Абу Бакр әс-Сыддық Құранды тұтас кітап етіп жинақтады.

Сұрақ:не үшін Абу Бакр Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істемеген істі істеді? Әрі не үшін сендер осыны бидғат деп атамайсыңдар?

Жауап:

Шейх ул-Ислам Ибн Таймия былай деп айтқан: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Менен Құраннан басқа еш нәрсені жазып алмаңдар» (Хадис сенімді (сахих);Ахмад 3/12; Дарими 456; Насаи «Фадаил әл-Қуранда» 33, Абу Са‟ид әл-Худридің сөздерінен). Мұнымен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) уахиді жазуды заңдастырған, бірақ оларды біртұтас кітапқа жинақтамаған. Себебі - Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болғанына дейін оған Құран түсіріле беретін. Бір аяттар басқаларының күшін жоятын. Сондықтан да, аяттардың тұрақты түрде қосылуының және кемуінің себебінен, Құранның жеке жазбаларын біртұтас кітапқа жинақтау мүмкін болмады». «Мәжму‟ әл-Фәтауа» 21/317.

Имам әл-Хаттаби былай деген: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құранды тұтас бір кітапқа жинақтамағанының себебі – оның түсірілуінің жалғасып тұруы және бір аяттар екінші аяттардың күшін жоюы еді. Ал ол қайтыс болғаннан кейін және Құранның түсірілуі тоқтағаннан кейін Аллаһ Тағала салиқалы әмірлердің санасына оны біртұтас кітапқа жинақтауды салды және осынысымен Аллаһ Тағала осы үммет үшін осы Құранды сақтап қалуға деген уәдесін орындады. Бұл істі Абу Бакр ас-Сыддық Умар ибн әл-Хаттабпен ақылдасқаннан кейін бастады». «Фәтх ул-Бәри» 9/17.

Имам әл-Бәқиллани былай деген: «Аллаһ «Шын мәнінде, оны жинау және оқу - Бізге міндет» (75:17) деген өз уәдесін орындады». Осыдан алдынғы дереккөз.

Хафиз Ибн Хәжар: «Ал Абу Бакрге және Умарға Зәйд ибн Сабит, ал содан соң қалған сахабалардың барлығы ілесті. Олардың барлығы мұның ақиқат екендігіне келісті», - деген. Осыдан алдынғы дереккөз.