Дәйек.

Ибн Аббас былай деп баяндайтын: «Аллаһтың Елшісі Мәдинаға келгенде, ол яһудилердің Ашура күні ораза ұстайтындарын көрді.[11] Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға: «Сендер ораза ұстайтын бұл не күн?» - деді. Олар: «Бұл ұлы күн. Бұл күні Аллаһ Мусаны және оның халқын құтқарып, Перғауын мен оның халқын суға батырды. Әрі Муса осы күні Аллаһқа деген шүкіршілігінің белгісі ретінде ораза ұстайтын, сондықтан біз де осы күні ораза ұстаймыз», - деді. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Біз Мусаға сендерден жақынбыз», - деді. Және Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы күні ораза ұстайтын болды да, мұны өзге мұсылмандарға да бұйырды». Хадис сенімді (сахих);Бухари 2004; Муслим 1130.

Олардың қорытындысы: Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ Мусаны құтқарғаны үшін Оған шүкіршілік ретінде Ашура күні ораза ұстады, біз де Аллаһқа Пайғамбардың туылғаны үшін шүкіршілігімізді білдіріп, оның туған күнін атаймыз.Әс-Суюти «әл-Хауи лил-Фатауи» 1/260.

Жауап:

1. Яһудилер тек Муса пайғамбар бұл күні ораза ұстайтын болғаннан кейін ғана, осы күні ораза ұстайтын болды. Ал Мухаммад пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз туған күнін мерекелеп атауда сіздерге үлгі көрсетпеген болса, қалайша сіздер оның туған күнін атап өтуді бастай аласыздар?!

2. Егер мәулітте игілік болғанда, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны заңдастырар еді әрі өзі де оны өткізер еді, өйткені қалайша ол Ашура күні ораза ұстауды заңдастыра алды да, ал өзінің туған күніне арналған мерекелік шараларды заңдастырмады?!