Сөгіске лайықты нәрсені сөгу және оған өз келіспеушілігіңді білдіру міндетті болып табылады.

Аллаһ былай деп айтты: «Сендерден жақсылыққа шақыратын сондай-ақ жақсылықты бұйырып, жамандықтан тосатын бір топ болсын. Міне солар құтылушылар»(3:104).

Убада ибн Самит былай деп баяндайтын: «Біз Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ауыр күндерде де, жеңіл күндерде де тыңдайтынымызға және бағынатынымызға және билік иесінің билігіне таласпайтынымызға, сондай-ақ қайда болсақ та, ақиқатты айтатынымызға және сөгіс білдірушілердің сөгісінен қорықпайтынымызға ант бердік». Хадис сенімді (сахих);Бухари 7199; Муслим 1709.