Декарттың рационалдық философиясы.

Рене Декарт(1596-1650) француздың атақты ғалымы, математик, механик, оптик, физик, физиолог, психолог, философ. Оның ғылымда ашқан жаңалықтары: аналитикалық геометрияның негізін салды, координата жүйесі, функция ұғымын енгізді, кемпірқосақ теориясы, бөлшектердің құйынды қозғалысы, адам, жануарлардың қан айналысы, космологиялық идеялары.

Картезийдіңфилософиялық идеялары:

ü философияда тұңғыш рет сана мәселесін қарастырды;

ü ойлап тұрған субъект "Меннің" болуы, танымдағы ақыл, парасаттың шешуші рөлі, рационализмнің негізін салды;

ü күмәндану принципі, интуиция мен дедукцияны қарастырды;

ü танымда жай абстракциядан күрелі ойлауға өту әдісі;

ü дуалистік метафизика, яғни екіұдайлық, екімағыналық бастама қағидасы;

ü ғылыми таныым әдісі, рационалдық методология және "туа біте пайда болатын идеялар" қағидасы.

Декарт сана мәселесін зерттеп, санада ойлау өзінен бастау керек дейді. Сезімдік танымды ескере отырып, Картезий анық, айқын, ақиқи білімді іздеді. Танымның ақиқаттылығы - тек күманданушы "Мен", күманданушы сананың бар болуы. Мен күмәннің өзінің бар болуынан өзгенің бар болуына күмәндануым мүмкін. Мен күмәнданып тұрғандықтан- ойлап тұрмын. Менің күмәнімнің бар болуы ойлаудың бар екенін айқын дәлелдеп тұр. Менің күмәнімнің бар болуы ойлаудың бар екенін айқын дәлелдеп тұр. Сондықтан "Ego, cogito ergo sum" -"Мен ойлап тұрмын, демек өмір сүріп тұрмын".

Танымның негізгі түрі - ақыл, парасатқа сүйенген рационалдық таным. Ақиқатты іздеп табудың мүмкіндігі - туа біткен идеялардың бар болуынан туындайды. Туа біткен идеялар дегеніміз- дайын ақиқат емес, ол тек ақылдың аксиома мен ережелерді жасауға мүмкіндігі. Интеллектуалды интуиция, дедукция бастамасы- рационалдық таным, ал оның құралы - сана, ақыл, парасат.