Ал Раббың ұмытпайды»(19:64).

3. Егер қасиетті мәтіндерге зейін қойып қарасақ, барлық жерде Аллаһ Тағала бізге Өз Пайғамбарын жібергенінің рахметіне нұсқайтынын көре аламыз және барлық жерде оның туылғандығына емес, жіберілгендігіне ерекше маңыз беріледі. Себебі, жіберілудің маңызы туылуға қарағанда едәуір жоғары. Және пайғамбардың адамдардан негізгі айырмашылығы оның қай жерде, қашан және қалайша туылғанында емес, Аллаһтан жіберілген елші болуында. «Хиуар әл-Мәлики» Ибн Мәни‟ 85-бет.

Аллаһ былай деп айтты: «Расында, Аллаһ мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен, оларға Аллаһтың аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін Елші жіберді»(3:164).

Дәл сондықтан да мүміндердің әмірі Умар ибн әл-Хаттаб мұсылмандардың жыл санауын Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күнінен бастап емес, оның қоныс аударуынан бастауды енгізді.