Тарау. Мәуліттің қатысушыларына ықыласты кеңес-насихат

Аллаһ Тағала мұндай іс-шараларды өткізуге ғана емес, сондай-ақ оларға қатысуға да тыйым салады. Өйткені бұл адасушылық жолына қатысу және осы адасушыққа шақырушылардың шақыруына жауап беру болып табылады.

Хузайфа ибн әл-Яман Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілінгі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Және менің үмметімде Тозақтың қақпаларына шақыратындар болады. Оларға жауап бергендерді олар Отқа кіргізеді». Хадис сенімді (сахих);Бухари 7084; Муслим 4761.

Дінге енгізілген бұл жаңалықты ұйымдастырушылар оларды ешбір нәрседе Аллаһтың жазасынан құтқара алмайды.

Аллаһ былай деді: «Сол уақытта олар Тозақта өзара керіседі. Нашарлары паңсығандарына: "Расында, біз сендерге ерген едік. Ал енді сендер бізден оттың бір бөлімін кетіре аласыңдар ма?", - дейді. Паңсығандары: "Расында, бәріміз Тозақтамыз. Күдіксіз, Аллаһ құлдарының арасына үкім беріп қойған", - дейді» (40:47-48).

«Олардың беттері от ішінде аударылатын күні: "Әттең! Бізге не болды? Аллаһқа бой ұсынып, Елшісіне көнген болсақ еді", - дейді. "Раббымыз! Басшыларымызға, үлкендерімізге бой ұсындық та, бізді солар адастырды. Раббымыз! Оларға азаптан екі есе бер. Және оларды рахметіңнен мүлде аулақ қыл", - дейді»(33:66-68).