эксперименталды- математикалық зерттеу дамыды. Ағартушылық, яғни антифеодалдық қозғалыс белең алды. Жаңа Заманды кейде ағылшын және француз материализмі дәуірі деп те атайды.

Жаңа заман философиясының басты ерекшеліктері:

ü метафизикалық немесе механикалық ойлау әдісі үстем болды;

ü философияда екі бағыт- рационализм және эмпиризм пайда болды;

ü индуктивтік - эмпириялық әдіс - жаратылыстану әдісі;

ü дедуктивтік - рационалдық әдіс - идеалистік спекулятивтік әдіс;

ü материализм философиясы мен Ағартушының идеясы.