Тарау. Кез келген жүрек ақиқатты қабылдауға дайын бола бермейді

Аллаһ Тағала былай деді: «Міне, осы Кітапта күдік жоқ, (ол) тақуалар үшін тура жол көрсетуші»(2:2).

Имам әш-Шәнқити өзінің тәпсірінде былай деген: «Бұл аятта Аллаһ Тағала Құран тақуалар үшін басшылық екенін ашық түрде мәлімдеді. Алайда тура осы аяттан біз тақуа болмағандар үшін бұл Құран басшылық болмайтынын да білеміз. Әрі біздің бұл түсінуіміз Құранның басқа аяттарында түсіндірілген. Мысалы, Аллаһтың мына Сөздері: «Ол Құран - иман келтіргендер үшін бір тура жол және шипа", - де. Ал иман келтірмегендердің қүлақтарында кереңдік бар. Сондай-ақ Құран олар үшін бір соқырлық (қараңғылық)»(41:44). Сондай-ақ (мына сөздері де): «Құраннан мүміндерге шипа және рахмет түсіреміз. Ол залымдардың зиянын тым арттыра түседі»(17:82). Сондай-ақ (Ол былай деді): «Әрине, Раббың тарапынан саған түсірілген (Құран) олардың көбінің азғындығын, күпірлігін арттырады»(5:64)». «Адуа ул-Баян» 1/37.

Жоғарыда келтірілген аяттардан адамдардың көбі, оларға қандай дәлел келтірілсе де, ақиқатты қабылдамайтыны айқын болады.

Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Ақиқатында, қарсы болғандарды үгіттесең де, үгіттемесең де - бәрі бірдей. Олар иман келтірмейді».(2:6)

Сондай-ақ Ол: «Расында, өздеріне Раббыңның қарғысы лайық болғандар иман келтірмейді. Сондай-ақ оларға бүкіл мұғжизалар келсе де, күйзелтуші азапты көргенге дейін (олар иман келтірмейді)»,- дейді.(10: 96-97)

Ол тағы былай деген: «Олар өздеріне бір мұғжиза көрсетілсе, оған міндетті түрде сенетіндіктеріне Аллаһтың атымен қатты ант қылды. (Мухаммед): «Мұғжизалар Аллаһтың қасында», - де. Шынайы түрде оларға мұғжиза келсе де, сенбейтіндігін сезбейсіңдер ме?»(6:109)

Ал егер біреу: «Бұл аяттарда мұсылмандар туралы емес, кәпірлер туралы сөз болуда», - деп айтса, оған жауап былай болмақ: бидғатшылар мен кәпірлердің арасында үлкен ұқсастық бар. Кәпірлер шариғатты толығымен теріске шығарып, осы дінді тұтас қабылдамайды, ал бидғатшылар шариғаттың қандай да бір бөлігін қабыл алмайды. Дәл сондықтан үмметіміздің имамдары кәпірлер мен екіжүзділер туралы аяттарды бидғатшыларға да қатысты қолдануды тоқтатпайтын, әрине осы тұста олардың айырмашылықтарындағы шекараны ескере отырып. Ал кейбір сопылардың «Сүннеттің жақтаушылары кәпірлер туралы аяттарды мұсылмандарға қатысты қолданады және осынысында хауариждерге ұқсайды» деген мәлімдемелеріне келер болсақ, олардың өтірік екендігі ап-айқын. Оның мәні – хауариждер, кәпірлерге қатысты үкімдерді (қаулыларды) мұсылмандарға қолдана отырып, кәпірлер туралы аяттарды пайдаланады, мысалы, олар «қандай да бір мұсылман кәпірлерге бір нәрседе ұқсаса, ол кәпір болады, мәңгілік Тозақта қалады, мұсылмандардың қабіріне жерленбейді» деген күпірлікте айыптаудың басқа да салдарын айтады. Ал Сүннеттің жақтаушыларына келер болсақ, олар тек кейбір мұсылмандардың кәпірлерге ұқсап кететін жайттарға ғана нұсқайды да, осы тұста мұсылманды күпірлікте айыптамайды және оны кәпірмен теңестірмейді.

Мысал ретінде Аллаһ Тағаланың мына Сөздерін келтіруге болады: «Қашан оларға: «Аллаһ түсірген Құранға және Пайғамбарға келіңдер», - делінсе, олар: «Аталарымызды тапқан жол бізге жетеді», - дейді. Ата-бабалары еш нәрсе білмеген және тура жолда болмаған болса да ма?»(5:104).

Бұл аяттар ата-бабаларының жолын тастай алмаған және Аллаһтың дінін одан артық көре алмай, оны қабылдамаған кәпірлер туралы түсірілген болатын. Тура сол сияқты бүгін де сопылардың көбі өздерінің іс-әрекеттерін маулітті өткізуді тастай алмайтындықтарымен, өйткені оны олардың ата-бабалары баяғы заманнан бері өткізіп келе жатқандығымен дәйектейді. Және оларға Аллаһ Тағала мәуліттің өткізуін заңдастырмағаны және оны өткізуге риза еместігі туралы айқын, бұлтарыссыз, ашық дәлелдер келтірілгеннен кейін де, олар оны өткізуді ата-бабалары қалай болғанда да оны өткізгендігімен, демек олар да оны өткізуді тастай алмайтындықтарын айтып, ақталуларын жалғастыра береді. Ал егер жалпы айтар болсақ, ата-бабаларына ілесу идеясы олардың «Бізге ата-бабаларымыз ұстанған дәстүрлі Ислам керек...» деген ұранында көрініс табады.

Сондықтан да осы аяттан шыға келе, біздің сопыларымыздың, Аллаһ Тағала оларға жіберген барлық дәлелдер мен белгілерге қарамастан, Оның дінін қабылдамаған кәпірлермен айқын ұқсастық танытып жатқандықтарын растаудан басқа ешнәрсе қалмайды. Алайда бұл «біз осы сопыларды күпірлікте айыптап жатырмыз» дегенді білдірмейді.

Сонымен бірге, осы бидғатшылардың көбі өздерінің ақиқат жолымен жүрмей жатқандықтарын, керісінше, өздерінің қандай да бір жеке мақсаттарын көздеп, оған қайшы келіп жүргендерін түсінеді.

Аллаһ былай деді: «Олар сені өтірікші санап тұрған жоқ. Бірақ залымдар Аллаһтың аяттарына қарсы келеді»(6:33).

Сенің ақиқатпен келгендігің оларға айқын болған соң, олар өз жүректеріне қайта оралады да, өздерінің құмарлықтарын жеңе алмайтындықтарын немесе жеңгісі келмейтіндіктерін, ақиқатты мойындап оны қабылдай алмайтындықтарын түсінеді. Содан кейін олар Аллаһ Тағаланың заң-ережелерін арқасына тастап, өздерінің ұмтылыстары мақұл көріп тынышталған нәрселерге ілесуді жалғастырады. Осыдан кейін Аллаһ Тағала Өзінің даналығымен және әділеттілігімен олардың жүрегіне мөр қояды: «Сонда олар жолдан тайған кезде, Аллаһ олардың жүректерін тайдырған еді. Аллаһ бұзақы елді тура жолға салмайды»(61:5).