Sn4+ катионына тән реакциялар

Қалайы Sn2+ және Sn4+ иондарына сәйкес қосылыстардың екі қатарын түзеді.

1. Металл магний және темір металы Sn4+ ионын Sn2+ ионына дейін тотықсыздандырады:

Mg + [SnCl6]2- →Mg2+ + Sn2+ + 6Cl-

Fe + [SnCl6]2- → Fe2+ + Sn2+ + 6Cl-

[SnCl6]2- ионы реакция барысында түзіледі:

Sn(OH)4 + 6HCl → H2[SnCl6] + 4Н2О

Амфотерлі гидроксидтер тобы катиондарының анализ әдістері және сапалық реакциялары (төртінші аналитикалық топ катиондары)

Мақсаты:Қоспа құрамында ажырату мақсатыменбесіншітоп катиондарын талдайтын сипаттамалық реакцияларды жасау.

Құралдар мен реактивтер:штатив, пробиркалар, спирт шамы, темір, марганец, висмут, сурьма тұздары.

Төртінші аналитикалық топқа Fe2+, Fe3+, Mn2+, Mg2+, Bi3+, Sb+3, Sb+5 катиондары жатады.

Висмут пен магнийден басқа элементтер айнымалы тотығу дәрежесін көрсетеді және комплекс түзуге бейім келеді. Төртінші топ катиондарының (қалайыдан (ІІІ) басқа) гидроксидтері амфотерлік қасиет көрсетпейді және ерімтал аминокомплекстер түзбейді. Олар NаОН және КОН гидроксидтерінің артық мөлшерімен тұнбаға түседі.