Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық нәрсе туралы білімге ие» деген сенім.

Бұл туралы әл-Казыми «Таскин әл-Хәуатыр» (52-53-бет) деген кітапта мәлімдеген. Дәлел ретінде ол Аллаһ Тағаланың «Ол барлық нәрсе туралы»(2:29) деген сөздерін келтіреді де: "«Ол» дегенде Аллаһ емес, Пайғамбар аталып тұр", - деп айтады.

8. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туылуына дейін-ақ Құранды жатқа білген, өйткені ол әл-Ләуһ әл-Мәхфузда жазылғанның барлығын біледі» деген сенім.Қз.: «Жә әл-Хаққ» 30-бет.

Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қатысты осы сенімдер мен мақтаулар көптеген араб елдерінде, әсіресе Мысырда, Сирияда және Түркияда мәулітті атап өтуге байланысты өткізілетін жиындарда айтылады және баяндалады. Осының барлығы «Пайғамбардың өмірібаянымен және мінез-құлқымен таныстыру» деген айыпсыз ұранмен бүркеліп, оларға қатысатын адамдардың санасына құйылады.

Осы дінбұзар сенімдерді теріске шығару үшін, Аллаһтың кітабынан кейбір аяттарды келтіруге болады.

«(Мухаммед) "Көктер мен жердегі көместі (ғайыпты) Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Олар қашан тірілтілетіндерін білмейді", - де» (27:65).

Сондай-ақ Аллаһ Тағала Өз Елшісіне былай деп бұйырды:

«(Мухаммед): «Жанымда Аллаһтың қазынасы бар демеймін, көместі де білмеймін. Және сендерге періштемін демеймін. Мен өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін. Көзді мен көзсіз тең бе? Ойламайсыңдар ма?» - де»(6:50).

«Қиямет күні Аллаһ пайғамбарларды жинап алып: «Сендерге қандай жауап берілді?» - дейді. Олар: «Біздің ешбір мәліметіміз жоқ. Күдіксіз, Сен ғана көместі (ғайыпты) толық Білушісің», - деп жауап береді»(5:109).

«(Мухаммед) міне бұл саған Біз уахи етіп отырған көмес (ғайып) хабарлардан. Олардың қайсысы Мәриямға қамқоршы болады деп, қаламдарын (шар) салған кезде, қастарында жоқ едің. Сондай-ақ олар таласқан сәтте де алдарында емес едің»(3:44).

«(Мухаммед) Біз Мұсаға әмір бергенде, сен батыс тарапта емес едің. Сондай-ақ көріп тұрғандардан да емес едің»(28:44).

Сондай-ақ Аллаһтың Кітабы мұндай аяттарға толы. Пәк Аллаһ былай деді: