Cr3+ катионының CrO42- ионына тотығуы сілтілік және қышқылдық орталарда өтеді.

а) Сілтілік ортада тотығудысутегі асқын тотығы Н2О2 немесе натрий пероксиді Na2О2 көмегімен өткізуге болады.

Жасыл-сұр түсті Cr(ОН)3 тұнбасы түседі, сосын ол ериді. Ерітіндінің жасыл түсі (Cr3+) сары түске (CrO42-) ауысады.

2CrCl3 + 3Н2О2 + 10NaOH = 2Na2CrO4 + 6NaCl +8Н2О

б) Қышқыл ортада Cr3+ катионының калий перманганатымен КМnО4 тотығуыCr2O72- анионы түзілгенше жүреді:

5Сr2(SO4)3 + 6 КМnО4 + 11Н2О → 5 Н2Cr2О7 + 6 МnSO4 + 3К2 SO4 + 6Н2SO4

10 Cr3+ + 6 МnО4- + 11Н2О → 5 Cr2O72- + 6 Мn2+ + 22Н+

Бұл реакция кезінде МnО4- ионының қызғылт түсі жойылып, марганец гидроксидінің МnО(ОН)2 немесе марганецтеу қышқылдың Н2МnО3 күрең тұнбасы пайда болуы мүмкін. Тұнбаның пайда болуы калий перманганатының КМnО4 артық мөлшерінің түзілген марганец сульфатымен МnSО4әрекеттесуінен. Қыздырғанда реакция жақсы жүреді.

3. Натрий тетраборатымен (бура) Na2B4O7·10H2О құрғақ әдіс реакциясы.(сипаттамалық реакция). Зерттелетін ерітіндіге сілтімен әсер ету арқылы Cr(OH)3 тұнбасын алып, оны центрифугалайды. Натрий тетрабораты мен хром оксидінің аздаған қоспасын от жалынына ұстап бақылайды. Хром қатысында перлдар қанық жасыл түске боялады.