Ашық түрде жасалынып жатқан сөгіске лайықты амалға ашық түрде сөгіс білдіру қажет.

Бұл – әһлю-Сунна уәл жәма’аның жолы. Барлық замандарда ашық түрде жасалатын бидғаттар мен күнәларға ашық және айқын түрде сөгіс айтылатын, ал жасырын жасалатын күнәларға оларды жарияламай жасырын түрде сөгіс айтылатын.


[1] Имам ән-Нәуауи былай деген: «Кейбір ғалымдар күнәның ауыр болып саналатын шекарасын түсіндіріп берген. Егер оның жасалуына қатысты қорқыту немесе жаза, немесе лағынеттеу болса, онда күнә ауыр болып табылады» (қз.: «Шарх «Сахих» Муслим» 2/158).

[2] Таиф пен Мекке қалаларының арасында Меккеге жақынырақ орналасқан жер.

[3] Арабтардың киім түрі.

[4] Меккеге жасалатын кіші қажылық.

[5] Сүннеттің жақтаушыларында иман (сенім) – бұл сөз, амал, сенім, әрі ол азаяды және көбейеді (қз.: «Люм‟ат ул-И‟тиқад» 94-бет).

[6] Хадистанушы ғалымдар

[7] Қз.: «Ахкам ул-жәнаиз» 306-бет; сондай-ақ Ибн Уаддах әл-Қуртуби «әл-Бида‟ уан-Нахьи анха»; Тартуши «Хауадис уәл-Бида‟»; әш-Шәтыби «әл-Иғтисам».

[8] Ол туралы сөз әрі қарай қозғалады.

[9] Мысалы, Калюби «Файд ул-Уаххабта» 5/110.

[10] Имам Ибн Саләхтың «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дәл раби‟ ул-әууалдің 12-де қайтыс болды» деген пікіріне келер болсақ, ол дұрыс емес. Хафиз әл-Ираки: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болған күнін он екінші күнмен белгілеу ешқандай есеп бойынша дұрыс емес», - деп айтып, бұл тұжырымды теріске шығарды. Қз.: «Тақийд уәл-Идах» 413-бет.

[11] Мухаррам айының 10-шы күні.

[12] Бұл - имам әш-Шәтыби «әл-И`тисам» кітабында келтірген кейбір ережелердің қысқартып баяндалған нұсқасы.

[13] Айта кететін тағыда бір жайт: әлгі ансардың амалын Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құптап, оған «жақсы амал» деген баға берді, ал мәулітті кім құптады және оған «жақсы амал» деп кім баға берді? - Аудармашыдан.

 

[14] Бұл жиындарда сондай-ақ ән айту, «күнәхарды мазақ ету» деген сылтаумен әзіл-сықақ скетчтерін қою, Пайғамбардың ата-анасының және сахабалардың бейнелері сомдалатын сахналық көріністер қою, музыкалық аспаптармен сүйемелдеу (тіпті кейде әйел кісілерді сахнаға шығарып ән айтқызып, билету), «ұлттық дәстүр» деп, ерлер мен ерлерді айтпағанның өзінде, ерлер мен әйелдер арасында айтыстар сияқты шариғатқа қайшы істер де жасалады. Және осының барлығына қазіргі таңдағы Исламға рұқсат етілмеген нәрселерді жапсырып, «ислами фильмдер», «ислам философиясы», «ислами театрлар» «ислами айтыс» деп ат берілетіні қынжылтады. Ал ислам ғалымдары мұндай терминдерді мүлдем қолданбағанын білген жөн. (аудармашыдан)

[15] Бұл жерде Ибн Аббас деп Абдуллаһ емес, Фадль аталып тұр, бұл Булгар туралы енбекте түсіндірілгендей.

[16] Татарлардың арасындағы қабірлерге табынатындар ерекше құрмет тұтып, қасиетті деп санайтын және соған зиярат пен тілек тілеп баратын орын (қазір қабірлерге айналған ежелгі қала). Қазақтардың Түркістаны, Арыстан бабы, Бекет Атасы сияқты (аудармашыдан).

[17] Мухаммад ибн Са‟ид ибн Хаммад (668-695 х/ж) Мағрибта туылып, Бусрада өсті. Адасқан сопы, «әл-Бурда» деп аталатын өлеңдер жинағының авторы. Өз өлеңдерінде ол Аллаһтың Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дұға тілектер сұрайды және қайтыс болған ізгі кісілерді шектен тыс ұлықтайды (Қз.: «әш-Шузурат» 7/735).

[18] Айтпақшы, біздің аумағымыздың сопылары «Мавлид» атты кітап басып шығарды (издательство «Иман») және онда күпірлік пен адасушылыққа толы осы қасыданы аударып жариялады, ал бұл аймақтың сопылары «зиянсыз мәуліт өткізумен» ғана шектеліп қоймай, «имам Абу Ханифаның мазхабына ілесу және ата-бабаларымыздың діни әдет-ғұрыптарына еру» деген сөздермен бүркеніп, өздері араб елдерінің шекке шыққан сопылар мен рафидилерінің жолымен кеткендігін растауда. Аллаһ Тағала бұл кітапты теріске шығару енбегін жазуды жеңілдетсін!

[19] Сондай-ақ бұған Бусыридің: «Ал сенің білімдеріңнен...» деген, яғни әл-Ләуһ әл-Мәхфузда жазылған нәрселерді білу Пайғамбардың білімінің бір бөлігі ғана дегенді білдіретін сөздері де нұсқау болады. Аллаһ оған серік қосып жатқан нәрселерден Пәк!