Zn2+ катионына тән реакциялар

1. Аммиака ерітіндісі Zn2+ катионымен цинк гидроксидінің Zn(ОН)2 ақ тұнбасын береді, ол реагенттің артық мөлшерінде комплексті қосылыс – цинк аммиакатын Zn(NH3)4](ОН)2 түзе ериді:

ZnCl2 + 2NH4ОН → Zn(ОН)2 ↓ + 2↓NH4С1

Zn(ОН)2 + 4 NH4ОН → [Zn(NH3)4](ОН)2 + 4Н2О

2. Сілтілік металдар мен аммоний карбонаттарынегіздік тұздың ақ тұнбасын түзеді:

2 ZnCl2 + 2Na2СО3 + Н2О → Zn2(ОН)2 СО3↓ + 4NaC1 + СО2

2Zn2+ + 2СО32- + Н2О → Zn2(ОН)2СО3↓ + СО2

Берілген тұздың құрамы ерітінді концентрациясы мен температураға тәуелді.

3. Калий гексациано-(II) ферраты К4[Fe(CN)6]Zn2+ катионымен қос тұздың тұнбасын береді:

3ZnSО4 + 2К4[Fe(CN)6] → К2Zn3 [Fe(CN)6]2↓ + 3К24

Бұл реакция көмегімен Zn2+ катионын А13+ катионынан ажыратуға болады.