Сондай-ақ әрбір нәрсеге толық түсіндірме бердік»(17:12).

Осы аяттардан біз «Аллаһ Тағала не жеке, не жалпы аяттармен және хадистермен мәнін түсіндірмеген бірде-бір зат жоқ» деген қорытынды шығарамыз. Сондықтан да кім қандай да бір бидғат істесе, ал кейін өзінің амалына шариғатта негіз таппаса, Аллаһқа жанама түрде «Ол барлық затты түгелімен түсіндірмеді және осы игі істі түсіндірусіз қалдырды» деген айып таққан болады.

Абу Зарр Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндаған: «Сендерді Аллаһқа жақындатын бірде-бір нәрсені мен сендерге нұсқамай қалдырмадым. Әрі сендерді Аллаһтан алыстатып, Отқа жақындататын бірде-бір нәрсені мен сендерге тыйым салмай қалдырмадым». Хадис сенімді (сахих);әт-Табарани «әл-Кәбир» № 1647; Ибн Хиббан 65.

Сондай-ақ Абдуллаһ ибн Амр да Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Аллаһ Тағала Пайғамбарларды жіберіп, оларға өздеріне белгілі болған кез келген (барлық) игілікті үмметіне нұсқауды және өздеріне белгілі болған кез келген (барлық) жамандықтан үмметін алдын ала сақтандыруды міндеттеді». Хадис сенімді (сахих);Муслим 1844.

Осы екі хадистен біз «егер амал игі және Аллаһқа жақындататын болса, онда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінде міндетті түрде оған нұсқау болуы қажет» дегенді түсінеміз. Ал егер адам белгілі бір амалды игі десе, бірақ содан соң Сүннетте оған нұсқау таппаса, ол оны игі деп айтудан да, оны жасаудан да тыйылуы қажет. Кері болған жағдайда ол Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол осы игілікке нұсқамай кетті», - деп жанама түрде айыптаған болады. Егер адам мұндайды ашық түрде мәлімдесе, ол, ешбір күмәнсіз, кәпірге айналады.

Әл-Ирбад ибн Сәрия Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға (сахабаларға) былай деп өсиет еткенін жеткізген: «Ақиқатында, сендердің ұзақ өмір сүретіндерің көптеген келіспеушіліктерді көреді. Ендеше менің Сүннетімнен және тура жолмен жүруші ізгі халифалардың Сүннетінен ұстаныңдар, оған азу тістеріңмен жабысып алыңдар. Әрі ешбір жағдайда дінге ешқандай жаңалық енгізбеңдер, өйткені діндегі әрбір жаңалық – бұл адасушылық». Хадис сенімді (сахих);Абу Дауд 4607; Тирмизи 2676 ол туралы: «Хадис жақсы (хасан), сенімді (сахих)», - деген.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіспеушіліктен шығу үшін (қазіргі кезде кейбіреулер «фитна болмасын» деп айтуды жақсы көретіндей) не нәрсеге нұсқағанына назар бұрыңыздар. Ол бізге соларды орындасақ, кез келген келіспеушіліктен шығатын және адасушылықтан аман қалатын екі нәрсеге нұсқады, олар: Сүннеттен мығым ұстану және ешбір жағдайда дінге ешқандай жаңалық енгізбеу (және істемеу). Сонымен бірге Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сондай заманға дейін өмір сүрсеңдер, аталарыңның әдет-ғұрыптарына жабысып алыңдар, өздерің игі деп санайтын амалдарды жасаңдар, тіпті осы амалдарыңа дәлел болатын еш нәрсе таппасаңдар да осылай істей беріңдер. Сондай-ақ фитна болмауы үшін, Сүннетте нұсқалған амалдарды тастаңдар. Әрі сендерге сөгіс айтқандардың барлығын жаныштап, оларға масқаралаушы лақап аттарды тағыңдар, оңды-солды өтірік айтыңдар, ал осының барлығы көмектеспесе, онда бұл өжеттерді полицияға тапсырсаңдар да болады», - деп айтқан жоқ.

Аиша Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: «Кім біздің бұл ісімізге (Исламға) одан болмаған бір нәрсе енгізсе, ол қайтарылады». Хадис сенімді (сахих);Бухари 2697; Муслим 1718.

Сондай-ақ Аиша Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын да жеткізген: «Кім біздің бұйрығымыз болмаған амалды жасаса, ол қайтарылады». Хадис сенімді (сахих);Муслим 1718.

Бұл хадистен біз кімде-кім қандай да бір діни амал жасағысы келсе, осы амалға Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығы болуы керектігін, керісінше болған жағдайда оның амалы қайтарылатынын түсінеміз.