Алюминий А13+катионына тән реакциялар

Алюминий табиғатта ең көп тараған элементтердің бірі. Көбіне әртүрлі силикаттар: альбит Na (А1Si3О8), анортит Са(А12Si2О8), ортоклаз К(А1Si3О8), каолинит (каолин, глина) А14(Si4О10)(ОН)8, корунд А12О3 және т.б. түрінде кездеседі. Қосылыстарда алюминий +3 тотығу дәрежесін көрсетеді. А13+ - түссіз катион.

1. КОН или NaOH сілтілер ерітіндісімен реакциянәтижесінде алюминий гидроксиді А1(ОН)3 түзіледі:

А1С13 + 3NaОН = А1(ОН)↓ + 3NaCl

Алюминий гидроксиді амфотерлі қосылыс, оның негіздер және қышқылдарға қатысын байқау үшін пробиркадағы тұнбаны араластырады да, екі бөлікке бөледі. Бірінші бөлікке НС1 или Н2SO4 қосады. Тұнба ериді:

А1(ОН)3 + 3НС1 = А1С13 + 3Н2О

Екінші бөлігіне сілті ерітіндісін қосады. А1(ОН)3 тұнбасы амфотерлі қосылыс ретінде сілтіде де натрий гексагидроксоалюминаты комплексті қосылысы түзіле ериді.

А1(ОН)3 + 3NaOH = Na3[А1(ОН)6]

2. АлизаринС14Н6О2(ОН)2 (1,2-диоксиантрахинон)(сипаттамалық реакция) аммиакты ортада А13+ катионымен ашық қызыл түсті қиын еритін қосылыс түзеді. Оны алюминий лагы деп атайды. Реакцияны тамшылық әдіспен істейді.