Жаңа заман дәуіріндегі нидерландтар (Голландия) философиясы.

XVI-XVII ғ.ғ. Голландия дамыған, алдынғы қатарлы ел болды. Оның алғы шарттары, себептері:

ü сауда мен кәсіпкерліктегі Нидерландықтардың жетістігі (жаңа техникалық құралдарды қолдану, суда жүзу, коммуникация және т.б.);

ü өзге Еуропалық елдерге қарағанда буржуазиялық қоғами - экономикалық қатынастардың ерте басталып, қалыптасуы;

ü Еуропадағы ең алғашқы буржуазиялық - демократиялық революцияның болуы;

ü халықтың сауаттылық деңгейінің жоғары болуы, кітап басудың дамуы, гуманизм идеясының кең тарауы.

Қайта өркендеу және Жаңа Заман дәуіріндегі атақты Голландия философтары- Э. Роттердамский, Г.Гроций, Б. Спиноза.

Дезидерий Эразм Роттердамский (1469-1536)- философ, діндар, гуманист, "Солтүстік Қайта Өрлеу" өкілі. Ең атақты философиялық шығармасы "Ақымақтықты мадақтау". Эразм философиясының негізгі қағидалары:

ü ортағасырлық схоластиканы сынау, келеке ету;

ü ерте христиандықты мадақтау ("ерте христиандық ренессансқа" оралу, католицизм идеясын қабылдамау);

ü моральдік іс-әрекетке шақыру ("Ғайса философиясын"сақтау);

ü идеалды мемлекет деп күшті, бірақ гуманистік монархияны ұғыну;

ü дүние екіұдайлы (диалектикалық) -қарама-қарсы құбылыстар, процестер өзара байланысты, бүтіннің әртүрлі жақтары болады;

ü дау, жанжал, эксцесс, аффект, экзальтациядан ада болу керек.

Адам мәселесін зерттей келе Эразм оның жақсы және нашар қасиеттерін көрсеттіп берді. Жақсы қасиеттер:

ü еркіндік, бейбітшілік, ұстамдылық, қарапайымдылық, сауаттылық;

Нашар қасиеттер:

ü фанатизм, надандық, зорлық, екіжүзділік, шектен асқан интеллектуалды шытырмандық ("схоластиканы" терістеу, сынау).

Гуго Гроций (1583-1645) - философ, заңгер, қоғам қайраткері, Голландиялық әлеуметтік - саяси және құқық философиясының көрнекті өкілі.

Гуго философиясының негізгі мәселелері:

ü гносеология, таным мәселесі;

ü мемлекет пен құқық мәселесі;

ü соғыс пен бейбітшілік мәселесі;

ü халықаралық қатынастар мәселесі.

Гроций табиғи құқық теориясының негізін қалаушыларның бірі, оның идеялары:

ü құқықты Құдай бермеген;

ü құқық бастапқыдан адамда бітімделген;

ü барлық берілген құқықты екі үлкен тарауға бөліп қарастырды- табиғи құқық және жазылған (позитивтік) құқық;

ü табиғи құқық - адам табиғаты, болмысымен бітімделген (өмір сүру құқы, еркіндікке құқық, әділеттілік және т.б.) құқық, ол заңда жазылса да, жазылмаса да мүлтіксіз орындалуы керек;

ü позитивтік (жазылған) құқық-ресми құжаттарда, заңдарда жазылған, адам жасайтын тәртіп нормалары;

ü ресми (жазылған, позитивтік) құқық табиғи құқыққа негізделіп, оған кереғар болмауы керек.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: Рационализм, эмпиризм, субстанция, монодология, таза тақта, индуктивтік-эмпириялық әдіс, дедуктивтік-рационалдық әдіс т.б.

 

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Бұл дәуірде философия ғылыммен бірікті:

А. Ортағасыр

В. Антика кезеңі

С. Жаңа заман

D. Қайта өрлеу дәуірі

Е. Ағартушылық кезең

2. «Монада» ұғымын енгізген қай философ:

А. Лейбниц

В. Бэкон

С. Декарт

D. Локк

Е. Юм

3. Эмпирикалық әдістің негізін салушы:

А. Дж.Локк

В. Т.Гоббс

С. Р.Декарт

D. Ф.Бэкон

Е. Спиноза

4. Адам санасын «таза тақтаға» теңестірген жаңа заман философы:

А. Ф.Бэкон

В.Т.Гоббс

С.Д.Беркли

D. Спиноза

Е. Дж.Локк

5. Лейбництің философиялық жүйесінің негізгі ұғымы:

А. Монада

В. Атом

С. Материя

D. Геометрия

Е. Логос

6. Т.Гоббс бойынша «адамдардың табиғи жағдайы»:

А. Жақыныңа деген махаббат

В. Бәрінің барлығына қарсы күресі

С. Рахаттану

D. Махаббат пен жек көру теңдігі

Е. Шынайылықпен келіс

7. Р.Декарт, Г.Лейбниц, Б.Спиноза, Б.Паскаль мына ағымның өкілдері:

А) Эмпиризм

В) Сенсуализм

С) Позитивизм

D) Рационализм

E) Постпозитивизм

8. Р.Декарт ғылымындағы жаңа білім алудың екі жолы бар деп есептеледі. Декарт бойынша ол қандай екі жол?

А) Тәжірибе және практика

В) Бақылау және индукция

С) Математика және интуиция

D) Интуиция және дедукция

E) Логика және германевтика

9. “Левиафан” еңбегінің авторы:

А) Дж.Локк.

В) Т.Гоббс.

С) Лейбниц.

D) Д.Юм.

Е) И.Кант.

10. Р.Декарт ілімі бойынша, абсолюттік күмәнсіз пікір:

А) “Менің білетінім, ештеңе білмейтінім”.

В) “Мен түсіну үшін, сенемін”.

С) “Мен ойлаймын, яғни өмір сүремін”.

D) “Субстанция – барлығының себебі”.

Е) “Өз - өзіңді танып біл”.