рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Және не үшін ханафи мазһабын ұстанушылар оны өткізбейді

Және не үшін ханафи мазһабын ұстанушылар оны өткізбейді - раздел Образование,     Мәуліт – Дінге Енгіз...

 

 

Мәуліт – дінге енгізілген ең қауіпті жаңалықтардың (бидғаттардың) бірі

Және не үшін ханафи мазһабын ұстанушылар оны өткізбейді

Дайындаған

Руслан Абу Ибраһим Татарстани

(бірінші басылым)

 

 

Қазақ тіліне аударған www.abuhanifa.kz сайтының редакциясы

Мазмұны

Кіріспе .............................................................................................................................................. 4

Тарау. Кез келген жүрек ақиқатты қабылдауға дайын бола бермейді.................. 9

Тарау. Кітап түсірілгенге дейін адамдар Аллаһтың разылығына қалай қол жеткізуді білмейтін..................................................................................................................... 16

Тарау. Содан соң Аллаһ Тағала тура жолдың жетекшілігі ретінде Кітапты түсірді............................................................................................................................................... 19

Тарау. Аллаһ Тағала Құранмен бірге осы Құранды түсіндіріп беретін Сүннетті де түсірді ........................................................................................................................................ 20

Тарау. Аллаһ Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Жолдауды ешбір өзгертулерсіз жеткізуді, оған қатаң түрде ілесуді және кәпірлер мен екіжүзділердің жетегімен жүрмеуді бұйырды. ............................................................................................................................................................. 21

Тарау. Кейін Аллаһ Тағала Өзінің Жолдауын (Құран мен Сүннетті) аяқтады, оларды толық (кемел) деп атады және олардағы қандай да бір нәрсені толықтыруға тыйым салды. .................................................................................................... 23

Тарау. Аллаһ Тағала бізге Құран мен Сүннетті сахабалар түсінгендей етіп түсінуді бұйырды ....................................................................................................................... 25

Тарау. Аллаһ Тағала Өзінің Кітабын және Сүннетті бұрмалаулардан сақтап қалуды уәде етті............................................................................................................................ 27

Тарау. Діндегі жаңалық (бидғат) деген не және оның зияны неде?...................... 28

Тарау. Келіспеушіліктер орын алған кезде неге оралу (қайту) қажет?!............ 32

Тарау. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне қатысты келіспеушіліктер........................................................................................................ 40

Тарау. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күнін кім және қашан атай бастады?................................................................................................ 41

Тарау. Мәуліттің шариғатта заңдастырылғанын мәлімдейтін тараптың дәлелдерін қарап шығу.............................................................................................................. 42

Тарау. Мәуліттің кесірлі салдарлары және оны өткізу барысында жасалатын күнәлар ............................................................................................................................................ 58

Тарау. Мәулітті жыл сайын өткізу әкеп соқтыратын Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шектен тыс құрметтеудің және ұлықтаудың түрлері ................................................................................................................. 63

1. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ғайып (көмес) туралы білімге ие» деген сенім ................................................................................................................. 63

2. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) болмысты басқаруда» деген сенім .................................................................................................................................................. 67

3. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз қабірінде кәдімгідей материалдық өмір сүруде» деген сенім.................................................................................... 68

4. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адам емес, нұр болған» деген сенім ....................................................................................................................................... 71

5. Тарау бойынша қысқаша қорытынды.................................................................................. 72

Тарау. Мәуліттің қатысушыларына ықыласты кеңес .............................................. 74

Тарау. Барлық тыйымдарға қарамастан, мәулітті ұйымдастыруды жалғастыратындарға ықыласты кеңес................................................................................ 76

Тарау. Қалыс қалатындарға әрі діндегі бұл жаңалықты (бидғатты) сөкпейтіндерге ықыласты кеңес ........................................................................................... 79

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Кіріспе

Мен Жалғыз, серігі жоқ Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдай жоқтына… Ақиқатында, ең шыншыл сөздер – Аллаһтың… Кейін:

Кім жоқ болатын болса, ашық дәлел бойынша жоғалсын. Ал кім тірі қалатын болса, ашық дәлел бойынша тірі қалсын»(8:42).

Мен Аллаһ Тағаланың ақиқатты қалайтын адамдарға осы еңбек арқылы пайда әкелетініне және өз құмарлықтарын жақтаушыларды қорлайтынына нық сенімдімін, өйткені Ол былай деп айтады: «Ал кім Аллаһқа тәуекел етсе, Ол оған жетіп асады. Сөзсіз Аллаһ Өз бұйрығын соңына дейін атқарады. Расында, Аллаһ әр нәрсеге бір өлшеу қойған»(65:3).

Және имам Ибн әл-Уәзир де былай деп шындықты айтқан болатын: «Әрі егер білім иелері адамдардың сөздерінен қорыққандықтарынан ақиқатты қорғауды тастағанда, олар жексұрын нәрседен қорыққандықтан ұлы нәрседен айырылып қалғандардан болар еді». «Әл-Ауасым уәл-Қауасым» 1/223.

Руслан Абу Ибраһим Татарстани

«Дар ул-Хадис» Даммаж

23-раби‟ әс-сани 1432 х/ж.

 

Тарау. Кез келген жүрек ақиқатты қабылдауға дайын бола бермейді

Имам әш-Шәнқити өзінің тәпсірінде былай деген: «Бұл аятта Аллаһ Тағала Құран… Жоғарыда келтірілген аяттардан адамдардың көбі, оларға… Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Ақиқатында, қарсы болғандарды…

Олардың жүректерін, көздерін теріс айналдырамыз. Алғаш рет оған сенбегендіктері сияқты оларды сергелдеңдікте қойып қоямыз»(6:110).

«Көңілі тартқанын тәңір жасап алған, сондай-ақ Аллаһ оны біліп адастырған және құлағы мен жүрегін мөрлеп, көзіне жамылғы тастаған біреулерді көрдің бе? Енді Аллаһтан кейін оны тура жолға кім салады? Түсінбейсіңдер ме?»(45:23).

Имам әш-Шәнқити былай деген: «Мөр – бұл мөрленген ыдыстан ешнәрсенің шығуына және оның ішіне ешнәрсенің кіруіне мүмкіндік бермейтін нәрсе. Ал жамылғы – қараңғылықтан өзге ешнәрсені көруге мүмкіндік бермейтін нәрсе». «Адуа ул-Баян» 1/39.

Көптеген адамдардың ақиқатты қабылдамауларының себептері көп. Олардың негізгілері мыналар:

1. Діни көшбасшыларға, тіпті олардың іс-әрекеттері немесе сөздері Құран мен Сүннеттің қасиетті мәтіндеріне қайшы келсе де, соқыр түрде ілесу.

Имам Ибн әл-Қайим былай деген: «Адамдардың көбі дінді дұрыс түсінбейді (яғни олардың дін туралы түсінігі үстіртін) және олардың дін туралы бар білімі мен түсінігі олар дінде құрметтейтін біреулер сызып көрсеткен қандай да бір бейнелерден тұрады. Кейін олар осы имамдар туралы жақсы ойда болуының себебінен солардың сөздеріне тоқтайды да, олардан аспайды, әрі осы олардың көзін ақиқатты көруге жабатын жамылғыға айналады, ал бұл жамылғы нендей қорқынышты!» «Тарик әл-Хижратайн» 215-бет, «әл-Мактаба әс-сәлафия» баспасы, тахқиқ Мухиббуддин әл-Хатыб.

Бұл сөздерді айқынырақ түсіну үшін этникалық мұсылмандардың өкілдеріне қараудың өзі жеткілікті болады. Олардың дін туралы түсінігі өте үстіртін. Мұндай адамдар әр уақытта өздерінің өтіріктері мен қулықтарының арқасында қалың бұқараның жақсы көзқарасына оңай ие болып алатын, кейін осыны «мұсылмандардың көпшілігі олардың іс-әрекеттері мен сенімдерін қолдайды» дегенмен дәйектейтін бидғатшылардың негізгі қаруы болған.

Билікке немесе бедел (мәртебеге) ие болу. Мұндайлар ақиқатты қабылдамайды, өйткені жиі жағдайда ақиқатты қабылдау осы биліктің немесе беделдің (мәртебенің) жоғалуына алып келеді.

Абдуллатыф ибн Абдуррахман Әли-Шейх былай деген: «Екінші топ: өмірі мен тәнінің құмарлықтарының азғыруына түскен билік пен мал-мүлік иелері. Олар ақиқатты қабылдау өздері сүйетін және ұмтылатын «шахауатул ғайдан» болған (сән-салтанат, жеңіл тұрмыс, ертеңгі күнге деген тыныштық сынды) нәрселердің көбінен бас тартуға мәжбүрлейтінін өте жақсы түсінеді. Сондықтан олар ақиқатты қабылдауға деген шықыруларға немқұрайдылық танытады және оны қабылдамайды». «Уйун әр-расаил» 2/650.

Біздің жағдайымызда бұл екінші топ өкілдерінің ең жарқын және сәйкес келетін мысалы өздерінің қолындағы нәрселерді сақтап қалуды қалап, ақиқат туралы айтпастан, үнсіздік сақтайтын және өз бастықтарына қарсы сөйлемейтін мешіттердің имамдары, сондай-ақ діни қызметкерлер құрылымының орта буындары болып табылады. Егер біреу: «Мешіттердің имамдары өте аз нәрселерге ие ғой», - деп айтса, мен оларға: «Мешіттердің имамдары – дәл сол көп нәрсені қаламайтын, бірақ оларды мейлі аз болса да, әйтеуір бір жалақыда, мешіттің жанындағы үйде т.с.с. нәрселерде көрініс табатын ертеңгі күнге деген тыныштық көбірек қызықтыратын адамдардың санаты», - деп жауап берер едім. Кім осы үлгідегі (типтегі) адамдарға талдау назарын салып қараса, менімен міндетті түрде келіседі. (...)

Олардың шағын қалашығында қатардағы мұсылмандардың кейбіреулері діндегі жаңалықтармен келіспей, қарсы пікір білдіре бастаған кезде, олар үшін істің ыңғайына қарай өзін бірде бір жаққа, бірде екінші жаққа жақтаушы ретінде көрсетуден басқа еш нәрсе қалмайды.

Ал және олар мүміндерге кездессе: «Біз де иман келтірдік», - деп айтады. Әрқашан олар сайтандарымен оңашалана қалса: «Расында біз сендермен біргеміз, біз оларды тәлкек қылып қана жүрміз», - дейді. Аллаһ оларды мазаққа ұшыратып, азғындықтарында қаңғыртып қояды. Олар қисық жолды туралықпен айырбастап алды. Сонда оларға саудалары пайда бермеді. Әрі олар тура жолды таппады»(2:14-16).

Й, мүміндер! Өздеріңнен өзгелерді сырдас (көмекші) тұтпаңдар. Олар сендерге қастандықтан тартынбайды. Сондай-ақ олар күйзелулеріңді қалайды. Олардың кектері ауызынан-ақ көрініп тұр. Әрі олардың жүректерінде жасырғандары одан да үлкен. Егер түсінетін болсаңдар, әрине сендерге аяттарымызды баян еттік. Қашан олар сендерге кездессе: «Иман келтірдік», - деп, ал қашан олар оңашалана қалса, сендерге деген ызаларының зардабынан саусақтарын шайнар. (Мухаммед) «Ызаланған бойда өліп кетіңдер! Шәксіз Аллаһ көкіректегілерді толық біледі», - де. Егер сендерге бір игілік жетсе, оларға жаман көрінеді. Ал егер сендерге бір жамандық жетсе, оған олар хош болады. Егер сабырлық және тақуалық етсеңдер, олардың қастықтары (арамдықтары) сендерге ешбір зиян қылмайды. Ақиқатында, Аллаһ олардың не істегендерін толық біледі»(3: 118-120).

Аллаһ Тағаланың «Менің аяттармыды мардымсыз бағаға сатпаңдар!»(2:41) деген аяттары туралы имам Абу әл-Музаффар әс-Сам‟ани былай деген: «Бұл - яһудилердің ғалымдары мен монахтарында, олардың байлары мен надандарында ас дорбасы (пайда көзі) бар болғандықтан және олар егер Мухаммадқа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болса) иман келтірсе, бұл ас дорбасынан айырылып қалуларынан қорыққандықтарынан. Сондықтан олар Пайғамбардың Тауратта нұсқалған сипаттарын өзгертті де, оның есімін жасырды. Міне осы - Аллаһтың «Менің аяттармыды мардымсыз бағаға сатпаңдар!»деген сөздерінің мағынасы». «Тафсир әл-Қуран» 1/72.

Имам Ибн әл-Қайим: «Аллаһтың тыйымдары бұзылып, Оның қойған шекаралары атталып, Оның діні тасталып, Оның Елшісінің Сүннетінен алшақталып жатқанды көріп, бірақ осыған қарамастан оның жүрегі суық, ал тілі үнсіз болып қала беретін адамда қандай дін және игілік болуы мүмкін. Ол – үнсіз шайтан! Ал кім өтірікке шақырса – ол сөйлейтін шайтан! Әрі егер ол өзіне астық дорбасы мен беделін қамтамасыз етіп алса, оны дінмен не болып жатқандығы толғандырмайтын осындайлардан өзге біреулерден дінге сәтсіздік келіп пе еді?! Ал егер біреу оның беделін немесе мал-мүлкін азайтқысы келсе, ол лап етеді, бар күш-жігерін жұмсайды және үш тәсілдің барлығымен (қолмен, сөзбен, жүрекпен) тойтарыс береді. Әрі осындайлар Аллаһтың назарында төмен түсіп, Оның Қахарына ұшырағандарына қоса, өздері осыны байқамаған күйінде бұл дүниеде орын алуы мүмкін болған ең ауыр сынақпен сыналды. Ал бұл сынақ – жүректің өлуі, өйткені адамның жүрегі қаншалықты тірі болса, оның Аллаһ пен Оның Елшісі үшін ызасы да соншалықты мықты, әрі оның дінге деген көмегі де соншалықты кемелдеу болады», - деп айтқан. «А‟ләм әл-Муакки‟ин» 2/158.

Осы туралы ой қозғап көрші, бауырым, сонда саған көп нәрсе түсінікті болады.

Арапайым имамнан «діни» немесе «рухани көсбасшыға» мәртебесіне дейін сапалы жаңа серпіліс жасау үмітімен мемлекетке жағуға ұмтылу.

Адамдардың бұл үлгісі (типі) мешіттердің қарапайым имамдарынан ерекшеленеді. Бұл топтың өкілдері - кейде жалқаулықпен болса да, өз мешіттерінде діндегі жаңалықтарды нығайту үшін кейбір қадамдар жасайтын жай мешіттердің үнсіз, мақұлдауыш имамдары емес.

Бұл жерде азғантай ғана жалақымен және мешіттің жанындағы жөндеуден өтпеген ескі ғана үймен қанағаттанатындарға жатпайтын бидғатшылардың (...) белсенді өкілдері туралы сөз болуда.

Адамдардың бұл түрі іс жүзіндегі билікке, байлыққа, сәнді өмірге, ықпал-беделге ұмтылатын адамдар болып табылады. Мұндай адам діндегі жаңалықтар туралы жай ғана үнсіз қалмай, оларды (бидғаттарды) белсенді түрде ілгерілетеді және осы жолда кедергі болуы мүмкін барлық адамдарды жоюға тырысады. Осы үлгідегі адамдардың әдетте діни және зайырлы білімі жаман болмайды, олар ұйымдастырушылық және шешендік сипаттарға ие болады және адамдардың көпшілігіне ұнайтын нәрселерді айтумен ерекшеленеді. Мұндай адам, өзінің біліміне қарамастан, Аллаһтың Кітабын және Елшінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін саналы түрде артына тастап, адасқандардың қатарына жатады.

Ол – Аллаһ Тағала оларға: «Ақиқатты біле тұра оны жасырмаңдар»,- деп айтқан жай айтқан адамдардан емес, бірақ ол – Аллаһ олар туралы былай дегендерден: «(Мухаммед) оларға берген аяттарымызды лақтырып, шайтандарға ерген адасушылардан біреудің жағдайын түсіндір. Егер қаласақ, бұл білім арқылы, әрине, оны жоғарылатар едік. Бірақ ол жерге еңкейіп (дүниеге беріліп), нәпсіне ерді. Сонда оның мысалы: егер оны қусаң, тілін салақтататын, оны тыныш қойып қойсаң да, тілін салақтататын ит тәрізді. Аяттарымызды жасынға шығарған елдің мысалы осы. (Мухаммед) уақиғаны оларға айтып бер. Бәлкім олар түсінер. Сондай аяттарымызды жасынға шығарып, өздеріне зұлымдық еткен елдің сыңайы нендей жаман! Аллаһ кімді тура жолға салса, сонда ол тура жол тапқан болады. Және кімді адастырса, сонда олар - зиянға ұшырағандар. Рас тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне солар мүлде қаперсіз надандар»(7:175-179).

Уа, бауырым, егер сен солардың біреуі болудан қорықсаң және осыдан қалайша құтылуды білмесең, онда Аллаһ Тағала сені жауапсыз қалдырмады. Ол былай деді: «Ең жақсы есімдер Аллаһқа тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар»(7:180).

Сондай-ақ сондайлар туралы Аллаһ Тағала былай деді: «(Мухаммед) көңілі тартқанын тәңір жасап алған, сондай-ақ Аллаһ өзін біліп адастырған және құлағын, жүрегін бітеп, көзіне жамылғы жасаған біреулерді көрдің бе? Енді Аллаһтан кейін оны тура жолға кім салады? Түсінбейсіңдер ме?»(45:23)

Міне, осы туралы ой қозға, бауырым, сонда осы еңбекті не себепті имамдар мен қарапайым халық қолдамайтынын және не үшін «діни жетекшілер» оған қарсы шығатынын түсінесің. Мен бұл еңбекті сен мәулітті өткізуден бас тартпайтындардың және оны сән-салтанатпен өткізіп, лазерлік шоулар арқылы адамдарды қызықтырып шақыратындардың көпшілік болуына алданбауың үшін жаздым.

Осы себептердің барлығы адамдарды ақиқаттан бас тартып, оған ілеспеуге мәжбүрлейді. Бірақ осымен барлығы аяқталса ғой, бұл қасіреттің жартысы болар еді, алайда Аллаһтың Оның жаратылыстарындағы заңы сондай – кім бір рет ақиқаттан саналы түрде бас бұрған болса, күн өткен сайын өз адасушылығына тереңдей береді және енді тоқтай алмайды. Аллаһ былай дейді: «Олардың жүректерінде дерт бар. Сонда Аллаһ олардың дертін арттыра түсті. Сондай-ақ оларға өтірік айтқандарының салдарынан күйзелтуші азап бар»(2:10).

Дәл сондықтан да біз діндегі жаңалықтың кішіден басталатынын, бірақ жыл сайын өсе бергені соншалықты – көлемі өте үлкен, ал салдары қайтымсыз болатынын айтамыз. Осы жерде бір маңызды құбылысты ұғып алған жөн: діндегі жаңалықтардың жетекшілерін оның көлемін ұлғайтуға не итермелейді? Бұған оларды бұрын қол жеткізген билігін, мал-мүлкін және адамдар арасындағы беделін көбейтуге деген дәмелері итермелейді.

Алайда Аллаһ Тағала ақиқатты қолдаусыз қалдырмайды. Адамдарға үнемі ақиқат жеткізіліп, заттардың мәні түсіндіріліп тұрады да, олар істің мәнісін түсіне бастайды. Осының барысында залымдар, егер олар қандай да бір шаралар қолданбаса, өздері ие болған нәрселерін көбейтпек түгілі, мұның барлығынан айырылып қалалатынын түсіне бастайды. Міне осы жерде олар адамдардың алдында өздерін ақтау үшін өздерінің діндегі жаңалықтарына дәлелдер іздей бастайды. Олар ақиқатты өтірік деп, ал өтірікті шындық деп көрсете бастайды; қасиетті мәтіндерді өздеріне қолайлы етіп түсіндіреді, өздерінің қажеттіліктеріне сәйкес олардан бір нәрселерді алып тастайды, не қосады; адамдарға ақиқатты түсіндіретіндерге қысым жасап, өз билігі мен күшін іске қосады, оларды қорқытады, оларға түрлі лақап аттар тағып, адамдардың алдында жаман етіп көрсетеді және барынша жала жапсырады. Ал өздері адамдардың алдына күлімсіреп шығады, оларға назар мен мейірімділік көрсеткен болады, уәделер береді, жағымпазданады және өтірік айтады.

Бұл туралы Аллаһ Тағала: «(Мухаммед) оларды көрген кезде, тұлғалары сені таңырқатады. Олар сөйлесе, сөздерін тыңдайсың. Олар, бейне, қаланған қуыс дөңбек сияқты. Сондай-ақ олар әрбір шыққан дауысты өздеріне жориды (Өз қылықтарынан үрейленеді). Олар дүшпан. Сондықтан олардан сақтан. Оларды Аллаһ типыл қылсын. Қайда адасып бара жатыр?» (63:4).

Имам әс-Са‟ди өзінің тәпсірінде былай деген: «Олардың сыртқы келбеті және түрі сені таң қалдырады, олардың сөздері қысқа және құлаққа жағымды. Олар өздерінің қорқақтығынан, жүректерінің әлсіздігінен және күмәндарынан, әрбір айқайдан қорқады. Олар жүректеріндегісін адамдар біліп қояды ма деп қорқады. Міне дәл солар – нағыз дұшпандар, өйткені өзінің дұшпандығы туралы ашық айтатын дұшпан өзінің дұшпандығын жасыратын адамнан қауіптірек емес. Осындай адам жалған айтып, қулықтар жасайды. Сен оны дос деп ойлайсың, ал ол - шынайы дұшпан». «Тафсир әс-Са‟ди» 63-сүре, 4-аят, аздап қысқартылған.

Нәтижесінде, егер ақиқаттың жақтаушылары үндемесе, лайықты түрде қарсыластық көрсетпесе, ақиқатты дұрыс түсіндірмесе және әлжуаздық, бидғатты сөгуде қорқақтық танытытып, сыртта қалып қойса, адамдардың сүйспеншілігі әлгілерге ауып кетеді де, содан соң осы адамдардың жалғаншылар, жеқсұрын адамдар екендігі олардың тіпті ойына да кіріп шықпайтын болады. Ал ақиқаттың жақтаушыларына келер болсақ, олар бүкіл ашу-ыза мен сөгістің толқынын өзіне алады да, адамдар оларды дұшпан және өтірікшілер деп санай бастайды.

Бірақ ақиқатты жақтаушылар өздерінің әлсіздігіне қарамастан, қамықпай, қарсылық көрсетуді тастамауы қажет. Өйткені Аллаһ Тағала: «Босамаңдар да, қайғырмаңдар. Егер мүмін болсаңдар, әлбетте үстем боласыңдар», - деп айтады ғой (3:139).

Сондай-ақ Ол: «Ендеше сабыр ет, ал тақуаларға ең соңында игілік әзірленген», -деген(11:49).

Ол тағыда былай деген: «Сөзсіз, Аллаһқа, Елшісіне қарсы келгендер, солар қор болғандардың қатарында болады. Аллаһ: "Әлбетте Мен және елшілерім жеңіске иеміз" - деп жазған»(58:20-21).

Ал егер осы тараудың тым ұзарып кететіндігі жөнінде қорқыныш болмағанда, мен оның әрбір тармағына көптеген аяттарды, хадистерді және біздің салиқалы алдынғы буын өкілдерінің сөздерін келтірер едім.

Ал кітапқа осы тарауды мен оқырман оны оқып болған соң мына сұрақтарға жауап бере алуы үшін енгіздім:

1. Не үшін діндегі жаңалықтардың бұл жетекшілері ақиқатты қабылдамауда табандылық танытады?

2. Оларды өз бидғаттарының айналымын жыл сайын өсіруге не итермелейді?

3. Не себепті ақиқатты жақтау үшін ешкім дерлік тұрмайды?

4. Не себепті адамдардың басым бөлігі бидғаттарды қайтарып тастаудың орнына, ең соңында оларға ілесіп кетеді?

Тарау. Кітап түсірілгенге дейін адамдар Аллаһтың разылығына қалай қол жеткізуді білмейтін

Аллаһ Тағала бұл туралы былай деді: «Олар қашан бір арсыздық істесе: «Аталарымызды осы жолда таптық, мұны… Сондай-ақ Ол: «(Мухаммед): “Сендерге амалдары бойынша ең… Аллаһ Тағала былай деді: «(Әй мүміндер!) Сендерге сүйкімсіз болса да шайқасу парыз…

Тарау. Содан соң Аллаһ Тағала тура жолдың басшылығы ретінде Кітапты түсірді

Бұл аяттан біз адамдар тек өздерінің ой-тұжырымдарына, пайымдарына және ата-бабаларының… Сондай-ақ: «Расында, сендерге Аллаһтан бір нұр және… Бұл аят Аллаһ адамдарды тура жолмен олардың ой-тұжырымдары мен пайымдары арқылы емес,…

Тарау. Аллаһ Тағала Құранмен бірге сол Құранды түсіндіретін Сүннетті де түсірді

Осы аяттан біз Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өздігінен, өз пікіріне және… Аллаһ Тағала былай деді: «Ол өз ойынан сөйлемейді.… Сондықтан хафиз Ибн Кәсир былай деген: «Мухаддистердің және «фиқһ негіздері»…

Тарау. Аллаһ Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Жолдауды ешбір өзгертулерсіз жеткізуді, оған қатаң түрде ілесуді және кәпірлер мен екіжүзділердің жетегімен жүрмеуді бұйырды

Аллаһ былай деді: «Әй, Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік міндетін жалғастырмаған боласың. Аллаһ сені адамдардан қорғайды. Күдіксіз, Аллаһ қарсы болған елді тура жолға салмайды»(5:67).

Бұл аят ақиқатты ұлықтау өзімен бірге міндетті түрде адамдар тарапынан қорқытулар алып келетініне, бірақ Аллаһ Тағала мүміндерге қамқорлық жасайтынына нұсқайды.

Сондай-ақ Аллаһ былай деді: «Ол әлемдердің Раббысынан түсірілген. Егер елші кей сөзді өзі айтып, Бізге таңса, әрине оның оң жағынан қолға алар едік. Сосын оның күре тамырын кесер едік (өлтірер едік). Сонда сендерден ешбіреу одан тоса алмайды» (69:43-47).

Бұл аят бізге тіпті Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі кәпірлер мен екіжүзділердің айтқандарына еріп кетпеуі үшін және Аллаһқа Ол айтпаған нәрсені таңбауы үшін, Аллаһ тарапынан ескертулерге және қолдауға мұқтаж болғандығын айтып тұр. Осыдан біз «ақиқатты қорғау жеңіл іс емес» деген қорытынды шығара аламыз.

Саған уахи етілгенге ілес. Сондай-ақ Аллаһ бір үкім бергенге дейін сабыр ет. Ол үкім берушілердің Қайырлысы»(10:109).

Аллаһ Тағала Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қасиетті мәтіндерден қатаң ұстануды және олардан өз пікірлеріне және ой-тұжырымдарына қарай ауытқымауды бұйырады, тіпті олар (адамдар): «Кейбір ауытқуларда қорқынышты ешнәрсе жоқ», - деп айтса да.

Й, Пайғамбар! Аллаһқа тақуалық істе де, кәпірлер мен екіжүзділерге бағынба. Рас, Аллаһ - тым Білуші, аса Дана. Раббыңнан өзіңе уахи етілгенге ілес. Әрине, Аллаһ не істегендеріңді толық білуші. Аллаһқа тәуекел ет. Оның Қамқоршы және Сақтаушы екендігі жеткілікті»(33:1-3).

Бұл аят өзіне өте терең мағынаны қамтыған. Ол ақиқатқа шақыруда Аллаһ Тағала сені ризықпен қамтамасыз ететін Қамқоршың және сені адамдардан қорғайтын Сақтаушың болатынын түсініп, Аллаһқа тәуекел ету және сені тура жолдан тайдырушылардың ұсыныстарына алданбау қажет екендігі туралы айтады.

«Егер сен жер жүзіндегі адамдардың көбіне бағынсаң, олар сені Аллаһтың жолынан адастырады. Олар ойларына ғана ілеседі де, тек жорамалдайды ғана».(6:116)

«(Мухаммед) яһудилер де, христиандар да сен олардың діндерін ұстанбағаныңша, сірә, сенен разы болмайды. Оларға: «Аллаһтың жолы – тура жол», - де. Өзіңе білім келгеннен кейін, егер олардың көңілдері тартқанына еліктесең, Аллаһ саған не Қамқоршы, не Жәрдемші болмас»(2:120).

Бұл аяттар айқын және түсінікті-ақ.

(Мухаммед) сен Біз туралы басқа бір нәрсені ойыңнан шығаруың үшін, олар сені саған уахи етіп бергенімізден ауытқызуға сәл-ақ қалды. Сол уақытта сен олардың сүйіктісіне айналар едің. Егер біз сені бекемдемегенде, әрине, оларға біраз бейімдеуге жақындар едің. Егер ондай болса, саған тіршілікте де, қайтыс болғаннан кейін де әлбетте еселеп азап таттырар едік. Сосын өзіңе Бізге қарсы жәрдемші таба алмас едің!»(17:73-75).

Бұл аяттар бізге кәпірлер мен екіжүзділер ақиқаттың жақтаушыларын үнемі аздап болса да тура жолдан тайдыруға талпыныс жасайтындары туралы айтады. Олар ақиқаттың негізінде бекем және мығым тұрған адамды аздап болса да ауытқығысы келеді, осы азғантай ғана ауытқу кейіннен оны шетке қарай алыс алып кетуі үшін. Міне, сол кезде сен олар үшін досқа айналасың және олар саған ризашылығын білдіріп, сені тыныш қалдырады.

Ал бізге қатысты айтар болсақ, біздің ісіміз жоғарыда аталған көптеген сипаттарда кәпірлер мен екіжүзділерге ұқсастық танытатын дінге жаңалық енгізушілермен болуда.

Тарау. Кейін Аллаһ Тағала Өзінің Жолдауын (Құран мен Сүннетті) тамамдады, оларды толық (кемел) деп атады және олардағы қандай да бір нәрсені толықтыруға тыйым салды

Аллаһ Тағала әрбір заттың толық түсіндірмесін беріп болмайынша, Өзінің заң-ережелерін, шекараларын, бұйрықтары мен тыйымдарын түсіруін тоқтатпады. Сөйтіп Ол Өзінің дінін кемелдікке жеткізді, оны толық деп атады және оны қандай да бір нәрсемен толықтыруға тыйым салды. Бұл мына аяттар мен хадистерден айқын түсіндіріледі:

Аллаһ Тағала былай деді: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым»(5:3).

«Кітапта еш нәрседен кенде етпедік» (6:38).

Сондай-ақ әрбір нәрсеге толық түсіндірме бердік»(17:12).

Абу Зарр Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған:… Сондай-ақ Абдуллаһ ибн Амр да Пайғамбардың (оған… Осы екі хадистен біз «егер амал игі және Аллаһқа жақындататын болса, онда…

Тарау. Аллаһ Тағала бізге Құран мен Сүннетті сахабалар түсінгендей етіп түсінуді бұйырды

Шейх Абдур-Рахман әс-Са‟ди өзінің тәпсірінде бұл аятқа түсіндірме беріп, былай деді: «Аллаһ… Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Сонда олар егер сендер… Ибн Аббас: «Сөз сахабалар туралы болуда», - деді. Әл-Харауи «Замм ул-Кәлам» 4/39.

Тарау. Аллаһ Тағала Өзінің Кітабын және Сүннетті бұрмалаулардан сақтап қалуды уәде етті

Бұл аятта «Ескерту» дегенде тек Құран ғана емес, бірақ Пайғамбардың (оған Аллаһтың…

Негізінен Аллаһ тозаң түйірінің салмағындай да әділсіздік етпейді»(4:40).

Хафиз Ибн Хәжар былай деген: «Ибн әл-Мунир былай деп айтқан екен: «Білімнің жойылуы теориялық тұрғыдан… Ал білім - бұл Құран, Сүннет және сахабалардан… Осы тарауды оқып болған соң, оқырман өзіне төмендегідей қорытынды жасауы…

Тарау. Діндегі жаңалық (бидғат) деген не және оның зияны неде?

Қасиетті кітаптарда сөгіс айтылған діндегі жаңалықтардың (бидғаттың) не екендігін, сондай-ақ… 1. Сүннетке қайшы келетін барлық сөздер, амалдар… 2. Адам Аллаһқа жақындауды және Оның разылын алуды қалап істейтін, бірақ…

Сондай олардан кейін келгендер де: "Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір кірбеңдік қылма. Раббымыз, шүбәсіз, Сен тым Жұмсақ, ерекше Мейірімдісің" – дейді»(59:10).

7. Діндегі жаңалықтардың көптігі адамдардың мүлде басқа дінді ұстануына алып келеді, әрі іс жүзінде олар осы арқылы Аллаһқа жақындамайды және Аллаһтан Ол оларға уәде етпеген нәрселерді алуға үміт етеді.

Аллаһ былай деді: «Немесе дінде Аллаһ рұқсат бермеген нәрсені оларға заңдастырған ортақтары бар ма?»(42:21).

8. Діндегі жаңалық – ең жаман амалдардың бірі болуына қарамастан, бидғатшы осы ісіне тәубе етеді және оны тастайды дегенге үміт жоқтың қасы.

Әнас ибн Мәлик Пағамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ бидғатшыға тәубе етуді нәсіп етпейді», - деп айтқанын баяндаған. Хадис сенімді (сахих).Абу әш-Шейх «Тарих Асбахан» 259-бет; Табарани «әл-Аусат» № 4360; әл-Харауи «Замм ул-Кәлам» 6/101/1; Бәйһақи «Шу‟аб ул-Иман» 2/380/2; Қз.: «әс-Сахиха» 1620.

Сондықтан Абу Амр әс-Сибани былай деп айтқан екен: «Аллаһ Тағала бидғатшыға тәубе ету мүмкіндігін бермеді, әрі бидғатшы өзінің бидғатынан да жаманырақ нәрсеге өтпесе ғана, өз бидғатын тастамайды». Ибн Уаддах «әл-Хауадис» № 152.

Басқа бір жерде ол былай деген: «Ол тәубеге келеді деген азғантай ғана ықтималдық бар, бірақ басым көпшілік жағдайда бұлай болмайды. Бұл оның өз бидғатына жабысып алғандығынан, өйткені ол (шариғи) мәтіндерде оның амалдарын заңды ететін дәлелдер бар деп есептейді. Бірақ іс жүзінде бұл мәтіндер осы амалдың заңдылығына нұсқамайды. Ол өзі дұрыс деп есептейтін бір нәрселерді шариғат та дұрыс деп есептейді деп пайымдайды. Сондықтан да қалайша ол осы амалынан бас тартпақ және ол үшін тәубе етпек?!»

Шейх ул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Сондықтан да Суфьян әс-Саури және басқалар сияқты бұл діннің имамдары діндегі жаңалық Ібіліс үшін күнәлардан да сүйіктірек деп айтқан. Өйткені күнәлары үшін адам тәубе етеді, бірақ діндегі жаңалық жасағаны үшін тәубе етпейді. Оның себебі адамның Аллаһ пен Оның Елшісі заңдастырмаған дінді ұстана бастайтынында және оның ісі өзіне көркем етіп көрсетіледі, әрі ол оны игілік деп санайды. Ендеше, қалайша ол игілік деп санаған нәрсесі үшін тәубе етпек?! Тәубе туралы ой істелініп жатқан амалдың жаман екендігін түсінгеннен кейін ғана пайда болады». «Мәжму‟ әл-Фәтауа» 10/9.

9. Діндегі жаңалық жасаған адам міндетті түрде тура сол мазмұндағы Сүннеттің мөлшерін тастайды.

Шейх ул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Сен Сүннеттен өз бидғатына қарама-қайшы келетін қандай да бір нәрсені тастаған бидғатшыдан өзге бидғатшыны таппайсың. Бұл хадисте: «Дінде қандай жаңалық ойлап табылса, міндетті түрде Сүннеттен сонша нәрсе тасталады»,- деп келгеніндей.Хадисті имам Ахмад (4/105) жеткізген. Аллаһ былай деген: «Дегенмен олар да берілген үгіттен үлестерін ұмытты. Сондықтан араларына Қиямет күніне дейін дұшпандық пен өшпенділіктік салдық»(5:14)». «Мәжму‟ әл-Фәтауа» 7/173.

Сүннеттен қандай да бір нәрсені тастау адасушылыққа алып келеді:

Абу Бакр әс-Сыддық: «Мен Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істегенінің кішкентай ғана бөлігін істеуді де қалдырмаймын, өйткені мен осыдан бір нәрсені қалдырсам, адасамын ба деп қорқамын». Хабар сенімді (сахих);Бухари 3093; Муслим 1759.

10. Пайғамбар Қиямет күні бидғатшылардан бас тартады.

Абу Са‟ид әл-Худри Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Қиямет күні маған мен танитытын және мені танитын адамдарды алып келеді, бірақ кейін мені мен олардың арасында бөгет қойылады да, мен: «Олар менің үмметімнен ғой!», - деп айтамын. Ал маған: «Сен олардың сенен кейін не енгізгенін білмейсің!», - деп айтылады. Сол кезде мен: «Кетсін әрі, кетсін әрі, менен кейін дінді өзгерткендер!», - деймін». Хадис сенімді (сахих);Бухари 5/2406; Муслим 4/1793.

11. Бидғатшы өзінің бидғатымен мұсылмандардың біртұтастығын бұзады, соның салдарынан, келіспеушіліктер, алауыздық пен өшпенділік пайда болады.

Аллаһ былай деді: «Дегенмен олар да берілген үгіттен үлестерін ұмытты. Сондықтан араларына Қиямет күніне дейін дұшпандық, өштік салдық. Және Аллаһ оларға не істегендерінің хабарын тез береді»(5:14).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Сонда олар егер сендер иман келтірген сияқты иман келтірсе, онда, рас, тура жол табар еді. Ал егер олар бет бұрса, сонда олар мүлде жолдан шыққан болады. Сонда да Аллаһ сені олардан қорғауға жетіп асады. Ол Аллаһ - Естуші, әр нәрсені Білуші»(2:137).

12. Бидғатшы өзінің бидғатын істей бастағанда, ол қаласа да, қаламаса да, не сөздерімен, не істерімен оған басқа адамдарды шақыра бастайды. Өйткені адамның табиғаты сондай, яғни ол бір нәрсені игілік деп таныса, міндетті түрде өзін қоршаған адамдармен онымен бөліскісі келеді, әсіресе өзі жақсы көретіндермен және оларға жақсылықты қалайтындарымен. Ал осы нәрсе мұсылмандардың тұтас тобының біртұтас жамағаттан (әл-жәма`адан) бөлініп шығып, діндегі осы жаңалықтың негізінде достасуына және дұшпан болуына әкеп соғады. Өздерін қолдайтындарды олар өз ортасына қосады, ал кім бұл бидғатқа қарсылық жасаса, олар оны дұшпан деп жариялады.

Аллаһ былай деп айтты: «Рас, сендердің діндерің – біртұтас дін, ал Мен - Раббыларың. Менен ғана қорқыңдар. Алайда олар өз дінін бөлшектерге бөліп тастады, әр секта өзінде болғанға мәз болды»(23:52-53).

Ол сондай-ақ былай деді: «Күдіксіз, діндерінде бөлініп, топтарға бөлінгендерге сенің ешбір қатысың жоқ. Сөзсіз, олардың ісі Аллаһқа тән. Кейін Ол оларға істеген істерін түсіндіреді»(6:159).

Тарау. Келіспеушіліктер орын алғанда неге оралу (қайту) керек?!

Бұл аят өзіне келіспеушіліктер туындаған кезде соған оралу керек болған діннің ұлы негізін… 1. Бұл сөздерді айтып жатқан адам «Пайғамбардың… Осы жерде Аллаһтың мына сөздерін келтіру орынды болады: «Оның әміріне қарсы…

Тарау. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне байланысты келіспеушіліктер

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дүние келген апта күніне келер болсақ, оған қатысты ғалымдардың арасында келіспеушіліктер жоқ. Имам Ибн Кәсир «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дүйсенбі күні дүниеге келді» деген ғалымдардың бірауызды пікірлерін жеткізген. «Әл-Бидая уән-Нихая» 2/259-260.

Бұл бірауызды келісілген пікірді Абу Қатада әл-Ансари жеткізген, онда ол Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Аллаһтың елшісі! Дүйсенбі күні ораза ұстау туралы не айтасың?» - деп сұраған хадиске негізделеді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл – мен туылған және маған Құран түсірілген күн», - деп жауап берді. Хадис сенімді (сахих);Муслим 1162.

Оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туылған айына қатысты ғалымдардың көпшілігі: «Ол раби‟ ул-аууәл айында дүниеге келген», - дейді. Қз.: Ибн Ражаб «Ләтаиф ул-Мә‟ариф» 95-бет.

Оның туған күніне қатысты ғалымдар жеті пікірге бөлінді. Олардың ең салмақтылары әрі күштілері екеу: раби‟ ул-аууәл айының 12-сі және 8-і. Осы екі пікірдің ішіндегі ең кең таралғаны «ол раби‟ ул-әууалдің 12-де туылған» деген пікір болып табылады. Бұл туралы Мухаммад ибн Исхақ айтқан. Бұл «әл-Бидая уән-Нихаяда» 2/259 келтірілгендей.

Бұл тараудан біз екі қорытынды шығарамыз:

1. Сахабалардың арасында туған күндерді қандай да бір арнайы іс-шаралармен және ғибадаттармен атап өту салты жоқ еді.

2. Пайғамбар да, оның сахабалары да бұл күнге ешқандай мән бермеген, өйткені егер осы күнді ерекше бір нәрселермен белгілегенде, онда бұл күн туралы белгілі болар еді және ол туралы келіспеушіліктер де болмас еді.[10]

Тарау. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күнін атап өтуді кім және қашан алғаш бастады?!

Ғалымдардың арасында маулітті атап өту алғаш рет фатими-шиғалар болған Бану Убайд (Убайдилер) мемлекетінде пайда болғанына келіспеушіліктер жоқ. Мәулітті осы шиға мемлекетінің әмірі әл-Му‟изз ЛидиниЛләһ хижраның 362 жылы Каир қаласында өткізді. Қз.: әл-Микризи «әл-Асар» 1/432.

Осыдан кейінгі барлық ғасырларда ғалымдар шиғалардан сопыларға өткен, дінге енгізілген бұл жаңалықты сөгулерін тоқтатпады. Исма‟ил әл-Ансари «әл-Қаули әл-Фәсл» 49-бет.

Ғалымдар Исламның алғашқы ғасырларында мәуліт өткізілмегеніне бірауызды келіскен.

Бірақ барлығынан да таң қаларлығы – осы мәулітті біздің жерлерімізде ұйымдастырып және насихаттап жүрген сопылардың: «Ханафи мазһабын ұстанамыз!» - деп айтатындары. Ендеше имам Абу Ханифаның немесе Абу Йусуфтың немесе Мухаммад әш-Шәйбанидің осы амал заңды екені туралы айтқан сөздерін келтірсін!

Алайда іс жүзінде имам Абу Ханифаның мазһабы оларды мүлде қызықтырмайды, өйткені олар оны өздеріне қалқа етіп қана алған, яғни мазһабтың атын жамылып, дінге қалаған нәрселерін енгізуде.

Сонысымен олар өздерін және өз әрекеттерін Ибраһим пайғамбардың амалдарына жатқызған, бірақ қалаулары оның дініне сәйкес келмейтінін білген кезде, одан бас тартып, өз құмарлықтарына ілесуді абзал көрген көпқұдайшыл құрайштықтармен ұқсастық танытуда. Тура солар сияқты бұл сопылар да Абу Ханифаның мазһабын тастап, оны шиға-фатимилерге ауыстырып алды. Ал, ендеше, «мазһабсыздар» деген атаққа кімдер лайықтырақ?!

Ал егер олар имам Абу Ханифадан жеткен мәтін бар десе, онда оны бізге көрсетсін.

Аллаһ былай деп айтты: «(Мухаммед оларға): «Жандарыңда бізге қарсы шығара алатын білімдерің бар ма? Негізінде сендер ойларыңа ғана ілесесіңдер де, өтірік айтасыңдар», - де»(6:148).

Сондай-ақ Ол былай деді: «(Мухаммед): «Егер сөздерің шын болса, дәлел келтіріңдер», - де»(2:111).

Тарау. Мәулітті шариғатта заңдастырылған деп санайтын жақтың дәйектерін қарау

Муфаддал ибн Мухалхал былай деген: «Егер бидғатшы өзінің бидғаты туралы сөзінің басында айтса, сен одан… 1-дәйек:

Пайғамбар және сахабалар мәуліт өткізген, бірақ ол туралы хадистер мен деректер бізге жетпеген.

Жоғарыда біз қисыннан ғана туындаған осы тұжырымдарды теріске шығаратын қасиетті мәтіндердің…

Андай да бір амалдың істелуі туралы қасиетті мәтіндердің болмауы бұл амалдың істелмегеніне нұсқайды, бұдан қалса бұл амалды істеу харам және бидғат болып табылатынын білдіреді».

Ал ханафи мазһабының имамдарының осы туралы айтқан сөздері мынау:

Имам Ибн әл-Хумам (861 х/ж қайтыс болған) былай деген: «Қасиетті мәтіннің болмауы амалдың заңдастырылмағандығы туралы шешім шығару үшін жетіп асады». «Фатх ул-Қадир» 2/60 ( «Булак» баспасы).

Имам Ибн Абидин (1252 х/ж қайтыс болған): «Егер қандай да бір амалдың заңдастырылғанына нұсқайтын қасиетті мәтін жоқ болса, бұл амалды істеу харам болып табылады». Осыдан кейін имам Ибн Абидин осы ереже туралы айтатын ханафи мазһабының көптеген кітаптарына нұсқады. «Радд ул-Мухтар» 1/778; 3/210, 245.

Имам әл-Әкмал әл-Бәбирити (786 х/ж қайтыс болған) былай деген: «Ал бізге (яғни ханафи мазһабын ұстанушыларға) келер болсақ, біз: «Қандай да бір амал туралы қасиетті мәтіндердің болмауы осы амалдың істелмегеніне дәлел болып табылады», - деп айтамыз». «Әл-Иная» 2/90 («Дар ул-Фикр» баспасы).

Имам әл-Финжифири (1407 х/ж) былай деген: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қандай да бір нақты амалды істегеніне нұсқаудың болмауы оның мұны істемегеніне нұсқайды». Осыдан соң ол былай деді: «Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қандай да бір амалды істемеді деген тұжырымға келер болсақ, ол екі түрлі болады:

1. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мыналарды және мыналарды істемеді» деген анық мәлімдеме.

2. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мынаны және мынаны істеді» дегенге нұсқайтын мәтіннің болмауы».

Осыдан соң ол кейбір мысалдар келтірді де, былай деді: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір нәрсені істеп, осыны ешкімнің: кішісі де, ересегі те, еркегі де, әйелі де – жеткізбегені мүмкін емес». «Усул ус-Сунна» 55-бет.

Бұл жерде тек мынаны ғана қосуға болады: хадистер мен деректерде (асарларда) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қандай да бір амалды істегені туралы нұсқаудың болмауы «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы амалды істемеді» деген анық мәлімдемеден күштірек. Өйткені бұл «осы істі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істеген болуы мүмкін» деген нәрсенің ойға да кіріп шықпағанына нұсқайды, сондықтан олар ешбір жерде Пайғамбардың осы істі істемегені туралы нұсқамаған болатын. Толық айқындық үшін мысал келтірейік. Сахабалар: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде айт намаздарына азан шақырылмайтын еді», - деп хабарлаған. Олар өздерінен кейінгілердің басқа намаздарға қияс жасап, айт намаздарына да азан шақыра бастаулары мүмкін екендігін білгендіктен, бұл туралы хабарлады. Бірақ сахабалар ешбір жерде «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз туған күнін мерекеледі» деп жеткізбеді. Өйткені олардың ойына ұшақтардың, комьютерлердің т.б. болу мүмкіндігі кіріп шықпағанынындай, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күнін мерекелеу де кіріп шықпайтын.

Ал осы ереженің дәлелдеріне келер болсақ, имам әл-Финжифири екеуін-ақ келтірген:

1. Аллаһ Тағаланың мына сөздері: «Оларда бұл туралы білім жоқ»(45:24).

2. Аллаһ Тағаланың мына сөздері: «Олар тек жорамалдарына ілеседі және ойынан ғана шығарады»(6:116).

Дәйек.

Жауап: 1. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі… 2. Хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) аптаның өзі…

Дәйек.

Олардың қорытындысы: Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ Мусаны… Жауап: 1. Яһудилер тек Муса пайғамбар бұл күні ораза ұстайтын болғаннан кейін ғана,…

Ал Раббың ұмытпайды»(19:64).

Аллаһ былай деп айтты: «Расында, Аллаһ мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен,… Дәл сондықтан да мүміндердің әмірі Умар ибн…

Дәйек.

Олардың қорытындысы: егер тіпті кәпірдің өзі Пайғамбардың туылғанына қуанғандығы үшін пайда алып жатқан болса, онда оның туған күнін жыл сайын атап өтетін мұсылман туралы не айтуға болмақ?!

Жауап:

1. Бұл дерек сенімді емес, өйткені түс көрген адамның аты аталмаған. Сондықтан да жалпы «біреу осындай түс көріпті» деп айтушының сөзі растала алмайды.

2. Түстердің негізінде шариғатта ешнәрсе заңдастырылмайды, әрі бұл туралы әһлю-Сунна ғалымдарының арасында келіспеушіліктер жоқ.

Ханафи мазһабының имамдарының бірі Махмуд Шукри әл-Алюси (1342 х/ж) былай деп айтқан: «Шариғи үкімдер (қаулылар) және діни ғибадаттар тек Аллаһтың Кітабымен, Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетімен және сүннет имамдарының бірауызды келісілген пікірімен (ижма`) тағайындалады. Және бұл - осы үмметтің алғашқы өкілдерінің жолы. Сондықтан шариғи үкімді бекітуде осы үш көзден өзге еш нәрсеге негізделуге рұқсат етілмейді... Ал қандай да бір ғибадаттардың заңды екенін осындай ертегілер мен қиссалар арқылы тұжырымдауға келер болсақ, бұл – яһудилердің, христиандардың және солар сияқтылардың жолы». «Гаят ул-Амани» 2/274-275 («Дар ихья ус-Сунна» баспасы).

3. Егер тіпті осы адам сол түсті көрді деп тұспалдасақ та, ол түс өтірік болып табылады, өйткені Құранның анық мәтіндеріне қайшы келеді.

Аллаһ былай деп айтты: «Ал енді иман келтірмегендер үшін Тозақ оты әзірленген. Оларға өлім үкімі берілмейді. Олардың азаптары жеңілдетілмейді. Әрбір қарсы келушілерді өстіп жазалаймыз»(35:36).

Абу Ләхаб, келіспеушіліксіз, кәпір болып өлді, ендеше, егер Аллаһ Тағала кәпірлердің азаптары жеңілдетілмейтіні туралы айтқан болса, оған азаптары қалайша жеңілдетілмек?!

4. Абу Ләхаб - кәпір, ал кәпірлерден жеткен хабарлар бірауызды келісім бойынша қабылданбайды.

Дәйек.

Хижраның алғашқы үш жылында мұсылмандар мәулітті өткізуге мұқтаж емес еді, өйткені онсыз да Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардың есінде болатын, олар оның өмірбаянын білетін және оны сүйетін.

Жауап:

1. Мұсылмандардың алғашқы өкілдерінен уақыттағы алшақтық діндегі жаңалықтарды рұқсат етпейді. Кері жағдайда мұндай философия арқылы дінге қалаған нәрсені енгізуге болар еді.

2. Бүгінгі күні Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қаттырақ жақсы көру үшін және оны үнемі есте сақтап жүру үшін, дінде заңдастырылған барлық нәрселерді орындауға мүмкіндік бар.

Дәйек.

Не үшін түрлі мұсылман елдеріндегі мұсылмандардың көпшілігі осы күнді атайды да, ал сендер кішкентай ғана бір төбе болып, оны мерекелемейсіңдер?! Азшылықтың көпшілікке қарағанда дұрысырақ жолмен жүруі мүмкін бе?!

Жауап:

Аллаһ былай деп айтты: «Егер сен жер жүзіндегі адамдардың көбіне бағынсаң, олар сені Аллаһтың жолынан адастырады. Олар ойларына ғана ілеседі де, мүлде жорамалдайды» (6:116).

Дәйек.

Мәуліт жақсы (хасана) бидғат болып табылады.

1. Діндегі жаңалықтарды (бидғаттарды) жаман және жақсы деп бөлу қате болып табылады, өйткені дінде… Ал қалайша енді Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі… Аллаһ былай деп айтты: «Әй мүміндер! Аллаһтан әрі Елшісінен ілгері кетпеңдер.…

Абу Бакр әс-Сыддық Құранды тұтас кітап етіп жинақтады.

Жауап: Шейх ул-Ислам Ибн Таймия былай деп айтқан: «Аллаһтың Елшісі… Имам әл-Хаттаби былай деген: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)…

Жұма намазына Усман ибн Аффанның енгізген алдын ала шақыру азаны.

Имам Ибн Ражаб барлық ғалымдардың «бұл әрекет – бидғат және Сүннет болып табылмайды» деген бірауызды… Ибн Умар былай деген: «Жұма күнгі алдын ала шақырылатын азан… Бұл азанды орындауды сөгу үмметтің көптеген имамдарынан жеткен. Оны бидғат деп…

Умар ибн әл-Хаттаб адамдарды бір имамның артынан ұйып тарауих намазын орындау үшін мешітке жинай бастады.

1. Абу Зарр (оған Аллаһ разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай… 2. Айша (оған Аллаһ разы болсын) былай деп баяндаған:… Хафиз Ибн Хәжар былай деген: «Бұл хадисте түнгі намазды, әсіресе Рамазан айында, бір…

Дәйек.

Жауап: 1. Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен… 2. Сахабалар Аллаһтың Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізден…

Дәйек.

Олардың қорытындысы: Мәуліт Исламдағы жақсы әдет болып табылады және оның ұйымдастырушыларына өздері үшін де, осыда оларға ілескендер үшін де сауап болады.

Жауап:

Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Кім Исламда жақсы әдет бастаса» деген сөздері, оның «Ақиқатында, дінге енгізілген кез келген жаңалық - адасушылық» деген сөздеріне қайшы келмейді. Өйткені оның «кім Исламда жақсы әдет бастаса» деген сөздері «кім менің Сүннетімнен адамдар ұмытқан және тастаған қандай да бір істі жандандырса» дегенді білдіреді.

Бұл хадисте дінге онда негізі болмаған амалдарды енгізуге рұқсат жоқ. Бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы сөздерді айтқан осы оқиғаның өзі дәлел болады. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарды Исламда, оған қоса өзіне дейінгі барлық пайғамбарлардың шариғаттарында заңдастырылып қойылған садақаны беруге ынталандырды ғой. Әрі садақа мұсылмандардың осыған дейін істеп көрмеген жаңа әдеті емес еді. Меккелік кезеңнің өзінде де мұсылмандардың Ислам дағуатына мал-мүліктерімен көмектескендері, құлдарды босатқандары т.с.с. істер істегендері осыған дәлел болады. Ал Пайғамбардың мұны жақсы әдеттің бастамасы деп атауының себебі - бұл бір топ адамдар Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға келгенде, сахабалар олардың мұқтаждығын көрді, бірақ оларға мал-мүліктерімен көмек беру олардың ешқайсысының ойына да келмеді. Бірақ ансарлардан болған әлгі адам өзінің әрекетімен оларға үлгі көрсеткен соң, адамдар осы істе оған ілесе кетті. Сондықтан ол өз әрекеті үшін де сауап алуға және оның өнегесіне ілескендердің барлығынының сауабын алуға да лайықты болды.

Осыған негізделіп, біз былай деп айта аламыз: егер мәуліт Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тарапынан Исламның алғашқы ғасырларында орындалған болып, бірақ кейіннен адамдар бұл әдетті тастап, ұмытқан болғанда, ал содан соң біреу осы әдетті жандандырғанда, ол Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олар туралы: «Кім Исламда жақсы әдет бастаса», - деп айтқан адамдардың қатарында болар еді. Бірақ мәуліт Исламның алғашқы ғасырларында өткізілмеген және дінде заңдастырылмаған еді, сондықтан кім адамдардың арасында осы әдетті бастап, осыда үлгі көрсеткен болса, сол Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олар туралы: «Кім Исламда жаман әдет бастаса, сол өзі үшін де жазаны көтереді және сол әдетті орындауда оған ілескен барлық адамдардың да жазасын көтереді, әрі бұл олардың жазасын азайтпайды», - деп айтқан адамдардың қатарына кіреді[13].

Дәйек.

Ибн Мас‟уд былай деген: «Егер мұсылмандар бір нәрсені игі деп санаса, ол нәрсе шындығында да Аллаһтың алдында игі болып табылады». Хабар Ибн Мас‟удтан сахих түрде жеткен; Қз.: Ибн Абдул-Һади «әл-Макасид әл-Хасана» 367-бет, сондай-ақ Ибн Кәсир «Тухфат Талибин» 455-бет, сондай-ақ «Да‟ифа» № 532.

Олардың қорытындысы: мұсылмандар мәулітті өткізуді игі іс деп санайды, демек, оны Аллаһтың Өзі де игі деп санайды.

Жауап:

1. Ибн әл-Қайим былай деген: «Бұл хабар «егер қандай да бір амалдың абзал екендігіне қатысты барлық мұсылмандардың бірауызды келісілген пікірі болса, ол Аллаһтың алдында игі болып саналады» дегенге дәлел болып табылады. Бірақ ол «егер кейбір мұсылмандар амалды игі деп санаса, ол Аллаһтың алдында да игі» дегенге ешқандай нұсқамайды. Сондықтан да бұл дәйек сендердің пайдаларыңа емес, сендерге қарсы болып табылады». «Әл-Фәрусия» 82-бет.

Бұл хабарға тура осы түсіндірмені имам әш-Шәтыби де «әл-И‟тисамда» (2/152) берген.

Егер біреу: «Неліктен сендер сахабадан жеткен бұл хабарды осылайша түсіндіресіңдер, өйткені онда бірауызды келісім туралы ескертпе жоқ қой?» - деп айтса, оған жауап былай болмақ: діннің және тұрмыстың көптеген мәселелерінде мұсылмандар мүлде қарама-қайшы көзқарастарды ұстанатынына ешкім пікір таластырмайды, ал екі қарама-қайшы пікірдің екеуі де бір мезгілде ақиқат бола алмайды. Біздің жағдайымызда мұсылмандардың кейбіреулері мәуліттің өткізілуін, ал кейбіреулер оның тасталуын игілік деп санайды, ал бұл пікірдің екеуі де бір мезгілде игілік бола алмайды.

Және алдында ескертіліп кеткендей, мәулітті өткізу Исламның көптеген ғасырларының барысында ғалымдардың көбінің тарапынан сынға алынды.

Дәйек.

Жауап: Шейх ул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Егер қандай да бір іс… Абдур-Рахман әл-Му‟аллими былай деген екен: «Әрі Аллаһ Тағала кейде кейбір…

Дәйек.

Мәулітті өткізу барысында Аллаһты зікір ету, Құран оқу, Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту, оның өмірімен және игі өнегесімен танысу, кедейлерді тамақтандыру т.с.с. көптеген игі амалдар орындалады. Сендер осы амалдардың барлығына тыйым саласыңдар ма?

Жауап:

1. Аталып кеткен барлық амалдар, ешбір күмәнсіз, шариғатта заңдастырылған және мұсылман адамның ең игі амалдарынан болып табылады. Алайда олар шариғи заңдастырылған тәсілмен және заңдастырылған уақытта орындалуы шарт болып табылады. Мысалы, намаздың шариғатта заңдастырылған ғибадат екеніне ешкім күмән келтірмейді, алайда егер біреу таң намазын түстен кейін, немесе оның парызын екі ракағат етіп емес, үш немесе төрт ракағат етіп орындап жатса, біз оның намазы туралы не айтамыз?! Немесе ол: «Жыл бойы мен намазды қалауыма сәйкес орындаймын, көңілді болсам – намаз оқимын, ал көңілсіз болсам – оқымаймын. Бірақ Бадр шайқасындағы жеңіс күні келсе, мен міндетті түрде бекітілген уақытта және бекітілген тәсілмен намаз орындаймын», - десе, біз оның «керемет» идеясы туралы не айтпақпыз?! Біз одан: «Не үшін сен дәл Бадр күнін таңдадың?», - деп сұраймыз. Ол: «Өйткені бұл мұсылмандар үшін ұлы оқиға болды. Бұл күні Аллаһ Тағала Исламға ұлықтық және кәпірлердің үстінен жеңіс берді. Сондықтан бұл күнге ерекше көңіл бөлу қажет!», - деп жауап береді. Міне осындай «керемет» адамдардың осындай «керемет» идеяларының салдарынан мұсылман күнтізбесі үнемі жаңа «мерекелік күндермен» толықтырылып тұрады.

Мәулітті жақтаушылардың қисыны да осындай. Жыл бойы олар кедейлерді тамақтандыруға да, Құран оқуға да, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянын зерттеуге де көңіл бөлмейді, ал дәл осы күні игі істерді естеріне алады!

Дәйек.

Біз мәулітті діни іс-шара ретінде өткізбейміз, бұл - адамдардың тұрмыстық жиыны ғана. Ал тұрмыстық мәселелерде қасиетті мәтіндерге келген тыйымдардан басқа барлық нәрсе рұқсат етілгені белгілі. Сондықтан бұл іс-шара діни бидғатқа жатпайды.

Жауап:

1. Бұл - өтірік сөз. Барлық кезде және әр заманда мәуліттің ұйымдастырушылары оны дінмен байланыстыратын және діннің атымен өткізетін.

2. Тіпті егер біз осымен келіскен жағдайда да, Аллаһ Тағаланың шариғаты күнәға және айыпты істерге әкеп соқтыратын тұрмыстық құбылыстарға қатаң тыйым салады.

Осы жерде ханафи мазһабының тағы бір ережесінен мысал келтіру қажет болады. Ол мынандай: «Егер рұқсат етілген амалды істеу күнә істеуге себеп болатын болса, бұл амалды тастау (қалдыру) міндетті (уәжіп) болып табылады». Қз.: имам әл-Финжифири «Усул Сунна» 91-бет, сондай-ақ «Дыя ун-Нур» 131-бет.

Тарау бойынша қысқаша қорытынды.

Осы тарауды жан-жақты қарап шыққанымыздан соң, оқырман мәулітті өткізуге ешқандай дәлел жоқ екеніне тағы да бір рет көз жеткізді. Сондықтан да маған ханафи мазһабының тағы бір ережесін еске салып қоюдан басқа еш нәрсе қалып тұрған жоқ.

Ол мынандай:

Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесу оның істеген нәрселерін істеуді ғана емес, бірақ оның (істемей) қалдырған нәрселерін қалдыруды да білдіреді».

Ханафи мазһабының имамдарының біріМулла Али әл-Қари (1052 х/ж) бұл ереже туралы былай деген екен: «Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесу оның істеген нәрселерін істеуді де, оның істемеген нәрселерін қалдыруды да білдіреді. Осының негізінде кім заңдастырушы (яғни Пайғамбар) істемеген амалды істеуде тұрақтылық танытса, сол бидғатшы болып табылады». «Әл-Мирқат» 1/41, 95.

Сондай-ақ тағы бір ханафи имамы Ахмад әр-Руми (1043 х/ж) былай деген: «Егер қандай да бір амалды істеуде қажеттілік болған кезде және оны істеуге ешнәрсе кедергі болмаған тұста Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сол амалды істемеген болса, онда біздің бұл нәрсені істеуіміз Аллаһтың дініне жаңалық енгізу болып табылады. Өйткені егер осы амалда қандай да бір пайда болғанда, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны өзі де орындар еді және өзгелерді оған талпындырар еді. Ал егер ол осы амалды істемеген болса және оған өзгелерді талпындырмаған болса, бұл істе ешқандай пайда жоқ екендігі, бұдан қалса ол – дінге енгізілген жексұрын, жаман жаңалық екендігі түсінікті болады... дәл осы бидғаттарды істеу елшілердің (алып келген) діндерін өзгертіп және олардың заңдарын ауыстырып жіберді. Өйткені егер дінге қандай да бір нәрсені қосуға рұқсат етілгенде, онда таң намазының парызын төрт ракағат, ал бесін намазының парызын алты ракағат етіп оқуға рұқсат етілер еді. Және сонымен бірге: «Бұл – дінге игі амалды қосу, ал игі амалдар зиян тигізбейді», - деп айтуға болар еді. Бірақ ешкім мұндайды айтуға құқықты емес».

Ханафи имамы әл-Финжифири былай деген: «Дәл осы ережеден мәулітті өткізуге қатысты тыйым шығады». «Усул Сунна» 60-бет.

Ал ендеше өздерін ханафи мазһабына жатқызатын біздің мәуліт ұйымдастырушыларымызда қандай ақталу қалды екен?!

Тарау. Мәуліттің кесірлі салдарлары және оны өткізу барысында жасалатын күнәлар

Христиандарға ұқсап-еліктеу.

Имам Ибн әл-Қайим былай деген: «Кім шариғат атап көрсетпеген белгілі орындарды немесе уақыттарды, осы орындарда немесе… Абу Са‟ид әл-Худри Аллаһтың Елшісінің… Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен…

Иман келтіргендердің жүректері Аллаһтың зікіріне (Құранға) жұмсап әрі түскен хақиқатқа жібитін уақыт жетпеді ме? Ал енді бұрын өздеріне Кітап беріліп, сосын ұзын мерзім өткендіктен жүректері қатайғандар сияқты болмаңдар. Олардың көбі бүзақылар»(57:16).

Хафиз Ибн Кәсир былай деген: “Бұл сөздер арқылы Аллаһ мүміндерге негізгі мәселелерде де екінші кезекті мәселелерде де яһудилер мен христиандарға ұқсап-еліктеуге тыйым салды». Қз.: “Тафсир Ибн Кәсир” 4/484.

2. Бұл жиындарда әйелдер мен ерлердің бір дастарханның немесе бір ортада және т.с.с. жерлерде араласып отыруы орын алады, ал бұған біздің дінімізде тыйым салынған.[14]

Мал-мүлікті және тамақты ысырап ету, сондай-ақ біздің өміріміз содан тұратын уақытты босқа сарп ету.

Аллаһ былай деп айтты: «Туыс-жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға міндетті түрде қарайласыңдар. Және мүлде ысырап қылмаңдар. Шынында, ысырапшылар шайтанның туысы. Ал шайтан Раббыңа өте қарсы»(17:26-27).

4. Бейнелер мен сүреттерді мешіттерге кіргізу,олармұныбасқа араб елдерінде мәуліт өткізіп жатқан өздері сияқты бидғатшылармен тікелей эфир өткізетіндігімен дәйектейді.

Мәулітті өткізу Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шектен тыс құрметтеуге және ұлықтауға әкеледі.

Ибн Аббас[15] Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Дінде артық кетпеңдер, ақиқатында сендерден бұрынғыларды дінде артық кетулері опат етті». Хадис жақсы (хасан);Ахмад 1851; Ибн Мәжаһ 3029; Нәсаи 5/268 т.б.

Умар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Христиандар Мариям ұлы Исаны ұлықтаған сияқты мені ұлықтамаңдар. Мен бар болғаны құлмын, сондықтан да: «Аллаһтың құлы әрі елшісі», - деп айтыңдар». Хадис сенімді (сахих);Бухари 3445.

Ал егер олар: «Біз Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) христиандар Исаны ұлықтағандай ұлықтамаймыз, мысалы, олар оны Құдайдың баласы деп айтады, ал біз мұндайды айтпаймыз», - десе, біз оларға былай деп жауап береміз: бұл хадисте Пайғамбарды қандай дәрежеге дейін ұлықтауға тыйым салынатындығы туралы емес, Пайғамбарды христиандар жасайтын әдіс-тәсілдермен ұлықтауға деген тыйым туралы айтылуда.

Бұған дәлел келесі хадис:

Әнас бірде Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір адамдар келіп: «Сен біздің арамыздағы ең абзалымызсың және біздің арамыздағы ең абзалымыздың ұлысың», - деп айтқанын баяндаған. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: « Уа, адамдар! Сөздеріңді немесе сөздеріңнің бір бөліктерін айтыңдар, бірақ сендерді шайтан босаңсытпасын! Мен Мухаммадпын, Аллаһтың құлы әрі елшісімін және мен өзімді Аллаһ қойған орнымнан жоғары көтеруін қаламаймын». Хадис сенімді (сахих);Насаи «Амәл әл-йаум уәл-лләйла» 248; Ахмад 3/153, 241, 249 т.б.; Шейх Муқбил «Сахих әл-Муснадта» (121) хадисті сахих деген.

Бұл хадистен көрініп тұрғанындай, адамдар Аллаһ Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құдайдың баласы деп атамаса да, әрі тіпті бұған жақын нәрсе айтпаса да, ол оларды мұндай сөздерден тыйды және мұны ақыр-аяғында барынша ұлғая беретін ұлықтауға алып баратын шайтаннан келген босаңсу деп атады.

Сондай-ақ біз: «Тіпті егер сендер бүгінгі күні: «Мухаммад – Аллаһтың ұлы», - деп айтпасаңдар да, мұны ертең айтасыңдар немесе мұны сендердің немерелерің айтады (әрине бұдан бізді Аллаһ сақтасын), өйткені христиандар да Исаны бір мезетте «Құдайдың ұлы» деп атап кетпеді ғой. Бұған дәлел – сендердің шектен тыс (артық) ұлықтау жолына түскендерің және ерте ме, кеш пе христиандар жеткен шекке сендер де жететіндерің, өйткені бұның бәрі – бір жол», - дейміз.

Абу Са‟ид әл-Худри Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: «Сендер міндетті түрде өздеріңнен бұрын өмір сүргендердің әдет-ғұрыптарына ілесесіңдер, ізбе-із, қолма-қол. Тіпті егер олар кесірткенің ініне кірсе, сендер де міндетті түрде олардың ізінен ересіңдер». Кейін Абу Са‟ид: «Біз одан: «Уа, Аллаһтың елшісі, сіз яһудилер мен христиандарды меңзеп тұрсыз ба?» - деп сұрадық. Ал ол: «Басқа кімді», - деді, - деп айтқан. Хадис сенімді (сахих);Бухари 3456; Муслим 2669; Ахмад 11800 т.б.

Бұған тағы да дәлел - мәуліт сендерден бұрын тойлана бастаған араб елдеріндегі жағдай осыған дейін жетті және олар Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құдайлық сипаттарды тели бастады. Мысалы, олардың «Пайғамбар ғайып туралы білімге ие, күнәларды кешіруге қабілетті, жер мен көктерді басқарады, олардың мәулітке байланысты жиындарына келіп қатысады» деген т.с.с. сөздер айтуы. Бірақ сіздер мәулітті жақында ғана тойлай бастадыңыздар, сондықтан да жақын арада сіздерден де осындай сөздерді есту ғажап емес.

Айтпақшы, осы күннің өзінде-ақ Булгардағы[16] қабірлерді зиярат етуді ұйымдастырушылар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардың жиындарына қатысатындығы және осыған қуанышты екендігі туралы айтуда.

Тарау. Мәулітті жыл сайын өткізу әкеп соқтыратын Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шектен тыс құрметтеудің және ұлықтаудың мысалдары

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ғайып біліміне ие» деген сенім

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) не болғанын да, не болатынын да біледі» деген сенім.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сақтаулы Тақтада (Ләуһул Мәхфузда) жазылған нәрселердің барлығын біледі» деген сенім

Әл-Бусыри (695 х/ж)[17] өзінің «Қасыда әл-Бурдасында»[18] (10-бет): «Осы және келесі өмір - сенің жомарттығыңнан (яғни «уа, Пайғамбар!»), ал Сақтаулы Тақтаны білуің - сенің біліміңнен», - деп айтады.

Егер біреу Бусыри бұл сөздерді Аллаһ туралы айтып тұр деп ойласа, қателеседі, өйткені ол мұны Пайғамбар туралы айтып тұр. Айтпақшы, бұл қасыда араб елдерінде өткізілетін мәуліттердің көбінде оқылады. Ал сопылардың «әл-бриләуия» деген сектасы: «Ләуһул Мәхфузда жазылған нәрселердің бәрін білу – Пайғамбардың білімінің бір бөлігі ғана», - деп есептейді».[19] Қз.: «әл-Халис ул-И‟тиқад» 58, 151-беттер.

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) білімі бүкіл болмысты қамтиды» деген сенім

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық ғылым туралы білімге ие, яғни алғашқы ұрпақтардың да, кейінгілердің де, адамдардың да, жындар мен періштелердің де, сондай-ақ басқа жаратылыстардың да» деген сенім.

Бұл туралы Ахмад Яр Ханның «Жә әл-Хаққ» (77-бет) деген кітабында оқуға болады.

5. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жаратылыстардың жүректерінде не бар екендігін біледі» деген сенім.Қз.: «әл-Мәдарик» 1/357.

Алғашқы болып бұл туралы Ибн әл-Хаж (737 х/ж) өз кітаптарында мәлімдеген болатын. Осыда оған әл-Қасталләни (923 х/ж), әз-Зуркани (1122 х/ж) және ән-Нәбхани (1350 х/ж) ілесті.

6. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық жерде жүр, барлық жердегі және барлық уақыттағы барлық нәрсені көріп тұр, әрі бұл оған еш қиындық тудырмайды» деген сенім.Қз.: Ахмад Яр «әл-Мәуа‟из ән-Ну‟аймия», 326-бет.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық нәрсе туралы білімге ие» деген сенім.

8. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туылуына дейін-ақ Құранды жатқа… Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен… Осы дінбұзар сенімдерді теріске шығару үшін, Аллаһтың кітабынан кейбір аяттарды…

Рас тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар айуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне солар мүлде қаперсіздер»(7:179).

Сондықтан да Ибн Умар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бес нәрсе Аллаһтан өзге ешкім білмейтін көмес (ғайып) білім болып табылады. Аллаһтан басқа ешкім ертең не болатынын, сондай-ақ жүктілердің құрсағында кім бар екенін және қашан жаңбыр жауатынын білмейді. Бірде-бір жан қай жерде өлетінін және Қиямет Күні қашан келетінін білмейді», - деп айтқанын жеткізген. Хадис сенімді (сахих);Бухари 4/1733.

Араб елдерінде және бұрынғы кеңестік республикалардың аумағында мәуліт ұйымдастырып жүргендердің көбі өздерін жатқызатын ханафи мазһабының ғалымдарына келер болсақ, олар осындай бұзық сенімдерді алып жүретіндерге қатысты өте қатаң сөздер айтқан. Маулітті өткізушілердің іс-әрекеттерін тек уаххабилер мен экстремисттер ғана айыптайды деп айтуға олардың батылдары бармаулары үшін, сол имамдардың сөздерін келтіріп кеткеніміздің еш оқасы жоқ деп ойлаймыз.

1. Ханафи мазһабының көптеген кітаптарында Аббасилердің екінші халифасы Мәнсурмен орын алған оқиға келтіріледі. Ол түсінде өлім періштесінің бейнесін көреді де, одан өзінің қанша жыл өмір сүретінін сұрайды. Оған жауап ретінде періште оған бес саусағын көрсетеді. Түс жорушылар мұны бес жыл, бес ай және бес күн деп түсіндіреді. Іс имам Абу Ханифаға дейін жеткенде, ол: «(Періште) бұл бес саусағын осымен Аллаһ Тағаланың «Әрине, Қиямет мерзімінің мәліметі тек Аллаһтың қасында. Жаңбырды (тек) Ол жаудырады, Ол (ғана) жатырлардағыны біледі. Ешкім ертең не істейтінін білмейді, әрі ешкім қай жерде өлерін де білмейді. Күдіксіз Аллаһ толық Білуші, Хабардар!» (31:34) деген сөздеріне нұсқау үшін көрсетті. Өйткені бұл бес нәрсені Аллаһтан басқа ешкім білмейді», - деді. Қз.: «әл-Мәдарик» 3/37; әл-Кашшаф 3/239 т.б.

2. Ханафи мазһабының тұтас топ ғалымдары былай деген: «Адам куәларсыз үйленді де: «Мен өзіме куә етіп Аллаһты, Оның Елшісін және періштелерді алдым», - деді. Бұл адам кәпір болды, өйткені өзіне «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және періште бұл дүниеде не болып жатқанын біледі» деген сенімді алды. Ал Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келсек, ол тіпті тірі жүрген кезінің өзінде көместі (ғайыпты) білмейтін, ал ол қайтыс болғаннан кейінгі жайттар туралы не айтуға болады?!» Қз.: «әл-Фәтауа әл-Хәния» 283-бет; «Фәтауа Хиндия» 2/226; «әл-Бәхр әр-Раиқ» 3/88.

3. Сондай-ақ ханафи мазһабының біртұтас топ ғалымдары: «Кім: «Ізгілердің (әулиелердің) аруақтары осында және не болып жатқанды біледі», - десе, кәпірге айналады», - деп айтқан. «Әл-Бахр әр-Раик» 5/124; «әл-Фәтауа әр-Рушайдия» 51, 202-беттер.

4. Имам әл-Хужанди былай деген: «Өлгендер және (бұл дүниеде) жоқтар көместі (ғайыпты) біледі» деген сенім, сондай-ақ «Аллаһтан басқа жалпы кім болсын көместі біледі» деген сенім күпірлік пен көпқұдайшылық болып табылатынын біл... Барлық ғалымдар бұл күпірлік екеніне бірауызды келіскен, әрі мен осымен келіспейтін бірде-бір әһлю-сунна уал жәма’а ғалымын білмеймін».

5. Ән-Нәбханидің «Пайғамбар осында және барлық жерде жүр және әр уақытта көреді» деген сенімін теріске шығара отырып, Имам Шукри әл-Алюси былай деді: «Кім назар бұрса, бұл адамның Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сенбейтінін және оны мойындамайтынын түсінеді. Өйткені ол барлық жерде және барлық уақытта жүретін әлдебір тұлғаға сенеді. Бұған оның өлеңі нұсқайтындай. Ал Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келер болсақ, ол Меккеде туылды және Мәдинада қайтыс болды... ал барлық жерде және барлық уақытта жүретін тұлға жоқ және болмайды да». «Әл-Аят әл-Кубра» 28-бет.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) болмысты басқарады» деген сенім

1. «Пайғамбар адамның кез келген мәселелерін шеше алады, өйткені осы дүниенің және келесі… 2. «Бұл болмыста не орын алса да, Аллаһ Тағала оны… 3. Ән-Нәбхани (1350 х/ж) былай деген: «Ақиқатында, әһлю-Сунна уал жәма’адан…

Раббың қалағанын жаратады да сұрыптайды. Оларда ерік болмайды. Аллаһ олардың қосқан серіктерінен Пәк және өте Жоғары»(28:68).

Сендер Аллаһқа құлшылық етудің орнына пұттарға құлшылшылық жасайсыңдар және өтірік айтасыңдар. Аллаһтан өзге табынғандарың сендерге ризық бере алмайды. Ендеше ризықты Аллаһтың қасынан іздеңдер. Оған құлшылық қылыңдар да, Оған шүкір етіңдер. Сол жаққа қайтарыласыңдар»(29:17).

Сонда да) олар Аллаһтан өзге басқа еш нәрсені жарата алмайтын, бірақ өздері жаратылған тәңірлерге құлшылық етті. Олар тіпті өздеріне де пайда, не зиян келтіру күшіне ие емес және өлімді де, өмірді де, қайта тірілтуді де басқармайды»(25:3).

Ал Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ былай деп айтты:

«(Мухаммед) расында, жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Аллаһ кімді қаласа, соны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол тура жол табатындарды жақсы біледі»(28:56).

«(Мухаммед) ешбір іс сенің еркіңде емес. Аллаһ немесе олардың тәубесін қабыл етеді, не болмаса оларды қинайды. Өйткені, олар залымдар»(3:128).

«(Мухаммед) өзіне азап лайық болу сөзі бекіген біреуді және тозақтағы біреуді сен құтқарасың ба?»(39:19).

Сондықтан да Абу Хурайра Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Өз жақын туысқандарыңды насихатта!»(26:214) деген аяттар түскен кезде, ол адамдардың арасына тұрып: «Уа, құрайштықтар! (немесе осы сияқты бір сөз) – өздеріңнің жандарыңды сатып алыңдар, ақиқатында, мен сендерге Аллаһтың алдында еш нәрсемен көмектесе алмаймын!», - деп айтқанын баяндаған. Хадис сенімді (сахих);Бухари 3/1012; Муслим 1/192.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз қабірінде күнделікті материалдық өмір сүруде» деген сенім

Уа, бауырым, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) денесі қабірде, ал оның жаны (рухы) Аллаһ Тағаланың құзырындағы ең жоғарғы және құрметті орында екенін біл. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа дүниелік өмірмен өмір сүріп жатыр, және оның мәні бізге белгісіз, біз оның мәні туралы қасиетті мәтіндерге сүйенген түрде ғана бір нәрсе айта аламыз. Оның сүріп жатқан өмірі бұл дүниеде сүрген өмірінен ерекшеленеді. Ал көптеген сопы тариқаттарының өкілдеріне келер болсақ, олар «Пайғамбар қабірінде осы дүниеде күнделікті өмір сүргеніндей өмір сүріп жатыр» деген сенімде.

Мынау «дьюбандия» деп аталатын сопылық тариқаттың имамы ән-Нәнутуидің (1297 х/ж) айтқан сөздері:

«Ақиқатында, Пайғамбар қазір өз қабірінде тірі. Ол сол жерде күнделікті, тұрақты, өзінің денесімен өмір сүруде. Оның өмірі жай рухани ғана емес, материалдық, денелік те. Сондықтан да сахабалар одан соң оның мұрасын бөлмеген және оның өзінен кейін қалдырған әйелдеріне үйленбеген. Ол өзінің қабірінде намаз оқиды, азан және иқама айтады. Сондай-ақ ол өзіне сәлем беретіндердің сәлемдерін естиді. Бұл – мұсылмандардың басым бөлігінің және әһлю-Суннаның бірауызды сенімі. Сондай-ақ бұл – Пайғамбардың мен сипаттағанымдай етіп өмір сүретінін теріске шығаратын уаххабилерден айырықша, біздің барлық имамдарымыздың және жетекшілеріміздің де сенімі». «Әл-Кәукиб әд-Дуррий» 1/423.

2. Сондай-ақ сопылардың имамы әз-Зуркани (1122 х/ж) былай деген:

«Пайғамбарлар өздерінің қабірлерінде тірі. Олар ішіп жейді, намаз оқиды, қажылық жасайды, одан қалса хабарларда жеткізілетініндей үйленеді де». «Мисбах әл-Анам» 26-бет.

Тек қызығы, бұл адам қандай деректер туралы айтып тұр?!

Ал ханафи мазһабының, сондай-ақ басқа мазһабтардың ғалымдары туралы айтар болсақ, олар төмендегілерді растайды:

Ханафи мазһабының имамдарының бірі имам әл-Имади (982 х/ж) былай деген: «Біз о дүниедегі өмірдің мәні туралы біле алмаймыз. Ол өмір біздің сезім мүшелеріміздің икеміне келмейді, әрі ол денелік, материалдық өмір болып табылмайды, бірақ бұл - ақылмен емес, тек қасиетті мәтіндермен ғана танылатын рухани өмір». «Иршад ул-ақл әс-салим» 1/179.

Ал әлгі ән-Нәнутуидің «Оның өмірі жай рухани ғана емес, материалдық, денелік те. Сондықтан да сахабалар одан соң оның мұрасын бөлмеген және оның өзінен кейін қалдырған әйелдеріне үйленбеген» деген сөздеріне келер болсақ, иә, сахабалардың ешқайсысы Пайғамбардан қалған оның әйелдеріне үйленбеді. Бірақ бұл олар: «Пайғамбар қабірінде денелік өмір сүруде», - деп есептегендіктерінен емес, мына төменде келтірілген себептерден:

1. Аллаһ Тағала бізге Өзінің Кітабында Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері мүміндердің аналары болып табылатынын түсіндірді. Ал аналарға үйленуге болмайтыны белгілі.

Аллаһ былай деп айтты: «Пайғамбар мүміндерге өздерінен артық. Оның жүбайлары - олардың аналары»(33:6).

2. Сондай-ақ пайғамбардың әйелдеріне үйлену пайғамбарға деген құрметсіздік танытудың және оны қорлаудың белгісі болып табылғандықтан.

Сондықтан да Аллаһ Тағала былай деді: «Сондай-ақ сендердің Аллаһтың Елшісін қынжылтуларыңа және одан кейін жүбайларымен әсте некелесулеріңе болмайды. Сондай істеулерің Аллаһтың қасында зор күнә болып табылады»(33: 53).

Осы екі себепті де, әлгі ән-Нәнутуи айтпақшы, уаххабилер емес, ханафи мазһабының имамдары келтірді. (Қз.: «Рух ул-Мә‟ани» 22/72-73; «Иршад ул-ақл әс-салим» 7/113.)

Ал сахабалардың Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұрасын неліктен бөлмегендіктеріне келер болсақ, ханафи ғалымдары мұның үш себебін айырып көрсеткен. (Қз.: «Рух ул-Мә‟ани» 22/72-73; «Иршад ул-ақл әс-салим» 7/113.):

1. Пайғамбарлар өздерінен кейін қалдырған бүкіл нәрселері бөлінетін мұра болып табылмайды, бірақ таратылатын садақа болып табылады.

Бұда олар Абу Бакр әс-Сыддықтан жеткен, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Біз мұра қалдырмаймыз. Бізден қалған барлық нәрсе садақа болып табылады», - деп айтқан хадисіне сүйенген. Хадис сенімді (сахих);Бухари 3/1126; Муслим 3/1380.

2. Пайғамбарлардың өздерінен кейін мұра қалдырмауларының тағы бір себебі – ешкім оларды мал-мүлік жинағандықтарында және оны өздерінің мурагерлеріне қалдырғысы келгендіктерінде айыптамауы үшін.

3. Егер пайғамбарлар мұра қалдырғанда, оның туысқандарының немесе жақындарының біреуінде (сол мұраға жету үшін) пайғамбардың өлімін қалау пайда болар еді, ал бұл, мұсылмандардың бірауызды пікірі бойынша, күпірлік болып табылады.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адам емес, нұр болған» деген сенім

Бұл туралы сопылар не деп айтатындарына қараңыздар: 1. «Бриләуия» тариқатының имамы Ахмад Рида Хан… «Пайғамбар Аллаһ Тағаланың нұрынан жаратылған нұр» деген сенім…

Елінің қарсы болған, Ақыретті жасынға шығарған, сондай-ақ Біз өздеріне дүние тіршілігінде кеңшілік берген бастықтары: "Бұл - өздерің сияқты бір адам ғана. Жегендеріңді жеп, ішкендеріңнен ішеді. Егер өздерің сияқты адамға бой ұсынсаңдар, рас, сол уақытта зиянға ұшырайсыңдар» - деді»(23: 33-34).

Бұл - өздеріне пайғамбарлары ашық дәлелдермен келгенде: "Бізді тура жолға адам сала ма?", - деп қарсы шығып, бет бұрғандықтарының салдарынан. Аллаһ оларға мұқтаж емес екендігін көрсетті. Өйткені, Аллаһ Мұңсыз, Мақтауға Лайық»(64:6).

Сондай-ақ Аллаһ Тағала «Аллаһқа жай адамды өздеріне жіберу жараспайды» дегендердің сөздерін жоққа шығарып, былай деді: «Олар: «Пайғамбарға бір періште неге түсірілмейді?», - деді. Егер періште түсірсек еді, (оған да қарсы келгендіктерінен) іс біткен болып, оларға сонан кейін мұрса берілмес еді. Егер Пайғамбарды бір періште қылсақ едік, оны да бір адам (бейнесінде) қылар едік те, оларға күдіктенген сайын шәк салған болар едік» (6:8-9).

Сондай-ақ Аллаһ Тағала «Пайғамбар адам болмады, ол періште немесе нұр немесе сол сияқты болды» деген сенімдерді жоққа шығарып, былай деді:

"«Ақиқатында, мен де сендер сияқты адаммын. Маған Тәңірлерің бір-ақ Тәңір екендігі уахи етілуде. Сондай-ақ кім Раббысына жолығуды үміт етсе, сонда түзу іс істеп, Раббысына жасаған құлшылығында Оған ешкімді ортақ етпесін», - де" (18:110).

Сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана жіберген едік. Егер білмесеңдер Кітап иелерінен сұраңдар. Ол пайғамбарларды тамақ жемейтін бір дене қылмадық. Сондай-ақ олар мәңгі қалушы да емес» (21:7-8).

Мухаммед) Сенен бұрын да тамақ жейтін, базарларда жүретін пайғамбарларды жіберген едік. Негізінде біріңді-біріңе сынау қылдық. Сабыр етесіңдер ме? Раббың әр нәрсені Көруші»(25:20).

Тарау бойынша қысқаша қорытынды

Әрбір мұсылман мәуліттің дәл жыл сайын өткізілуі Пайғамбар туралы сау сенімдер «Пайғамбар… Сондықтан да маған тек білім иелеріне және оны талап… «Бастарыңа келген бір ауыршылық, қолекі істегендеріңнің салдарынан болады. Және де…

Тарау. Мәуліттің қатысушыларына ықыласты кеңес-насихат

Хузайфа ибн әл-Яман Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілінгі мен сәлемі болсын) былай дегенін… Дінге енгізілген бұл жаңалықты ұйымдастырушылар оларды… Аллаһ былай деді: «Сол уақытта олар Тозақта өзара керіседі. Нашарлары…

Ол күні әр залым өз қолын шайнап: "Әттеген-ай! Пайғамбармен бірге жол тұтқан болсам еді", - дейді. "Нендей өкініш маған. Әттең! Мен пәленбайды дос тұтпаған болса едім... Шынында ол Құран келгеннен кейін мені одан адастырды» - дейді. Негізінде шайтан адам баласын қолдаусыз қалдырады»(25:27-29).

Мәулітке қатысу күнә мен дұшпандыққа көмектесу болып табылады.

Аллаһ былай деп айтты: «Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Аллаһтан қорқыңдар! Күдіксіз, Аллаһтың азабы қатты»(5:2).

Мәулітке қатысу сондай-ақ айналадағы адамдардың оған қатысушылардың санының көптігімен алдануына әкеп соқтырады. Бұл өз кезегінде көптеген адамдардың осы іс-шараны дұрыс және жақсы нәрсе деп қабылдай бастауына себеп болады.

Кез келген әділ оқырман жоғарыдағы тарауларды оқып болған соң, мәуліттің шариғатта заңдастырылмағаны туралы және оның қауіптілігі туралы өзі үшін қорытынды шығарар.

Ал мәуліттің шариғатта заңдастырылғанын айтып, оған қатысатындарға тек Аллаһтың мына сөздерін келтіру ғана қалады:

Здеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін сондай бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. Міне соларға зор азап бар»(3:105).

Олар ойларына және көңілдері қалағанына ғана ереді. Расында, оларға Раббыларынан туралық келсе де»(53:23).

Quot;Осылайша сенен бұрын қандай да бір қонысқа ескертетін насихаттаушыны жіберген болсақ, оның сән-салтанатпен нәзіктенген адамдары міндетті түрде: "Расында, біз ата-бабаларымызды осы жолдың үстінде таптық. Біз де солардың ізіне дұрыс ерудеміз", - деді. Ол: "Ал егер мен сендерге ата-бабаларыңды тапқан жолдан дұрыс нәрсе әкелген болсамшы?», - деді. Олар: "Расында, сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз", - деді. Сонда Біз де олардың тиісті жазасын бердік. Енді жасынға шығарушылардың соңы қалай болғанын қара»(43:23-25).

Алайда олар өз дінін бөлшектерге бөліп тастады, әр секта өзінде болғанға мәз болды»(23: 53).

Бірақ олар ақиқат келген сәтте, оны жасынға шығарды. Сондықтан олар бір қобалжуда»(50:5).

Тарау. Барлық тыйымдарға қарамастан мәулітті ұйымдастыруды жалғастыратындарға ықыласты кеңес-насихат

Мұндай іс-шараларды ұйымдастырушылардың екі түрі болады:

1. Оларды өз еркімен және қалауларымен ұйымдастырушылар. Себебі, олар осыған материалдық немесе өзге мүдделері үшін құныққан.

2. Оларды ұйымдастыруда өз еркімен емес, оларға белгілі, жиі жағдайда азғантай-ақ қысым жасалғандықтан қатысатындар. Мұндайлардың материалдық қызығушылықтары жоқ, алайда оларды мазалайтын нәрсе - қолдарында бар жағдай-ды, мал-мүлікті, жұмысты сақтап қалу.

Алайда Аллаһ Тағаланың шариғатында біріншілері де, екіншілері де істеген амалдары үшін жауапкершілік пен күнә көтеріді. Себебі, олардың барлығын бір сипат, яғни бұл дүниені және ондағы бар нәрселерді болашақ өмірден және Аллаһтағы бар нәрселерден абзал көруі біріктіреді.

Мүмкін олар мына аяттар мен хадистерге құлақ салар:

1. Абу Хурайра Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Ал кім Исламда жаман әдет бастаса, сол өзі үшін де жазаны көтереді және осы әдетті орындауда өзіне ілескендердің барлығының да жазасын көтереді, әрі бұл олардың жазасын азайтпайды». Хадис сенімді (сахих);Муслим 1017.

Аллаһ былай деп айтты: «Олар өз жүгін Қиямет күні толығымен көтереді, сондай-ақ өздері адасушылыққа салған надандардың жүгін де. Олардың жүгі нендей жиіркенішті!»(16:25).

Аллаһ сондай-ақ: «Әрине, олар өз жүктерін де, онымен бірге басқа жүктерді де көтереді. Әлбетте, олар Қиямет күні жасама істерінен сұраққа тартылады»(29:13).

Және өзінің бидғатына шақыруда қаншалықты көп күш жұмсаса, оған соншалықты көп адам еретінін, ал бұл оның жағдайын одан сайын қиындатанын түсінбейтін адам нендей бақытсыз! Имам әл-Укайли «әд-Ду‟афа» 1/232 атты кітабында имам Юсуф ибн Асбаттың бір бидғатшыны адамдардың алдында сөккені туралы және масқара еткені туралы айтқан. Сонда сол жердегілердің біреуі оған: «Сен ғайбат пен өсек таратқаннан қорықпайсың ба?», - деп айтады. Ал Юсуф ибн Асбат: «Не үшін, уа, ақымақ? Мен бұл бидғатшыға оның ата-анасынан сүйіктірекпін. Өйткені мен адамдарды оның бидғатынан ескертемін, керісінше болған жағдайда, ол өзіне ілескендердің барлығының жүгін көтерер еді».

2. Аллаһтың құзырындағы нәрселер бұл дүниедегі бар нәрселерден жақсырақ және таусылмас, ал Аллаһтың жазасы (бұл дүниедегілердің жазасынан) қаталырақ әрі азаптырақ.

Аллаһ былай деп айтты: «Дүние тіршілігі ойын-сауық ғана. Әрине, Ақырет мекені тақуалар үшін жақсырақ. Сонда да түсінбейсіңдер ме?»(6:32).

Ол сондай-ақ былай деді: «Осындай Ақыретті беріп, дүние тіршілігін айырбастап алғандар, олардан азап жеңілдетілмейді де, оларға көмек те болмайды»(2:86).

Имам әш-Шәукани былай деген: «Аллаһтың Өз жаратылыстарындағы заңы осындай. Кім дінін сатып, мына дүниенің тамсандыратын сұлулықтарын қаласа, ерте ме, кеш пе қайғы-қасіреттен және зияннан басқа еш нәрсеге ие болмайды». «Әдаб ут-Таләб» 30-бет.

Имам Ибн әл-Қайим былай деген: «Білім иелерінен осы дүниені абзал көріп, оны сүйіп қалған кез келген (адам) өзінің пәтуалар мен үкімдерінде міндетті түрде өтірік жапсыра бастайды. Өйткені әлемдердің Раббысы - Аллаһтың үкімдері жиі жағдайда адамдардың, әсіресе билікке ие болғандарының немесе құмарлықтарына ергендерінің наздары мен қалауларына қайшы келеді. Мұндайлар ақиқатты қабыл алмай және оған кері жүрмей ешқашан өз қалауларын және ұмтылыстарын қанағаттандырмайды. Сондықтан да билік пен құмарлықтарға ілесуді сүйіп қалған кез келген ғалым міндетті түрде ақиқатты итеріп тастайды, әсіресе егер шариғаттан өзін ақтау үшін қармайтын кішкентай ғана нәрсе тапса. Міне, оның қалаулары мен өзін ақтау үшін келтіретін дәйексымақ нәрселері біріккен кезде, құмарлықтар еселеп көбейе түседі де, ақиқат көрінбей қалады, тіпті іс жүзінде ақиқат ашық және айқын болса да. Сол кезде ол шекараларды басып өтеді де, өзіне-өзі: «Мен кез келген уақытта тәубе жасап, қайтуға үлгеремін», - дейді. Солар және сол сияқтылар туралы Аллаһ былай деп айтты: «Бұл пайғамбарлардан кейін олардың орындарына намазды қойып, нәпсілеріне ергендер келді»(19:59), сондай-ақ: «Олардан кейін Кітапқа мұрагер болып, осы сапасыз дүниенің бұйымын алатын топ келіп отырады да: «Жуықта жарылқанамыз», - дейді. Тағы сондай нәрсе келсе, оны да ала береді. Олардан Аллаһқа байланысты шындықты ғана айтулары туралы Кітапта уәде алынбады ма? Ал олар ондағы нәрселерді оқымады ма? Негізінде, Ақырет тақуалар үшін хайырлы. Сонда да түсінбейсіңдер ме?»(7:169), - деді.

Бұл оларды Аллаһ туралы өтірік айтуға мәжбүрлейтін нәрсе. Олар Аллаһтың укім-қаулылары, Оның шариғаты және Оның діні қарама-қарсы жақта екенін білсе де, немесе осы нәрсе Аллаһтың үкімі, Оның шариғаты және оның діні болып табылатындығы туралы білмесе де: «Бұл - Аллаһтың үкім-қаулылары, Оның шариғаты және Оның діні» , - деп айтады. Сөйтіп кейде олар Аллаһ туралы білмеген нәрселерін, ал кейде Аллаһ туралы өтірік екендігін білетін нәрселерді айтады». «Әл-Фәуаид» 100-бет.

Олар Аллаһтың, Елшісінің өздеріне бергеніне разы болып: «Аллаһ бізге жеткілікті. Аллаһ және Елшісі бізге мәрхаметімен береді. Расында, біз Аллаһқа ынтықбыз», - дегені жақсырақ еді»(9:59).

«Аллаһ: «Бүгін шыншылдардың шындықтары пайда беретін бір күн. Оларға астарынан өзендер ағатын Жәннат бақтары әзірленген. Олар онда мәңгі қалады», - деп айтты. Аллаһ олардан разы болды, әрі олар да Аллаһтан разы болды. Бұл ірі жетістік!»(5:119).

Сондықтан Аллаһ былай деп айтты: «Шайтан сендерді кедейлікпен қорқытады да, арсыздықты әмір етеді. Ал Аллаһ сендерге өз қасынан жарылқауды, кеңшілікті уәде етеді. Аллаһ барлық нәрсені Қамтушы, Білуші»(2:268).

Имам әш-Шәукани былай деген: «Және кейбіреулер мемлекет тарапынан өздеріне қамтамасыз етілетін мал-мүлік пен лауазымнан болған өз үлесі туралы қам жеп, ақиқатты айтпайды және жария етпейді. Және сондықтан да олар қарапайым халықтың құрметіне ие болу үшін және олардың оны тастап қашатындарынан қорқып, адамдардың көбі ұстанатын нәрселеріне қайшы келетін ақиқатты айтпайды. Ал кейбіреулері мұндай жем дорбағада да (пайда көзіне де), мәртебеге де ие болмай, осы көптен бері тілеген үлес оған да мемлекет немесе адамдар тарапынан бір күні берілетінінен үміт етіп, ақиқатты айтпайды». «Адаб әт-Таләб уа мунтаха әл-араб» 41-бет.

Ал бидғатшылардың тарапынан болып жатқан қысыммен ақталатындарға келер болсақ, олар мына аяттар мен хадистерге құлақ салатын шығар:

Здері соққы жегеннен кейін Аллаһтың және Елшісінің нұсқауларын қабылдағандар. Олардың жақсылық істеп, тақуа болғандары үшін зор сыйлық бар. Оларға адамдар: «Сендерге қарсы ел жиналды, сондықтан олардан қорқыңдар», - деді. (Бұл сөз) олардың иманын арттырды да, олар: «Бізге Аллаһ жетіп асады, Ол нендей жақсы Қамқоршы және Сақтаушы», - деді. Сондықтан олар Аллаһтың нығметі және кеңшілігіне ие болып, бір сәтсіздікке ұшырамай, Аллаһтың ризалығына бөленіп, қайта оралды. Аллаһ зор кеңшілік иесі. Негізінен шайтан өз достарын қорқытады. Сондықтан олардан қорықпаңдар да, Менен қорқыңдар, егер мүмін болсаңдар»(3:172-175).

Ибн Аббас былай деп баяндайтын: «Бірде мен Пайғамбардың артында (ер тоқымда) отырғанымда, ол маған: «Уа, балам, мен саған бір сөздерді үйретейін: «Аллаһты (жүрегіңде) сақта және Аллаһ сені сақтайды. Аллаһты (жүрегіңде) сақта және сен Оны өз алдыңда табасың. Егер бір нәрсе сұрайтын болсаң, Аллаһтан сұра, егер көмек іздесең, оны Аллаһтан ізде. Және егер барлық адамдар саған бір нәрседе пайда келтіру үшін жиналса да, олар саған Аллаһ жазған нәрседен артық көмек бере алмайтынын, ал егер барлық адамдар саған зиян тигізу үшін жиналса, олар саған Аллаһ жазған нәрседен артық зиян тигізе алмайтынын біл. Қалам көтеріліп қойылды әрі жазулар (сиялар) құрғап болды», - деді».Хадис сенімді (сахих);Тирмизи 2516.

Тарау. Қалыс қалатындарға әрі діндегі бұл жаңалықты (бидғатты) сөкпейтіндерге ықыласты кеңес

Сөгіске лайықты нәрсені сөгу және оған өз келіспеушілігіңді білдіру міндетті болып табылады.

Убада ибн Самит былай деп баяндайтын: «Біз Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ауыр…

Аллаһ Тағала діндегі жаңалықты (бидғатты) істеушіге де, ол туралы үнсіз қалып оны сөкпейтінге де өзінің жазасын жібереді.

Аллаһ былай деп айтты: «Сондай Исраил ұрпақтарынан қарсы болғандар Дәуіт және Мәрйям ұлы Ғисаның тілі арқылы лағынет етілген. Ол қарсы келулері, шектен шығуларының салдарынан. Олар бір-бірлерін істеген жамандықтарынан тыймайтын болған. Расында олардың істегендері нендей жаман»(5:78-79).

Мухаммед) олардан теңіз жағасында болған кенттің жағдайын сұра. Сол уақытта олар сенбіде (балық аулап) шектен шығатын еді. Өйткені сенбі күндерінде балықтар оларға қаптап келетін, ал сенбіден басқа күндерде келмейтін еді. Олардың зұлымдықтары себепті өздерін осылайша әуреге салдық. Сол уақытта олардан бір тобы: «Аллаһ жоқ ететін немесе қатты азап қылатын елді не үшін үгіттейсіңдер?» - деді. (Үгіттеушілер): «Раббыларыңа үзіріміз болсын, бәлкім олар сақтанар», - деді. Олар өздеріне жасалған ескертуді ұмытқан кезде, жаманшылықтан тосқандарын құтқардық та, зұлымдық қылғандарын бұзақылық істеулері себепті қатты қинауға ұшыраттық. Сонда олардың тыйым салынған нәрседе шектен шыққандықтары себепті оларға: «Маймыл болып қор болыңдар!» - дедік» (7:163-166).

Абу Бакр әс-Сыддық былай деген: «Әрі біз Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер адамдар біреудің зұлымдық жасап жатқанын көріп, оны қолынан ұстап алмаса, олардың барлығына да Аллаһтың жазасы жақын», - дегенін естідік».Хадис сенімді (сахих);Тирмизи 2168; Ибн Мәжаһ 4005, Қз.: «әл-Мишкат» 5142.

Сөгіс айтылатын нәрсені кейінге қалдырмастан, ол адамдардың жүректерінде нығаймайынша және тамырын жайып үлгермейінше дәл сол кезде сөгу керек

Имам әл-Курафи былай деген: «Ғалымдар: «Сөгіс айтылуға тиістіні сөгу және жақсылыққа үндеу, мұсылмандардың бірауызды келісімі бойынша, кідірусіз орындалуға міндетті», - деп айтқан». «Әл-Фуруқ» 4/1400.

Себебі, дінге енгізілген жаңалық басында кішкентай әрі көзге түспейтіндей болады және егер ол туралы айтылмай, оның мәні адамдарға түсіндірілмесе, ол өте үлкенге айналады және тамыр жайып, нығая түседі. Осыдан соң оны жою іс жүзінде мүмкін болмай қалады.

Ибн Мас‟удтан оның былай деп айтқаны жеткізіледі: «Бір қауым келіп, бармақтың ұшындай мөлшерде Сүннетті қалдырады (тастайды). Егер сендер оларды осыларында сөгіс білдірусіз қалдырып қойсаңдар, олар ең соңында үлкен қиыншылықтармен келеді».

Шейх ул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Егер адамдар табанның өлшеміндей қателік жасаса, олардың ізінен келетіндердің замандарында ол шынтаққа айналады да, осылайша көбейе береді, көбейе береді. Ал бақытты адам – бұл Сүннетпен шектелетін адам». «Буғъят ул-муртад» 451-бет.

Башир әл-Ибраһими былай деп айтқан: «Ақиқатты білушінің міндеті – адасушылық күшейгенде адамдарды тура жолға талпындыру. Ол өтіріктің ақиқаттан үстемдік ала бастағанын көрген әрбір сәтте, ақиқатқа көмектесу үшін асығуы қажет. Ол бидғатпен, жауыздықпен және күнәмен олар таралып және күш алып үлгермейінше шайқасуға міндетті. Адамдар осы амалдарды әдет етіп алмайынша және олар жүректерде жұлып алу мүмкін болмайтындай етіп тамырлап кетпейінше. Оның міндеті ақиқат үшін күресушілердің қатарларына құйылу болып табылады, бірақ ешқандай бұғып отырушылармен бірге артта қалу емес». «Әл-Асар» 4/110-111.

Ашық түрде жасалынып жатқан сөгіске лайықты амалға ашық түрде сөгіс білдіру қажет.

[1] Имам ән-Нәуауи былай деген: «Кейбір ғалымдар күнәның ауыр болып саналатын шекарасын түсіндіріп берген.… [2] Таиф пен Мекке қалаларының арасында Меккеге… [3] Арабтардың киім түрі.

– Конец работы –

Используемые теги: шін, ханафи, МАЗ, абын, станушылар, оны, ткізбейді0.115

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Және не үшін ханафи мазһабын ұстанушылар оны өткізбейді

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным для Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Еще рефераты, курсовые, дипломные работы на эту тему:

Генетика және оның биологияда алатын орны. Генетика пәнінің мақсаты мен міндеттері
Т ым уалау тірі организмдерді аса ма ызды ерекшеліктеріні атарына жатады Т ым... Гентотип фенотип аллель Ген... Генотип терминін жылы даниялы генетик В Иогансен сын ан О ан барлы геном...

Поскольку в данном случае работа совершается за счет запаса потенциальной энергии , она равна убыли потенциальной энергии на отрезке оси
Для установления этой связи вычислим элементарную работу совершаемую силами...

Тверская область — самая большая среди центральных областей России. Её площадь — 84,1 тыс. кв. км. Но выделяется она среди других
ТВЕРСКАЯ ОБЛАСТЬ ВЕЛИКИЙ ВОДОРАЗДЕЛ ТР Х МОРЕЙ...

Спасибо моему боссу Лайзе за то, что она терпела меня весь последний год, пока длилось это помешательство
ПЯТЬДЕСЯТ ОТТЕНКОВ СЕРОГО...

Когда начался интегративный этап развития экологии и она перестала быть только биологической наукой
В каком году впервые в научной публикации Э Геккеля было упомянуто название... г...

Истинная скорость Vист - это скорость волны в малом объеме породы. Она определяется путем ультразвуковых измерений на образцах
В связи с разным строением слоистых сейсмических сред и границ в сейсморазведке используются следующие скорости или типы скоростей распространения... Истинная скорость Vист это скорость волны в малом объеме породы Она... Пластовая скорость Vп это средняя скорость распространения упругих волн в каждом пласте изучаемого геологического...

Эта книга посвящена как раз таким некоторым другим причинам. Она о том, как психология может вызывать движения цен финансовых активов
На сайте allrefs.net читайте: Эта книга посвящена как раз таким некоторым другим причинам . Она о том, как психология может вызывать движения цен финансовых активов.

Лекция Экономикалық теория пәні мен оның негізгі бағыттары Экономикалық ғылымдардың қайнар көздері
Экономикалы ылымдарды айнар к здері... Экономикалы за дар мен... Лекция Экономикалы дамуды жалпы негіздері Ндіріс...

Все это воздействие принято называть пассивной рекламой, поскольку она не находится под контролем пользователя
Вторым рекламным звеном является то что пользователь получает после взаимодействия с рекламой Как всем известно самой распространенной формой... Причин по которым пользователь реагирует на рекламу а не просто принимает ее... реклама пользователя заинтриговала он не до конца или неправильно понял что его ожидает...

Генетика және оның биологияда алатын орны. Генетика пәнінің мақсаты мен міндеттері
Т ым уалау тірі организмдерді аса ма ызды ерекшеліктеріні атарына жатады Т ым... Гентотип фенотип аллель Ген... Генотип терминін жылы даниялы генетик В Иогансен сын ан О ан барлы геном...

0.025
Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • По категориям
  • По работам