Умар ибн әл-Хаттаб адамдарды бір имамның артынан ұйып тарауих намазын орындау үшін мешітке жинай бастады.

Тарауих намазын мешітте жамағатпен бірге бір имамның артынан ұйып оқу Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөзімен және ісімен бекітілген.

1. Абу Зарр (оған Аллаһ разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндайтын: «Кім түнгі нәпіл намазды имамның артына ұйып өткізсе және имам оны аяқтағанға дейін кетпесе, соған түні бойы намазда тұрғандай сауап жазылады». Хадис сенімді (сахих);Тирмизи 806; Абу Дауд 1375; Ибн Мәжаһ 1327 т.б..

2. Айша (оған Аллаһ разы болсын) былай деп баяндаған: «Рамазан айының бір түнінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мешітке шықты да, онда намаз орындай бастады. Оның артынан адамдар намазға сап құрды. Таңертең бұл адамдар өзгелерге түнде Пайғамбарға (оған Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) ұйып намаз оқығандары тұралы айтты. Екінші түні мешітке адамдар едәуір көбірек жиналды және Елші (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шығып, олармен бірге намаз оқыды. Үшінші түні де тура сондай болды. Ал төртінші күні қараңғылық түскен кезде кезде мешітке намаз оқығысы келгендердің барлығы сыймай қалды. Сонда Пайғамбар оларға таң намазына шықты да, адамдарға бет бұрып, Исламның куәлігін айтты және былай деді: «Ал содан соң, ақиқатында, мен сендердің игілікке деген ұмтылыстарыңды көріп тұрмын, бірақ мен егер біз жиналуымызды жалғастыра берсек, бұл намаз біз үшін парызға айналып, біз осы парызды орындай алмаймыз деп қорқамын». Хадис сенімді (сахих);Бухари 924; Муслим 761.

Хафиз Ибн Хәжар былай деген: «Бұл хадисте түнгі намазды, әсіресе Рамазан айында, бір имамға ұйып жамағатпен өткізу абзал екендігіне нұсқау бар. Бұл «осы намаз міндетті болып қалады ма» деген қорқыныштың Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өлімінен кейін жойылғандығының себебінен. Сондықтан Умар адамдарды мешітте Убай ибн Ка’бтың артына жинады». «Фәтх ул-Бәри» 3/14.

Имам Ибн Абдул-Барр былай деп айтқан: «Умар бұл істі өз ойынан шығарған жоқ. Ал Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келер болсақ, ол адамдарды мешітке тарауих намазына жинауда тұрақтылық танытпады, өйткені мұны орындау оның үмметі үшін міндетке айналып кетуінен қорықты, ал ол өз үмметіне қамқор әрі мейірімді еді. Ал Елші (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болған кезде, бұл амал міндетті бола алмайтыны айқын болды да, адамдар бұл Сүннетті жандандырды. Бұл хижраның он төртінші жылы орын алды». Әс-Субуқи «Ишрак ул-Масабих» 1/168.