Негізінен Аллаһ тозаң түйірінің салмағындай да әділсіздік етпейді»(4:40).

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас АллаһЕлшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ адамдардан білімді тартып алу арқылы алмайды, бірақ оны ғалымдардың өлімі арқылы алады»,- деп айтқанын жеткізген. Хадис сенімді (сахих);Бухари 100; Муслим 2673; Ахмад 6521; Тирмизи 2652; Ибн Мәжаһ 52.

Хафиз Ибн Хәжар былай деген: «Ибн әл-Мунир былай деп айтқан екен: «Білімнің жойылуы теориялық тұрғыдан орын алуы мүмкін, бірақ бұл хадис білімнің жойылмайтынына дәлел болып табылады». «Фатх ул-Бәри» 1/257.

Ал білім - бұл Құран, Сүннет және сахабалардан жеткен хабарлардан өзге еш нәрсе емес.

Осы тарауды оқып болған соң, оқырман өзіне төмендегідей қорытынды жасауы қажет:

1. Ешкім: «Мәуліт туралы аяттар мен хадистер кезінде болған, бірақ бізге жетпеген және бұл туралы хабарлар жоғалып кеткен», - деп мәлімдеме жасай алмайды. Бұл негіз өте маңызды, өйткені онымен келіспейтін адам, әлемдердің Раббысының дініне ойына келген қайдағы бір нәрселерді енгізіп, кейін: «Бұл туралы аяттар және хадистер бар болған болуы ықтимал, бірақ бізге жетпеген», - деп айтуы да мүмкін.

2. Ешкім: «Сахабалар немесе Пайғамбардың өзі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мәуліт өткізген, бірақ ешкім бұл туралы деректі жеткізбеген», - деп мәлімдеме жасай алмайды. Яғни басқаша айтқанда: «Амалдың орындалғандығы туралы білімнің болмауы «бұл амал орындалмады» дегенді білдірмейді», - деп айта алмайды.

Ешкім мұндай мәлімдеме жасай алмайды, өйткені егер осы амал адамдарды Аллаһқа жақындататын болғанда, онда бізді одан және Аллаһтың разылығын алу мүмкіндігінен мақұрым қалдыру әділетсіздік болар еді.

3. Ешкім мұндай аяттарды Құранға, немесе мұндай хадистерді Сүннетке қоса алмайды (өйткені бұл хадистердің жалғандығы міндетті түрде мухаддистер[6] тарапынан әшкереленеді).

Аллаһ былай деді: «Оның алдынан да, артынан да өтірік келмейді (араласпайды). Ол Аса Дана, өте Мақтаулы АллаҺ тарапынан түсірілген».(41:42)