Тарау. Діндегі жаңалық (бидғат) деген не және оның зияны неде?

Діндегі жаңалық (бидғат) – Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалардың кезінде кезінде олардың Аллаһқа жақындау жолында және Оған құлшылық қылуларында көрініс таппаған кез келген сенім, сөз және амал.

Қасиетті кітаптарда сөгіс айтылған діндегі жаңалықтардың (бидғаттың) не екендігін, сондай-ақ олар адасушылық болып табылатындығын төмендегілер нұсқайды[7]:

1. Сүннетке қайшы келетін барлық сөздер, амалдар және сенімдер, тіпті олар ижтиһадтың нәтижесі болса да (мысалы, жұма намазына шақырылатын екі азанның біріншісі)[8].

2. Адам Аллаһқа жақындауды және Оның разылын алуды қалап істейтін, бірақ шариғатта оның тыйым салынғандығы туралы нақты нұсқау болған кез келген іс (мысалы, туысқан адамыңның қайтыс болғанынан кейін үшіне, жетісіне, қырқына, жылына, өлген күніне, жамбасы жерге тиген күніне, туған күніне, пейшенбілікке, т.с.с. күндерді белгілеп (атап), адамдарға арнап дастархан жаю (тамақ беру)).

3. Тек шариғи мәтінмен ғана заңды етіп бекітілетін, бірақ оған қатысты шариғи мәтін жоқ кез келген іс. Сахабаның бірнеше рет істеген ісі, егер басқа сахабалар оған ешқандай сөгіс білдірмеген болса (мысалы, намаздың немесе дұғаның ерекше бір түрі т.б.), бұдан тыс шығарылатын іс болып табылады.

4. Кәпірлерден алынып, кейін шариғатта заңдастырылған ғибадатқа телінген іс (мысалы, негізі христиандардың Рождество Христово (Христостың туған күні) мерекесі болған Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туғанына арналған мереке өткізу).

5. Кейбір ғалымдар оларды істеу жақсы деп айтқан, бірақ қасиетті мәтіндерде бұған дәлелдері жоқ істер (мысалы, қабірдің басына, не жалпы бейіттерге тал отырғызу).

6. Тек әлсіз және өтірік хадистерде ғана нұсқалған (көрсетілген) кез келген ғибадат (мысалы, Аллаһқа Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) немесе әулиеніңнінің құрметі және құқығы арқылы жүгіну (сопылардың заңдастырылмаған тәууасулі)).

7. Қандай да бір ғибадатта шектен шығу (мысалы, Рамазан айынан өзге уақытта үнемі, үзіліссіз, күнде ораза ұстау).

8. Заңдылығына шариғат нұсқаған, бірақ оны белгілі бір күнмен, орынмен, тәсілмен немесе санмен шектемеген ғибадаттар (мысалы, өз аумағыңның қабірлеріне зиярат жасау шариғатта заңдастырылған, бірақ «оларды әр жұма күні немесе айт күндерінде зиярат ету жақсырақ» деген сөз діндегі жаңалық болып табылады). Діндегі жаңалықтар туралы көптеген аяттар, хадистер және сахабалардан хабарлар келген. Олардың мәні діндегі жаңалықтар көпқұдайшылдықтан кейінгі ең жаман амал екендігіне келіп тіреледі!

Олардың зияны неде?

1. Діндегі жаңалықтың жақтаушысы (бидғатшы) жанама түрде: «Аллаһ Тағала әділетсіздік жасады және адамдарға сауапқа жетуге болатын кейбір амалдар мен жолдар туралы хабар жібермеді», - деп мәлімдеген болады.

Аллаһ былай деп айтады: «Олардың жүректерінде дерті бар ма? Немесе күдіктенуде ме? Не өздеріне Аллаһ, Пайғамбары әділетсіздік істейді деп қорқа ма? Олай емес. Олардың өздері залымдық істеуде»(24:50).

Сондай-ақ Ол: «Міне, Раббыларың туралы ойлаған осы ойларың өздеріңді жойды да, сонда зиянға ұшыраушылардан болдыңдар»,- деді(41:23).

2. Бидғатшы жанама түрде: «Пайғамбардың өзі діндегі бұл жаңалықтың игілігі туралы білмеген», - деп мәлімдеген болады. Бірақ бұл мына хадиске қайшы келеді: «Сендерді Аллаһқа жақындатын бірде-бір нәрсені мен сендерге нұсқамай қалдырмадым. Әрі сендерді Аллаһтан алыстатып, Отқа жақындататын бірде-бір нәрсені мен сендерге тыйым салмай қалдырмадым». Хадис сенімді (сахих);әт-Табарани «әл-Кәбир» № 1647; Ибн Хиббан 65, Абу Заррдың сөздерінен.

Бұл хадистен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сауапқа жетудің барлық жолдары мен тәсілдерін білгендігі бірмағыналы түрде түсініледі.

3. Бидғатшы жанама түрде: «Пайғамбар Аллаһ оған адамдарға жеткізуді бұйырған нәрсесінің бір бөлігін бізден жасырып қалды», - деп мәлімдеген болады.

Бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Аллаһ сендерге бұйырып, мен сендерге бұйырмаған, және Аллаһ сендерге тыйым салып, мен сендерге тыйым салмаған ешнәрсе жоқ» деген хадисіне анық қайшы келеді.

Осыдан шыға келе кез келген бидғатшы өзінің бидғатымен жанама немесе ашық түрде Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күйе жаққан болады. Сондықтан да ханафи мазһабының имамдарының бірі имам әл-Баркауи (981 х/ж) былай деген екен: «Сен қандай көпқұдайшылды кездестірсең де, ол міндетті түрде Аллаһ Тағаланы қаралайды, тіпті егер өзінің көпқұдайшылдығымен Оны ұлықтаймын деп ойласа да. Тура сол секілді, сен қайсы бидғатшыны кездестірсең де, ол міндетті түрде Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қаралайды, тіпті егер өзінің бидғатымен оны ұлықтаймын деп ойласа да». «Зиярат ул-Қубур» 34-бет.

4. Бидғатшы сахабаларды жанама түрде: «Олар игілікке және ғибадатқа жеткілікті түрде ұмтылмады және Пайғамбарды жеткілікті денгейде сүймеді», - деп айыптаған болады.

Абу Са‟ид әл-Худри Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндайтын: «Менің сахабаларымды балағаттамаңдар, егер сендердің кез келгендерің Аллаһтың жолында Ухуд тауына тең алтынды таратса да, сахабалардың кез келгені бір уыс алтынды немесе оның жартысын сарп еткені үшін алған сауабын ала алмайды». Хадис сенімді (сахих);Бухари 3673; Муслим 2541.

5. Бидғатшы: «Аллаһтың діні бәрібір толық және кемел емес және ол кейбір қосымшалар мен түзетулерге мұқтаж», - деп мәлімдейді.

Ал Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым»(5:3).

Сондай-ақ Ол: «(Мухаммед) «Аллаһтың діні осылай! Кімнің діні Аллаһтың дінінен жақсырақ болмақ? Сондықтан біз Оған ғана құлшылық қыламыз», - деп айт», -деді(2:138).

6. Кез келген бидғатшы жүрегінде сахабаларға деген жеккөрушілік сақтайды, өйткені ол қандай бидғат жасаса да, Сүннеттің жақтаушылары оған осы амалды жасамаған сахабаларды мысал ретінде келтіреді.

Аллаһ сондайлар туралы былай деген: «Қашан олар сендерге кездессе: «Иман келтірдік», - деп, ал қашан олар оңашалана қалса, сендерге деген ызаларының зардабынан саусақтарын шайнар. (Мухаммед) «Ызаланған бойда өліп кетіңдер!» - де. Шәксіз, Аллаһ көкіректегілерді толық біледі»(3:119).