Мәуліт жақсы (хасана) бидғат болып табылады.

Жауап:

1. Діндегі жаңалықтарды (бидғаттарды) жаман және жақсы деп бөлу қате болып табылады, өйткені дінде жақсы бидғат жоқ. Бұған дәлел – Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына сөздері: «Әрі ешбір жағдайда дінге жаңалық енгізбеңдер, өйткені дінге енгізілген әрбір жаңалық - бұл бидғат, ал әрбір бидғат – адасушылық». Хадис, оны нығайтатын тізбектер болғандықтан, сенімді (сахих);Абу Дауд 4607; Тирмизи 2676.

Ал қалайша енді Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әрбір бидғат - адасушылық», - деп айтқаннан кейін сендер: «Жоқ! Әрбір бидғат адасушылық бола бермейді!», - деп айта аласыздар? Имам әш-Шәтыби «әл-И‟тисам» 1/141.

Аллаһ былай деп айтты: «Әй мүміндер! Аллаһтан әрі Елшісінен ілгері кетпеңдер. Және Аллаһтан қорқыңдар. Шүбәсіз, Аллаһ - аса Естуші, толық Білуші» (49:1).

Шейх ул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заңдастырмаған және сауапты деп атамаған, сондай-ақ мұсылмандар өз дінінде олардың соңынан ілесетін имамдардың ешқайсысы осылай деп атамаған нәрсенің барлығы айыпты бидғат болып табылады. Және бірде-бір ғұлама мұндайды жақсы бидғат деп атамайды». «Мәжму‟ әл-Фәтауа» 27/152.

2. Ал бидғаттарды жақсы және жаман деп бөлуде олар имам әш-Шәфи‟и мен Изз ибн Абдус-Сәламнің сөздеріне сүйенетініне келер болсақ, имам Ибн Ражаб осымен меңзелетін нәрселерді былай түсіндірген: «Шәфи’и «жаман бидғат» дегенде оған қайту (жүгіну) мүмкін болмаған, діндегі шариғи негізі жоқ жаңалықтарды меңзеп тұр. Міне осы - қасиетті мәтіндерде қолданылатын «діндегі жаңалық (бидғат)» ұғымы. Ал жақсы бидғаттар - бұл Сүннетке сәйкес келетіндері, яғни бұл амалдардың Сүннетте қайтуға (оралуға) мүмкін болған негізі бар. Сондықтан да мұның астарында діни емес, тұрмыстық жаңалық меңзеледі». «Жәми‟ ул-Улюм» 2/131.

Имам әл-Изз ибн Абдус-Сәламнің сөздерін имам әш-Шәтыби «әл-И‟тисамда» 1/191 тура осы мағынада түсіндіріп берген.

Бұл жерде өте бір маңызды мәселені түсіну қажет. Көптеген адамдар өздерінің ұстанымдарын дәйектеп: «Сен автокөлікте жүресің ғой, мобилдік телефонмен сөйлесесің ғой т.с.с., ал мұның барлығы енгізілген жаңалық қой! Ендеше, не үшін сен осыларға да тыйым салмайсың?», - деп айтады.

Бұған жауап мынандай: шариғатта тікелей аталмай кеткен нәрселерді екіге бөлуге болады:

1. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде істеу мүмкін болған, әрі оған деген қажеттілік болған, бірақ, соған қарамастан, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны істемеген амалдар. Мұның мысалы ретінде намазға тұрушылар саптарын түзейтін жіптер тартып қоюды келтіруге болады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) саптарды түзеуге мұқтаж еді, осыған көп көңіл бөлетін және намаздың алдында осыған көп уақыт сарп ететін. Ол осындай жіптерді тартуға деген мүмкіндігі бар еді, өйткені оның кезінде де жіптер бар болатын. Бірақ осыны істеудің қажетті және мүмкін болуына қарамастан, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұны істемеді. Демек, бұл дінге енгізілген айыпталатын жаңалық (бидғат) болып табылады.

2. Оны істеуге деген қажеттілік болған, бірақ мүмкіндік болмаған нәрселер. Мысалы, үлкен мешіттің имамына арналған микрофон. Сахабалардың заманында микрофондар болмады, бірақ имамның дауысын алыстағы адамдарға жеткізу қажеттілігі болған. Сондықтан да имам әл-Бухаридың «Сахихында» Абу Бакр намазда Пайғамбардың дауысын адамдарға жеткізді деген дерек жеткізіледі. Хадис сенімді (сахих);Бухари 712; Муслим 941; Ахмад 25876, Аишаның сөзінен. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз мешітінде микрофон орнатуға деген мүмкіндігі болмағандықтан, оны орнатпады. Сондықтан да мешіттерде микрофондар орнату дінге енгізілген жаңалық (бидғат) болып табылмайды, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мүмкіндігі болған жағдайда мұны орындайтын еді.[12]

Сондықтан да біз былай деп айтамыз: сахабалардың кезінде және оларға ілескен ұрпақтардың тұсында мәулітті өткізуге және оны істеу арқылы сауапқа қол жеткізуге деген мүмкіндік бар еді, алайда, солай болса да, олар мұндай еш нәрсені істемеді, демек бұл – дінге енгізілген айыпталатын жаңалық (бидғат) деп айтамыз.

Сондықтан да имам Мәлик: «Кім: «Исламда жақсы бидғат бар», - деп есептесе, сол: «Пайғамбар Жолдауды соңына дейін жеткізбеген», - деп есептейді», - деп, өзінің атақты сөздерін айтқан болатын. Ибн Хазм «Әл-Ихкам фи усул әл-Әхкам» 6/85.

Егер оқырман осы ережені дұрыс түсінген болса, онда осы жерде бидғатшылар сахабалардың кейбір істеген істерін бидғат деп санап, бізге: «Міне, көрдіңдер ме, сахабалар да бидғаттар істеген! Ендеше, не үшін сендер біздің бидғаттарымызды сөгесіңдер де, олардың бидғаттарын сөкпейсіңдер?!», - деп мәлімдейтін кейбір істерді мысал ретінде келтіріп кетейін.