Дәйек.

«Ғалымдардың кейбіреулері мәулітті өткізуге рұқсат берді. Олардың арасында: Хафиз Ибн Хәжар (қз.: «әл-Хауи фил-Фәтауи» 1/189) және Абу Шәма (қз.: «әл-Бә‟ис ‟алә инкар әл-бида‟ уәл хауадис», 95-бет) бар» дегенді дәйекке келтіру.

Жауап:

Шейх ул-Ислам Ибн Таймия былай деген: «Егер қандай да бір іс Сүннетке қайшы келсе және құрметке ие адамдардан біреу оны істесе де, басқа құрметті адамдар оны істемейді ғой және бидғат деп атайды ғой. Бұл бидғатты істемейтіндердің құрметі оны істейтіндердің құрметінен аса жоғары болмаса, олардан кем емес. Сондықтан да амалды істеушілер мен оны істемейтіндердің арасында келіспеушілік орын алса, мәселенің шешімі Аллаһта және Оның Елшісінде, яғни Құран мен Сүннеттен табылуға тиісті». «Әл-Иқтида» 291-бет.

Абдур-Рахман әл-Му‟аллими былай деген екен: «Әрі Аллаһ Тағала кейде кейбір ықыласты адамдарды қателестіретінін де біл. Әрі бұл басқаларды сынау үшін: олар бұл имамның сөздерін тастап, ақиқатқа ілеседі ме, әлде оның құрметі мен ұлықтығына беріледі ме. Бұл имамға ақтау бар, одан қалса ол өз ижтиһады мен ниеті үшін және ақиқатты іздеуде жалқаулық танытпағаны үшін сауап алады. Ал осы имамның ұлықтығымен алданғандарға және Аллаһтың Кітабы мен Оның Елшісінің Сүннетінен бет бұрғандарға келер болсақ, оларға ақтау жоқ, бұдан қалса олар опат болудың ернеуінде». «Раф‟ әл-иштибах ан ма‟на әл-ибада уәл-Иләһ» 152-153-бет.

Имам әш-Шәукани былай деген: «Бұл барлық бидғатшылардың – олардың алғашқы және соңғы өкілдерінің ережесі болып табылады. Олар қандай да бір ғалымның қате пікір айтқанына немесе өздерінің бидғатына қолдау болатындай айтылған бір сөзге де қуанады. Кейін олар осы сөзді тарату және оны атақты ету үшін барлық амалдарын жасайды. Олар оны өз пайдаларына дәлел етеді және оны өздерінің бидғаттарын сөгетіндердің беттеріне басады». «Әдаб ут-Таләб» 35-бет.