Тарау. Аллаһ Тағала бізге Құран мен Сүннетті сахабалар түсінгендей етіп түсінуді бұйырды

Аллаһ былай деді: «Мухажір, ансарлардан алғашқы иман келтіргендерден және жақсылықта оларға ілескендерден Аллаһ разы болды. Әрі олар да Аллаһтан разы болды. Сондай-ақ Аллаһ олар үшін олар онда мәңгі қалатын, астарынан өзендер ағатын Жәннат бақтарын әзірледі. Осы - ұлы жетістік»(9:100).

Шейх Абдур-Рахман әс-Са‟ди өзінің тәпсірінде бұл аятқа түсіндірме беріп, былай деді: «Аллаһ сахабаларға қатаң түрде ілескендерге, яғни солардың сенімдеріндей сенімдерге ие болғандарға, солардың жасаған амалдарындай амалдар жасағандарға, солардың сөздеріндей сөздер сөйлегендерге разы. Олар – сөгіс білдіруге тиісті ешнәрсесі болмағандар, олар Аллаһтан ең ұлы мақтауға және ең жомарт сыйға лайық болды».

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «Сонда олар егер сендер иман келтірген сияқты иман келтірсе, онда, рас, тура жол табар еді. Ал егер олар бет бұрса, сонда олар мүлде жолдан шыққан болады. Сонда да Аллаһ сені олардан қорғауға жетіп асады. Ол Аллаһ - Естуші, әр нәрсені Білуші»(2:137).

Ибн Аббас: «Сөз сахабалар туралы болуда», - деді. Әл-Харауи «Замм ул-Кәлам» 4/39.

Біз бұл аяттан Аллаһ Тағаланың осы аятта белгілеген шартын орындағанымызда ғана, яғни сахабалар иман келтірген сияқты иман келтіргенімізде ғана тура жолмен жүре алатынымызды түсінеміз. Ал иман – бұл сөздер, амалдар және сенімдер.[5] Сондықтан біз сахабалардың сенімдеріндей сенімге ие болуымыз, сахабалардың айтатын сөздеріндей сөздерді айтуымыз және солардың амалдарындай амалдар жасауымыз қажет. Кері болған жағдайда біз ақиқатпен үнемі келіспеушілікте және алауыздықта боламыз, ал «фитна» дегеніміз – осы. Әрі біз Аллаһ Тағала Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олардан қорғауға уәде еткен адамдардан боламыз.

Аллаһ былай деді: «Ал біреу өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да, Тозаққа саламыз. Ол нендей жаман орын!»(4:115).

Имам Ибн Аби Жәмра былай деген: «Ғалымдар: «Бұл аятта сөз сахабалар және мұсылмандардың алғашқы буыны туралы болуда», - деп айтқан». «Бахжат ун-Нуфус» 15-бет.

Осыдан біз егер біреу сахабалар істемеген амалды істеп жатса, оның барар орны Тозақ болатынын түсінеміз.

Му‟ауия ибн Аби Суфьян Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Менің үмметім жетпіс үш ағымға бөлінеді. Жетпіс екі ағым Отта, ал біреуі Жәннатта», - деп айтқанын жеткізген. Сахабалар: «Жәннаттағылар кімдер?», - деп сұрады. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Олар – мен және менің сахабаларым ілескенге ілесетіндер», - деп жауап берді. Хадис жақсы (хасан);Ахмад 4/102; Абу Дауд 2/503; Тирмизи 3/367; Ибн Мәжаһ 2/479; Қз.: «әс-Сахиха» № 204.

Бұл хадистен түсінетініміз: кім Жәннатты қаласа және Оттан құтылғысы келсе, оның жолы белгілі – Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары шектелгенмен шектелу.

Аллаһ Тағала былай деді: «Сонда кім Оттан құтқарылып Жәннатқа кіргізілсе, рас жетістікке ие болды»(3:185).

Имам Шә‟би ибн Шурахбил былай деген: «Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан баяндалған нәрсені ал да, ал жеке пікірге сүйеніп баяндалған нәрсеге кіші дәретіңді сындыра сал!» Абдурраззақ «Мусаннаф» 11/256.

Са‟ид ибн Жубайр былай деген: «Бадр шайқасына қатысқан сахабаларға мәлім болмаған нәрселер – діннен емес!» «Жәми‟ ул-баян ил-илм уа фадлиһи» № 1425.

Ибн Аббас хауариждерге: «Мен сендерге Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан – мухажірлер мен ансарлардан және оның көкесінің баласынан келдім. Құран солардың кезінде түсірілді әрі олар оның мағынасын сендерден жақсырақ түсінеді, ал мен сендердің араларыңда олардың біреуін де көріп тұрған жоқпын», - деді. Сенімді (сахих) хабар;Ахмад 1/621; әл-Хаким 2/150.

Осы хабарларға негізделіп, біз сахабалардың кезінде мәуліт өткізілді ме - соған қарауымыз керек. Егер өткізілмеген болса, онда бізге имам әш-Шә‟бидің кеңесіне амал етуден басқа ешнәрсе қалмайды!