Дәйек.

Пайғамбар дүйсенбі күні ораза ұстаған, демек ол өзінің туған күніне көңіл бөлген.Ибн әл-Хаж «әл-Мәдхал» 2/3.

Жауап:

1. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне емес, аптаның күніне назар бұрған. Сондықтан, сіздердің қисындарыңызға сәйкес, (мәуліт) іс-шараларын апта сайын өткізген дұрысырақ болар еді. Әт-Туайжири «ар-Радд әл-Қауи» 61-бет.

2. Хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) аптаның өзі туылған күнін ораза ұстаумен ерекшелегені туралы келіп тұр, ал сіздер оның туған күнін мерекелі шаралармен және тамақтанумен атайсыздар.

Аллаһ Тағала яһудилерге былай деген: «Сендер сонда жақсырақ болған нәрсені жаманырақ болған нәрсемен ауыстыруды сұрап тұрсыңдар ма?»(2:61).

Осыда сендердің яһудилермен ұқсастықтарың көрінеді.

Өз амалдарында шиғаларға, тіпті олардың шекке шыққандарына, яғни фатимилерге ілескендердің және сонымен қоса көпқұдайшыл құрайыштықтарға және яһудилерге ұқсағандардың жағдайы қалай болмақ?!