Жұма намазына Усман ибн Аффанның енгізген алдын ала шақыру азаны.

Ғалымдардың Усман ибн Аффан енгізген бұл азанға қатысты айтқан сөздері «бұл – бидғат және оны істеу рұқсат етілмейді» дегенге бірікті.

Имам Ибн Ражаб барлық ғалымдардың «бұл әрекет – бидғат және Сүннет болып табылмайды» деген бірауызды пікірін жеткізген. «Фәтх ул-Бәри» 8/912.

Ибн Умар былай деген: «Жұма күнгі алдын ала шақырылатын азан – бидғат, ал әрбір бидғат – бұл адасушылық, тіпті адамдар оны игілік деп ойласа да». Хабардың иснады сенімді (сахих);Ибн Аби Шәйба 2/140.

Бұл азанды орындауды сөгу үмметтің көптеген имамдарынан жеткен. Оны бидғат деп әл-Хасан әл-Басри, Исхақ ибн Раһауайх, Мәлик, әш-Шәфи‟и, ханафи имамы әт-Тахауи, Ибн Абдул-Барр, имам Ибн Қудама, Ибн Хазм, әл-Қуртуби т.б. айтқан. Яхья әл-Хәжури «Әхкам ул-Жум‟а» 410-422.

Ал мүміндердің әмірі Усман ибн Аффанға келер болсақ, ол өзінің ижтиһадын жасады, әрі тіпті егер ол осы мәселеде қателескені туралы айтсақ та, ол, инша Аллаһ, өз сауабын алады, бұл туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанындай: «Егер сот (шешім шығарушы) ыждағаттылық (ижтиһад) көрсетіп, шешім шығарса әрі оның шешімі дұрыс болса, оған екі сауап тиісті болады, ал егер ол ыждағаттылық (ижтиһад) танытып, шешім шығарса және қателессе, онда оған бір сауап тиісті болады». Хадис сенімді (сахих);Муслим 1716, Амр ибн әл-Астың сөздерінен.