Христиандарға ұқсап-еліктеу.

Христиандар ғана Исамен (Иисуспен) немесе олардың «әулиелерімен» белгілі оқиғалар орын алған күндерді атап көрсетіп, оларға ерекше мәртебе береді. Қз.: «әл-Иқтида» 2/614.

Имам Ибн әл-Қайим былай деген: «Кім шариғат атап көрсетпеген белгілі орындарды немесе уақыттарды, осы орындарда немесе уақыттарда кезінде қандай да бір атақты оқиғалар орын алғанымен дәйектеп, сол орындарда немесе уақыттарда белгілі ғибадат түрлерін орындау үшін бөліп шығарса, сол христиандар мен яһудилерден болған Кітап иелері сияқты болады. Солар ғана өздерінің белгілі оқиғалары орын алған орындары мен уақыттарын ғибадат жасау маусымдары мен орындарына айналдырды. Мысалы, Рождество күні, Крещение күні т.с.с.». «Зад ул-Ма‟ад» 1/59.

Абу Са‟ид әл-Худри Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: «Сендер міндетті түрде өздеріңнен бұрын өмір сүргендердің әдет-ғұрыптарына ізбе-із ілесесіңдер. Тіпті олар кесірткенің ізіне кірсе де, сендер міндетті түрде олардың соңынан ересіңдер». Кейін Абу Са‟ид: «Біз одан: «Уа, Аллаһтың елшісі, сіз яһудилер мен христиандарды меңзеп тұрсыз ба?» - деп сұрадық. Ал ол: «Басқа кімді», - деді», - деп айтқан. Хадис сенімді (сахих);Бухари 3456; Муслим 2669; Ахмад 11800 т.б.

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бізден болмағандарға еліктеп-ұқсайтындар бізден емес. Яһудилерге де, христиандарға да еліктеп-ұқсамаңдар», - дегенін баяндаған. Хадис жақсы (хасан);Тирмизи 2695; Қз.: «әс-Сахиха» 2194.

Шариғат мақұлдағаннан өзге барлық нәрселерде христиандар мен яһудилерге қайшы келу Исламның ең басты негіздерінің бірі болып табылатыны белгілі. Бұған көптеген мысалдар бар. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандар мен кәпірлердің арасында ешқандай ұқсастық қалмау үшін барынша әрекет еткенін айқын көрсететін бірнеше хадистерді ғана келтіріп өтейін.

Абу Хурайра Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: «Ақиқатында, яһудилер мен христиандар (шаштары мен сақалдарындағы) ағарғандарын боямайды, ендеше оларға осыда қайшы келіңдер». Хадис сенімді (сахих);Бухари 3462; Муслим 2103.

Ибн Умар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Көпқұдайшылдарға қайшы келіңдер: мұрттарыңды қысқартыңдар да, сақалдарыңды жіберіңдер». Хадис сенімді (сахих);Бухари 5892; Муслим 259.

Шәддад ибн Аус Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізген: «Яһудилер кебіс пен мәсі киіп намаз оқымауында оларға қайшы келіңдер». Хадис сенімді (сахих);Абу Дауд 652. Бұл хадистерде біз олардан сыртқы келбетімізбен ерекшеленуіміз қажет екендігіне нұсқау бар.

Ибн Умар былай деп баяндайтын: «Аллаһтың Елшісі намазда отырған кезде сол қолға сүйенуге тыйым салды да: «Олай яһудилер намаз оқиды», - деді. Хадис сенімді (сахих);Абу Дауд 993 және басқалар.

Амр ибн әл-Ас Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Біздің оразамыз бен Кітап иелерінің оразасының арасындағы айырмашылық біздің таң алдында тамақтануымызда (сухур)». Хадис сенімді (сахих);Муслим 1096.

Бұл хадис «біздің ғибадатымызды яһудилер мен христиандардың ғибадаттарынан бөліп ажырату шариғаттың мақсаты болып табылады» дегенге нұсқайды.

Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Адамдар (оразадан кейін) ауыз ашуға асықандарынша игілікте болуын тоқтатпайды. Өйткені яһудилер мен христиандар оны кешіктіреді». Хадис сенімді (сахих);Абу Дауд 2353 т.б., Қз.: «әл-Мишкат» 1995.

Бұл хадисте Исламның ұлықтығының себебі мұсылмандардың Кітап иелеріне қарама-қайшы болуында екеніне айқын нұсқау бар.

Бұл хадистер – хадис жинақтарында жинақталған Кітап иелеріне ұқсап-еліктеуге тыйым салынатындығы туралы хадистердің азғантай бөлігі ғана.

Ал Құранның аяттарына келер болсақ, олардың саны өте көп, олардың біреуін ғана келтірейік: