САНА ФОРМАЛАРЫ.

Сана формалары:

1. Жеке сана, 2. Қоғамдық сана.

Жеке сана:

· сезімдік таным – түйсік, елестету, қабылдау, қиял;

· ойлау;

· ерік, зейін, зерде;

· көңіл-күй, сезім, уайым.

Қоғами сана:

· әдеттегі сана;

· көпшіліктік сана;

· идеология;

· қоғамдық психология;

· теориялық сана.

Өзіндік сана– адамның қоғамдағы өзінің іс-әрекеттерін, сезімін, ойларын, жүріс-тұрыс қимылдарын, әдебін, мүдделерін, қоғамдағы өз орнын бағалау мен түсіну. Өзіндік сана – адамның қоршаған ортадан өзін бөліп, оқшауланып, өзінің «Менін» зерделеуі, ұғынуы, қарастыруы.

Адам санасының басты қасиеттері:

· идеалдық;

· интенционалдық;

· идеаторлық.

Идеалдық– сананың ерекше, бейматериалдық мәні. Идеалдық сана өз болмысында:

· материалдық дүниеге қарама-қарасы;

· материяға тәуелсіз; одан алғашқы;

· беймәлім, материалдық әдістермен танылмайды.

Интенционалдық– нәрсеге бағытталғандықты білдіреді. Сана нәрсесіз, затсыз болмайды. Сананың интенционалдығы мынаны талап етеді:

· сана нәрсесі (сана нені «көреді»);

· сана формасы (сана нәрсені қалай қабылдайды).

Сана нәрсесі, заты:

· қоршаған дүние, оның заттары, құбылыстар;

· ерекше, өзіндік рухани дүние, ол жоғарғы дүниемен байланысты, әрі байланыссыз.

Сананың негізгі формалары:

· қабылдау;

· мағына беру; зерделеу;

· бағалау;

· еске түсіру; елестету;

· қиял;

· өмірлік тәжірибе.

Идеаторлық– сананың идеяларды тудыруы және жасампаздық қабілеті. Сананың бейнелеу шеңберінен шығып, іштей шығармашылық қызметі, абстрактты идеяларды тудыруы.

Сананың қалыптасуындағы сөзбен қарым-қатынастың ролі.Ф. Энгельс сананың қалыптасуында сездің қаншалықты үлкен маңызды роль атқарғанын атап керсеткен болатын. Сірә, адамның еқ бергідегі ата-бабалары психофизикалық жағынан өте жоғары дәрежеде дамығандықтан, басқа жануарларға қарағанда дыбыстық белгілерге көбірек жүгінсе керек. Адам мен питекантроп, неандертальдық және кроманьондық миларының гипстен жасалған үлгілерін салыстырғанда, сейлеу және іс-әрекетпен байланысты, маңдайдың төменгі бороздасының алдыңғы тармағы қазіргі адамдарда бұрынғы тектестерінікінен әлдеқайда артық жетілгендігі анықталған. Олай болуы түсінікті де: қоғамдық сипат алған еңбек адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара көмегін талап етті, дыбыстық белгілер ендігі жерде еңбекке бастап қана қоймай, еңбекті жүзеге асырушы дәрежесіне көтерілді. Сөйтіп, ол белгі беру құралынан біртіндеп еңбекті ұйымдастыру құралына айналды. Дыбыс комплекстері ендігі жерде заттарды, әрекеттерді және еңбектің тұтас ситуацияларын белгілей бастайды. Сейлеудің қалыптасуы адамның психикалық дамуындағы революция болды.

Сейлеу белгілері жоғары нерв қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады.

Сөйлеу таным деңгейін жаңа сатыға көтереді. Себебі, сөз нақтылы бір атаудың алуан қырын танымның жалпы шеңберінде қорытып, жинақтап береді. Демек, ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол жоғары сатыдағы жануарлардың пәрменді және нақтылы-бейнелі ойлауынан — өзгеше дерексіз ойлау жетіледі, ал дерексіз ойлау дегеніміз — сананың өзегі.

Марксизм-ленинизм классиктері сөйлеу мен сананы бір-бірінен бөліп қарауға болмайтындығын атап көрсеткен болатын. Сөйлеу, сөз — біздің саналық болмысымыздың формасы — қарым-қатынас шеңберін кеңейте түседі. Қарым-қатынас процесінде адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты тани түседі. Демек, еңбекпен қатар сөйлесу де сана мен адамдардың өзіндік сана-сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады. Қарым-қатынас жасау — қоғамдық өмір факторы. Қарым-қатынас процесінде психологиялық қауымдастықтар қалыптасады, яғни өз заңдары бар қоғамдық психология пайда болады.

К. Маркс пен Ф. Энгельс: «Индивидтің дамуы ол тікелей немесе жанама түрде қарым-қатынаста болатын барлық басқа индивидтердің дамуымен шарттас айқындалады» — деп жазған болатын.

Совет философы Ю. Қ. Мельвиль: «Адамның бүкіл рухани дүниесі оның өзге адамдармен қарым-қатынасында ғана пайда болады және дамиды. Ал қарым-қатынас процесінде адамдардың тек өз жеке басының ғана емес, сондай-ақ адамдардың қоғамдық санасы да. қалыптасады»,— деп атап көрсетті.

Сөйлеудің арқасында адамдар өткен ұрпақ тәжірибесін жи-нақтап, сақтап және келер буынға тапсыра алатын болашаққа көз жіберіп, өз ісінің нәтижесін шамалайтын еңбекті, өмірді, әлеуметтік күресті жоспарлай алатын болды.